Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:31, 30 января 2013

Өзбек олигархы Әлішер Усманов лондондық «Арсеналды» сатып алуға дайын

Blog post image

 

Қазірдің өзінде «Арсенал» футбол клубының 29, 95% акциясының иесі Әлішер Усманов канонирлердің клубын тұтастай сатып алмақшы ниетте. Әйтсе де, лондондық клубтың басшылары «Арсеналдың» тағдырын өзбек байына емес, америкалық Стэн Кренкеге тапсырғысы келіп отыр екен. Соған қарамастан әкәлап-укәлап адамдардың іші бауырына кіріп кететін Әлішер мырза клуб жанкүйерлерін өз аузына қаратып, клубты сатып алған жағдайда бар қаражатын салуға, тіпті, су жаңа супер ойыншыларды да алатынын мәлімдеп отыр, деп жазады«Аладоп» газеті.

L’Equipe басылымына берген сұхбатында: «Арсен Венгер әлемдегі ең мықты бапкерлердің бірі. Бірақ, оның жұмысы тым ауыр. Оның жұмысын жеңілдету керек. Керек кезде ол қалаған қымбат ойыншыларды сатып алып беру керек. Бірақ, бүгінгі клубтың саясаты бойынша Арсен бапкер қымбат футболшыларды сатып ала алмайды. Сөйтіп алып олар бапкерден жақсы ойын талап етеді. Бүгінгі күндері клубтың тағдыры Кренке мистердің қолында. Ол менің идеяларыммен санаспаса да, мен оған сәттілік тілеймін. Арсен Венгер қос бірдей мықты команда жасақтап шығарды. Олардың біріншісі – біздің негізгі бәсекелестерімізге қарсы ойнаса, екіншісі – чемпиоанаттағы ең жоғарғы орындарға таласуда. Бірақ, «Арсенал» менің көмегіме зәру емес сияқты. Мен мықты адаммын. Егер де біреуге менің идеяларым, көмегім қажет болса, әрқашанда жәрдем беруге дайынмын»,-деді.

Әлішер Усманов 1953 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Әкесі Бурхан Усманов Ташкент қаласының прокуры болған. Бала кезінен қылыштасудың қыр-сырын меңгеріп өскен бала Әлішер, ер жеткенде Мәскеу мемлекеттік халықаралық университетіне оқуға түседі. Жас кезінен орыс жерінде тұрып үйреніп қалғаннан соң, 91-жылдары Ресейде қалып қалады. Экономика саласында біраз табыстарға жетіп, кәсіпкерлікпен айналысып бүгіндері 20 млрд АҚШ долларының иегері. Forbes журналының 2012 жылы жариялаған нәтижесі бойынша Ресейдегі ең бай адам болып тіркелді.

Әдетте,қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады демекші, жылдар бойы қайырымдылық қорымен айналысып, бірнеше жылдан бері лондондық «Арсеналдың» ажырымас жанкүйеріне айналған Әлішер аканың ендігі арманы аталмыш клубты тұтасымен өз иелігіне айналдыру. Егер де сатып алған жағдайда барша орыс жанкүйерлеріне жексұрын болып кеткен Аршавиннің жанында өзбек ойыншылары доп теуіп жүрмесіне кім кепіл?

 
0
248
0