Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:30, 04 марта 2013

Денсаулық күзетінде

Қорғаныс министрлігінде Министрдің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы тиімді пайдалану тақырыбына арналған кеңейтілген кеңес болып өтті.

Оған Бас әскери прокуратураның өкілдері, Қарулы Күштер бас қолбасшыларының тыл және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, әскери-медициналық бөлімшелердің бастықтары қатысты. Жақында ғана Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің 2012 жылғы медициналық қызметі мен Қарулы Күштердегі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша прокурорлық тексерістер жүргізілген болатын.

Тексерулердің қорытындысы бойынша прокуратура қызметкерлері тарапынан берілген ұсыныстар осы алқалы кеңесте кеңінен талқыланды.  Қазіргі уақытта ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының өкілдері медициналық инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Қарулы Күштерде денсаулық сақтау саласына айтарлықтай көңіл бөлінген. Дәрігерлердің сапалы жұмысы әскери қызметшілердің тез арада сауығып, сапқа оралуының кепілі.

Өткен жылы Астана мен Алматы қалаларындағы ең ірі екі әскери госпиталь жаңа ғимараттарға қоныс аударды. Госпитальдер мен лазареттер қажетті құрылғылар және аспаптармен қамтамасыз етіліп тұрады. Заманауи әдістермен ем көрсетіп, ота жасауға мүмкіндік беретін құралдарды сатып алу жұмыстары да жалғасуда.

Болашақта әскери медицина жүйесі электронды құжат айналымына көшетін болады. Әрбір әскери қызметшіге компьютерлік карта жасалынады. Бұл дәрігерлер үшін кез келген уақытта, кез келген жерде әскери қызметшінің денсаулығын анықтауға барынша мүмкіндік береді.

ҚР Қорғаныс министрлігінің

Баспасөз қызметі

0
463
0