Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
8
12:14, 17 февраля 2013

«Қазақтарды» патшалық Ресей заманында «қырғыз» деп атауына БАҚтың қандай қатысы бар?

Айтылған сөз, атылған оқ. Ал БАҚ беттерінде абайсыз жазылған сөздің кейде БОМБАға айналуын қазір ақ байқап жүрміз. Кейде әдейі, кейде біреудің қателігімен жазылған мақала адамның болмысы мен тіршілігі түгілі, бүтін бір халықты байырғы атануынан да айыра алады екен. 1734 жылы "Санкт - Петербургские ведомости" газетінде жарық қорген мақалаға және қазақ халқына оның кейінгі әсері қандай болғаны туралы тарқатып жазғым келеді.

Blog post image

1870 жыл. Алқабилер соты.

Тарих. Мектепте біз онымен алғаш рет таныссақ, есейгенде өзіміз де сол тарихтың бүгінгі бөлшегі екенімізді түсіне байстаймыз. Абайша айтсақ "кетігімізді тауып, тарих атты зәулім ғимараттан өз орнымызға кірпіш болып қаланамыз". Алайда қандай әрекетпен "қаланамыз"? Кеше біздің қатысымызбен орын алған оқиға, ертең ел тарихының беттерінде мәнгі қалатынын кейде түсінбейміз, дұрысы ойланбаймыз. Өтті, кетті, ұмыттық. "Ертеңгі күн, бүгіннен басталды" деген сөз осындайда айтылса керек.

Blog post image

1870 жыл Перекочевка кыргыз (Қырғыздардың көші) (суреттің ресми атауы)

"Осында мекендеген халықтарды сол заманда қырғыз деп атаған, солай, кейін өзгерді", - сұрағымнан шаршаған мұғалім менен тезірек құтылғысы келген шығар. Бірақ бұл жауабын мен қорыта алмадым. "Бесінші сынып оқушысы үшін бұл сұрақ неге қызық?" деп сұрасаңыз, айтайын.

Blog post image

1870 жыл. Қырғыздардың жайлауы (суреттің ресми атауы)

Мектептен қайтып келе жатып, бөтен балалардан "хохол" дейтін сөзді еститінмін, уақыт өте келе сол сөздің маған қарай айтылатынын түсіндім. Ол не? Неге мен "хохол" екенмін деген сұрақпен анама бардым. "Хохол" сөзінің мағынасы мен украиндарға қатысы туралы кең мағлұмат алып, өзімнің "хохол" емес "орыс" екенімді кейін дәлелдеп жүрдім. Кейде төбелескен жағдайлар да болған "хохол" үшін )))) "ауыл кеші көңілді" дегендей )))). Маған "хохол" деп алыстан айқай салғанда көңіліме тиетін, өткені маған қатысы жоқ сөз еді.

Blog post image

1870 жыл. Қырғыздар киіз үйі (Кибитка киргиз) (суреттің ресми атауы)

Енді міне тағы бір ребус пайда болды. Неге менің достарым қазір "қазақ", ал бұрын оларды "қырғыз" деп атаған. Фантастика ғой ))) Көшежегі жолдасым Қадырдің өзі мен әке шешесі бүгін "қазақ", ал арғы аталары Жүнісбек "қырғыз" болған екен. Миіма кіріп шықпайтын мәселе еді. Кейінгі кезде кейбір азаматтардан сұрасам, "бізді солай кемсітті ғой Мағзұмжан" деген жауап естідім. Кемсіткені рас енді. Алайда бұл мәселенің түбіне жеткім келді.

Blog post image

1870 жыл. Қырғыздар киіз үйі (Кибитка киргиз) (суреттің ресми атауы)

Кеше ғана осы мәселеге қатысты бір ақпарат таптым. Сонымен бөлісейін. Бұл ресейлік бір тарихшының ойы, деректерді де сол келтіріп отыр. Ресейдің мұрағатында сақталған 18 ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған құжаттарда қазақтарға қатысы бар құжаттарда "қырғыз" емес "қазақ" деп жазылып тұр. Тіпті Жоңғарияға сапар шеккен Иван Унковскийдің 1722-1724 жылдары жазылған журналында саяхатшы Сарыарқа халқын "қазақ" деп атап жатыр. "қырғыз" және "қазақ" атауы бөлек жүрді. Бұл жағдай 1734 жылға дейін өзгермеген.

