• 89084
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Шыңжаң қазақтарының дәрігерлігі

АСТАНА. 27 ақпан. BAQ.KZ - Қазақ дәрігерлігінің түп тамыры тереңде болғанымен, қағаз бетіне таңбаланған дәрігерлік шежіреміз мардымды емес. Ежелгі қазақ қалаларына жасалған зерттеулер нәтижесінде Ясы, Тараз, Отырар қалаларының ауыз суды тазартатын сүзгі құбырларды пайдаланғаны анықталған.

Қазақ даласынан табылған 6-7 ғасырлардағы адам қаңқасынан сүйекке жасалған күрделі операциялардың іздері байқалған. 
«Әл-Фараби медицина саласында «Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған зерттеме», «Темперамент туралы» деген еңбектер жазған. Онда негізінен медицинаның ғылыми мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады.
Фарабидің артынан ілесе шығып, жолын қуған шәкірттері көп болды. Олардың ішінен ең алдымен Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаны айтуға болады. Бұл кісінің ғылыми еңбектері үлкен жағынан Әл-Фарабиге өте ұқсас, Әл-Фарабиден тәлім алғанын ол өзі де жазып кеткен»(89). Фарабидің бұл шәкірті кейін келе дүниеге танылған әйгілі ғалым, үлкен дәрігер болып жетілді. Әбу Синаның «Канон» деген кітабы 400 жыл бойы Еуропаның медицина оқулығы есептеліп келді. 
Қытай қазақтарының емшілік өнері көбінесе қытай, тибет, моңғол емшіліктерімен қатар дамып отырған. Қазақтар мен моңғолдардың «ем», «емші» сөзінің ортақ болуының өзі көп нәрсені аңғартса керек. Шаман дәуірінен жалғасқан емшіліктің айқын бір белгісі бақсы-балгерлерден де байқалады. «Монғолдың құпия шежіресінде» Шыңғысханның керейлерден бақсы-балгерлер ұстағаны жазылған. 
1466 жылдары жазылып, 1995 жылы Қытайда жарық көрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы қазақ дәрігерлігіндегі жазба тарихымыздың алғашқылары қатарына қосылды. Қытай қазақтарындағы қазақ емшілігін зерттеу үшін 1992 жылы Іле Қазақ автономиялы облыстық қазақ дәрігерлік қоғамы арнайы құрылып, Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтарынан оның бөлімшелері ашылған еді. 
Алтай аймағында арнайы «қазақ емханасы» ашылып, қазақ емшілігін зерттеу және оны іс жүзінде қолдану барған сайын тереңдей түсті. Жемсары ауданында Жүніс Смағұлұлы ашқан қазақша емдеу орталығы және ол жазған «қазақ емшілігі мен дәрігерлігі» атты кітап та қазақ емшілік өнерінің атадан балаға жалғасуына өзіндік үлес қосты. 
Мемлекеттік емханалардан «жазылмайды, өледі» деп шығарылып тасталған кейбір ауыр науқастардың қазақ емкөстерінің қолынан жазылып кеткендері де бар. 
Ел аңыздарына қарағанда Іле өңірінде өткен Мүсірбай емші, Алтай өңірінде өткен Шәкер емші, Тарбағатайдың Сауан жерінде өткен Аман емші талай рет ажалға арашашы бола білген. Мұнан сырт қазақ оташылық өнері де көрнекті дәрежеде дамып отырған. Алтай жерінде өткен Батырбай әрі емші, әрі оташы болып, сынған сүйектің орнына жас ботаның сүйегін салып мертіккен жанды сауықтырған екен.
Шыңғыс Дәлелханұлы, Ебін Әбдікерімұлы, Гүлшан Түсіпбайқызы, Жазира Тоқайқызы, Серік Мағауияұлы, Көкен, Жігер, Мұқият, Тұрсынжан, Әсия, Мұқатбек секілді көпке мәлім болған қазақ дәрігерлері бар.
