место в рейтинге
  • 896623
  • 1000
  • 38
Нравится блог?
Подписывайтесь!

4-Conference Kazaly-2009 (M.K.Kursabaev)

Отбасы тәрбиесі қызметіндегі ер баланы тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тайшықова Қ.Ж., Алматы, Қазақстан

Қазақ отбасында ер баланың дүниеге келуі белгілі бір әулеттiң ұрпақ жалғастығы болғандықтан, үлкен бір қуаныш екендігі баршаға мәлім. Өйткені, кiмнiң артында ұлы қалса, ол адамды өлдi деп санауға болмайды, ал қыз баласы  жат жұрттық, ол ұрпақтың тегiн жалғастыра алмайды деген. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұл баласының дүниеге келуiн аса бiр үлкен қуанышпен "Ұл туғанда күн туған" деп күтiп, оның өмiрге келуiн отбасына қуаныштың,  бақтың келгендiгiмен байланыстырғандығының астарында осындай мәннің жатқандығы айқындайды.

Қазақ халқының бала тәрбиесі ерте заманнан-ақ жан-жақты қарастырылып, оның өз халқымыздың діліне сай белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Әр отбасы бала тәрбиесіне байланысты өзіндік ережесін қалыптастырып, ұрпақтан – ұрпаққа қалдырып отырған. Бұл жөнінде қазақстандық ғалымдар С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова және т.б. этнопедагогикалық материалдар негізінде қазақ халқының ұл және қыз тәрбиесіне деген көзқарастарын және ондағы ерекшеліктерді кеңінен қарастырып, зерттеп келеді.

Отбасылық ұл бала тәрбиесі қыз бала тәрбиесімен ұқсастығы көп болғанымен, өзінің ерекшелігі бар және ол ерлердің физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне тікелей негізделген. Шын мәнінде, практика жүзінде бұл ерекшеліктер отбасында және мектептегі әр түрлі себептер мен жағдайларда көбінесе есепке алынбайды. Сондықтан да ата-аналар өзінің ұлдарының жыныс ерекшеліктерін мақсатты түрде танып және ескеріп дұрыс тәрбиеленуіне, шын мәнінде қызығушылығын білдіріп отыруы керек.

Ер адамдар үлкен физикалық күшке ие болғанымен, әйелдерге қарағанда төзімсіз келеді. Ұл балалар көбіне ширақ, барынша емін-еркін, шыдамсыз, жігерлі және тәртіпті, бірақта олар көп жағдайларда ыждағатсыздық танытып жатады.

Ер балаларды қашанда әр түрлі сұрақтар мен мәселелер, әсіресе  қоршаған шындықтың шеңберінен шығатын құбылыстар (алыс елдер, жұмбақ құбылыстар, таңқаларлық оқиғалар және т.б.) қызықтырады. Олар нақты ғылымдарды таңдайды, техника, дене шынықтырумен және спортпен әуестенеді, қозғалмалы ойындарды жақсы көреді, көбісі көп күш жұмсалатын еңбекпен айналысады және құбылмалы іс-әрекетке бейім. Дегенмен  олар қарапайым тіршілікте кездесетін істерге әлсіздік танытады, көбірек жарақаттанып қалады.

Жыныстық ерекшелігіне байланысты ұл баланы тәрбиелеу біршама күрделі. Ер балалардың басым көпшілігінің сабақ үлгірімі қыздармен салыстырғанда төмен, олар өзін-өзі аз сынайды және басқалардың да сынын ауыр қабылдайды. Сондықтанда отбасы жағдайы мен қоршаған ортасы нашар, тәрбиелеуден тыс қалған мектеп жасындағы балалар арасында көбінесе, «қиын» жеткіншектер пайда болады, оларға жағымсыз әдеттер: шылым, анаша  шегу, ішімдік ішу, токсикомания, бейпілауыздық және т.б. қасиеттер тән. Сонымен қатар құқық бұзушылық, яғни бұзақылық, ұрлықта солардың еншісінде. Үлкендердің жаман ықпалын үлгі ретінде қабылдайтын кейбір ұлдарда қыздардың алдында үстемдіктің жалған сезімі қалыптасады, бұл олардың қарым-қатынасы мен болашақ жұбайлық өмірінде қарама-қайшылық туғызады.

Ер бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі

Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі  қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөлейді. Ал ұл бала үшін әкесі жынысына байланысты жақын және олардың мінезі-құлықтары мен қарым-қатынасында көптеген ұқсастықтар анықталады, сондықтанда ұл баланың қабілеттілігі әкенің ықпалына байланысты деп айтып жататыны осыдан.

Әке ұлына күшті жыныс өкілі ретінде үлгі болады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Ер бала ең алдымен әкенің өнегесінен нағыз ер адам қандай болу керектігін қабылдайды. Сондықтанда әке ұлын батылдыққа, батырлыққа, ер жүректікке, адалдыққа, қайраттылықа, ұлтжандылыққа, әйел баласына серілік қарым-қатынас танытуға, отағасы қандай болу керек екендігін өз тәжірибесі арқылы үйретіп, үй еңбегінің аса қиын соғатын істерді өз мойнына алуға талпынуға тәрбиелеуі керек

Ал ананың міндеті ұлының алдында барлық әйелге тән жақсы қасиеттерді көрсете отырып, өзінің шынайы және шексіз махаббатымен ұлынан да әйел баласы алдында сондай жауапты қасиеттерді көрсетуге шақырады және оның эмоционалды дамуына себепші болады. Ер баланың анасына деген қарым-қатынасы белгілі дәрежеде қыз балалармен жағымды  қарым-қатынасты қалыптастыру мәнін игеруге мүмкіндік тудырады, адамдарға  қамқорлық жасауға үйретеді, өзінің маңайындағыларға қажетті көмек жасауға ықпал етеді.

Ұлына тәрбие бере отырып әкесі де, шешесі де ұлының жан-жақты дамыту мәселесі туралы білулері, ерте балалық шақтан бастап қыздарға деген дұрыс мейірім мен сыйластық сияқты қасиеттерді тәрбиелеулері керек. Ұлдардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, баланың өзіне тән алға ұмтылушылығын сақтай отырып, физикалық белсенділігіне назар аудара отырып, тәртіп, ұқыптылық, ұйымдастырушылық, ер адамға тән мінез-құлық біліктілігін меңгерту бала тәрбиесінде естен шығармайтын басты қағидалардың бірі. Тәрбие үрдісінде балалардың өмірге деген қызығушылын артыратындай ойлау қабілеттерін дамыту, оларды тәртіпті болуға, өзінің құрдастарымен араласуға, сонымен қатар белсенділік танытуға, дербес, білімге, ғылымға ынталы болуға, кез келген істің ұйтқысы бола білуге ұмтылуы олардың жан-жақты сегіз қырлы, бір сырлы көрген жанның көзі тойатындай азамат болып қалыптасуына мол ықпал етеді. Жалпы ер бала тәрбиесінде баланы өзіне-өзі және өзінің жанындағыларға қызмет көрсете алатындай етіп тәрбиелеу маңызды. Өйткені, әр ұл бала – жеткіншек – бозбала, ол өзінің жас ерекшелігіне, қоғам талабына сай салауатты өмір сүруі қажет. Ата-аналар  көп жағдайларда ұл балаға тек қана «ерлердің» еңбегі мен ісін тапсыруды жөн көреді, бірақ бұл дұрыс емес, өйткені нағыз ер азаматтың қолынан барлық іс келуі керек. Бұл жерде табысқа жету үшін тек сөзбен ақыл үйрету емес, керісінше әке мен шешенің көрсеткен үлгісі, олардың өмір тәжірибесі, бүгінгі жаһандану, яғни ғылым мен техниканың даму заманының ұлы  көшінен қалмайтындай азамат тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Өйткені осы жастағы ер баланың бойынан шығармашылыққа, өзінің өмірден орнын іздеу сияқты  талпыныстарын байқауға болады. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетсетсе, бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Ер бала бойында болып жатқан кез келген өзгерістерді ескеріп, ата-ана баламен жүргізетін тәлімдік, тәрбиелік істерді олардың барлық қырынан зерттей, ішкі «Меніне» әсер ететіндей ешқандай іс-әрекетке бармай, жақын досындай ақыл-кеңес бере отырып жүргізуі қажет. Сонда ғана ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас оң нәтиже береді. Сондықтан да, әрдайым өзіндік педагогикалық білімді толықтырып отыру, басқа да ата-аналардың тәжірибелерінің жағымды жақтарын қолдану, мектеп пен мұғалімдермен бірігіп жұмыс істеуді қолға алу, ата-аналарға арналған өзіндік лекцияларды тыңдау, әдебиеттерді оқу керек. Бір сөзбен айтқанда, егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді.

Жасөспірімдік шақтың қиындығы

Жеткіншек шақ – ұл бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мол кезең. Бұл уақытты өте қиын кезең деп  кездейсоқ айтпаған: бұл кезең жеткіншектердің өзіне де, ата-анаға да, мұғалімге де өте қиын соғады. Бұл қиындықтар көптеген себептермен белгіленген, және көбінесе орта мектеп оқушылары өтпелі кезеңді басынан кешіре отырып, өздерін енді балалық шақтан кеткенін сезініп, бірақ әлі толық ересек болмағанын бастарынан өткізеді. Осындай екі арада жеткіншектердің жағдайы олардың ішкі шынайы мүмкіндіктері мен сыртқы ортаның әсері табиғи қарама-қайшылықты тудырады және бұл олардың түсініксіз қылықтар жасауына, көңіл күйлерінің және де басқа да мінез-құлық ерекшеліктерінің күрт өзгеруне әкеп соғады. Сондықтан да әке мен шеше бұл кезеңде шыдамдылық танытып, көңіл бөліп, баланың қандай да сұранысына қаттылықпен жауп бермей, онымен қарым-қатынаста ерекше ұстамдылықпен ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен түсінушілікті қалыптастырулары қажет.

Ата-аналар өздерінің ересек ер балаларымен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру үшін, бірінші кезекте отбасылық ұжымның барлық мүшелері тең құқылы екендігін, бірақта қазақ халқының әдет-ғұрыптарына сай үлкенге - құрмет, кішіге – ізет көрсетуді естен шығармауды баса айтып отырған жөн. Бұл дегеніміз – отбасы өмірінің барлық сұрақтары отбасы мүшелерінің барлығына қатысты, яғни белгілі-бір сұрақтарды шешуге, талқылауға, енді ата-аналарға балалардың пікірімен есептесуге, тыңдауға тура келеді. Ата-аналардың бұндай бағыты, жас балаға әсер ете отырып, жаңа негіздегі сенімді қарым-қатынасты қалыптастыра, сақтай отырып, жас баланың тәрбиесіне одан әрі әсер етуге көмектеседі. Ата мен ананың баламен үнемі тұрақты қарым-қатынас жасауы қажет. Ол дегеніміз тек қана жеке пікірталас емес, сонымен қатар бірге еңбектену және демалу, отбасылық мәселелерді ұжымдық талқылау, жаңалықтармен алмасу, өзара көмектесу және т.б. Ең маңыздысы, ата-аналардың баламен қарым-қатынасы сенімге, өзара түсінушілікке негізделген, яғни сенімділік пен ортақ мүддеге деген сезімдік жауаптылыққа әкелуі тиіс.

