Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:33, 12 марта 2013

Турнир аяқталды, жеңімпаздар анықталды

Blog post imageАлматы қаласында Армия Орталық спорт клубы мен Әскери-спорт клубтары Федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен  Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында  АОСК-ның Оқу-жаттықтыру орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Кубогі үшін бокстан І-ші ашық турнир өткізілді.

Турнирдің негізгі мақсаты – Қарулы Күштердің беделін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, армия құрамасын жасақтау үшін спортшыларды іріктеу, боксты насихаттау болып табылады.

Жарысқа Қазақстан Республикасының 14 облысынан, Қырғыз Республикасынан, Астана және Алматы қалаларынан, АОСК және Динамо командаларынан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінен, ІІМ Ішкі әскерлерінен өкілдер қатысты. Барлығы
17 командадан ең мықты деген 128 боксшы қолғап түйістірді.

Шаршы алаңда он салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен спортшылардың жеңіске деген құлшынысына, шеберліктеріне жанкүйерлер тік тұрып қол соқты. Турнир қорытындысы бойынша:

1 орынды - «АОСК» (6 алтын, 3 күміс, 3 қола) ;

2 орынды - Алматы қаласы (1 алтын, 1 күміс, 4 қола);

3 орынды- Астана қаласы (1 алтын, 1 күміс) командалары иемденді.

Жарысқа AIBA дәрежесі бар кәсіби төрешілер төрелік етті. Төрешілер алқасын Рақымжан Сыдықов басқарды.

Турнирге қонақ ретінде қатысқан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимов, бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев, ҚР Ұлттық қыздар құрамасының бас бапкері Вадим Пресежнюк, әлем чемпионы Михаил Юрченко, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Сачеков, ұлттық құраманың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков, «Астана-Арланс» командасының бас бапкері Сергей Качинскийлер турнирдің ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.

Турнирде тамаша өнер көрсеткен ең үздік боксшылардан 2014 жылы Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрама қалыптастырылатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
190
0