Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:18, 17 марта 2013

Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді

Бүгін Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарына жауапты лауазым иелерімен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Сабақты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник  Сәкен Жасұзақов жүргізді.

Нұсқаулық-әдістемелік сабақтары барысында күзгі әскерге шақыру нәтижелері қорытындыланып, ағымдағы жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына міндеттер қойылды.
Шараға Қазақстан Қарулы Күштері түрлерін жинақтаубасқармаларының бастықтары, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтары, департамент бастықтарының орынбасарлары – келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және мерзімді  әскери қызметке шақыру басқармаларының бастықтары тартылды.
Сондай-ақ, нұсқаулық-әдістемелік сабақтарына ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Республикалық Ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысты.
Нұсқаулық-әдістемелік сабақтары кезінде негізгі іс-шараларға қоса әскерге шақырылушыларды зерделеу жөніндегі облыстық және қалалық жиын пунктіндегі лауазымды тұлғалардың жаңа жұмыс алгоритмі мен әскерге тарту пункттеріндегі жұмыс тәртібі, оның жабдықталуы пысықталды.
Бұдан басқа Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әскерге шақыру комиссияларының жұмысы жөнінде көрсетілім сабақтары  көрсетілді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
579
0