Отбасы тәрбиесінде бала үшін ата-ананың белгілі бір дәрежеде жеке үлгі бола білуі өте маңызды. Ата-ананың мінез-құлықтары, іс-әрекеттері, өз ойларын жеткізе білулері, адамдарға баға берулері және ақыл-кеңес беруі сияқты жағымды қасиеттері баланың жеке тұлға ретінде қалыптасудағы ерекше үлгі болып табылады. Жүсіп Баласағұн ата - аналардың балаларына берген жақсы тәрбиесi, ол - жақсы үлгі-өнеге мен рухани, адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру  екендiгiн:  «Ұл мен қыздың өнегесi ата-ана, Бәрi бiзден - дұрыс па, әлде қата ма» - деп  сипаттай отырып, баланың тұлғалық қалыптасуында ата-анасының өзара сыйластығы мен жарастығының өте зор рөл атқаратындығы айтылады. Өйткені, ата-ана өнегесін көріп өскен ұрпақ есейгенде өздері де сондай отбасы іргесін құрады деп қорытынды жасайды. Сонымен, Ж.Баласағұнның көзқарасы бойынша  ер баланы тәрбиелеуде әкенiң жеке басының өнегесi оның мiнез - құлқы мен  тұлғалық  қалыптасуы үшін өте маңызды. Сондықтанда баламен белгіленбеген пікірталастардан уақытты аямая, оны мазалап жүрген қиын сұрақтарды талқылай отырып, осы мәселе бойынша  көзқарасын, ойын білуге әрекет ету керек. Істеген істерінде қателіктер кетсе оны өте қаталдық танытпай ақыл-кеңес бере отырып түзетуіміз қажет. Бұл дегеніміз – үйрету және ол балаға тең құқылы негізде ұсынылуы керек. Тәрбиенің тағы бір түрін атауға тура келеді, ол өтініш білдіру. Егер ата-аналардың өтініші баланың реалды мүмкіндіктерін ескеретін болса, белгілі-бір деңгейдегі бейнені сомдай отырып қалыптастырса жас бала, әдеттегідей, ойлана отырып, орындайды және өзіне жүктелген үмітті ақтауға тырысады.

Жаман ықпалдан қалай сақтау керек?

Ата-ананың балаға деген ерекше қамқоры олардың көбінесе көптеген  теріс әрекеттерге, яғни жеткіншектердің жаман ортаға тап болуына, шылым шегуге, арақ ішуге, басқа да жаман істермен шұғылдануына әкеліп соғады. Ата-анасынан «жоқ, болмайды» деген сөздерді естімей, ойына не келсе сонымен шұғылданып жүрген жеткіншекке көшеден кездескен жаңа, ескі  достарының да жағымсыз ықпалынан ол қандайда іске баруы мүмкін ғой. Сондықтан да ата-аналар ұлдарына «Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тию» деген халық даналығын ескере отырып, олардың  тәрбиесіне көп көңіл бөліп, бос уақыттарын  кіммен өткізетіндігі туралы, олар немен шұғылданатындығынан хабардар болуы керек. Сонымен қатар, әрқашан баланың дұрыс дос таңдауына, өмір талабынан қалыс қалмайтындай уақытын тиімді және өткізуіне жағдай жасау, яғни ұл баланың мектептегі сабақтарынан бөлек  әр түрлі сабақтан тыс және мектептен тыс іс-әрекеттерінің мол таңдауы бар – пәндік, техникалық және де басқа да үйірмелер, спорт секциялары, үйдегі шығармашылық жұмыстарға қатысуын қадағалап, бағыт-бағдар беріп отыру қажет. Отбасында көптеген іс-шаралар ұйымдастыру арқылы олардың зейіні мен зеректігін арттыру мақсатында көркем және ғылыми-танымал әдебиеттерді, әр түрлі газет-журналдарды оқуына ықпал ету де өте маңызды. Өйткені, осындай қызықты және пайдалы әрекеттер олардың бос уақыты азаяды да, жалпы дамуына, оқушының белсенділігіне және өзінің орнын табуына ықпал етеді.

Осындай және басқа да тәрбие мақсаттарына жету жеткіншектердің оқушылық өзін-өзі басқаруға, жеткіншектік және жастар ұйымдарының жұмысына қатысуына әсер етеді. Осыған мүдделі ата-аналар бұл істі қолдап қана қоймайды, сонымен қатар өздерінің ақылымен, пайымдауымен, дұрыс көмектерімен нақты ықпал етеді, бұдан басқа өз беделдерін сөзсіз жеткіншектер алдында көтереді.

Ер балаға отбасылық тәрбие берудің әдістері

(Ата-аналарға өзіндік талдау үшін)

Отбасылық тәрбие берудің әдістері мен түрлерін мұқият оқыңыз:

-                      үлгі көрсету (қалай жасау керек?, өзін-өзі қалай ұстау керек?,)

-                      мінез-құлықтың белгілі-бір түрін пайдалана отырып, жағымды қарым-қатынас құрып, жетістікке жету;

-                      мінез-құлықтың белгілі түрінің жақсы жағын көрсету;

-                      баланың мінез-құлқының немесе күнделікті іс-әрекетінің бұзылуының алдын алу;

-                      баланың әрекетін бақылау;

-                      оның жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын мадақтап отыру;

Практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру:

-                      балаларды іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнымен қызықтыру;

-                      мақсатқа жетудегі әдістерді бірігіп іздеу;

-                      баланы әрекетену әдістеріне оқыту;

-                      баламен бірігіп отырып, «іс-әрекеттің жүруін талдау («жұмыстар қалай жүріп жатыр?», «бізде не іске асып жатыр, ал қайсысы іске аспай жатыр?», «неліктен?»);

-                      ата-аналар жақтан баланың сәтті әрекеттері үшін оны марапат сөздермен («жарайсың». «Сен қалай жақсы жасайсың», «Мен сен үшін қуаныштымын») жігерлендіретін отыру;

-                      баламен бірігіп отырып, қандай да болмасын істің нәтижесін бағалау;

Балаға өнегелілік, құқықтық нормалар мен категориялардың мағынасын түсіндіріп, дәлелдеу:

-                      балаға нақты өмірдегі жағдайларды талдап, көрсету;

-                      баламен бірге оның нақты әрекетін талқылау;

-                      бала үшін жетістігі жоғары адамды, кітап, кино кейіпкерін үлгі ретінде көрсету;

-                      ата-аналардың жеке үлгі көрсетуі балаға дәлелдеу құралы ретінде болады.

Баланың жақсы мінез-құлқын ынталандырудың тағы бір әдісі мадақтау болып табылады:

-                      жұмысқа қатынасуын мадақтау;

-                      нәтижеге жетуін мадақтау;

-                      мадақтаудың моральдық түрлері, материалдық мадақтау түрлері;

-                      баланы мадақтаудағы ата-аналардың ұстанымдарының бірлігі;

-                      мадақтаудың шегінің сақталуы;

Баланың нашар мінез-құлқынын жазалау шараларын пайдалану арқылы түзету:

-                      ескерту жасау;

-                      қыдырып, беймезгіл жүруіне тыйым салу;

-                      баланың қалаған заттарын алудан бас тарту.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІ ғ.ғ.) Алматы, 1995, 160 б.
  2. Баласағүн Ж. Қүтты білік., Алматы.,Ана тілі, 1993 ж.
  3. Королев, С. Л. Философия образования: семейное воспитание и его проблемы / С.Л. Королев; Б.О. Майер, Н.И. Макарова. - С .30-33
  4. Самойленко, Е. В. Подходы к проблеме особенностей мальчиков, испытывающих депривацию отцовского влияния / Е.В. Самойленко. - С .161-164
  5. Попова Л. Воспитание сына: Для бесед с родителями //Воспитание школьников.-2001.-№3.-С.47-49.
  6. Попова Л. Воспитание сына: Для бесед с родителями //Воспитание школьников.-2001.-№3.-С.47-49
  7. Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Мальчик - подросток - юноша: Пособие для учителей.-М.: Просвещение, 1982.

 

Выявление двигательных предпочтений школьников 5-8 классов казахской национальности в зависимости от конституциональных особенностей

Аскапов С.Н., Бронский Е.В., г. Павлодар, Казахстан

За период суверенитета Республики Казахстан (1992-2009г) разработаны и приняты к реализации несколько учебных программ по физическому воспитанию школьников [1,2,3 и др]. В настоящее время Национальным научно-практическим центром физической культуры готовится к изданию очередная программа физической культуры школьников с 12-летним обучением. Анализ содержания программ показывает изменение приоритетов в постановке задач урока физической культуры в пользу решения оздоровительной задачи.  При всех достоинствах указанных программ они на наш взгляд имеют один недостаток. Содержание программного материала и контрольных нормативов двигательной подготовленности не учитывают конституциональных особенностей школьников. В то же время, представители различных типов телосложения различаются по физическому развитию и должны рассматриваться по этим показателям как члены различных генеральных совокупностей [4]. Однако, при разработке учебных программ и составлении контрольных нормативов, эти различия обычно не принимаются во внимание.

В опубликованных ранее работах данная проблема рассматривалась в разрезе оптимизации уроков физической культуры школьников различных типов телосложения, а так же особенности их двигательной активности [4,5].

Задачи исследования:

-определение процентного соотношения школьников с различными типами телосложения;

-выявление двигательных предпочтений и интересов в занятиях физическими упражнениями;

-анализ выполнения контрольных нормативов физической подготовленности;

Методы исследования: медицинское обследование, анкетирование, педагогическое тестирование, статистическая обработка материалов исследования.

Исследование проводилось на базе СОШ № 35 города Павлодара. Всего в исследованиях приняло участие 65 школьников, 34 мальчика и 31 девочек 5 классов.

Осмотром, совместно с медицинскими работниками, выявлено, что среди учащихся 5 классов преобладает торакальный тип (ТТ) – 42%, астеноидный тип (АТ) – 31%, мышечный тип (МТ) – 15%, дигестивный тип (ДТ) – 12%. Во время осмотра придерживались литературного описания каждого типа конституции [6].

Астеноидный тип характеризуется тонким скелетом, длинными нижними конечностями, узкой грудной клеткой, острым подгрудинным углом, впалым животом.

Торакальный – сильным развитием грудной клетки в длину, прямым животом, большой жизненной емкостью легких, относительно большим развитием тех частей лица, которые принимают непосредственное участие в дыхании ( обычно средняя часть).

Мышечный тип – лицом округлой или квадратной формы, равномерно развитым туловищем, подгрудинным углом средних размеров, грудной клеткой средней длины, широкими и высокими плечами, довольно резко выраженными контурами мышц.

Дигестивный тип – развитой, преимущественно нижней  третью лица, лицом формы усеченной пирамиды, короткой шеей, широкой и короткой грудной клеткой с тупым подгрудинным углом, выпуклым животом с выраженными жировыми складками.

Для выявления двигательных предпочтений исследуемых школьников было проведено анкетирование. Анкета состояла из 10 вопросов, определяющих отношения учащихся к различным видам физических упражнений. Анализ анкет показал неоднозначность отношения школьников к занятиям физическими упражнениями как в целом, так и отдельным его видам (гимнастика, легкая атлетика, спортивные игры, лыжи, единоборства).

