Тікелей эфир

Bossa Nova стиліндегі «Қараторғай»

«Екпіннің» бүгінгі кейіпкері талантты да сұлу жас әнші Айсұлу Қойшынова. «Дудар-ай», «Дедім-ай, ау», «Қараторғай» сынды сүйікті әндерімізден бастап, батыстық Sade-ның романтикалық тректерін ғажайып дауыспен орындайтын Айсұлу бірнеше сұрағымызға жауап берді.

— Алдымен өзің жайлы айтып берсең? Әнші болуды қашаннан бастап армандадың?

— Әкем музыкант болғандықтан кішкентайымнан музыкаға жақын болдым. Үйде баянда ойнаса, мен жанында ән айтып жүретінмін. Өзімнің күйтабақ ойнатқышым болатын. Сонымен Майкл Джексонды, классикалық музыканы және әр түрлі аудио ертегілерді тыңдап өстім. Ең алғаш рет көпшіліктің алдына ән айтуға шамамен 4-5 жасымда шықтым. Басында қорқақтағаным болмаса, халықтың мені қарсы алғаны, шапалақтағаны ұнап қалып, сол кездері алғаш рет әнші болу арманы пайда болды десем болады. Сөйтіп үйден микрафонға ұқсайтын зат тауып алып ән айтып, би билеп жүреді екенмін. Бірақ кейін әнші болу арманы ұмыт болып, мектепті бітірген соң аудармашы болуды армандадым, сөйтіп жүріп архитектура саласына оқуға түсіп кеттім. Дегенмен де балалық арманым ақыры орындалды.

— Ал Chick Flick тобына қалай келдің?

— Өзім Өскемендікпін. 2007 жылы Өскемен мәдениет үйіндегі ұстаздарым мен әріптестерім әсем қала Алматыға барып жұмыс істейміз деп шешті. Сөйтіп мен тәуекелге барып, Алматы қаласына солармен бірге баратын болдым. Оқуымды да осы қалаға ауыстырдым. Біз бір жылдай жұмыс іздеп жүрдік. Сол аралықта мұғалімдерім студия ашып, балаларды оқыта бастады. Ал мен оқуымды оқып жүрдім. Әрқайсымыз қаланың әр жерінде тұрғандықтан кездесе де алмай, біртіндеп Алматыға келгендегі арманымды да ұмыта бастадым. Сөйтіп Алматыға көшіп келген соң 1 жылдан кейін Chick Flick-тің жігіттерімен таныстым. Ол кезде топ енді құрылып жатты. Тобымыздағы Бағлан деген жігіт менің ән айтатындығымды біліп, маған: «Біз музыкалық жобаны дүниеге алып келейік деп жатырмыз. Біздің студияға келсең, сені тыңдап көрсек...» деген ұсыныс білдірді. Осылайша Chick Flick дүниеге келді.

— Chick Flick-тегі жұмыс саған не берді деп ойлайсың?

— Ен алдымен Chick Flick маған үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Өзім ән айтқанды жақсы көргеніммен басында өте ұялшақ болатынмын. Chick Flick-тің арқасында ұялшақтықтан арылып, ашылдым деп айта аламын. Қазір сахнаға шыққандағы қорқыныш сезімі, содан туындайтын дауыстағы қырыл, сөздерді ұмытып қалу деген жоқ. Топтың жігіттері бүгінгі күні қашанда жанымнан табылатын бауырымдай болып кетті. Сондай-ақ, әрине, белгілі бір деңгейдегі танымалдылыққа қол жеткіздім. Бұның барлығы Chick Flick-тің арқасы.

— Қазір жеке шығармашылықпен айналысып жүргеніңді білеміз, алдағы уақытта Chick Flick-тен бөлек кетуің мүмкін бе?

— Басында менің жеке жобамды жасасақ па деген ой болған. Бірақ қазір оны тоқтатып қойып, Chick Flick-ке назар аударып жатырмыз. Құрылғанымызға 4 жылдай болып қалды, әндеріміз де жинақталды, енді альбом шығару керек дегендей... Қазіргі уақытта соның қамын ойластырып жатырмыз. Тағы да әндер жазып, бейне баяндар түсіру үстіндеміз. Осы жылы Chick Flick-тің албомы шығады. Ал жеке шығармашылықпен қай уақытта болмасын айналысып жатсам да, Chick Flick-ті тастап кету ойымда жоқ. Екеуін де қатар алып жүре аламын деп ойлаймын.

— Chick Flick-те әнді көбіне поп, соул стилінде айтасың, ал Айсұлудың өз ән бағыты қандай, жаныңа қандай стиль жақын?

— Мен өзім лирикпін. Мінезім де тұйық. Бірақ ол сыңсыған лирикалық әндерді айтқанды ұнатады деген сөз емес, ойнақы, құлаққа жағымды әсем әндерді айтқанды ұнатамын. Жалпы Chick Flick-тің бағыты өзімнің жаныма жақын.

— Сені көп ретте қазақ халық әнін жаңаша стильде орындайтын әнші ретінде танимыз, бұл жайында толығырақ айтып өтсең.

— Жеке жобамды ашуды жоспарлап жүргенде «Chick Flick» сәнді поп, поп-рок, ал «Айсұлу» халыққа жақын болады деп жоспарлаған болатынбыз. Жастар Chick Flickті тыңдаса, қазақи әндерді ұнататын үлкендер Айсұлуды тыңдайды дегендей...

