место в рейтинге
  • 656569
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстан құрамасын Какау жаттықтырады

— Какаудың алдына қойып отырған тапсырмамыз да оңай емес. Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде өз тобымызда екінші орын алуымыз керек. Алайда, сәтін салса, үшінші орынмен да Еуропа чемпионатына қатысуға болады.

   

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев көпшілікке футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды.

Cонымен, шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып 41 жастағы бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал тағайындалды. Футзал әлемінде Какау деген атпен танымал бұл маман Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ойыншы ретінде бес жылдай «Қайрат» футзал клубының намысын қорғап, команданы өрге сүйреген. «Қайраттың» сапында УЕФА кубогының қола жүлдегері атанған. Бапкер ретінде Чехияның «Эра-Пак Хрудим» клубын жаттықтырып, Чехия ұлттық құрамасын баптаған.

 

Олжас Абраев, ҚФФ-тың атқарушы директоры:

— Бірінші кезекте, Әміржан Мұқанов бастаған ұлттық құраманың бұрынғы бапкерлер алқасына алғыс айтқымыз келеді. Қазақстан құрамасының аяғынан тік тұруы үшін Әміржан Мұқанов қолынан келгеннің барлығын жасады. Бірақ, «Тұлпар» клубына көбірек көңіл бөлуі үшін біз ұлттық құрамаға шеттен маманды шақыруды жөн көрдік.

 

Ал Рикардо Камаро Собрал жайлы өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан, таныстырып жату артықтау болар. Бапкер ретінде де біраз тәжірибе жинақтап үлгерген. Чехияның «Хрудим» клубын жаттықтырып, ел чемпионы дәрежесіне жеткізген. Сондай-ақ, Какау Чехия ұлттық құрамасына да бас бапкердің көмекшісі ретінде шақыртылған.

 

Барлығыңыз да жақсы білесіздер, әу баста біз бұл қызметке «Қайрат» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Барбоза мырзаны шақырғанбыз. Дегенмен, бразилиялық маман Ресейдің «Сибиряк» клубына кетіп қалғандықтан келісімшартқа отырмауды жөн көрдік. Барбоза мен «Қайраттың» қарым-қатынасы туралы ешнәрсе айта алмаймын. Дегенмен, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы кандидаттардың ойындарын өз көзімен көріп, футболшыларға бір қадам жақын болуы тиіс деп есептейміз. Шетте жүрген Жоао Барбоза мырзаның ондай мүмкіндігі жоқ.

 

Какаудың алдына қойып отырған тапсырмамыз да оңай емес. Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде өз тобымызда екінші орын алуымыз керек. Әлбетте, Ресей құрамасы өте азулы. Футзал әлемінде ең мықтыларджың бірі екенін жақсы білеміз. Бірақ, біздің де еуро біріншілігінде доп тепкіміз келеді. Ол үшін топтан екінші болып шығу керек. Алайда, сәтін салса, үшінші орынмен да Еуропа чемпионатына қатысуға болады.

 

Ұлттық құраманың жаңа жылдағы бірінші жиынын қаңтар айында Жоао Барбоза өткізген. Ақпан айының аяғында екінші оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Өзбекстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу туралы келісіп қойдық. Мүмкіндікті пайдаланып, барлық футболсүйер қауымды осы кездесуді тамашалауға шақырамын. Ал одан кейін Латвияда өтетін іріктеу додасының алдында Белоруссия астанасы Минскіде тағы бір жиын ұйымдастырамыз.

 

Жаңа бас бапкермен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа отырдық. Бұрынғы бас бапкер қазір клубына ден қойды. Дегенмен, біз онымен қарым-қатынасымызды мүлдем үзбейміз. Мұндай білікті мамандардың көмегі бізге әрдайым қажет. Ол енді Қазақстан жастар құрамасын жаттықтыратын шығар.
Рикардо Камара Собрал, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

— Сенім артқаны үшін Қазақстан футбол федерациясына алғысым зор! Бұл ел мен үшін бөтен емес. Кезінде «Қайрат» сапында бес жарым жылдай доп тептім. Қазақ жері маған қатты ұнады. Сондықтан, ұлттық құраманың тізгінін қолыма алғанымды өзіме абырой санаймын. Қазақстанда шағын футбол дамып келеді екен. Көзім жетті. Бәсекеге қабілетті көптеген клубтар пайда болыпты. Төрешілердің де біліктіліктері артқан. Жақсы жағына қарай өзгерістер көп.
Ұлттық құраманы жаттықтыру мен үшін жаңа сынақ. Клубтағы бәсекелестігімізді ұмытып, ұлттық құраманың мүддесі үшін бірігуіміз керек. Қазақстанда дарынды ойыншылар өте көп деп есептеймін. Алдымызға қойылған тапсырманы орындай аламыз деп ойлаймын.


*************************

Өмірдерек

Рикардо Камара Собрал (Какау)

2013 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

Туған жылы: 06.09.1971 ж. (41 жас)
Азаматтығы: Бразилия


Бапкерлік ғұмыры:
2013 жылдың ақпанынан бастап «Қайрат» (Қазақстан) шағын футбол клубының бас бапкері
2012 ж. – Чехия ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі
2011 ж. – «Эра-Пак Хрудим» (Чехия) клубының бас бапкері.


Ойыншылық ғұмыры:
ABC (Бразилия), «Васко Ульбра» (Бразилия), «Васко да Гама» (Бразилия), «Мэлви» (Бразилия), «Атлетико Минейро» (Бразилия), «Плайас де Кастельон» (Испания), «Спартак» Мәскеу (Ресей), «Қайрат» (Қазақстан), «Эра-Пак Хрудим» (Чехия)

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
26 февраля 2013, 12:34
163

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
вчера / 11:35
  • 13768
  • 7
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 13276
  • 27
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
26 февр. 2017 / 9:15
  • 8435
  • 35
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7989
  • 6
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
вчера / 10:45
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6858
  • 34
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 4336
  • 20
Алматинцы видят, чем дышат. Каковы шансы города очистить свои «легкие»?

Алматинцы видят, чем дышат. Каковы шансы города очистить свои «легкие»?

В качестве иллюстрации я использовал печально известную фотографию панорамы Алматы, которая буквально вгоняет в депрессию. А что, если выход все же есть? Будучи экологом по образованию...
Papawa
22 февр. 2017 / 12:00
  • 2802
  • 2