Школьники, преимущественно АТ, как и дети ТТ, предпочитают упражнения скоростно – силового характера и на выносливость, дети МТ с удовольствием занимаются упражнениями, где требуется скоростные, скоростно – силовые качества, гибкость, выносливость и относительная сила. Дети ДТ предпочитают упражнения, направленные на развитие равновесия, гибкости и абсолютной силы. Анализ выполнения контрольных нормативов физической подготовленности исследуемых школьников показал, что школьники группы ТТ наиболее успешно справляются с выполнением таких тестов как: прыжок в длину, бег 60 метров, бег 3х10 метров, бег 1000 м.

Разделы учебной программы

   

Бег 60 м

 

Прыжок

в длину

Подтягива-ние

Подъем туловища

Бег

1 км

Наклон туловища

Челночныйбег

3 х 10

Метание малого мяча

   

Рисунок 1 – Выбор двигательных предпочтений школьниками исследуемых групп

Школьники группы МТ, ТТ успешно выполняли следующие нормативы: подтягивание, прыжок в длину, подъем туловища, бег на 60 и 3х10 метров, а так же наклон туловища.

Дети группы АТ более успешно выполняли следующие нормативы:   прыжок в длину и беговые упражнения на  60м, 3х10м, 1000 метров. Школьники ДТ лучшие результаты показали в метании мяча и в беге на 1000 метров. (рис.1)

На основании результатов исследования можно сделать вполне определенные выводы:

1.Выявлено неоднозначное процентное распределения учащихся 5 классов по конституциональным типам. Среди них преобладает ТТ-42 %; за тем АТ-31%, МТ составдяет 15% и ДТ – 12%;

2. Опредление  двигательных  предпочтений школьников по разделам учебной программы показало:

- учащиеся МТ и ТТ в равной степени выбирали все разделы (виды спорта) учебной программы;

- школьники АТ выбирали занятия спортивными играми, лыжным спортом;

- спортивными играми и единоборством предпочитают заниматься школьники ДТ;

- школьники ТТ преимущественно хотят заниматься гимнастическими упражнениями и спортивными играми.

На оснований выше изложенного исследования, рекомендуем, при составлении учебных программ по физической культуре учитывать конституциональные особенности школьников, тем самым будет учтён основопологающий принцип гуманистического подхода, как наиболее прогрессивный  в образовательной деятельности.

 

Литература

1.Типовая программа по физическому воспитанию учащихся I-XI классов общеобразовательной школы /В.П.Фирсов, А.В.Цуркин.–Алматы: Рауан,  1993.– 99 с.

2. Программы по физической культуре для 1-4-х классов общеобразовательной школы/Альмуханов Б.У., Завьялов Л.К., Потапченко И.П. – Алматы: Рауан, 1994.–126 с.

3. Программы. Физическая культура (5-11 классы) /Касымбекова С.И.,Телеугалиев Ю.Г.,Тайжанов С. Алматы: Кабинет Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000.–47с.

4. Забелина Л. Г. Дифферинцированный подход в развитии двигательных особенностей школьников 10–12 лет различных соматипов: автореф.… канд. пед. наук: 13.00.04. – Тюмень., 2004.– 5с.

5. Аксенова А.Н. Дифферинцированный подход в совершенствовании двигательных качеств у школниц с различным самототипом: автореф.… канд. пед. наук: 13.00.04.– Омск., 2006 – 17 с.

6. М.Ф.Иваницкий. Анатомия человека М., ФКиС, 1985

 

Білім мектептеріндегі тәрбие жұмысының сапасын арттыру һәм ұлттық сананы қалыптастыру

Формирование национального сознания и повышение  качества воспитательной работы в общеобразовательной школе

Develop teaching process and national mind at educational schools

Ақылбекова Кентай. Қызылорда облысы  Қармақшы ауданы  О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп мұғалімі

 

Ұлттық сана мен халықтық тәлім-тәрбиенің ілкі бастауы бесіктен қалыптасатыны белгілі.  Сондықтан ұлт тәрбиесінің әліппесін бала шыр етіп жерге түскен күнен бастап үйде де, түзде де, мектеп жағдайында да жас буынның ұлттық санасы мен әдет ғұрпы, тілі мен имандылығы қалай дамып қалыптасып  отырғандығына үнемі көңіл бөлу қажет . Имандылық,инабаттылық, мейірімділік секілді халқымызға тән қасиеттердің түп төркіні мен байырғы бастауларын танып- білу жолында ерінбей- жалықпай ізденіс зерттеулер ұйымдастыру,оларды тәлім-тәрбие процесінің тұрақты жүйесіне айналдыру-барша жұрттың, әсіресе, ұстаздар қауымының абыройлы міндеті.

Халқымызда баланы жөргегінен бастап, оны ер жеткенге дейін үздіксіз тәрбиелеу жүйесі халықтық педагогика бастауы болған. Сондай-ақ ата-бабаларымыз ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтерген рухани мұраны көкпардай қағып алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.

Сонау 30-шы жылдардың басында жазықсыз жазаға ұшырап, зорлық-зомбылық құрбаны болған Ш.Құдайбердиев,Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтардың ұлттық тәлім-тәрбие, әдеп, педагогика, психология саласында терең де сындарлы пікірлері бүгінгі жас ұрпақты толғантып, тебірентпей бей-жай қоя алмайды. ¤йткені олар көтерген өзекті мәселелер сол кездің өзінде-ақ халқымызға іздесе таптырмайтын аса құнды тамаша үлгі-өнеге болған. Сол асыл арыстар ұстаздық етумен бірге тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын үңіле зерттеп, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның  озығы мен тозығына терең талдау жасады.

Олар өз еңбектерінде ұлттық мектеп пен пеедагогика, психология, тәрбие негізіне  қатысты мәселелерді айтқан еді.

Ж.Аймауытов ұлттық тәрбие туралы өз айтпаған. Мәселен ол «... адамның өз басының көгергенімен ұлт көркеймейді. Ұлт көркейсе, ол бақыт сол ұлт ішінде адамдарға ортақ. Ұлттық, Отанның көркейту – қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу» десе, асқақ ақын  М.Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, хәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ  серттесуге болады» деген еді.

Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар  өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны хақ. Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясыноның сонау  ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен  сабақтастыра  тәрбиелеу  қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Халықтық ата-баба  мұрасының баға жетпес рухани байлықтары – тілі, діні, тарихы, әдебиеті, табиғи ортасы, шаруашылығы, ұлттық қолөнері, киім-кешегі мен жићаздары, қару-жарағы, әуез аспаптары, күй саздары, ақындық, шешендік өнері, инабаттылығы мен имандылығы, ізгілігі мен адамгершілігі – қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс-бітімі  бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі тәлім-тәрбие мазмұнынан берік орын алуы тиіс.

Халқымыздың кезінде талай жұртты тамсандырған тамаша қасиеттерін: үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлық, бауырмалдық, ақ көңілділік, қайырымдылық, суырып салмалық, ақынжандылық т.б. дамыта түсу мен қатар келеңсіз қасиеттердің пайда болу себептерін қарастырып, олардан біртіндеп арылту жұмыстарын жүргізу- қазіргі таңдағы тәрбиенің борышы хәм парызы.

Білім беру туралы заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау – негізгі міндеттердің бірі», - делінген. Осы міндеттерді іске асыруда мектептердегі тәрбие жұмысының атқаратан ролі зор.

Осыдан  Х  ғасыр бұрын ғұмыр кешкен қасиетті бабамыз, арауқты ақынымыз Жүсіп Баласағұн: «Рухани жағынан жаңару мен тазарудың екі жолы бар. Бірі – діни тәрбие де, екіншісі ұлттық тәрбие». – деген.  Қоспасы жоқ имандай шындық.

Осыған орай қазақтың ұмыт болып бара жатқан қолданбалы өнері, ою-өрнектері, зергерлік бұйымдары қайта жаңғырығып, жаңа бір айшықты бояулармен ажарларлана түсуде. Шәкірттерімізді ұлттық тәрбие тағылымдарымен мол сусындатуға бізде барлық мүмкіндік бар. Оның айғағы бірнеше жылдан бері мектепте «Атамекен» тәлім-тәрбие ордасының жұмыс жасап жатқандығы.

Халқымызда: «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демей ме? «Атамекен» ордасының да негізгі мақсаты-әр адамға  ауадай қажет рухани, адамгершілік игілігімізді қалыптастыру, оқушы бойынша сіңіру.

Адамдардың инабаттылығын, әдептілігі, адамгершілігі бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілігінің көрінісі болып табылады. Соңғы жылдары едәуір  солғындап кеткен осы қасиеттер тамыр соғысы әрең білінер күйге жетті. Бұл мейірімсіздік, қатыгездік, адамдардан асып, табиғаттың бірегей туындылары-көрікті өңір, көркем суларда, аяулы аң- құсты ойсырата бүлдіріп, шығындаудың басты себебіне айналды.

Табиғатқа  мейірбандықпен қарау,  оны тағылықпен білдірмеу, оған суық қолдылардың білгенін істеулеріне жол бермеу-адамдық міндет. Бұған бала алдымен отбасында, одан соң мектепте тәрбиеленеді. Және ондай қасиеттер баланың бойына айтудан, сөзден гөрі  іс арқылы оңайырақ және тұрақты болып дариды.

Өзім тәрбиелеп  отырған сыныпта «Жер –Ананы қастерлейік!» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Балаларды  түрлі аң-құстармен, су жануарлары мен, өсімдіктермен таныстырып, оларға байланысты қызықты мәліметтер бердім. Балаларды  көшет, түрлі гүл егуге қатыстырып, өсіп-өнген, әсіресе, жеміс ағаштарының гүл ашып, жеміс бергенін қадағалаттым. Балаларға мұндай көрнекті практикалық тәрбиенің әсері күшті болды. Табиғат –сұлулықтың қайнар көзі,эстетика мектебі,қайталанбас керемет әсем көріністер галлереясы екеніне көз жеткіздім.Адамның бойындағы бар жақсылық :адамгершілік қадір-қасиет,білім-парасат,инабатты кісілік мінез,еңбек дағдысы-бәрі-бәрі үлгі-өнеге үйрену арқылы жұғады.

Әр халықтың өзінің дәстүрі,салт-санасы бар. Дәстүр,әдет-ғұрып-жалпының ортақ игіліктері. Егер кімде-кім дәстүрсіз өмір сүргісі келсе,бұл оның әдепсіздігінен туған бос қиял.Салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер адамдардың дүниеге көзқарасына, әдеп-инабат нормаларына әсер етеді.

Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасын жас кезінен оқушы  бойына сіңіру арқылы олардың рухани және әлеуметтік, адамгершілік асыл қасиетін, дүниетанымдық мәдениетін дағдыландырып, имандылыққа баулимыз.