Бізде қазақ тілінде ән жазатын адам болмағандықтан, қазір өзіміздің қазақша әндеріміз жоқ. Сондықтан да мен әдемі, халыққа танымал қазақ әндерін орындауды жөн көріп, соларды орындап жүрмін. Бірақ болашақта өзіме арнайы қазақша әндер жазғызу жоспарымызда бар. Ал халық әндерін орындау мәнеріме келетін болсақ, мен олардың дәстүрлі орындалу үлгісіне заманауи өзгерістер енгізу мақсатында Bossa Nova стиліне жақын орындаймын. Әрине, ол әндерді өз нұсқасында орындап жүрген халық әншілеріміз Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалардың орындауы ұнайды, бірақ менің жаныма ол әндерді жұмсақ орындау жақынырақ.

— Қазір ән қоржыныңда қанша қазақ әні бар?

— Қазіргі уақытта қазақ тілінде шамамен 6-7 әнім бар.

— Сол әндердің ішінен қайсысын ерекше ұнатасың?

— Барлығының өзіндік ерекшелігі бар әндер ғой. Алайда «Атамекен» әнің өзгеден артық көремін. Сондай-ақ «Куә бол» мен «Дедім-ай, ау» да ерекше ұнайды.

— Халық әнін кез келген әнші орындай бермейтіні анық. Өзің орындайтың әніңді қалай таңдайсың?

— Әннің әуеніне және тыңдарманның жан-жүрегін тебірентетін сөздеріне қараймын. Көпшіліктің айтуы бойынша, менің даусымда тыңдаған адамның көңілін жібітіп жіберетіндей ерекше үн бар екен. Сондықтан да өзімнің орындауымдағы әндерді бар сезіммен, әдемі орындауға тырысамын.

— Chick Flick-те кавер орындайсың. Жалпы каверге көзқарасың қандай?

— Қай заманда да жақсы әндерді өзгелер қайталап орындаған ғой. Ал біздің Chick Flick-те кавер — әнді дәлме-дәл орындау емес. Біз қашанда өзіміздің стилімізді қосуға тырысамыз. Мысалы «Ain’t no sunshine» өте танымал ән болғанымен, біз оған джаздық өзгерістер еңгіздік.

— Өзің өлең жазасың ба?

— Жоқ, мен өлең де, ән де жазбаймын. Бірақ тырыссам, ән жазу қолымнан келетінін білемін. Ал сөз жазу — менің талантым емес (күліп).

— Негізгі мамандығың дизайнер болғандықтан өзіңе сахналық көйлектер тігу ойыңда бар ма?

— Әрине, бар. Бір рет өзіме көйлек тігіп көргенмін. Ол айтарлықтай әдемі болып шықпады, бірақ келесі жолы одан да әдемі етіп тігемін. Үйде өзімнің тігін машинам бар. Қолөнермен айналысқанды өте ұнатамын.

— Өткен жылы Наурыз мейрамында тыңдармандарыңа қазақ әндерінен тұратын кішігірім жинағыңды сыйладың. Осы жылы қандай сыйлық дайындап жатырсың?

— Ол жайында шынымды айтсам әлі ойламадым. Өткен жылғыдай тағы да таңдамалы әсем әндерді жинақтап ұсынатын шығармын.

— Өмір бойы өнер, музыка саласында жұмыс жасаймын деп ойлайсың ба, әлде болашаққа басқа жоспарың бар ма?

— Болашақта не болатынын білмеймін. Ән айтуға мүмкіндігім болып тұрғанда ән айтуымды тоқтатпайтындығымды білемін. Өйткені мен ән айтуды өте қатты жақсы көремін. Адамға ең бастысы — істеген ісі өзінің көңілінен шығу ғой. Қазіргі уақытта ән айту менің өмірімнің бір бөлігі. Алайда бір кездері өзімнің мамандығым бойынша дизайнер болу арманы да ойымда.

— Әнші болғысы келетін жастарға қандай кеңес бере аласың? Өнер жолын таңдау қазіргі кезде қаншалықты дұрыс?

— Егер ол сенің арманың болса, ән айт! Арманыңның жетегінде соған қол жеткізіп, халық сені жылы қабылдап жатса, одан асқан бақыт жоқ. Сол аңсаған арманыңның орындалуына күш салу керек, түрлі байқауларға қатысып, алдыңнан шыққан қиындықтарға мойымау керек. Сонда ғана өнер әлеміне талпынған жас бүлдіршіннен үлкен жұлдыз шығады деп білемін.

Айсұлудың жеке сайты

Chick Flick сайты

Сұхбаттасқан: Айнұр Ракишева

Фото: VK.com

Алия Arsik
29 қаңтар 2013, 12:07
3264

Loading...

Пікірлер

Блин, Екпіннің осысы (осынысы? осы? осынығысы?) риза қылып жүр, небір секси қазақ әншілерін (қыздарды айтам, иф ю нау уот ай мин) ашып жүрмін өзім үшін.

осы кызды корсем болды басым айналып калад ) мен ушин осы топ намба УАН!
Обожаю ее голос и ее улыбку)
Спасибо, Айс, за все, что ты делаешь)
а у меня курсовые есть !)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 36735
  • 81
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 11452
  • 23
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 6194
  • 91
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5741
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 4402
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3996
  • 46
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3802
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3228
  • 18