Отандық саундтрекші - Шамис Хасенов

Бүгінде түрлі саладағы жаңа адамдармен танысу аса қиындық тудырмайды. Әлеуметтік желілерге тіркелсең болғаны. Осылайша саундтректерді ерекше жақсы көретін мен ғаламтор шырмауында кездейсоқ «Love with Siren», «Take off» атты әсем әуендерге тап болдым. Осы туындылардың авторы Шамис Хасенов деген отандасымыз екендігін білгенде бұл дарынды жігітпен кездеспей қалуымды «Екпін» оқырмандары кешірмес деп, келесі күні Шамис екеуіміз Алматы кофеханаларының бірінде әңгіме-дүкен құрдық. Сол әңгімеміздің бір бөлігін алдарыңызға ұсынып отырмыз.

— Шамис, танысқанымызға қуаныштымын. Музыкамен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз?

— Бала кезімнен. Бірақ музыкалық білімім жоқ. Кішкентай кезімде үйде әкем ойнайтын пианино тұратын. Әкем ойнап жатқан кезінде қасына тұрып алып бақылауды ұнатушы едім. Әкем үйде болмағанда, өзім отырып алып, тыңғырлата бастайтынмын. Басында бір қолыммен, кейін 13-14 жасымда кәдімгідей екі қолмен ойнай бастадым. Ал 15 жасымда музыканы компьютерде жазуға болатынын білдім. Сөйтіп осы сала мені қызықтырып алып кетті. Күн сайын кешке музыкамен айналыстым. Бір жағынан оған себеп болған да шығар, ол кездері Иранда тұрғанбыз. Айналамда қазақ балалары болмағандықтан, аулада жүріп ойнаудың орнына күні бойы музыканы ермек еттім.

— Ол кезде қандай музыкаға әуес болдыңыз?

— Электронды музыкаға. Өйткені дәл сол кездері электронды музыка массаға еніп жатқан болатын. Жас болған соң мен де сол тенденцияға еніп кеттім. Үйде интернет болып, жасаған музыкамды барлық электронды музыка жасаушыларды біріктіретін сайтқа жіберіп отыратынмын. Ол жерде басқа музыканттарды да тыңдап, баға беріп, тәжірибе жинауға болатын еді. Сол кездерде мен ата-анама ақырындап музыкант болғым келетінін айта бастадым. Алайда олар оны аса қабылдамай, жай ғана ермек деп қана қойды. Олардың ойынша мен заңгер не экономист болуым керек еді. Сөйтіп мен олардың кеңесімен банк ісі бойынша оқу бітіріп шықтым.

— Германияда оқыдыңыз ба?

— Иә, оқу бітіргеннен кейін бірден Қазақстанға оралдым. Жұмысқа тұрдым. Алайда ешқашан да музыканы тастаған емеспін. Түні бойы музыка жазып, келесі күні жұмыста мең-зең болып отыратынмын. Тезірек үйге барып, бастағанымды жазып тастасам екен дейтінмін (күліп). Осылай 6 жыл өтіпті.

— Ал ол кезеңде қандай музыка жазып жүрдіңіз?

— Ол кезде мен эксперимент жасай бастадым. Электронды музыкаға біраз акустика, гитара қостым. Бір жағынан ол кезде электронды музыка да шарықтау шегіне жетіп, әбден тамыр тартып кетті. Мысалы, қазірде жазылып жатқан электронды музыка бұрында жазылып кеткенді қайталайды. Яғни, жаңа нәрсе жоқ. Жететін жеріне жетіп тынды. Содан кейін мен инструменталды музыкаға әуестене бастадым. Ол маған әрқашан ұнайтын. Сол жұмыс істеп жүрген кезде, мен музыка жазу және ақша табу деген екі нәрсені қалай біріктіруге болады деп ойлана бастадым. Солай өзімше бір шешім таптым — фильмдерге музыка жазу. Егер музыканы кәсіби сауатты қылып жасаса, ол тек қана фильмдегі музыка емес, жеке бір шығарма ретінде қарастырыла алады. Сұранысқа ие композитор өз музыкасын сатып, күн көре алады. Осындай ойлармен мен жұмыстан шықтым. Осы жаңа жылдан бастап тек қана музыкамен айналыса бастадым. Және де бір қызығы жұмыстан кеткен бойда, маған түрлі ұсыныстар түсе бастады. Жеке өзім бұдан бір белгі көрдім.

— Ал бұған дейін кино, жарнамаларға арнап музыка жазып па едіңіз?