Қазақтың зергерлік бұйымдарын, олардың аталу ерекшеліктерін ұғындыру мақсатында «Қазақтың зергерлік бұйымдары» тақырыбында тәрбие сағатын өткіздім. Сабақтың мақсаты: Зергерлік бұйымдардың халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен байланыстылығын түсіндіру. ¤нер  адамдарының еңбегін қадірлей білуге үйрете отырып,  оқушы бойына  эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Тәрбие сағатында шеберлердің тұрлі материалдарды өңдеу үшін құрал-саймандарды пайдаланып, өз күшімен еңбек етіп, сәнді бұйымдар жасағанын түсіндірдім. Қолөнерімен айналысқан ұсталар көшпелі елмен бірге көшіп-қонып жүріп, шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып отырған. Олардың жасаған сәнді бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып өшпестей із қалдырып, бүгінгі күнге жеткенін дәлелдеп отырдым.  Сонымен қатар білезік, жүзік, алқа, сырға сияқты әшекей бұйымдардың жасалуымен таныстырдым.

Бұл сабақтың балалардың бойына  халықтың әдет-ғұрпы мен салт-санасын сіңіруде, ата-бабалар мұрасын қастерлеуде мәні ерекше болды.  Қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған өздері сері, жандары сұлу болғандығын паш етіп дәлелдейді.

Адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Адамның ой-қиялы, ақылы алысқа  шарлайды. Бізде кейде ождан мен   иманды  бір-бірімен шатастырушылық кездеседі. Имансыздық  дегенді ұятсыздық, одансыздық деп түсінеді. Иман жүзді деп ізгі ілтипатты, тура сөзді, мейірімді  адамды айтады. Ожан дегеніміз өз қылықтарының өзінің іштей таразылап, басқаларға қатынасы жағынан әдеп, инабат  талаптарын сақтау жауапкершілігін сезінуі және өз әрекетінің дұрыс немесе бұрыстығын тексеру.

Ұлы Абай: «Иман сақтауға  қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек» - дейді. Имандылық  тек діни сенім емес, ол сондай-ақ ұлттық – психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке  айналған құбылыс. Жас баланы имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейріміділік, қайырымдылық, ілтипаттылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді олардың бойына сіңіру - әрбір мектеп пен тәрбиешінің басты парызы.Жастарды имандылық пен адамгерлішік қасиеттерге тәрбиелеудің халықтық сан алуан әдіс-тәсілдері бар. Осындай тәлім  тәрбиелік мәні күшті тәсілдің бірі – бата беру, тілек білдіру. Бата мен тілек егіз қозыдай ұғым. Бата, тілек тілеу жақсылық ниетпен айтылып, жеке адамды адамгершілікке, имандылыққа  тәрбиелейді. Сондықтан мұны тәрбиелік мақсатта жиі қолдану керек. тәрбиенің осы саласына байланысты өткізген  «Халық қазынасы  - асыл мұра»  деп аталатын сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды батаның түрлерімен таныстырып, оның адамға берер әсері жөнінде  айттым. «Батамен ел көгерер» демеей ме дана халқымыз. Ендеше, батаның, тілектің тәрбие құралы ретіндегі маңызы зор.

Адамның қандай болмағы, кім болмағы тәрбиеге, жағдайға байланысты. Яғни жеке адам өз-өзінен тәрбиелі кісі болып шыға  келмейді. Тәрбие адамның өзімен бірге өсіп кемеледенеді, оған айналасындағы адамдар, отбасы, мектеп, тәрбиеші әсер етеді. Сондықтан адамның тәрбиелілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Қатардағы қарапайым кісінің жақсы адам болуының жолы - әдептілік, инабаттылық  үрдістерін бойына дарыта үйрену. Әдептілік ережелерін мансұқ көрген  қоғам сөз жоқ  өзінің түбіне жетеді. Әдеп тәрбиесі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік санасын жетілдіреді, оны бақытты етіп, қоғамға мейірбандылық  нұрын шашады. Әдептілік әліппесі адамды кісілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеп, тұрақты ізгі қасиеттерді қалыптастыруды көздейді. Белгілі ағылшын ғалымы Дисон Лоббоктың:  «тіпті күш арқылы жете  алмайтынын жеңіске әдептің арқасында жетуге болады», - деуі де сондықтан.

Қорыта айтқанда мектептердегі тәрбие жұмыстарының алға қойған  мақсаты зор. Ол мақсатта орындалған сеніміміз де мол.

Тәрбиенің түрлі саласы баланың болмысымен бірге қайнасып жатады. Тәрбие мен тәртіп саласына  салатан тқұрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.  Адамзаттың рухани даму, ақыл-ой тарихына көз жіберсек, қай заманның да данагөй ойшылдарының адамның асыл, аяулы қасиеттеріне кемде-кем екенін білеміз.

Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап – тілегіне  тәуелді күрделі процесс. Осы қиын да күрделі процессті жүзеге асыруда мектеп пен тәрбиеші үздіксіз  жұмыс жүргізе бермек.

 

Формирование  национального самосознания и процесс воспитания на народных традициях начинается с колыбели. В традициях и обычаях  народа утверждаются нравственные нормы: трудолюбие, гордость, простота, смелость, совесть, стыд. Поэтому с первых шагов надо обращать  внимание на формирование в сознании ребенка этих нравственных норм.

Народная педагогика должна нести задачу воспитания и образования  на традициях всех народов одновременно, этнопедагогика  - воспитание  и образования на ценностях этого этноса.

Вопросы  этнопедагогики казахского народа отмечены в трудах Ш.Кудайбердиева, О.Бокейханова, А.Байтурсынова, Х.Досмухамедова, М.Дулатова, Ж.Аймауытова, Ж.Жумабаева.

В своих трудах они писали о систематическом воздействии народных традиций и обычаев  на духовное развитие молодого поколения, на педагогику и психологию

Основатель  казахской психологии, писатель,  просветитель Жусипбек Аймауытов высказал мысль о том, что в традициях и обычаях заложен смысл воспитания  личности, раскрывается истина, мудрость, законы, правила, нормы бытия.

Вопросы воспитания молодежи независимого Казахстана занимают особое место. Одна из них-этногуманизация педагогического процесса воспитьания средствами  изучения традиции, обычаев культуры этноса.

Традиции  семьи важнейшии фактор этновоспитания, так как в семейном воспитании сохранили, свое значение национальные традиции. За свою многовековую историю казахский народ выработал, создал мно прекрасных обрядов, обычаев, традиции.

Организовывая учебно-воспитательный прцесс в своем классе, знакомлю учащихся с истоками народной мудрости, а также с прикладным искусством. В ходе  классного часа на тему: «Народно-прикладное искусство» учащиеся познакомились с изделиями народного-прикладного часа – приобщить учащихся к труду, к ремеслу, неповторимости каждого изделья, о национальном колорите издений.

На класном часе на тему: «Народное – безценное богатство»  уяфщиеся говорим о ценном духовном пожелании  «Бата». «Бата» как метод воспитания служит во имя доброты, милосердия. Бата призноситса  старшими по возрасту людьми, Таким оброзам, обращение педагогов, школы  к народной культуре, к народным тродициям использование ее образовательного потенцияла, позволить организовать обучение и воспитание, как целостный процесс формирование национального самосознание у учащихся.

 

Introductions  and customs of people affirm moral norms: diligence, pride, simplicity, boldness, conscience, shame. Therefore from first steps it is necessary to pay attention to formation  in consciousness of the child of these moral norms. The national pedagogic should be a problem formation and education on traditions of all people simultaneously, ethno pedagogic - education and formations on values this ethnos. Questions of ethno pedagogic of Kazakh people are noted in S. Kudaibergenova , O. Bokeihanova, A. Baitursinova, H. Dosmukhamedova, M. Dulatova, ZH. Aimauitiova, ZH. Zhumabaeva works.

In the works they wrote about regular influence of national traditions and customs on spiritual development of young  generation, not pedagogic and psychology.

The founder Kazakh psychologies, writer, Zhusipbek Aimauitov educator, has stated an idea on that, in traditions and customs the sense of education of the person in incorporated the true, wisdom, laws, rules, norms of the reveals.

Questions of educations of youth of independent Kazakhstan take a special place.  One of them ethno humanization  pedagogical process of education be means of studying of traditions, customs of culture of ethnos.

Organizing educational process in the class. I acquaint pupils with sources of popular wisdom, and also with an applied art.

During class hour on a them national invaluable rich pupils spoke about a valuable spiritual wish a Bata.

Bata as the method of education serves in the name of kindness, mercy. Bata it is said be seniors on age the people dear aksakalami.

Thus teachers, school to national culture, to national traditions of it is use of it is educational potential to allow to organize training and education as complete process formation of national consciousness at pupils

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ж.Асанов.  «Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі» - Қызылорда, 1993 жыл

2. Ж.Қоянбаев. «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі»  - Алматы: Рауан, 1990 жыл

3. А.С.Макаренко. «Ата-аналар кітабы» Алматы: Мектеп, 1968 жыл

4. Ж.Аймауытов. Психология- Алматы: Рауан, 1995 жыл

5. Ә.Табылдиев. Қазақ этнопедагогикасы – Алматы: Санат, 2001 жыл

Тіл мәдениетін оқытудың кейбір жолдары

Исмағұлова Айнұр Қуанышқызы, Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияныңқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, aidar _ u.79@ mail. ru

 

Оқыту  мен  тәрбиелеу  нәтижелі болу үшін оқушының сөйлеу  қабілетінің  дамуы- оқытуға  басты назар  аудару – қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің  мұғалімінің  алдында  тұрған ен өзекті   мәселе деп ойлаймын. Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге  сөйлей білу де өнер. Өкінішке орай, осы  уақытқа дейін тіл  мәдениетін оқыту мектеп өмірінде өз орнын  таппай келеді. Сондықтан, мектептегі жақсы  бітірген  оқушының өзі де сөйлегенде  ойын жеткізе алмай кібірткілеп қиналуы заңды құбылыс.

Себебі  мектепте  тіл мәдениеті  үйретілмегендіктен сөйлеу  дағдысы дұрыс қалыптаспаған. Мәденеит дегеніміз – адамның  терең ойын, өзіне де,  айналасындағыларға да  талдай жасай білу қабілет.

Адамдарды ізгілікті, ақылды,  моральдық міндеттемелерді мойнына алатын сыншыл жанға айналдыратын да мәдениет.

Адам ойы әр уақыт тіл арқылы жарыққа шығады. Сол қызметі арқылы қарым-қатынас құралына айналады. Әрі бұдан тіл мен ойдың өзара байланыстылығы туады.

Тіл мәдениетінің  негізгі зерттейтін объектісі – сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, айтайын деген ойдың айқын әрлі болуы, сөздің синонимінің көп болуы. Сондықтан тіл мәдениетін екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, жазу мәдениеті деп бөлуге болады.

Тіл мәдениеті

 

Ауызша сөйлеу                                                                                                               жазу мәдениеті

мәдениеті

 

І. Ауызша сөйлеу мәдениеті.

