Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:19, 26 февраля 2013

Артиллеристер тәжірибелерін шыңдады


Blog post imageАлматы облысындағы оқу-жаттығу орталығы базасында миномет взводтарының тәжірибе сабақтары өткізілді. Сабақтар Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының басқармасы Ракета әскерлері мен артиллерия бастығы полковник Асқар Жоламановтың басшылығымен жүзеге асырылды.

Бақылау сабақтары барысында артиллеристер қозғалмайтын нысаналарды зеңбіректермен, минометтермен тура атудан емтихан тапсырып, көз шағылыстыратын құралдарды пайдаланып, нысаналарға түтін салу арқылы дәлдеуден тапсырмалар орындады. Минометпен және басқа да атыс қарулары түрлерімен оқу жауынгерлік атыстары күндізгі және түнгі жағдайларда орындалды.

Жауынгерлік атыстардың қорытындысы бойынша минометші-жауынгерлер радиусы 10 метрден 3 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысана көздеуді жақсы меңгергендіктерін көрсетті.   Тағы бір айта кетерлігі Аэроұтқыр әскерлерінің бригадалық, батальондық тактикалық жаттығулары артиллериялық бөлімшелердің қатысуынсыз өткен емес. Олар гаубицадан атылған оқпен, дүркіндеп ату реактивті жүйесінен және минометпен белгіленген оқ-джәрі қорын пайдалана отырып, нысаналарға дөп тиді.

Өткізілген полигондық сабақтар артиллеристер үшін өз тәжірибелерін жақсартуға кезекті мүмкіндік берді. Сонымен қатар, артиллеристер минометтік взвод құрамында жауынгерлік шоғырлану мәселелерін пысықтай отырып, минометшілер батареясы құрамындағы келесі кезеңге дайындала алды.

ҚР Қорғаныс министрлігі

Баспасөз қызметі

 
0
177
0