Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:43, 26 февраля 2013

11 наурыздан бастап «Кухня» дәмді комедиясы

Дәмді комедия!

Максим Лавровтың  арманы - бас аспазшы болу!  Шоу-бизнес  жұлдызының 
танымал мейрамханасына  жұмысқа тұру үшін, ол Мәскеуге  жол
тартады.

Бұл мейрамхананың асүйін бас аспазшы Виктор Баринов басқарады. Өз дарынының
мықты жақтары мен осы мейрамханада  тамақтанушылардың осал жерлерін білетін бас
аспазшы абыроймен басын тік ұстайды. Бұл мінсіз бейненің келесі бір жағы –
ішімдікке салынғандық, құмар ойындарға берілгендік пен қиын мінез. Баринов ашу
үстінде қорқынышты,  ал бір ішіп кетсе, тоқтауы қиын. Тағам дайындау шеберінің
мінезіне шыдайтындар көп, тек мейрамхананың арт- директоры Виктория Гончарова 
қана мойынсұнбайды.

Жеке өміріне іскерлікпен қарайтын салқынқанды, жас әрі табысты мансапқор
Виктория астаналық мейрамхананы қаладағы атақты орынға айналдыру үшін бәріне
барады.  Жеке бақытқа қол жеткізуді  ол өз табысына жол ашатын  жеке бостандық
деп түсінеді. Және де  ешқандай еркек болмасын  -  олар тек көңілді
бөледі...

Сонымен, Максим Бас аспазшы мен Арт-директордың арасындағы  таусылып
бітпейтін жекпе-жектің ортасына келіп түседі.  Алғашқысы  үшін мейрамхандағы ең
бастысы –дәмді дайындалған тағам.  Ал, екіншісі үшін – өзі ұйымдастырған тиімді
қызмет пен залдағы жағдай.

Жанры: ситком
Елі: Ресей
Рөлдерде: Дмитрий Назаров, Марк
Богатырёв, Дмитрий Нагиев, Елена Подкаминская, Марина Могилевская, Ольга
Кузьмина, Сергей Лавыгин және басқалар

0
452
0