• 3615
  • 35
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Балапан қыран болуы үшін самғатып ұшыратын ата да қыран болуы керек

Әрбіреуіміздің қалыптасуымызға, тұлға ретінде дамуымызға үлес қосқан адамдар жүрегіміздегі ең жылы да ерекше орынды алады. “Балапан қыран болуы үшін самғатып ұшыратын ата да қыран болуы керек”, - дейді халық даналығы. Сол секілді алты перзенті мен немерелеріне үлгі болған атам Ғинаят Әдбірахманұлы мен әжем Сара Меңдіғалиқызы мен үшін асқақ биіктер. Олардың дүниеден озғанына биыл он жыл болды. Ендеше ата жөнінде сөз қозғасам. Ол қырандай рухы биік, тәуелсіз, адал азамат бола білген. Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетінде дәріс алған атам сол кездегі Қыздар педагогикалық институтындағы география факультетінде оқып жүрген болашақ жарын, өмірлік серігін - Сара Меңдіғалиқызын кездестіреді. Оқуды аяқтаған соң 1952 жылдан бастап жас отбасы атамның туған өлкесі - Атырау қаласына оралады. Мұнда атам Орджоникидзе, С. Мұқанов атындағы мектептерінде оқу ісінің меңгерушісі, ұстаз, кейіннен жас болғанына қарамастан мектеп директоры ретінде қажырлы қызмет етеді. Әжем де ұстаздық қызметін жалғастырып, ата үшін адал да мейірімді жар болады. Бұған қоса ата “Білім” қоғамының облыстық ұйымының жауапты хатшысы, төрағаның бірінші орынбасары болып оқу-ағарту саласында орасан еңбек етеді. Өмірінің біраз уақытын Х. Досмұхамедов атындағы университетінде Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасындағы ұстаздық қызметіне арнады. Қажымай шәкірттерін дайындады. Бірнеше ғылыми еңбектері нәтижесінде тарих ғылымдарының доценті ғылыми дәрежесін иеленді. Ол білім жолында  өзін шыңдауды ешқашан тоқтаған емес; білімді өмірдің мәні мен азығы деп білді. Ал білімі көп адам құралы түгел ұста секілді, не естесе де келістіріп істейді. Оны өмірлік жолында дәлелдей білді.

Ата жөніндегі естелік кітабында замандастары көптеген әңгіме-мысалдарды келтірген. Мен болсам, оны өзгеше тұрғыдан күнделікті өмірде, үйде қандай болғанын сипаттауды жөн көрдім. Ата менің жадымда байсалды, байыппен сөйлейтін және әзілқой адам ретінде сақталды. Көңіл күйі үнемі көтеріңкі болып жүретін ол айналасындағы адамдарды да күлдіртуге тырысты. Барлық халықтардың музыкасын тыңдап, кино, спектакль қойылымдарын тамашалады. Бізге де өнер сүюді баулыды. Оның үстіне күнделікті жаттығулар жасайтын, спорттың маңыздылығын іс жүзінде көрсетіп отырды. Мектеп қабырғасында оқуды бастағанымнан атам ақмама (әжемізді солай атадық) екеуі көптеген сұрақтарыма жауап табатын, қызықты әңгімелер мен аңыздарды айтатын. Кейінгі сыныптарда тарих, қазақ тілі және әдебиеті секілді пәндерінен көмегі зор тиді. Әрқашан да уақытын аямады. Балалар болып атамның студенттерінің реферат-баяндамаларын ақтарып қарағанды жақсы көретінбіз. Кішкентайымызда бұл жұмыстардың мазмұны мен құндылығын ұғынудан алыс болдық. Ал қазір бұл жұмыстардың біразын сақтап қойдық. Сонымен бірге, ата-ақмаманың үйіндегі кітапқа толы кабинеті кішкентайымда үлкен әсер қалдырды. Қазірдің өзінде ескі кітап қағазының иісі сол бір бөлмеге сыйып кеткен таңғажайып кітап әлемінің бейнесін көз алдыма әкеледі. Өз кезегімде, электронды кітаптардың белең алуына қарамастан, жайлап өз кішігірім кітап қорын жинастырып жатырмын.

