Алматы көшелері: Мұратбаев көшесі

Мұратбаев көшесі Алмалы және Жетісу аудандарында, Шағабутдинов пен Қожамқұлов көшелерінің арасында орналасқан. Қаланы Райымбек даңғылынан солтүстіктен оңтүстікке қарай Мақатаев, Жібек жолы, Төле би, Қабанбай батыр, Жамбыл, Құрманғазы көшелерін қиып өтіп, Абай даңғылына дейін созылып жатыр. Көшенің жалпы ұзындығы 2030м. Бұрынғы атауы — Гончарная.












Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқан күрескер, Жетісу облысы мен Верный қалалық комсомол ұйымдарының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев 1902 жылы Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген.

Әкесінен ерте айырылған Ғани кішкентайынан жоқшылық көріп өседі. Анасы ұлы мен қызын өсіру үшін сол кездің байларына жалданып жұмыс істеп жүреді. 1911 жылы анасы Ғаниды орыс бастауыш мектебіне жібереді. Мектепке барып оның оқуға, біліміге деген құштарлығын оятады. Әкеден ерте айырған қатал тағдыр 1916 жылы Ғаниді ең жақын екі адамынан да айырады. Сол жылы анасы мен қарындасы сүзек ауруынан бірдей көз жұмады. Ата-анадан, қарындастан айырылып жапан дүниеде жалғыз қалған бала алдынан шыққан қиындықтарға мойымай интернатқа оқуға түсу үшін Ташкент қаласына барады. Артынша Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түсіп, онда қоғамдық ғылымдар факультетін аяқтап шығады.
Өзінің қысқа ғана ғұмырында Ғани Мұратбаев көптеген игі істердің бастаушысы болған. Ол 1918 жылы Қазақстандағы тұңғыш комсомол ұйымын құрды. Сол ұйымның басшысы ретінде ол үйсіз-күйсіз қалған адамдарға көмектесіп, құжаттарын дұрыстап, аш-жалаңаш жүрген жетім балаларды интернатқа орналастарып, оларды қоғамдық жұмыстарға тартқан.

1921 мен 1924 жылдар аралығында Мұратбаев Өзбекстан, Тәжікстан, Түркімен, Қырғыз республикалары мен Қазақстанның оңтүстік аумақтарының жастар ұйымдарын біріктіретін Түркіменстан ОК комсомолының бірінші хатшысы болып қызмет атқарған. Осы аралықта 1921 жылдың наурыз айында Ташкент қаласында «Жас Алаш» газетін ұйымдастырып, өзі оның тұңғыш редакторы болды.
1924 пен 1925 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болған. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3-4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланған.

Кезінде Мұратбаев ғалым-этнограф Әбубәкір Диваевқа көмек ретінде комсомолдарға аңыздар мен ертегілерді көшіріп жазуға тапсырған. Сондай-ақ 1925 жылы Орынбор қаласында жарық көрген А.В.Затаевичтің «Қырғыз халқының 1000 әні» атты құнды еңбегін жасауға көмектескендердің ішінде Ғани Мұратбаевтың есімі болған.
Жоқшылықта өткен балалық шағы, өмірінде көрген көптеген қиындықтар Ғани Мұратбаевты 23 жасында жазылмас ауруға душар етеді. Сөйтіп 1925 жылдың сәуір айында қоғам қайраткері, арманшыл жас Ғани өзінің алға қойған мақсатына толықтай қолын жеткізе алмай Мәскеуде қайтыс болады.

Достары, құрдастары оны «жанып өшкен жұлдыз» деп атады. Оның қысқа болса да, мәнді ғұмырын Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Тұманбай Молдағалиев сынды ақын-жазушылар өз туындыларына негіз етті. Оның өмір жолына арналып «Біздің Ғани» атты көркем фильм, «Осындай қысқа ғұмыр» атты деректі фильм түсірілді.
Туған жері Қазалының халқы оны «Батыр Ғани», «Батыр-бала» атады. Бүгінгі күн оның есімімен Алматы қаласымен қатар Қызылорда, Астана, Ақтөбе қалаларындағы көше, Тараз қаласында мектеп аты аталса, Қызылорда қаласында Ғани Мұратбаев атындағы стадион бар. Сонымен қатар Алматы қаласында оған ескерткіш қойылып, Қазалы қаласында мемориалдық мұражай құрылған. 2002 жылы Ғани Мұратбаевқа арналған пошта маркасы жарыққа шықты.

Фото: Айжан Кәрібаева

Мәтін: Айнұр Ракишева

_________________________________________________________________________

Алматы көшелері: Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Алматы көшелері: Ораз Жандосов көшесі

Алматы көшелері: Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Алматы көшелері: Абдолла Розыбакиев көшесі

Алматы көшелері: Тайыр Жароков көшесі

Алматы көшелері: Жұмағали Сайын көшесі

Алматы көшелері: Досмұхамедов көшесі

Алматы көшелері: Нұрмақов Нығмет

Алматы көшелері: Бағаутдин Шағабутдинов

 

Алия Arsik
7 ақпан 2013, 15:23
4073

Загрузка...

Пікірлер

kazbei
3
0
керемет осылай Алматыны біз үйде отырып білеміз

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10567
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4142
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3646
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3537
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3413
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2869
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3032
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2771
  • 19