— Шыны керек, жоқ. Мен бұған дейін дайын болған музыкаларды қайта өңдедім. «Ролекс» жарнамасындағы 5-6 үзінді музыканы біріктіріп, бір трек жасап, оған видеосын қосып қойдым. Бұл шығармашылық шабытым танымал болып кетті. (Шамистің бұл видеосын ютубта 130 000 адамдай көрген ред.) Бірақ мен бірден бұл менің музыкам емес, тек өңдеу деп жазып қойған болатынмын. Өйткені көбісі бұл музыканы мен жаздым деп ойлап қалыпты. Жарнаманың әуені бәріне ұнайтын, бірақ көбісі басы-аяғы бар толыққанды шығарма тыңдағысы келді. Мен оны тек толықтырдым.

— Ал қазірде қандай жобаларда жұмыс істеп жатырсыз?

— Қазірде негізгі жұмыс фильмдерге жазылып жатыр. Режиссер Дина Тасболатова мен менің жақын досым оператор Тимурдың қысқаметражды фильміне музыканы аяқтап қалдым. Бұл фильмді олар фестивальдерге алып бармақшы. Сондай-ақ Ресейден бір тапсырыс түсті. Ол да қысқаметражды фестивальді фильм.

— Алғашқы «Heart» атты альбомыңыз қалай жазылды?

— Бұл альбомды мен 2 жыл бойы жаздым. Осыған дейін жазған шығармаларымның ең үздіктерін жинап қостым. Негізі альбом шығару керек деген ой сап ете түсті. Тез арада жинақтаған дүнием ғой. Оны iTunes арқылы сатып алуға болады. Әйтеуір естіген адамдарға ұнап жатыр.

— Ал жалпы жазатын музыкаңызды киноға, жарнамаға, коммерциялық деп бөлесіз бе?

— Негізі ол тапсырысқа қарай, жалпы бөлмеймін, бәрі де туынды. Коммерциялық музыкамен айтпақшы әлі айналысып көрген жоқпын. Бірақ жоспарда бар. Қазір мен студияға орын іздеп жүрмін. Тағы бір интернет арқылы танысып алған музыкант досым екеуіміз фильмдерге жазылатын кәдімгідей музыкалық база құрғымыз келеді. Сондай-ақ қызыққан адамдарға да, мүмкін біздің әншілерімізге де музыка жазуға болады. Бірақ бәріне емес. Тек таңдап қана (күліп). Ең бастысы, біз сапалы жұмыс істегіміз келеді.

— Өзіңіз қандай композиторларды сүйіп тыңдайсыз?

— Қазірде кинокомпозиторларды көп тыңдаймын. Маған әрқашан Ханс Зиммер ұнайтын. Әлемдегі ең танымал кинокомпозитор. Сондай-ақ Голливудтың мэтрі Джон Уильямс. Ал жалпы композиторлардан Бетховенді атар едім. Әсіресе фортепианоға арналған сонаталары. Менің жасап жүрген жұмыстарым кішкене болса да сол шедеврларға ұқсаса екен деймін.

— Ал қазақстандық композиторлардан ше?

— Қуат Шілдебаев, Ринат Гайсин. Қуат Шілдебаевтың музыкасы да мен үшін эталон. Өйткені ол оркестрлік аспаптардан бөлек, домбыра, қобыз сынды ұлттық аспаптарды жақсы үйлестіріп отырады. Өзіндік фирмалық әуені бар.

— Шамис, музыкадан басқа қандай сүйікті істеріңіз бар?

— Фотография, саяхаттау. Саяхат дегеннің өзінде, кәдімгі туристік жерлер емес, ерекше, адам аяғы баспаған экзотикалық жерлерге барғанды ұнатамын.






(фотолар Шамистің инстаграмынан)

— Ең сүйікті саяхатыңыз жайлы айтып берсеңіз? Несімен есіңізде қалды?

— Ең сүйікті саяхатым екі жыл бұрын болған. Жалғыз өзім ешкімді түсінбейтін, сені ешкім түсінбейтін ерекше ортаға түскім келді. Айфоныма көптен бері оқығым келіп жүрген кітаптарды жүктеп алып, жалғыз өзім бірінші Тайландқа ұшып бардым. Онда оған дейін 1-2 рет болғандықтан, аса қызық болған жоқ, ол жақтан пойызбен Камбоджаға тарттым. Онда Ангкор-Ват шіркеулік комплексін көрдім, ерекше ел, өте қатты ұнады. Сосын қайтадан Тайландқа келіп, самолетпен Филиппин аралдарына кетіп, осындай тур жасадым. Бәріне 3 аптадай ғана кетті. Ұзағырақ болғым-ақ келген, бірақ жұмыстан жібермеді. Мүмкін осы тәуелділікте жұмыстан кетуіме бір себеп болған шығар.