Мал дәрігерлігіне келер болсақ, қазақты құраған ру-тайпалардың заманында-ақ мал дәрігерінің болғаны мәлім. Қытайдың Хан патшалығы дәуіріндегі жазбаларда (жыл санауымыздан 47 – 48 жыл бұрын) «қандауырды таңдай, тіл астына шаншып, іш ауруды емдеу» жөнінде жазылса, 1094 жылы Ляо мемлекетіне елші болып барған Жаң Шүн мин жазған «Елшінің Ляо мемлекетіндегі естелігінде» батыс елдерінің арақ арқылы сезімсіздендіріп операция жасайтындығы жазылған.
Грек тарихшысы Страбонның «География» атты еңбегінің 7 томында сақтардың бие сүтінен қымыз ашытқанымен жылқыларды пішкені туралы мәлімет бар.
Қазақ емшілері малдағы індет-ауруларды емдеуде мол тәжірибелер жаратып, қазіргі заман мал дәрігерлігінің дамуы үшін мол мұра, асыл қазына әкеп қосты. Көптеген емдеу өнерлері қазірге дейін қолданылып келеді.
Қазақ халқының пішпешілік өнері (техникасы) аталық малдарды жуасытып бағу, жұмысқа салу және малдарды сайландыру жақтарында өте маңызды рөл ойнады. Қазақтың пішпешілік өнерінің жарыққа шығу тарихы ұзақ, сонау жыл сонауымыздан бұрын тапқырланып, қолдана бастаған, содан бері дамып әрі кемелденіп, әр түлік малдарды пішудің «қысқаштап пішу», «байлап пішу», «жабық пішу», «ашық пішу», «тарту», «үзіп пішу», «қарып пішу» сияқты пішу тәсілдерін ойлап тауып, оны қазірге дейін мал шаруашылығында кең көлемде қолданды, әрі қазақ пішпешілік өнерінің ерекшелігі, артықшылығы мен қазіргі заман мал дәрігерлік хирургия ғылымында «қазақша пішу» - деген атпен маңызды орын иеледі.
Мал ауруларын емдетудің жаратылған көптеген емдеу жолдарының ішінде ең көп қолданылатындары – қан алып емдеу. Мұнда пышақтың ұшы, қандауыр сияқты саймандармен сәйкес орындардан қан алынады. Мысалы, сіреспеде мойын күре тамырынан мол қан алынады, жылқы қара өкпесі, зорығы, өкпе ыстық жөтелінде тұс жаны тамырынан қан алынады, аяққа қан түскенде, аяқтардың жіліншігінің ішкі тамырынан қан алынады, жолаушы жол жүріп келе жатып, аты тұйықсыз іші ауырса, қамшы сабын мұрынына жүгіртіп қан шығарады (ертедегі дауалау әдісі) немесе танауындағы шершеуіне қандауыр (пышақ) шаншып қан алынады. Қой-ешкі сияқты ұсақ малға құрғақ жөтел тисе, құлағының ұшын қиып (тіліп) қан алынады. т. б. 
Қиып емдеу – қос кіндікті қиып емдеу, т. б. 
Шабақтап емдеу – көп қолданылатын тәсілдің бірі. Әсіресе, жылқы малына көп қолданылады, қазақ «жылқыға пышақ...» дейді. Шынында жылқының сақауын шабақтап, артынан жас баланың несебін, яки тұзды сумен жуып қойса, арқасына жауыр, жаман түйме сияқты ісік, шығулар шыққанда, шабақтап қойса, оңай сауығып кетеді. Бұлардан сырт, біз шаншып емдеу, ыстық өткізіп емдеу, бұлаулап емдеу, балшық-шым тартып емдеу, суытып емдеу, ыстап емдеу, шөп дәрі тартып емдеу, шар дәрі ішкізіп емдеу, тотияйын көміп емдеу, тотияйын атып емдеу, мұрынынан дәрі үрлеп түшкіртіп емдеу, өкпе құртын кеңірдекті тесіп мүсәтір қойып, күшала салып емдеу, көтен ішекке қол салып қатқан тезекті (құмалақ, оркен, тоңғақ) алу, ішті айдату сияқты көптеген емдеу өнерлері мен тәсілдерін жаратты. 
Табан қышыры кетіп, табаны тозу, тасырқау жағдайы кезіккенде, түйенің аяғына киізден, теріден байпақ тігіп кигізу, жылқы, сиырды тағалау сияқты малдың тұяғын (аяғын) күту өнерін ертеден ойлап тауып, бұл өнер қазір де қолданылып келеді.