Blog post image

1870 жыл. Құда түсу салты (Свадебные обряды кыргыз) (суреттің ресми атауы)

1734 жыл. Санкт-Петербор қаласына Абылайыр ханның ұлы Ералы сұлтан қазақтың ресми делегациясын басқарып келеді. Делегацияның мақсатына тоқталмай ақ қояйын, өздеріңіз білетін шығарсыз. Қазақ даласынан келген мәртебелі қонақтардың миссиясы мен, көпшілікке бейтаныс қазақтардың шынайы бейнесін ашу үшін Ресейдегі алғашқы газеттердің бірі "Санкт-Петербургские ведомости" үлкен мақала жариялайды. Қазақтардың ұсынысын жарнамалау мақсатында ақпараттық себеп керек болды. Ал мақалада көрсетілген қазақтарға қатысты деректердің басым көпшілігін Нидерландтық көпес Николай Корнелиуссон Витзен жазған "Северная и Восточная Тартария" еңбегінен көшіріп алады. Ескеретін бір жайт, Николай Витзен Петр 1 патшаның шақыртуымен 17 ғасырдың аяғында Ресейге келіп, Ресейдің оңтүстігінде мекендеген халықтар туралы ақпарат жинау керек болатын.

Blog post image

1730 жыл. "Санкт-Петербургские ведомости" газетінің бір беті. Газеттің редакторы М.В.Ломоносов

Николай Витзен Петр патшадан алған сол тапсырмасын адал орындап шықты. (Бұл ғылыми еңбекке бөлінген тендер ақшасын жемеген көрінеді )))))). Аумақтарды аралап, ақпаратты өз көзімен көрмесе де, сол аумақтарға барып келген көпестерден "интервью" алып өз еңбегін орыс көпестер жеткізген ақпаратпен толтырып шықты. Біреудің айтқаны шын, басқаның айтқаны өтірік, әйтеуір барлығын бір "Северная и Восточная Тартария" атты кітапқа жинап абыройлы еңбек атқарғандай болды. (кітаптағы мағлұматпен жоғарыдағы сілтеме арқылы таныссаңыз болады) Бұл шығармада құнды дерек шынында да көп. Мысалы Абылхайыр ханның әкесі Қажы сұлтан туралы мағлұматтар бар екен. Витзен өз кітабында Азия халықтарын жағрафиялық тәсілмен бөледі. Негізгі мағлұматты ол башқұрт, енисейлік қырғыздар, хақастар мен казактар туралы бөлек жазып, қазақтар туралы ақпаратты "Бухария" атты тарауға қосып қояды екен. Оған не себеп болғанын қазір нақты ешкім айта алмайды.

Blog post image

1730 жыл, 5 наурыз күні шыққан газет беті. Төрт жылдан кейін "Санкт - Петербургские ведомости" жарияланған мақаласында қазақ халқын "қырғыз" деп атап кетуіне себеп болатын үлкен қателік жібереді.

Енді Николай Витзеннен М.Ломоносов басқарған "Санкт - Петербургские ведомости" газетіне келейік. Патшаға қазақтардан делегация келді, жарнамалық - танымдық ақпаратты дереу жариялау керек деген тапсырма түседі. Қазақтар туралы нақты мәлімет аз, оларды көріп келген көпестерді табамын дегенше бірәз уақыт өтеді. Не істерін білмей жүрген редакция тілшісі Николай Витзеннің "Северная и Восточная Тартария" атты еңбегі есіне түсіреді. Ондағы қазақтар туралы ақпаратты аударып, сол ақпаратты негізге алып мақала жазып шығаруды ұсынады. Рұқсат алып дереу орындауға кіріседі.