Есімде қалғаны — Камбоджа, ол жаққа пойызбен барғанымның өзі қызық болды. Бір пойыздан екіншісіне ауысу керек болған, сол себепті бір станцияда 10 сағаттай күттім. Сол аралықта маған жергілікті тұрғындар келіп, түрлі нәрселерді сұрастыра бастады. Мен оларды түсінбеймін (күліп). Біраздан соң маған тамақ әкеліп беріп жатты. Ең қатты есімде қалғаны — масалар! Бір жарым литр қанымды ішіп қойған шығар (күліп). Жалғыз саяхаттаған өте қатты ұнап қалды. Қайда барғың келсе, сонда барасың, өз-өзіңмен, ішкі сұрақтарыңа жауап іздеуге уақытың мол(материал дайындалу барысында Шамис 20 күндей Үндістанда болып келді. Тағы да жалғыз өзіред.).




— Елімізде кино ай сайын түсірілмейді, саундтректерге әрдайым тапсырыс беріле бермейді, сіздіңше бұл кәсіпке біздің елде сұраныс бар ма?

— Елімізде сұраныс көп болмаса да, әлемде сұраныс бар. Егер сапалы музыка жасайтын болсаң, сұраныс әрқашан да болады. Еуропа, Батыста бұл салада өте үлкен қаржы тауып жатқан адамдар бар. Бұл салада нарықты олар жаулап алған. Ал мен біздің елде отандық композиторлардың болуын қалаймын. Басқа елге кетіп қалып, жақсы композиторлардың бірі болып, жақсы ақша табуға болады. Алайда өз еліңде жаңа бір саланы көтеріп, дамыту одан да қызығырақ емес пе (күліп)?

Банктің өзін алсақ та, негізгі жұмысынан бөлек музыка жазумен айналысатын көптеген таныстарым болды. Бірақ олар тек осы сүйікті ісімен айналысып күн көруге болатынына сенбейтін. Мен бұл жағдайды түзегім келеді. Әрине, қазір де өзіме біраз тәжірибе керек, оқу керек. Алайда ертең шал болғанда осы арна үлкен жолға қойылып, дамып жатса, арманым болмас еді. Болашақта студиямызға түрлі композиторлардың басын қосқымыз келеді. Ол банальді түрде пианинода ойнайтын музыкант емес, түрлі жанрдағы, этникалық бір аспаптарда ойнайтын музыкант болса жақсы. Көптеген қызықты идеяларымыз бар. Оны қалай сапалы жасауға болатынын білеміз. Елімізде қазірде бар деңгейді сәл көтерсек дейміз.

— Кітап оқуды жақсы көретін сияқтысыз, сүйікті кітаптарыңызбен бөліссеңіз?

— Сүйікті жазушым — Акунин. Соның барлық кітаптарын оқимын. Одан кейін Робин Шарманың кітаптары ұнайды. Ал соңғы оқығандардан өзіме көптеген көмегі тиген Стивен Ковидің кітабы.

— Музыканы кез келген уақытта жаза аласыз ба, әлде арнайы бір шабыт керек пе?

— Ойыңда бір проблема жоқ кезде, жаның жай тауып, жақындарыңмен бәрі дұрыс болғанда жақсы музыка жазылады. Өз ішіңде бақыт ұялап тұрғанда, оны музыкаға беруге болады. Сол кезде музыка да жүрекке тиетіндей жазылады.

— Сіз үшін жақсы музыка деген не? Қандай музыка тыңдайсыз?

— Ол әдемі әуен. Қазірде әлемдік музыка саласында, әуезді музыка жасауды қойды. Өйткені жақсы музыка тез сатылады да, сен оны тастамай, сөреңе қойып, қайта-қайта тыңдай бересің. Ал былай орташа музыканы бір рет тыңдап, ұмытып, тастай саласың. Содан соң оның тағы бір нұсқасы жасалып, тағы бір рет оны алуға болады. Бұл жаңа айфондар сияқты. Жыл сайын жаңасын шығарып отырған тәрізді, музыканы да ай сайын жасай береді, адамдар сатып ала береді. Ал жақсы әдемі әуен жазу қиын. Өз басым, көбінесе инструменталды музыка тыңдаймын. Тек рокты ұнатпаймын. Бұрынғы әдет бойынша электронды музыка да тыңдап қоямын. Оның ішінде Prodigy, Chemical Brothers сынды ескі электронды музыка.

Әңгімелескен: Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
13 наурыз 2013, 16:10
2597

Загрузка...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 қар. 2016 / 11:06
  • 10696
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 желт. 2016 / 8:05
  • 4248
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 желт. 2016 / 13:57
  • 3720
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 қар. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 желт. 2016 / 9:02
  • 3658
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 қар. 2016 / 14:35
  • 3460
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 желт. 2016 / 15:24
  • 2931
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 қар. 2016 / 10:09
  • 3094
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 қар. 2016 / 13:45
  • 2796
  • 19