• 54789
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

7+4=?

Ол туралы БАҚ беттерінде аз жазылатын. Ұзақ жыл шенеунік болғанмен, қоғамда дүрбелең туғызатын пікірлер мен бастамалардан бойын аулақ ұстайтын. "Сен тимесең, мен тиме бадырақ көз" деп, өзіне жүктелген жұмысты ғана орындап, бар медеті жылы орнымды ешкім тартып алмай, ел қатарлы жүрсем болды деп тілеу. Шенеунік көкемнің сол тілегі қабыл болды ма білмеймін, қаншама ауыс-түйістер болса да, оны "жау алмайтын" болды. Қызметін де қатырып жатқаны шамалы. Шенеунік деген аты болмаса, барлық істі есеп-қисапқа түгел орынбасары атқарып келеді. Кейде өзінен бұрын сол орынбасары пәле-жаладан аулақ болсын деп жалбарынатыны бар. Әлгіде орынбасары бір ай кезекті демалысына кеткенде бір апта толмай жатып қайта шақырып алғаны да сондықтан.

Сол көкеміз туралы жақында abai.kz сайтына кішігірім ақпарат шығыпты. Ол алдында компьютер қосылып тұрғанмен, интернетті жарытып пайдалана білмейді. Орынбасары "сіз туралы ақпар шығыпты" деп, сілтемесін ашып берген соң ғана екі қайтара оқып шықты. Пәлендей ештеңе айтылмапты, жақында бір Жолдауға байланысты өткізген шараға қатысты шағын хабар берілген. Бірақ, астындағы пікірлерді көргенде, тізесі дірілдеп, қалтырап қоя берді. "Қонақ" деген біреу жетер жеріне жеткізіп жамандапты, "Жаушы" деген оқырман пәлен жерден түгенше ақша жымқырды деп жазғырыпты. Сол сияқты оқырман пікірлері жетіп артылады. Тіпті, біреуі өзі туралы жазылған ақпарат көлемінен екі есе қылып өсек жазыпты. Өз көзіне өзі сенбей, әлгі жабылған жалаларды қалай өшірем деген ойға барды. Орынбасарынан сұрап еді, ол "мүмкін емес" деді. Құранның сөзін құрметтемесе де, орынбасарына құдайдай сенетін. Көкеміз ары ойланып, бері ойланып, өзі туралы жағымды пікір жазуға оқталды. Бұрын-соңды мемлекеттік газет беттеріндегі мақалаларды орынбасары жазып беретін. Бірақ, мақала соңында міндетті түрде осы кісінің аты тұрады. Құжаттарға қол қойып жүретіні болмаса, қалам алып, мақала түгіл дайын мақалдың өзін қағазға түсірмегеніне пәленбай жыл өтіп кеткен. Пікірді де орынбасарына жаздырып алғысы келді де, сәл ойланып, мұнысы ыңғайсыздау болар деген шешімге келді. Асықпай компьютерді тарсылдатып жаза бастады.
"Сіздердің айтып отырғандарыңыздың барлығы өтірік. Бұл кісіні мен жақсы білетін адаммын. Ешкімнің ала жібін аттаған емес" деді де, тақырып деген жерге "Сәрсенбек" деген ат қойды. Енді жазылған пікірді жіберейін десе, астында 7+4= деген есепті көрді. Әрі ойланды, бері ойланды, шеше алмады. Миллиондарды қалтаға басып, өз есебіне келгенде алдына жан салмайтын көкеміз жинақты сан есімдерге келгенде шешуден жаңылып отыр. Орынбасарынан сұрайын деп еді, тағы да ұяты жібермеді. Ең болмаса алдындағы компьютері мен қолындағы ұялы телефонында калькулятор барынан да бейхабар. Есепті шеше алмады. Екі рет жауап беріп еді, пікір қабылданбады. Ақыры болмаған соң, сайтты жауып шығып кетті. Жазықсыз жабылған жалалардан өзін-өзі ақтай алмады....

4 февраля 2013, 17:47
438

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 6868
  • 43
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6400
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4482
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4013
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4196
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3216
  • 31
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 3267
  • 30
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2689
  • 59