«Сөз байлығы елде, кен байлығы жерде» дегендей, қазақ тілінің сөзі өте бай әуезді тіл.  Бір ұғымды білдіру үшін бірнеше мәндес сөздерді айтуға болады. «Халық тілі қайнар бұлақ» деген. Халқымыз қашанда қанатты сөзді – қазынам деп, өнегені өріс таныған. Сонау замандардан келе жатқан сара сөздер мен дана сөздер дүл-дүл ақындар мен бұлбұл жыраулардың өзегінен шыққан өнегелі өсиеттердің, ел көсемдері мен шешендерінің уытты уағызының, әділ билердің табанды тапқырлығының, танымды өрісі мен шебер тілді бүгінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің міндетіміз. Сөйлей білу – үлкен өнер. Дұрыс сөйлей білу мәдениеті дыбыс тілі мен тікелей байланысты. Бұл заңдылық баршаға ортақ.Дұрыс сөйлей білмеуден сөздің құлаққа жағымсыз естілетініне назар аудартқан жөн. Үнтаспаға жазылған сөздерді, магнитофоннан артистер оқыған үзінділерді тыңдату, оқушылардың сабақта сөйлеген сөздерін де жазып алып салыстыра талдаудың мәні зор.

Ауызша сөйлеу мәдениетіне көптеген талаптар қойылады.

А) Сөздің, сөйлеудің этикасын сақтай білу;

Ә) Интонация. Дауыс ырғағы, сөйлеу мәнерін меңгеру, дикция жасау техникасын білу;

Б) Ойды нақышты, әсерлі жеткізе алу;

В) Ым-ишара. Адам жан-дүниесіндегі кейбір сөзбен айтып жеткізе алмайтын, немесе айтуға болмайтын нәрсені көңілмен, қимыл-қозғалыспен жеткізе білу;

Г) Ойдың айқындығы, мағына дәлдігін, тіл тазалығын сақтай білу;

   

Орфографиялық сауаттылық диктант я шығарма жаздыру арқылы немесе мазмұндама сияқты жазба жұмыстарында есепке алынып жүр. Бұл жағдайда мынаны ескерту керек: диктант – оқушылар алдына ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал шығарма, мазмұндама оқушылар алдына өз ойын жатық, шебер тілмен баяндау, стиль, логикалық толғаныс, тағы сол сияқты шығармашылық ізденіс талаптарын қояды. Сондықтан да білімінің қаншалықты жетілгендігіне және орфографиялық дағдысының қалыптасқандығына  нақты көз жеткізу үшін шығарма тиімді.

Сауатты жаза отырып, ойын жазбаша дұрыс жүйелеуге үйрету – орфографиялық сабақтар мен жазу мәдениетінің міндеті. Жазба тілдің  психологиясы ауызша сөйлеу психологиясынан ерекше. Жазба тіл – жатық сөйлей білудің екінші түрі.

Оқушы неғұрлым көп оқыса, соғұрлым сауатты жазады. Оқу техникасы, оқушының қалай оқитындығы шешуші роль атқарады. Егер оқушы сөзді қате оқитын болса, жазуда да қате жібереді. Сондықтан да, дұрыс оқи білу сауатты жазудың кепілі.

 

Қатемен жұмыс

Оқушының аты-жөні

Сөз қалдыру

Ы-і әріпінің емлесі

Орфографиялық қате

Тыныс белгі

Әлібек Жеңіс

+

-

-

+

Әбдіхалық Ринат

+

+

-

+

Бақберген Әсел

+

+

+

+

Бұрқан Назерке

+

+

+

+

Жаңабай Мөлдір

-

+

-

-

 

Тек диктант түрлерін грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергенін және нелерді шала меңгергендігін байқатады. Сондықтан диктант қай сыныпта болмасын, неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты неғұрлым табысты болмақ.

Жазу мәдениеті, орфографиялық нормаларды сақтау, түбірлес сөздер олардың арасындағы мағыналық стильдің айырмашылықтарын білу, стильдік элементтерді ажырату, синтаксистік норманы білу, сөздердің, сөйлем мүшелерінің орналасу заңдылығын сақтау сөзді саралап қолдануымен байланысты екендігін естен шығармау керек.

Өмір бойы халқымыз бен бірге жасап, оның мәдени өмірінің тұтқасы болып келе жатқан мол мұрасы, ен байлығы – тілін байытқан үстіне байыта, дамытқан үстіне дамыта беру. Ішкі мүмкіншіліктерін кеңінен аша түсу арқылы тіл мәдениетін көтеру – тек тілшілердің ғана емес, бүкіл зиялы қауымның міндеті.

Тіл мәдениетін үйретудің негізгі мақсаты - әдеби тілдегі сөздік қорды дұрыс таңдап, талғап сөйлеу, жазуда сауаттылыққа үйрету, тіл мәдениеті мен стелистиканың өзара байланысын ескере отырып, жастардың оқып-үйренуін белсенділігін арттыру.

Сондықтан тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде же жас ұрпаққа ерекше ұғындырып жан-жақты сауатты азаматтар тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек.

Тіл мәдениеті таңдамалы курсында ауызша, жазбаша тіл дамыту мақсатында көркем-шығарма оқып, оған жоспар құрғызып, кейіпкерлеріне  мінездеме жазғызып, табиғат көрінісі бейнеленген немесе оқиғалы суретке қарап әңгіме құрастыру, әңгіме жөнінде теориялық мәлімет берілген соң әңгіме жазу, түрлі еркін тақырыптарда шығармалар жазу іске  асырылады. Сол сияқты кейіпкерлерге мінездеме беру, рецензия жазуды дамыту арқылы шығарма жазуға баулимын. Мектеп өміріндегі мәдени шараға оқиғалар негізінде мақалалар жазғызамын.

Сондай-ақ өлең құрылысы, ұйқас туралы түсінік беріп, өлеңдерге  талдау жасалған соң, оқушылар өз беттерінше өлең құруға талпынады. Жақсы жазылған әңгіме, рецензия, мақала, сәтті шыққан өлеңдерді «Қолыма қалам алып...» қабырға газетінде жарыққа шығады. Қоғамдық орындарда сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында «Көшеде», «Мәдениет үйлерінде», «Қонақта», т.с.с. тақырыптары бойынша диалогтар, әңгімелерді ауызша, жазбаша құрастырады.

Тіл дамыту мақсатында шығарманың, әңгіме, ертегінің басын беріп, соңынан өз қиялдарымен дамытуды ұсыну, сөздік қорларын молайту мақсатында тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау, берілген сөз тіркестерін негізінде шығарма құрып іске асырылады.

Білімі, икем-дағдыларына қойлатын талаптар:

-          Өз бетімен оқыған прозалық және поэзиялық шығарманың мазмұнын білу;

-          Тақырып идеясын, проблемасын, мәнін аша білу;

-          Көркем шығарманы мәнерлеп оқи білу;

-          Мәтінге жоспар құра білу;

-          Кейіпкердің өзіне және салыстырмалы мінездеме жазуға дағдылану;

-          Оқиға, кейіпкерлер жөнінде ауызша ой қорыта білу;

-          Көркемдегіш құралдарды тауып ажырата білу, қолдана білу;

-          Мақала, әңгіме, күнделік, рецензия, шығарма, өлең құрастыра білу;

-          Оқыған шығармаға дәлелді пікір айту, жазу;

-          Шығарма композициясына, өлең құрамына талдау жасау.

Қорыта келгенде, «тіл мәдениетінің» курсын жүргізуде көп оң нәтижелі жетістіктерге жеттім. Кез-келген тақырыптар төңірегінде мақала жазып, өлең шығаратын оқушылардың таланты ашылды.Мысалы: 6 сыныптан: Бұрқан Назерке, Кермеш Сакен, 7 сыныптан: Қайрат Айдана, Мейрамбекқызы Меруерт, Қадырбай Нұрдәулет; 8-сыныптан: Бақытжан Ақмарал деген оқушылар әңгіме жазу, өлең шығару сияқты шығармашылықпен жұмыс істейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. К.О. Өмірбаева Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер. Ақтөбе, 2001 жыл
  2. Б.Б. Баймұқанов, Б. Барсай. Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері. Бастауыш мектеп №8-9, 2000 жыл.

 

Педагогтың кәсіби этикасы - қазіргі қоғамның субмәдениеті

Қалдарова Қарлығаш Исақызы

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт (ББЖКБАРИ), Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, Karlygash-72 @mail.ruЖұмыс телефоны: 8-7272-269016, Ұялы телефоны: 8-777-357-86-69

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы XXI ғасырдың бірінші онжылдығын мәдениет, бейбітшілік және күштемеу онжылдығы деп жариялады. Бұл жағдайда педагогтың рөлі жоғары болып тұр, өйткені әлемдегі бейбітшілік тек білім мен мәдениет арқылы құрылатыны хақ емес пе?

Бүгінгі таңда өзінің кәсіби міндеттерін орындай алмайтын, бойында шығармашылдық қасиеттері жоқ ұстазға қанағаттанатын адамдардың саны аз, өйткені тек шығармашыл тұлға ғана өзінің оқушыларына мәдениеттің байлығын, мазмұнын жеткізе алады. Сөйтіп, «ұстаз» деген сөздің жоғары мәртебесі «мәдениет» деген ұғыммен тығыз байланысты екен.

Әрбір ұстаздың әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалуы керек. Иман жүзді, әдепті ұстаз күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады. «Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді» демекші, әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан ұстаз – мәдениетті ұстаз [1, 74].

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - дейді қазақ. Адамдармен қарым-қатынасты жетік түсінген, мінез-құлық нормаларын бойына сіңірген, жалпы этикалық мәдениетті меңгерген ұстаз өзінің шәкіртін тек алға қарай жетелемей ме? Әдепті ұстаз оқушыларына қуаныш сыйлап, оларды бақытты етуге талпынбай ма? Бақытты балалар бақытты қоғамды құрамай ма? Ендеше, ұрпағымыздың айқынды да айбынды, ойлы да ақылды болуы мәдениетті, әмбебап білімдар, салауатты, адам жанын терең түсініп, жақсы білетін, қадірлі де қастерлі, қасиетті мамандықтың иесі, өз ісінің шебері, әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты ұстазға байланысты екен.

Жалпы, әдеп немесе этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. «Этика» термині – ежелгі грек сөзінен аударғанда «әдет-ғұрып, мінез-құлық, ой қалпы, ой жүйесі» дегенді білдіреді екен [2, 7].

Кәсіби шеберлігін шыңдау үшін ұстаз өзінің этикалық мәдениетін жетілдіріп отыруы керек. Мәдениетті ұстаздың бойындағы әдептің негізгі көріністері болып өз әріптестерімен, оқушылармен, ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас жасай алу қабілеті, сөйлеу қабілеті  және т.б. жатады.

Әбу Насыр әл Фараби (870-950): «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз» - деп, ұстаз баланы тәрбилеуде өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы және мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асыруы керек деп есептеген.

Жақсы тәрбиеші өзінің оқушыларын өмірдің қиыншылықтарын жеңуге, мақсаттың шыңына жетуге үйретеді.

