место в рейтинге
  • 16502
  • 55
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Отандық БАҚ жастарға не үйретуде және Қазақстан жастарының саяси сауаттылығы қандай деңгейде

Отандық БАҚ жастарға не үйретуде және Қазақстан жастарының саяси сауаттылығы қандай деңгейде

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан асты. Ел бой түзеп, жағдайымыз жақсарды. Әлеуметік жағдайымызды түзеуге осынша жыл кетіпті, енді рухани және саяси мәселелерге мән беретін уақыт келді. Қандай елдің болмасын негізі, тірегі сол елдің тілі, діні, салт-дәстүрі және тарихы болып саналады. Қазақ басынан барлық нәрсені кешті, жақсысы да бар, нашары да бар. Кез-келген азамат, кез-келген тұлға ең біріншіден өз тарихын білу керек емес пе? Ал егерде білмесе ол адам ия бір күндік өмірмен өмір сүретін адам, ия тек қара басының қамын ойлайтын адам деген пікір туады қай елде болмасын.

Жастар, өскелең ұрпақ сол тарихтағы атақты тұлғаларға қарап бой түзейді, солардың ерлігін оқу арқылы бойында отансүйгіштік қасиет туады. Бұл бала психологиясының кішкентай ғана әліппесі.

Қазіргі қиын заманда ақпараттың маңыздылығы, дұрыс ақпарат пен бұрыс ақпараттың халыққа қаншалықты әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Көршілерімізге қарасақ кейбір елдер батыстық іріткі  ақпараттық шабуылға душар болды. Осындай жерде «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар», «Басқа бәле тілден» - деген халқымыздың даналық сөздері ойға келеді. Сол ақпарат ағынын басқаратын, сол ақпаратты тарататын біздің отандық  БАҚ. Халықтың көзі, тілі мен құлағы.

Сонғы кездері Қазақстанда сөз еркіндігі, ой еркіндігі жоқ деген сын ойлар айтылып жүр. Сондай отандық белгілі баспасөз беттерінің бірі «Вечерняя Астана» газетінде бір ақпаратты көзіміз шалып қалды. Әдейі жазылған ба, әлде қателік болды ма нақты айту қиын. Бірақ аузын толтырып «Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшқан ең алғаш Қазақстандық және ең алғаш мұсылман» - депті. Ойланып қалдық, сонда Тоқтар Әубәкіров ағамыз Қазақстандық емес па, әлде дінін өзгертіп жіберген ба деп....?

«Апама жездем сай» - деп, тағы бір танымал басылым «Литер»  газеті қазақтың атақты тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың қысқаша өмірбаянын жазып, тек... Міржақып Дулатовтың суретін қойыпты. Бұл жерде де қателік па, әлде оқымағандық па деп ой үстінде болдық...Қарап отырсақ қазақ тілді ешқандай басылым Пушкиннің орнына Лермонтовтың суретін салмайды ғой.

Құттыбай Ахметов, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тарихи мұражайы меңгерушісі:

-         Ғарышты тұңғыш игерген Қазақстаннан шыққан Тоқтар Әубәкіров  емес па? Мұнысы несі? Сонымен қатар Тоқтар Әубәкіров мұсылман ғой. Талғат Мұсабаевтың атына кір келтірмек ешқандай ой жоқ. Тарих бұрмаланбау керек тек!

-         Ал, Ахмет Байтұрсынов өз заманында қазақтың рухани көсемі, «Алаш» партиясының басшыларының бірі. Оны Міржақып Дулатовпен шатастыру кешірілмек қателік қана емес, журналистің саяси сауатсыздығы.

 

Осы отандық БАҚ улап-шулап, еліміздегі мұғалімдер мен дәрігіерлерді жерден алып, жерге салып, жамандап жатады. Ал мұндай ҮЛКЕН қателіктер өскелең ұрпаққа қалай әсер етпек? Осындай жерден «Теріс оқыған» - деген ұғымдар пайда болады...

Қазіргі қазақ жастары саяси сауатты емес, өйткені бұл бағытта ешқандай жұмыстар жасалмайды, мектепте де, ЖОО-дарында да. Сонғы үміт журналисттерде. Бірақ олардың өзі саяси сауаттылыққа үйрететін аналитикалық мақалалардың орнына, сол баяғы таусылмайтын өтірік-шыны бар бюрократиялық есептерге толы ақпараттар жариялаудан қолдары босамайды.  Құтты бір, бәрі тамаша, ешқандай өзекті мәселелер мен қауіп жоқ сияқты.  «Ауруын жасырған ауырмай өледі» дейді. Неге осы Қазақстанның саяси бағыт-бағдары туралы жазбасқа. Тіпті сол айналамызда болып жатқан діни негіздегі ақпараттық шабуылдар туралы, оның қай жақтан келіп жатқаны, не үшін келіп жатқаны, қандай мақсатпен келіп жатқаны туралы айтып, мысалдар келтірмеске. Қырғыстанмен, Өзбекстанмен, Украинамен, Грузиямен, Иракпен, Ауғаныстанмен не болды, қазіргі Таяу Шығыс елдерінде не болып жатыр? Бұл жәйттер бізге әсер етеді ме, оның Жаңаөзен мен Атыраудағы оқиғаларға  қандай қатысы бар? Ақпараттық шабуыл деген не? Терроризм деген не, және ол бар ма, бар болса кім ойлап тапты оны? Неден қауіптенуіміз керек, неден сескенуіміз керек? Жалпы халықаралық саяси аренада біздің орнымыз қандай, қандай бағытта тұрмыз? Үлкен көршілерімізден не күтуге болады, теңіздің арғы жағындағы нарықтық экономикалы, көпұлтты дәржавадан не күтеміз? «Freedom House»  халықаралық ұйымының 16 қаңтарда жариялаған кезекті «2012-2013 жылдардағы  әлемнің елдеріндегі еркіндік жағдайы» («Свобода в странах мира – 2013») рейтингісінде неге Қазақстан «еркін емес» елдер қатарынан орын алды?

Неге бір жыл ішінде елдегі адам құқықтарына қатысты барлық салада жағдай нашарлап кетті?

Осының бәрі неге айтылмайды?

Қазіргі Қазақстандағы ақпараттық орта мен саяси сауаттылық жағдайы кезіндегі КСРО-ның үлгісіне келіңкірейді. Халық нені естігісі келсе соны беріп, теледидарлардан тек концерт пен ойын-сауық бағдарламалары мен анда-сандағы әлеуметтік бағдарламаларға мәз қылдырады. Сол мықты деген КСРО-ның өзінің тарауына осындай әртүрлі іріткі жәйіттер есер етіп еді ғой. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» дейді. Бөркімізді аспанға қайта-қайта лақтырып жүргенімізде кеш қалып,  бастағы «бөрікті» жоғалтып, санымызды сипап қалып жүрмейік...

Равиль Нұржанов

Шын ақпарат интернет газеті (http://shyn.kz/article/view?id=256)


 
Равиль Нуржанов raville
Патриот!
2 февраля 2013, 18:41
2316

Загрузка...

Комментарии

Бұл мақала біздің жастарымыздың мəселесін көрсетіп жатыр. Бізде технологиялар өте таратылған, алайда көп зиянды келтіріп жатыр. Сондықтан БАҚ-тың технологияларын азырақ қолдану керек, деп ойлаймын.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10246
  • 9
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 3743
  • 13
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
вчера / 13:57
  • 2928
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3284
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2726
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 2861
  • 12
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
вчера / 9:02
  • 2937
  • 86
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2672
  • 19