Ата-әженің үйі үнемі кісіге толы болды. Туыстар, жолдастар мен жұмыстастары - барлығы осы үйде жан азығы мен тән азығын қанағаттандыратын. Біреуі кеңес іздеп келсе, екіншісі жай соңғы жаңалықтарымен бөлісуге, көрісуге ағылып келіп жатты. Сәл уақыт болса да ата-әженің қолында тұрып, ағайын-туманың көп болғандығы, олармен тығыз қарым-қатынаста болудың барлық жағымды жақтарын сезіндім. Содан болса керек, қазір сол үйде тұрып жатқан ата-анам да жиі-жиі жиындардың ұйымдастырушылары болып жатады, үй есігі әрқашан ашық тұрады. Өмірде, әсіресе, алғашқы жылдарда жақын адамдардың әсері, сөзсіз, мол. Осы мезетте атам мен әжем үй тұрмысы бойынша да көптеген дағдыларға үйретті. Алғашында “бала ісі - шала” деген сөздер жиі естілді, кейін “үйренгенін саған жақсы, істегенің маған жақсы” деген нақыл сөздер айтылды. Расында, қай бағытта болмасын, тәжірибенің маңыздылығын, үнемі дағдылануды және барлығын ұқыпты орындау керектігін сол кезден бастап ұғына бастадым.

Сайып келгенде, атам барлық ісімен, ұстаздық, қоғамдық не үй шаруасы болса да, жоғары жауапкершілік, тиянақтылық, адалдық пен көрегендікті насихаттады. Жан-жақты бола білді. Мүмкіндігінше барлығына қол ұшын бере білді. Шәкірттерін үйретіп, елін сүйетін азамат бола білді. Ең бастысы, өмірдің еш қиындығына қарамастан Адам бола білді. Атам жиі айтатын: “Адам болам десең, адаммен бірге бол”. Бұл ұстанымды, бізге, кейінгі ұрпағының бойына сіңірді. Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстазбен бірге келеді. Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез секілді қасиеттермен ғана оза алады. Соған дәлел бола алатын атамның жолдасының жазған сөзі жадымда ерекше сақталды: “Мен Ғинаятты мақтамаймын,  Ғинаятпен мақтанамын!”. Сондықтан да барлығымыздың өмірімізде осындай жақсы адамдар көптеп кездессін де өз-өзімізді әрдайым шыңдауға ұмытпайық.

Қазір ол жөніндегі естелік кітабындағы замандастары мен достарының әңгімелерін оқи отырып, ата өмірінен қаншалықты аз білетінімді өкінішпен аңғарамын. Кішкентай болған да шығармыз. Әр өлкенің өзінің ардақты адамдары бар. Олар елдің шамшырақтары секілді; келер ұрпаққа тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Олар туралы білу қажет, олар туралы айту қажет. Адам жаныңда жүргенде көп нәрсені елемейсің, сұрамайсың, ал ол дүниеден кеткенде жаңа ақпаратты білсең де, оны талқылау, оның пікірін білу мүмкіндігі жойылады. Сондықтан да жақын адамдарыңызбен әрқашан да сырласыңыз, ой бөлісінің, балаларыңызға өмірлік тәжірибеңізді, болған оқиға-жағдайлардың барлығын айта беріңіз. Кейін бұл мысалдар олардың пайдасына да тиіп жатар, олардан сабақ алар, не мақтан тұтар. Ата-аналар - балалар үшін ең басты бағдар. М. Горький балалар тәрбиесін үлкендерден бастау керек деп бекер айтпаған-ды. Соны жадымызда әрқашан ұстайық.

   
Dinara Nurusheva Dinara_Alpys
25 марта 2013, 23:34
534

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 28622
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8185
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4920
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3758
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3709
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3327
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3148
  • 24