Педагогтың бойында міндетті түрде болу керек қасиеттердің негізгісі – балаларға деген шынайы махаббат. Балаларға деген шынайы махаббат белсенді, батыл, өз күшіне сенімді, халықтың алдында жауапкершілікті сезінетін тұлғаны тәрбиелеуге көмектеседі. Балаларды жақсы көретін ұстаз оларды сезімталдылыққа және мейірімділікке үйретеді. Бірақ сезімталдылыққа, мейірімділікке үйрету дегеніміз – осы қасиеттер туралы балаларға айтып, түсіндіріп беру ғана емес, әрине. Педагог тарапынан бала мейірімділікті сезінуі керек және де ол басқалардың қуанышы мен қайғыларына ортақтасып, қамқорлық жасай алуы керек. Махаббатсыз балаларға қоршаған ортаны ой-санамен ғана емес, жанымен, жүрегімен қабылдауды үйрету мүмкін емес. Сондықтан шығар, В.А.Сухомлинский «Өміріңізде ең басты не болып табылады?» деген сұраққа ойланбастан: «Балаларға деген махаббат» деп жауап берген екен [3, 204].

Сонымен, бүгінгі таңда білім берудің әлемдік деңгейіне көтерілу үшін педагогтарға ізеттілік пен мәдениеттілік, әділділік пен мейірімділік, балаларға деген шынайы махаббат, жігерлік пен сергектік ауадай қажет екен. Осы орайда педагогтарға төмендегідей талаптар қойылады:

  • Балаларды шынайы жақсы көру.
  • Педагогикалық іс-әрекетке психологиялық тұрғыдан дайын болу.
  • Ертеңгі күнге ұмтылу, оптимист болу.
  • Педагогикалық қырағылық, педагогикалық түйсік, көкейкөз (интуиция), балалардың жан дүниесін түсіну, олардың қажеттіліктерін, уәжін, құндылықтарын, қызығушылықтарын білу.
  • Педагогикалық іс-әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын түсіне білу.
  • Білімдар болу, психологияның, педагогиканың, өз пәнінің әдістемесін жақсы білу.
  • Кешіре білу.
  • Бір нәрселерді оқушылар үшін емес, керісінше оқушылармен

бірігіп ойластыру.

  • Олардың домбыраларына қосылып ән салу.
  • Әр оқушының бойынан жақсы қадір-қасиетті тауып, соны

дамыту.

  • Өз пәнінің дамытушылық және тәрбиелік мүмкіншіліктерін білу.
  • Өз пәніне және балаларға немқұрайлы қарамау.
  • Ешқашан оқушыларға айқайламау.
  • Оқушылар туралы жақсылықтарды көп білуге тырысу.
  • Оқушыларды қауіп-қатерлерден қорғау.
  • Ешқашан оқушылардың шындығын өздеріне қарсы пайдаланбау.

Білікті педагог, қазақ халқының ұлттық педагогикасының ғылыми іргетасын қалаушы Мағжан Жұмабаев педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол сұлулыққа тәрбиелеудің ұлттық тәрбиелік ерекшеліктеріне тоқталып, қазақ өміріндегі жексұрын дене мен былапыт жүріс-тұрысты сөз етіп, ұстаздарға өз бойларындағы және тәрбиеленушілердің бойындағы осындай кесірлермен күресуге шақырады.

Осыған орай, педагогтың мәдениеті туралы сөз қозғағанда, педагогикалық эстетиканы да ұмытпау керек. Педагогикалық эстетикаға ұстаздың сыртқы бейнесі (имиджі), оның әдемі де әсерлі сөйлеуі, қимыл мәнері (мимика), оқушылардың алдында өзін ұстай білу қабілеті мен өз пәнінің әдемілігін балаларға жеткізе білу қабілеті жатады.

Өз бейнесін қалыптастыру үшін, педагогқа ең бірінші - сенімділік керек. Одан кейін, назар аударатын жәйт – педагогтың киім кию әдебі. Педагогтың киімі өзіне жарасымды және көпшіліктің назарын аударатындай ашық, «айқайлап» тұрмағаны абзал. Ұстаздың киімі, шаш үлгісі, бет-әлпеті, макияжы ақпаратты оқушыларға жеткізуге көмектесуі керек. Ұстаздың жүріс-тұрысы да үйлесімді болғаны дұрыс.  «Ақ иіліп сынбайды» дейді қазақ мақалы. Күн сайын ұстаз қаншама адамдармен жүздеседі, қанша жұртпен тілдесіп пікірлеседі! Кездескендермен ол жылы күліп, амандасып жүрсе, сабақтың басында оқушылардан «Қалдарың қалай?», «Денсаулықтарың жақсы ма?», «Көңіл күйлерің қалай?» - деп сұраса, ол әдептілік заңдылықтарын құрметтеуі, қастерлеуі, адамгершілік борышты өтеуі болып табылады емес пе?! «Әдептілік - әдемілік» дейді халық. Ұстаздың әдеп сақтауы - әлеуметтік дәстүр.

Сабақта сөйлесу кезінде педагог қолын айқастырмағаны жөн, аудиторияға бетімен бұрылып тұруы керек және арадағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпараттың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалған кезде тыңдаушыларға кішкене  дем алуға мүмкіндік беріледі [4, 5].

Ғұлама ақын, даналардың көш басы Ахмет Иүгінеки (XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген) халықтық әдепті өмір құбылыстарынан жоғары қояды да, әдепті болу үшін тіл мен ой-сананың жетіктігі керек екендігін уағыздайды:

Әрқашанда әдеппен

Қысқа сөйлеп әдеттен.

Байқап шығар үніңді,

Тарта сөйле тіліңді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы данышпандыққа, білім дамытып ғұламалыққа жету үшін ұстаз өмірге жауапкершілікпен қарап, талпынып, талаптанып, ыждағаттануы керек екенін айтады. Үйде де, түзде де кісіге, балаға ізгілік, имандылықпен пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу – ұстаз бойындағы кісіліктің көрінісі.    «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деп халық ұятсыздықтың негізі – қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту және т.б. адамгершілік қалыпты бұзу деп есептейді. Арсыз адам – халыққа қасірет, ұлттық намысқа дақ салатын, кісілігі жоқ, адамдық қасиеттен жұрдай адам. Ондай адамдардың педагогтардың арасында жоқ дегенге кәміл сенгім келеді....

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 
  1. Жарықбаев Қ.,  Табылдиев Ә. «Әдеп және жантану». Алматы, 1994 ж.;
  2. Гусеинов А.А. «Этика – наука о морали». Вопросы философии. 1982  №2.
  3. Сухомлинский В.А. «Сердце отдаю детям». Киев,  1972.
  4. А.Б. Вескер «Тренинг актерского мастерства учителя» Москва, 2002.
  5. Қазақтың мақал-мәтелдері.  Алматы, 2005 ж.;
   

Киелі домбыра – келешекке аманат

(«Атамекен»  бағдарламасының  «Домбыра-дастан» бағыты бойынша)

Итжемесова А.С,  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Омар Шораяқұлы атындағы

№30 орта мектеп тәлімгері  (Қазақстан)

 

Сыр – алаштың анасы, тарихқа жүгінсек бұл жерде қазақтың үш астанасы болған; Жент, Сығанақ, Қызылорда.  Сыр өңірі Қорқыт бабамыздың, Жанқожа мен Бұқарбай сынды батырлардың,  Мұстафа Шоқайдың, Сыр сүлейлері Кердері Әбубәкір мен ғұлама Тұрмағамбеттің, ақын Әбділда мен Нартайдың, тамаша халық жазушылары Әбдіжәміл мен Қалтайдың және көптеген ардақты, дарынды перзенттердің туған өлкесі. Сонан да Қызылорда күллі қазақ үшін ортақ жер.

 

Табиғат ғұмырының, адамзат тыныс-тіршілігінің тетігі қозғалыста екенін ескерсек, онда дыбыс атаулының да бастау бұлағы қимыл әрекет деп түсінеміз.

Айналаңызға бір сәт құлақ түріңізші, саумал самал тербеген жапырықтар сыбдыры, қыр мен ойды қуалап,  құлдырай аққан сыршыл бұлақ сылдыры, бұлбұл үні, бозторғайдың шырылы, тұлпар тұяғының дүбірі бәрі дыбыс бәрі үн...

Әлем сан алуан әуенге толып, аспан асты, жер үстін  дыбыс керпеп тұрғандай.  Адам дауысы арқылы толқынды, әсерлі, әуездер дыбыстар туды.  Мінеки музыкалық дыбыс шартты түрде осылай өмірге келеді.  Шартты   музыкалық дыбыс музыкалық аспаптың дүниеге келеуіне бірден-бір себепші болды. Дыбыстың ең жоғарғы қызметі адамға эстетикалық ләззат, рухани азық сыйлау.

Музыкалық аспаптану ғылдымында  өндіре еңбек еткен өнертану ғылымының кандидаты  Болат Сарыбаев қазақ музыка аспаптарын былайша жіктеді:

І. Үрлеп тартылатындар.  Тармақталуы: 1.Флейталық – сыбызғы,  қурай – ысқырғыш, үшпелек, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық. 2. Тростық – қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай. 3. Мундуштуктік – мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

ІІ. Ішекті. Тармақталуы:  1. Шертіп ойналатын – жетіген, шертер, домбыра.

2. Қияқпен ойналатын – қыл қобыз.

ІІІ. Мембраналы. Ұрып ойналатындар – даңғыра, кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.

ІV. Сым тілшелі: шаңқобыз.

V. Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

Соңғы 10-15 жыл ішінде қазақ халқының сазды аспаптары мүлдем құлпырып, жаңғырып, жасарап, толысып, толыға түсті.  Қазақ халқының аспаптарының бәрі де фольклорлық  негізде туындап, өрістеген. Мысалы:  домбыраны ел ішіндегі өнерпаздар шеберлікпен ойнай алады.  Домбыра  кез-келген қазақтың үйінде бар, ол  кез-келген ұлттық, отандық, әлемдік музыкалық шығарманы нақышына келтіре алады.

Домбыра демекші – домбыра қалай пайда болды? Ел аузында мынадай аңыз бар.  Ертеде қылышынан қан тамған қаһарлы ханның атастырған жалғыз қызы бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен.  Мұны білген хан жігітті дарға астырады.  Жігіт өлгеннен кейін  қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады.  Ел сөзінен сескенген хан  қос бүлдіршіннің  көзін жоюды астыртын  Мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір жаңа ғана өмірге келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік  өскен жап-жасыл  ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді.  Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда бәйтеректе өсуін доғарады. Ел ішіндегі сөзге шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады.  Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер өтеді. Қатты шаршаған қыз биік ағаштың түбіне келіп қисаяды.  Ұйықтап кеткен соң оны  бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады.  Айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына  шығамын деп құлатып алады.  Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының  екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп, қалған ішектерді көреді.  Бұл екі баласынан қалған жұрнақ еді. Қыз қуыс ағаш жасап алып,  манағы екі ішекті  соған тағады.  Шертіп көрсе,  керемет үн шығады, құлақ тындырады.  Қыз байғұс бостау тартылған ішекті үні мұңды шығатындықтан ұлы  - Мұңлық, ал ащы,  тың зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті қызым – Зарлық деп ат қойып, күндіз-түні  қолынан тастамай  күй  шығарып, ел кезіп,  егізін іздеп кеткен екен деген аңыз бар.

