Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:02, 12 марта 2013

Маржан АСПАНДИЯРОВА: РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУГЕ ҚАЖЕТ КВОРУМ ЖИНАЛАРЫНА СЕНІМДІМІЗ

Маржан АСПАНДИЯРОВА: РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУГЕ ҚАЖЕТ КВОРУМ ЖИНАЛАРЫНА СЕНІМДІМІЗ
http://janaozen.net/shbat/marzhan-aspandiyarova-referendum-tkzuge-azhet-kvorum-zhinalaryna-senmdmz.html?lang=kz

http://janaozen.net/shbat/marzhan-aspandiyarova-referendum-tkzuge-azhet-kvorum-zhinalaryna-senmdmz.html?lang=kz

Бірнеше күндерден соң, Алматы қаласында бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бірінші республикалық жиын өтеді. Референдум бойынша жиынның қазіргі дайындығы қандай? Жалпы, азаматтық қоғам өкілдері бүкілхалықтық референдум өткізуге дайын ба? Бұл сауалдарды ұйымдастыру тобының мүшесі, белгілі саясаткер Маржан Аспандияроваға қойған едік.

- Бірінші республикалық жиынға келетін облыс-аудандардың дайындығы қандай деңгейде?

- Қазіргі кезде жиынға қатысу үшін Қазақстанның барлық 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларынан делегациялар құрылды. Заң бойынша әр облыстан кем дегенде 30 өкілден келіп, жиынға қатысу керек. Біз алдын ала қауіпсіздік шараларын еске алып, артығымен тізімге 35 азаматтан делегат ретінде дайындап отырмыз. Осы сенбіде Алматыға келетін барлық адамдар саны белгілі. Аймақтардан келетін азаматтар міне, бүгін-ертең облыстардан жолға шықпақ. 16 наурыз күні, таңғы сағат 9-да тіркеу басталады. Сонымен, Құдай қаласа жиынымызды өткіземіз.

- Билік жиынды өткізбес үшін, аймақтардағы азаматтарды әкімдікке шақыртуы немесе жолда пойыздан түсіртіп тастау сияқты түрлі қоқан-лоқы әрекеттерді қолдануы мүмкін. Мұны алдын алу үшін қандай қауіпсіздік шаралары қолға алынған?

- Мұндай кедергілер бүгінгі күннің өзінде болып жатыр. Облыстарда тізімді жасап жатқан адамдардан «түсініктеме алу» үшін әкімдікке, прокуратуға, полицияға шақыртуда. Өздерінше қыспаққа алуда. Жиналысқа келемін деп, бел буып отырған азаматтар осындай ұсақ-түйек қорқытуларға беріспейтін батыл адамдар. Сондықтан, оған көп мән беріп жатқан жоқпыз. Қолымыздан келгенше, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз.

- Демек, 16 наурызда тиісті қажет кворум жиналады ғой?

- Иә, біз 16 наурыз күні Алматыда референдум бойынша жиында кворум жиналатынына сенімдіміз. Өйткені, билік бізбен қанша қарсыласқанымен, ұйымдастырып жатқан іс-шарамыз заңды, ресми жиналыс қана. Республикалық жиынымыз Қазақконцерт залында өтеді. Залдың жалға алу ақшасын алдын ала төлеп қойғандықтан, дәл сол күні қандай да бір кедергілер болмайды деп ойлаймыз.

- Сол жиынның нақты күн тәртібін айтып берсеңіз...

- Біз осыған дейін ұйымдастыру тобы халық алдына 4 сұрақты шығарған едік. Осы сұрақтарды қабылдануы жөнінде үлкен жиын дауыс беріп шешпек. Осы сенбіде болатын жиында біз бастамашыл топты сайлауымыз керек. Оның құрамын жасақтау үшін облыстардан кем дегенде 5 адамнан кіргізуді жоспарлап отырмыз. Бастамашыл топқа кіретін адамдар аймақтарында негізгі ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Біз референдумды өткізу үшін 200 мыңнан астам қолды жинауымыз қажет.

- Ал билік тарапынан сіздермен келіссөздер жүргізуге, диалог орнатуға қандай да бір талпыныс болды ма?

- Билік тарапынан ешқандай ұсыныс түскен жоқ, бізбен байланыс орнатуға талпыныс жасаған жоқ. Біз өз жұмысымызды ашық, жариялы, заңды түрде өткізіп жатырмыз. Сондықтан, шараларымыз жайлы әркім хабардар бола алады. 4 наурыз күні жиын өткізетініміз туралы қала әкімі Ахметжан Есімовке ескерттік. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тұрғанқұловқа республикалық жиынның өтетінін, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы атынан ресми өкіл жіберуі туралы хат жолдадық. Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясын біздің бастамашыл топпен кездесу ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірдік. Алайда, олардан әлі жауап келген жоқ. Дегенмен, біздің ісімізге кейбіреулер сыни көзбен қарап, сенімсіздік танытқандарымен біздің қатарымызда демократия орнату жолындағы саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, ұлт патриоттары, азаматтық белсенділер бар. Референдум бөлек бір партияның ісі емес, азаматтық қоғамның ортақ ісі деп есептеу керек. Референдум өткіземіз деген бастамамыз аймақтағы азаматтардың серпілуіне, аймақтардағы жұмыстардың жандануына түрткі болды.

- Әңгімеңізге көп рахмет!

0
535
0