Blog post image

1870 жыл. Қырғыз әйелдің бас киімі "Сәукеле" (суреттің ресми аталуы)

Алайда, асығыс болған тілші - аудармашы, қазақтар туралы жазылған "Бухария" тарауын ашпай, ақпаратты кітаптың алғашқы беттерінен алады (онда енисейлік қырғыздар туралы жазылған). Онымен тоқтамай, қазақтардың сол енисейлік қырғыздардан тарағанын қоса салды. (Николай Витзен еңбегінде ондай ақпарат жоқ, тілші өзі қоса салған). Әйтеуір, ақпаратты бұрмалап, интрига қоса салады да, мақаланы жариялап жібереді. Қысқасы келген "қазақтарды" шын мәнісінде "қырғыз" екенін дәлелдегендей болады.

Blog post image

1870 жыл. Күеу бала, қырғыз. (Киргизский жених) (суреттің ресми аталуы)

"Қайдағы бір мақала, қалайша "қазақтардың" "қырғыз" деп аталуына септігін тигізе алады" деген сұрақ көкейіңізде пайда болу мүмкін. Ескеретін бір жайт бар. Ресейдегі газеттер арасында "Санкт - Петербургские ведомости" таралымы да үлкен, оқырманы да сыйлы болатын. Ералы сұлтан басқарған қазақтар делегациясын қабылдаған Екатерина патшайым ең бірінші оқырманы еді. Яғни империяның саяси бомонды да осы газеттен көз алмайтын.

Blog post image

1870 жыл. Қалындық, Сыпайы есімді қырғыз қызы. (суреттің ресми аталуы)

Бұл газетті А.Пушкиннің атасы Абрам Ганнибал да болашақта атақты қолбасшы, ал сол кезде қарапайым сарбаз Суворов та оқыды. Мемлекет тарапынан бұл басылымға зор көмек көрсетілген. Сондықтан бұл басылымда жарияланған ақпаратты барлығы бірінші инстанция, ең шынайы, патшаның айтқаны ретінде қабылданды.

Blog post image

1870 жыл. Қырғыз әйелінің бас киімі "Бөрік" (суреттің ресми аталуы)

"Қазақтар" туралы мақала жарияланған соң, барлығы оны шынайы ақпарат ретінде қабылдағаны да содан. Мемлекет тарапынан шыққан көптеген ресми құжаттарда да "қазақ" емес "қырғыз" деп жазылып, жұртшылыққа тарала бастады. "Асығыс шайтан тірлігі" деп айтушы еді ауылымдағы бір ақсақал. БАҚтың осы олқылығы екі ғасырға созылған үлкен әділетсіздікке айналды.

Blog post image

1870 жыл. Айжан есімді қазақтың әйелі.

Кейін бұл жағдаймен Ш.Уалиханов күрессе де, жеңе алмай, ақыры С.Сейфуллин бұл мәселенің түбіне жетіп "қазақ" деген атауды өз халқына қайтарып беретінін өздеріңіз білесіздер. Әділдік орнайды, алайда бір асығыс тілшінің олқылығы, қазақ даласын мекендеген жұрттың шын атауынан айырғаны менің ойымнан кетпей тұр. Тарихтағы кез келген адамның ізі туралы осындайда ойланады екенсің. Бір ғасырдан көп уақыт, бүтін бір халық басқа есіммен аталып келгені қаншалықты ауыр екенін, "орыс" бола тұра, бір екі рет емес, он жыл бойы "хохол" атансам да түсінбейтін сияқтымын.

Blog post image

1870 жыл. Қырғыз әйелдің орамалы. (суреттің ресми аталуы)

Осы постта да қолданған суреттердің барлығына тек ресми атауын бергенім содан, мүмкін оны оқыған кезде, сол ауырлықты сезінген шығарсыз. Суреттерде еліміздің оңтүстік өңірлерде өмір сүрген қазақтар көрсетілген. Бірақ өз заманында "қырғыз" аталып кеткен қазақтар.

Blog post image

1870 жыл. Құда түсу, күеу баламен танысу.

P.S. Бұл постты менің тек тарихи оқиға мен болған жағдайға қатысты зерттеу деп қабылдауға шақырамын. Суреттердің арасында қазақтар жоқ деген әнгімелер болған еді, өткен постта көрсете алмаған соң, осы постта құнды ақпаратты, қызықты деректермен араластыруға тырыстым, достар. Егер осындағы ақпарат шынымен де құнды көрінсе, достарыңызға жеткізуді сұраймын. Олар да білсін.

8