Домбыраның нақ қай ғасырда өмірге келгендігін дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен кейбір тарихи деректер мен әр жылдарда  жүргізілетін  қазба жұмыстары нәтижесінде табылған  мәліметті  мүсіндерге ой жүгіртіп көруге болады.  Үстіміздегі  ғасырдың  50 жылдарында  Согда, Қой  қырылған (ежелгі Хорезм)  қалаларының  орнын қазғанда табылған мүсіндердің  бірінде екі ішекті аспап домбыра ұстаған музыкант бейнеленген. Ғалымдар оның қолындағы аспапты қазақтардың домбырасы деп шешті.  Ал  Семей  облысында  үш  ішекті аспаптар мен  үш дайысты  бірегей  күйлер  кездескен.  Ұлы  Абайдың  баласы  Ақылбай мен  немересі Исраил  үш ішекті  домбыраны  шебер  тартқан екен. Қазір  Семей  республикалық  әдеби – мемориялдық  Абай музейінде  үш ішекті  домбыра  сақтаулы.  Олардың  бірі  12 пернесі бар Исраилдің  домбырады.  Ал  қосақталған сым ішекті  және  пернелері  тұрақты  бірегей  домбыра  1967  жылы  Талдықорған  облысының  Панфилов  ауданында  табылған.  Қостанай  облысының  Боровское ауданында  шанағының  ішіне  қоңыраушалар ілінген  домбыралары  да  кездесті.

«Домбыра» деген сөздің шығуы әлі күнге  дейін  тұрақты  пікір  қалыптасқан жоқ. Қазақ халқының музыкасының аспаптану  ғылымының  негізін қалаушы, академик  Ахмет Жұбанов:  «Кейбір деректерде  «домбыра» сөзі арабтардың «дунбахи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген пікір айтылған»  - дейді.  Шындығында бір қарағанда домбыра тұрпаты қозының құйрығына ұқсамай ма?

«Домбыра»  атауы  «Дембира» деген қыз атынан шыққан  болу керек деп те топшылайды.  Өйткені  шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге  немесе  кейбір  көпшілік  орынға  әйел  адамның  есімін  беру  жоралғысы  бүгінге  дейін  сақталған.

«Домбыра»  сөзі көптеген  халықтар  тілінде  бар  және  олардың  бәрі тек музыкалық аспап атауы ретінде айтылады.  Мысалы:  татарларда – думра,  қалмақтарда  - домр,  манғолдарда – домбур, остяктарда – домбра,  өзбектерде – танбур,  оңтүстік славяндарда – танбура,  украиндарда – бандура,  грузиндерде – пандури  деп аталады.  Бұлардың  барлығы  қазақтың  домбырасына  ұқсас  ішекті  аспаптар.

Қазақ  халқының  төл  аспабы  - домбыра  ұзақ  уақыттан  бері  өзінің  негізгі  құрылысын,  түр-тұрпатын  сақтап  келеді.  Республикада  кездесетін  домбыра  үлгілері  төмендегідей:  1. Батыс  Қазақстан  үлгісі.  Бұл  домбыралардың  шанағы  қақ  жарылған  алмұртқа  ұқсас,  көлемді  болады.  Перне  саны  12-14-16  - ға  дейін  жетіп,  олар  тұрақты  орнығады.  Бұл  пернелер  төкпе  күйдің  кең  танысы,  дыбыстық  ауқымын,  иірім-қайырымдарын  дәл  беруге ыңғайлы келеді.

2. Орталық  және  Шығыс  Қазақстан  үлгісі.  Бұл  өңірге  кең  тараған  домбыралардың  үні  перне санына,  шанағының  көлеміне,  мойнының  ұзындығына  қарай  өзгеше  әсерлі  де  әуезді.  Бұл аймақта  шанақ  ішінде  қосымша  ішектер, сондай-ақ  қоңыраулары бар домбыралар да кездеседі.

3. Оңтүстік  Қазақстан  және  Жетісу үлгісі.  Бұл  домбыра  тік  бұрышты,  мойны  қысқа,  пернелері  жеті,  тоғыз  болып келеді.  Шертпе күй,  ән,  айтыс  ерекше  дамыған  осы  аймақта  жасалған  домбыралар  айтысқа  қосуға,  ән  сүйемелдеуге,  күй  шертуге  ыңғайлы.

4. Жаңа  халақтық  - жетілдірілген  үлгі.  Мысалы:

а) контрабас,  бас,  альт, прима, секундаларға  үш-үштен  оралмалы  ішек  тартылып,  темір  перне  орнатылды.  Пернелер  саны  көбейтілді;

ә) дыбыстық  жүйе,  тыныс  ауқымына  қарай  шанақ,  мойын  көлемі  өзгертілді;

б) тенор  домбыраның  перне саны  19 –дан   24-ке  дейін  жеткізіліп,  тұрақталды;

в) аспаптарды  жасау  белгілі  бір  тәртіпке  бағындырылып,  жүйелі  өлшемдері  тұрақталып,  стандарты  қалыптастырылды.

Тәуелсіздіктің  көк  байрағын  көтеріп,  егемен ел болған  Қазақстан  өміріміздің  қай  саласында да ауқымды даму  деңгейімен  халқымызға  жаңа  таным  мен  серпін  әкелді.

Қызылорда  облысының  аудандырының  ішінде  тарихи-мәдени  ескерткіштері мен археологиялық  қазба  байлығы  мол  Қармақшы  ауданы  - дәстүрлі  жыраулық  өнерімен  де  ерекшеленетін  өңір. Бүкіл  түркінің  мақтаны  Қорқыт  атаның  Сыр  бойында,  атап  айтқанда  Қармақшы  өңірінде  мәңгілік  мекен  табуының  өзі  халық  санасына  өнерге  деген  өшпес  сүйіспеншіліктің  дәнін  сеуіп,  заманнан - заманға  азық  болған   сол  дән  халық  ықыласымен  бүгінге  дейін  суарылып  келеді.

Халқымыз  өз  ұрпағының  келешегін  кеңінен  ойлаған.  Оның  бойына  жастайынан  еңбек  тәрбиесін,  адамгершілік  сезімін,  патриоттық рух  себумен  қатар,  эстетикалық  тағылым  да  беріп  отырған.  Тіпті  эстетикалық  тәлім-тәрбие  ең  бірінші  орында  тұрған  десек  те  болады.  Нәрестесін  жұбатқан  ана «Әлди-әлде бөбегім» деп ән салады.Тілі шыға бастағанда  түрлі  сөздерді  айтқызып  үйретеді.  Ес кіре  бастағанда  сан алуан  оқиға,  дастан-жырлар,  қызықты  ертегілер  айтып  береді.  Мектепке  барар  жаска  келгенде  ұстауға  жеңіл,  ойнауға  ықшамды,  дауысы  сүйкімді,  шағын  домбыра  жасап  берген.  Халықтың  бұл  игі  дәстүрі  жалғасын  тапты.

Ел  ішінде  ұрпақтан-ұрпаққа кететін  дәстүр-салт пен ғұрыптардың  талай  түрі  қазыналы  халқымызбен  бірге  жасасып  келеді.  Сыр сүлейлері  даңқына  лайықты жыраулар  мектебінің  желісі  кеңейтіліп,  айтыскерлікке  баулитын  сабақтар мен республикалық «Көкіл»  мектебінің  филиалы  екі  бірдей  қазақ  орта  мектебінің  (№29, №30 мектеп)   негізінде  жұмыс  жасап  отыр.

Мақсат – түркі  туыстас  халықтарының  жад  жазуы  болып  келген   дәстүрлі  жыраулық  өнерінің  қазақ  халқына  ұрпақтан-ұрпаққа,  атадан – балаға  мұра  болып  қалуын  қамтамасыз  ете  отырып,  халықтың  сан  ғасырлық  тарихы мен  мәдениетін,  өнерінің  қыры  мен  сырын,  өзіндік  ерекше  табиғи  құбылысын,  оның  құдыретті  қобыздық-күйшілік  сарыны  мен  абыздық  жырын  халыққа  насихаттау.

Қармақшы ауданында  жыраулық  мектептердің саны  бүгін де  10-15 жылда  екі  еселеніп  сегізге  жетті. Солардың  бірі  2004-2005 оқу  жылынан  басталған  Омар Шораяқұлы  атындағы  №30  мектептегі  «Көкіл» мектебі.  «Көкіл»  мектебінің  директоры  Абдулхамит  Райымбергеновтың  «Мұрагер»  бағдарламасы бойынша 1 «А» сыныбына  дәріс  берілуде.  Бағдарламаның  басты  мақсаты: халық  күйлерінің  шығу  тарихы  аңызынан  бастап,  домбыра  үйрету  нотасыз  ұжымдық  түрде  жүргізу.  «Мұрагер» бағдарламасы  бойынша  білім  алып жатқан оқушылар қазіргі таңда  аудандық,  облыстық  деңгейде  көрініп  жүр.  Атап  айтсақ   2005 жылы  7  наурыз күні  осы оқушылар  «Хабар», «Қазақстан»   телеарналарына  түсті.  2008 жылдың  қараша  айында  Қызылорда  қаласында  өткен  Республикалық  семинарда  осы  оқушылармен  бірігіп  ашық  сабақ  өткізілді.  «Көкіл»  мектебінің  шәкірттері  бүгінде  Сыр сүлейлері Ешнияз сал,  Балқы  базар,  Дүр Оңғар,  Қарасақал Ерімбет,  Тұрмағамбет,  Шораяқтың Омары, Кете  Жүсіптердің  терме саздары мен өсиетнамаларын ,  дастан-толғауларын  толық игеріп  отыр.  Қазіргі  таңда  осы  оқушылар  5 сыныпта  оқып  жатыр.  Бұдан  кейінгі  1 «А», 2 «А», 3 «А»  сынып оқушыларына  бағдарлама  жүйелі  түрде  жұмыс жасауда.

 

Ұрпақ  тәрбиесі  сонау  ғасырлардан  келе  жатқан  халықтың әдістерінің бірі  - киелі  қара  домбыра  арқылы  баланың  бойына  ата-бабаларымыздан  қалған  ән-жыр,  дастандарды, терме-күйлерді  ұмыт қалған  салт-дәстүрлерді  жаңғыртып, жаңарту.  Шын  мәнісінде  қазақ  халқының  киелі,  қасиетті  қара  домбырасы келе  жатқан  келешек  жас  ұрпаққа  беретін  тәлім-тәрбиесі  мол  және  берері  көп.  «Балаларға  өнер-білім берілсін,  сұлу  мінез  әр өнермен өрілсін» -деп жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай әр өнер арқылы тәрбие,сұлу мінез яки адамгершілік, сыпайылық пен сұлулық, ұлтжандылық, елін, тілін,  мәдениетін  сүйетін,  отан сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді келешек ұрпақтың бойына сіңіру. Шынында да ұлттық мәдениеті, ұлттық өнері жоқ халық ешуақытта мемлекет бола алмайды.

