Yvision.kzYvision.kz
kk
Путешествия
Путешествия
Путешествия
3 500 постов463 подписчика
Первый казахстанский специализированный проект про путешествия, отдых и туризм
7
01:48, 21 марта 2013

Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

1.Blog post imageКез келген бэкпэкер (бюджетті турист) Ришикеш қаласының атын естігенде, ойына Ганга өзені, Гимайлай шатқалдары, рафтинг, трэккинг, үнді храмдары, йога, медитация және дәмді манты сияқты "момо" атты Непал асүйі еске келері сыр емес. Бірақ дүние бір орында тұрмайды, сондықтан Ришикеш жайында үйреншікті мағұлматқа қоса, адреналинді жаңа деңгейге қалай жеткізгенімізді баяндаймын.

2.Blog post image

Ришикеш-қаласы Үндістанның өлшеміндегі кішігірім "Уттараканд" штатында орналасқан. Йога мен медитацияның әлем астанасы болып саналады, танымал The Beatles тобы 1968 жылы осында келген болатын, сол уақыттан бері хиппилар және сол бағыттас жас ұрпақтардың негізгі туризм бағытына кірді.

3.Blog post image

Дели-Харидвар бағытында қатынайтын темір тұлпарын күтіп отырғанда, аяғы гипсте болып, жүк арбада кезіп жүрген кісіні көрдік. Cуреттің сол жағындағы ер адамның қолында "шарифа" атты жемісті байқасаңыз болады, түрі шырша бүрі іспеттес болғанымен, өте дәмді жеміс. Орысша аты "анона".

4.Blog post image

Маймылдар негізі үнді храмдарының қасында шоғырланған, себебі үнді діндарлары өзімен бірге құдайларға құрбандыққа арнап, жеміс-жидек не турлі тағамдарын әкеледі. Таудың дәл үстінде орын тепкен үнді храмдарына жетү ушін арнайы сатымен не кішігірім фуниклермен жетсе болады.

5.Blog post image
Біз асықпай баспалдақ жолын таңдадық, жоғары шыққан сайын, секіріп садақа деп жырғап, көптеген маймылдармен жолықтық.

6.Blog post image

Желтоқсан айы салқын таңсәрі. Қыста осы таулы аймақта тунгі температура -2 градусқа шейін түсуі әбден ықтимал, есесіне, үйлердің ортақ жылыту жүйесі болмағандықтан, қыста бұл аймаққа шетел туристтері аз келеді,

7.Blog post image

Осы жас бикеш Лондон тұрғыны. Йога ісімен айналысқанына жеті жыл, тантра йога курстарын жіті меңгеру мақсатымен келген, йогаға қатты құмар болғанымен өзін кешқұрым сыра ішуінен және наша тартқаннан шектемейді.

8.Blog post image

Біз жатқан гест хаустың төңірегіндегі ашрамдардың бірі.

9.Blog post image

Ганг өзенінің екі жағасын қосатын көпір- "Лакшман Джулла".

10.Blog post image

Көпір ені бір метр болғанына қарамастан,тайынбайтын, үнді тұрғындары жаяу көпірді мото тас жолға айналдырған

11.Blog post image
12.Blog post image
Ганг өзенінің тасты,таулы өңіріндегі ағысқа қарап, кейбір жерлердегі құмды жағажайлар тамсандырады және суға түсуге тартады

13.Blog post image

Ришикештің ен ірі храмдарының бірі

14.Blog post image
Көпір қожайыны түскі тамақ уақытындағы тамақтануы.

15.Blog post image
Сарқырамаға баратын тау соқпағындағы қызықты көрініс. Бұл орындық тас көшкінінің құрбаны болды.

16.Blog post image

Ал мына қызыл кеудешеге сарқырамаға баратын тас жолда тап болдық, мүмкін иесі қатты соққан желге жолығып, ішкі киімінен айырылған.

17.Blog post image

Сарқырамаға кешкі сағат бесте жеткенде, күннің нұры таудың арғы бетінде қалды. Салқын, мөлдір су бізді керемет баурап, Гималай шатқалдарынан бастау алған қадірлі суынан дәм татып, ғажап сезімдерге ие болдық. Сарқырама қыста қарапайым болып көрінеді, оның себебі көшпе мұздарының қату мезгілі. Муссон айларында су бар күшімен төмен бағытталады, дәл сол кезде рафтинг сүюшілері де келеді.

18.Blog post image
Сол жақта ыдысын жуып отқан пенде, сарқырама төңірегіне келген туристтерге ыстық шай, магги ұсынады.

19.Blog post image

Ал бұл әсерлі боянған, артында сары құйрығы бар және кастерлі зілбалғасын ұстаған, хануман құдайы. Сіздің маңдайынызға күлімсіреп нуктені (бинду) жағып жібереді, тағы сізбен сүретке түсуге сұранады. Ол жай ғана қайырымдылық жасап жүр деп ойламаныз, оның күні бойы бойанып жүргеніне сіз әрине ақша төлеуге міндеттісіз, одан құтыламыз деген бес рупиге маймылдай ырылдап, өкпесін көрсетті.

20.

7