Қазақтың оташылық өнері мен тайған буынды қайта орнына салу өнері ерекше тілге ала кетуге татиды. Ол шеберлігі мен өнімділігі арқылы адамдарды таң қалдырады. Қазақ оташылары адамның, малдың әрқандай орынның үгітіліп сынған сүйектерін сипалау, басу, қысу, итеру сияқты әдістермен орнына түсіріп, шабақ ағаштармен ғана таңып сақина алады. Әсіресе, сүйегі үгітіліп сынған адамның кем сүйегінің орнына, ботаның сүйегін көшіріп салып сауықтыру, қате, қисық, теріс біткен сүйектерді түрлі әдістермен жібітіп, ажыратып, қайта таңу сияқты ерекше өнерлері де қазіргі ел арасында кеңінен аңыз болып, таңдай қақтырып жүр.
Қазақ мал шипагерлері, емшілері ертеден сол бір өздері жасаған ортадан дәрі-дәрмек қайнарларын тауып пайдалана білген. Мұның ішінде өсімдік дәрі түрлері өте көп болды. Мысалы, ақ жұмыр, қарандыр, жүрек, көк төбет, рауағаш, киелі ермен, күшала, адыраспан, у қорғасын қатарлы неше жүздеген пайдалы емдік қасиеті бар өсімдіктерді қазақ ертеден пайдалана білген. Ал хайуандардан – айран-іркіт, сүт, қымыз, сарымай, құрт-ірімшік, қой майы, жылқы майы, мал қаны, мал жыны, аю майы, борсық майы қатарлылардан пайдалана білді. Жәндіктерден жылан, кесіртке, құрбақа, шылаушын, бүйі, шаян, ала күлік, қоңыз сияқтыларды емдікке пайдалана білді. Руда – химиялық дәрілерден алмас, тоитяйын, күкірт, ашутас, сахар, сынап, сыр, дәнекер, т. б. дәрі жасап пайдаланып, түрлі ауруларды емдеді. 
Бұлардан басқа ағаштардан, дала жемістерінен де дәрі-дәрмек тауып пайдалана білді.
Қазақ тарихын көп зерттеген тарих ғалымы Су Бихай қазақ халқының мал анатомиясы мен физиологиясы жағындағы білімдерін бағалай келіп: «Қазақ халқы ұзақ уақыт мал бағу барысында, малда үнемі кезігетін аурулар мен маусымдық ауруларды толық иеледі. Оның үстіне үнемі мал соятындықтан, малдың дене түзілімі, мүшелері және оның физиологиялық қызметі жақтарындағы мол білімдер мен емдеу техникаларын жаратты» деген еді. Дәл сондай, қазақ халқы малдарды бағып пайдалану, сойып етін жеу барысында, зер сала көңіл қою арқылы малдың ішкі-сыртқы мүшелерінің барлығына ат қойып, түсін түстей алған. Мұндай білім, өнерлері қазақ мал шаруашылық өндірісінде болсын, маңызды жол-жосын болып қалмастан, әрі мал емшілік өнерінің барлығында да маңызды рөлі бар. Қазақ мал шипагерлері ұзақ уақыт мал ауруларына қарсы күрес жасау өмір тәжірибелері арқылы мал ауруын анықтап айырудың сұрап тексеру, ұстап тексеру, көріп тексеру, иіскеп тексеру деген төрт түрлі тексеру қағидасын қолданған(90).
Қытай қазақтарының мал шаруашылығы тақырыбына қалам тартқан - Мамырхан Қалиясқарұлы, Қаналым Таласбайұлы, Нұрлан Қинаятұлы, Темірбай Смағұлұлы, Сағидолла Қоманұлы, Ердәулет секілді зерттеушілер бар.

 

Автор: Жәди Шәкенұлы
Дайындаған Майгүл СҰЛТАН

 
nazgulnaz
28 февраля 2013, 8:47
1693

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 29130
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10979
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10739
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 9273
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7386
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 дек. 2016 / 13:14
  • 6438
  • 6
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5853
  • 36
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 6245
  • 78
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
вчера / 14:31
  • 5645
  • 21