Қазіргі таңда  алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін қабілетті,  дарынды,  биімді балалардың қабілетін  ашу,  оны  танытуда  ұстаз  қауымының  міндеті  болып  табылады.  Сондықтан да мектеп оқушыларына  алдағы  уақытта осындай  домбыра үйрететін үйірмелер мен мектептер жанданып,  көркейе  түседі  деген  сенімдеміз.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Сазды аспаптар  сыры  - О.Бисенбекұлы  Алматы:  «Ана  тілі», 1994 ж
  2. Қазақстан ұлттық энциклопедия  ІІІ том
  3. Алтын домбыра жайлы аңыз - Ө.Жәнібеков  «Қазақ әдебиеті»  6 қаңтар, 1984 ж
  4. Қазақтың музыкалық аспаптары  - Б.Сарыбаев  Алматы: «Өнер» 1981 ж

 

Тәрбиелі ұрпақ – болашақтың айнасы

Хадиша Орынбасарова., Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,

Б. К. Мергенбаев атындағы № 226 гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі

 

Қай елдің болсын өсіп – өркендеуі,  өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – ұлттың білім жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты.

Мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік  ұзақ мерзімді басымдықтар қатарында білімнің аталуы да  сондықтан. Өйткені адамзат тарихы тағылымы осыны дәлелдеп отыр. Егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы күшті  жеке адамды қатарға қосу – жалпы ортақ міндет.

Кез-келген адам ғұмыры-баға жетпес байлық.Оның мәнді де мағыналы өтуі, әрине, жас кезінде алған тәрбиесіне байланысты.Бағзы замандардан бері адамның басты қадір-қасиеті:ақыл-парасат, ізгілік пен мейірім, сезім мен талғам, жан, ар тазалығы саналады.Осы бағамдарды қалыптастыру ұстаз үшін оңай шаруа емес.Себебі алдыңда отырған шәкірттің әрқайсысы әр басқа, өзінше бір әлем.Оны зерттеп, талантын, қабілет-қарымын, тағы басқа толып жатқан қасиеттерін тану – сынып жетекшісінің үлесіне тимек.

Мектеп – тәрбие жүйесінің өзегі.Тәрбие жүйесін құруда белгілі бір мақсат болуы қажет.Қазіргі мектептегі тәрбие жүйелерінің мақсаттары:

-біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;

-оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлықтарын қалыптастыру;

Алға қойған жеке тұлға тәрбиелеудегі мақсатыма жету жолында Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын үнемі басшылыққа аламын.Бағдарламада «Мемлекет өміріндегі көптеген мәселелерді шешу балалар мен жастардың азаматтық позициясын қалыптастыруға, өз халқының әдет-ғұрыптарын қадірлеп-қастерлеуіне байланысты»,- деп атап көрсетілген. Демек, еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата салттарымыз, қазақы дәстүрлерімізбен бірге ұлттық құндылықтарымыздың дамуына мүмкіндік туып отыр. Халқымыздың асыл мұраларын жандандыруда мектептің алар орны ерекше. Оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты деректер жинап ізденуіне, танымын кеңейтуіне ықпал ету қажеттігі өз-өзінен туындайды.

Мектептегі тәрбие жұмысының негізі мен мақсатын ұйымдастыруда өлкетану деректерін ендіруді нысана еттік. Ұлы ойшылдар мен (ҮІ-ҮІІ) Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі тәлім-тәрбие идеяларынан бастау алған өзің тұрған жеріңді, еліңді тану бүгінгі таңда да өз мағынасын жойған жоқ.

Шәкірт алдында рухани адамгершілік парызды терең түйсіну ұстаздың риясыз сезімі екені даусыз. Олай болса, тәрбиеленушінің бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті, елжандылықты сіңіру – өміршеңдіктің өшпес кепілі, жастарға үлкен тәрбие берудің құралы деп ойлаймын.

Сынып жетекшісі ретінде тәрбие үрдісін ұйымдастыруда алға қойған мақсатым  - рухани жан дүниесі бай, елін, туған жерін, оның салт-дәстүрін, тарихын білетін және өмірдегі жақсы нәрсені қабылдап, одан ләззат ала білетін, өзіндік «Мен»- і қалыптасқан, қарым – қатынас мәдениетін үйренген , кісілік парасаттылық, имандылық қасиеттері дамыған, шығармашылыққа бейім, рухани адамгершілік жағынан жетілген жеке тұлғаның жан – жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат тәрбиелеу.

Қазір білім саласында күрделі реформалар жүргізіліп, ғаламдану дәуіріне қадам басқан  жан – жақтан ағылған ақпараттар ағыны арқылы келіп жатқан пайдалы-пайдасыз, қажетті – қажетсіз деректерден оқушының өзіне қажетті дүниені таңдап алуына, ұлттық құндылықтарымыздың негізі өзіміз өсіп – өніп  отырған ортадан бастау алатынын әр шәкіртімнің жүрегіне жеткізу сынып жетекшісімен қатар кез – келген пән мұғалімінің міндеті деп білемін.

Бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі еліміздің  экономикасын дамытар азаматтардың танымдық белсенділігін арттыруда қоршаған ортадағы көркем нәрселерге, құбылыстарға сезімдерін оятып қана қоймай, ойлау, қиялдау, іздену, өмір шындығында өзін – өзі тануына ұмтыла білуде білім мен тәрбие мазмұнына өлкетану деректерін  ендіруді дамытуда оқушы әрекеті нұсқасын басшылыққа алдық.

Оқушы

Мұғалім

Осы жұмысты жүзеге асыруда сынып оқушылары арасында «Менің туған өлкем» атты танымдық жоба қорғау жұмысы;

-       Аймақта өмірге келген ақын  - жазушылар туындыларын талдауға бағытталған, оқушылардың оқырмандық талғамдарын арттыру және шығармалардағы өмір тәжірибелеріне өз көз қарастарын қалыптастыруда түрлі коференциялар ұйымдастыру;

«Бабалар жүріп өткен жерлер» атты  тарихи – өлкетану  жұмыстары жүргізілуде.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыруда   тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында адамгершілік қатынас, түсіністік, мәдениетті орта жасалады. Сонымен бірге көмекке, әрине, ата – ана келеді. Себебі бала тәрбиесі – ортақ  тәрбие. Осы «Үштік одақ» бір – біріне тәлімгерлік ықпал жасап, шынайы достық қарым – қатынас арқылы бірлескен іс – әрекетке енеді.

«Үштік одақ» бірлесіп атқаратын жұмыстың барлығы да жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Әр бала табиғаттың тамаша жемісі. Сондықтан да өзіндік «Мен» - і бар Адам ретінде, ең алдымен өзін – өзі танып, өзін – өзі жүзеге асырып, өзін – өзі іске асыруға тәрбиелейді.

Ұжымды тәрбиелі, мәдениетті, қарым – қатынас жасау моделі ретінде қалыптастыруға тырысамын. Негізгі жұмысты ұйымдастырудағы бағытымыз – ұжымды өзін – өзі басқаруға қалыптастыру, ұжымдағы өзін- өзі басқару  моделінен тәрбиелі отбасының үлкейген моделіне айналдыру.

Сынып жетекшісі ретінде тәрбие үрдісін жүзеге асыруда филология ғылымының кандидаты Алма Қыраубайқызының «Сенім» бағдарламасын басшылыққа алып отырамын. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – баланы сенімсіздік комплекстерінен шығару болып табылады. Ал, ұжым мүшесі ретінде өзін – өзі іске асыру үшін «Сенімсіздік  комплексінен» шығу маңызды. Өзін – өзі іске асырып, алға қойған мақсатына жеткен адам титтей де болса өмірден өзіндік ләззат алатыны сөзсіз.

Ерінбей еңбек етсең , қиялыңдағы арман іске асады деп ойлаймын. Оған дәлел бар.Мен жетекшілік ететін 11А сынып оқушысы М.Жұмамұрат Қазақстанның халық әншісі  Р.Рымбаева секілді эстрада әншісі болуды армандайтын  және өз қабілетіне, күшіне сенетін. Оның арманы ерінбей тер төгудің арқасында жүзеге асты.Американың Луизияна штаты Байтон Руш қаласында өткен әлемдік «Алтын Магнолия» ән байқауының ІІ орын жүлдегері, Белоруссияның  Витебск қаласында өткен «Славян базары» өнер фестивалінде «Славян базарының бұлбұлы»  атағына ие болды

Облыс әкімінің «Өнерлі өрен»  номинациясының иегері, Алматы қаласында өткен «Шәкен жұлдыздары»  кинофестивалінде Р.Рымбаевамен бірге ән салды. Байқоңыр қаласында өткен аймақтық «Менің туған өлкем» атты өнер байқауында  Бас жүлдені жеңіп алды. Тынымсыз еңбек пен қажырлы қайраттың нәтижесінде 2008 жылы Астана қаласында өткен «Дарынды оқушыға – талантты  ұстаз» атты ІІІ Республикалық педагогикалық  олимпиадада 11 А сынып оқушылары «Айсер » командасын құрап,             І орынды иеленді.Гимназия  тарихында өз орнымен ерекше байқалатыны XXІ ғасыр көш басшысы интеллектуалды сайысына өз сыныбымның озат оқушысы Маратқызы Ұлжан қатысып, апталық,  айлық ойын жеңімпазы атанды. Сондай – ақ, сыныбымның  жас ғалымы Тынышбаева Ғалия Павлодар қаласында өткен  «Сәтбаев оқулары – 2007»,Тараз қаласында өткен «Жас Ғалым – 2007 » атты халықаралық  ғылыми – практикалық конференциясында І орынды қанжығасына байлады.

Әрбір өткізілген іс – шара, жүргізілген жұмыс нәтижесі сауалнамалар арқылы қорытындыланып отырады. Сондай – ақ түпкі нәтиже рейтинг, диагностика  мониторинг арқылы бағаланады. Бірінші орында бала қабілеті емес, еңбектенуі, өзін – өзі тәрбиелеуі тұрады.

Мемлекетімізге еліміздің дамыған елу елдің қатарына енуіне үлес қосатын басты байлық бісеукеге қабілетті адам қажет.

ҚР Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезі делегаттарының ғылыми – педогогикалық қоғамдастыққа Үндеуінде: «Адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аудару керек.  Қазақстанда патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушыларды тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажет», -  деп атап көрсетілгендей, тәрбие жұмыстарына өлкетану деректерін пайдалану арқылы қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселелерін шешу жолдарының бір саласы анықталады демекпіз.

Оны тәрбиелеу біздің үлесімізде,қадірменді тәрбиеші. Сондықтан тәрбиеге өз көзқарастарымды ұсына   отырып, жалпақ жұртқа Қазақстанның қарышты қадамын таныстыру өзіғ тұрған өлкені танудан  басталаиындығы «Үштік одақпен» бірлесе жеке тұлға бойына сіңіре – білу  ұстанымым.

Сөз соңында «кереметтің кереметі – жақсы тәрбиеленген адам»(Эпиктет) сөзімен ұлттың рухын ұстайтын ұрпағымыз көп болсын дегім келеді.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Т.Е.Садықов, А.Е. Абылкасымова «Методология 12-лет него образования»А. «Ғылым» 2003
  2. А.Е.Абылкасымова  «Современный урок» А. «Ғылым» 2003

3.   Г.И.Щукина «Роль деятельности в учебном процессе»М. «Просвещение» 1986

Mr_Kursabaev
26 февраля 2013, 9:53
6092

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 35774
  • 81
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
вчера / 11:05
  • 10428
  • 23
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5508
  • 43
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 4684
  • 4
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
вчера / 11:38
  • 4921
  • 89
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3811
  • 45
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
вчера / 11:49
  • 3628
  • 31
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3639
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35