Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-5
09:48, 14 июля 2013

Кабинет

Ассалаймағалейкум біріншіден, екіншіден Рамазан айы құтты болсын ағайын!

Сонымен, үйіміздің қорамызда өзіме кішкене кабинет салмақшы едім. Соның кішкене суреттерін салмақшымын. Әрине, бұл жазба тек өзім үшін арналған, айтылған сын қабылданбайды.

Кабинеттін параметрлері; 7х3х2,8 және 3х3х2,8.Кабинет екі бөлмеден тұрады. Үлкен бөлме отыратын жер, екінші кішкентай бөлме автономды қазандыққа арналған. Жағатын отыны – қатты отын, отын әрине «сұр тас көмір» (халық аралық атауы Braunkohle), көмір отынның жануының беретін жылулығы - 22 МДж/кг немесе 6,11 КВт/сағ. Сұр тас көмірдің параметрлері. Салмақ бойынша пайыздық мөлгер. Көміртегі 60-75%; сутегі 6,0-5,8%; оттегі 34-17%; күкірт 0,5-3%; барлығы 22000 КДж/кг.

Әзірге жұмсалған қаржы;

Қыш - 8500 дана +- есімде джоқ 500-дей шығар, әрбір данасының бағасы 28 теңгеден болатын, қазір қымбаттап кетті. Кәдімгі күйдірілген классикалық қыш, оның маркасы М100, ені-ұзындығы мен биіктігі 250х120х65мм. Жұмсалған сомма 258000,00 мың теңге, әрине, алып келуімен бірге.

Параметрлері (мм): 250х120х65; Массасы (кг): 4,1

Тығыздығы (кг/м3): 2100

Маркасы: М100

Аязға төзімділігі: F50, F75

Судың және ылғалдың сіңуі: 8%

Жылу өткізгіштік (Вт/мoС) ылғалы 0% болғанда: 0,72

Барлығы 258000,00 теңге.

Цемент М100, «Шымкентцемент» АҚ-ның өнімі  (ItalCementi Group бөлімі, сатып жіберген италиялықтарға), 100 қап (төбе мен ірге тас, және сырттың сылауы бар). Бір данасы 875 теңге тұратын, 2012 жылдың аяғында. Кейін, 980 теңгеге дейін көтерілді.

Барлығы 92 000,00 теңге.

Қиыршық тас - төбені қою үшін. Бір ЗИЛ атты жүк мәшине, 9000 теңге. Онда 3,5 м3 бар. Барлығы 18 000,00 теңге.

Ұсақ қиыршық тас немесе клинец – мәшинесі 14000 мың теңге, онда 3,5 м3 бар. Барлығы 28 000,00 теңге.

Ұсақ қиыршық тас немесе клинец – мәшинесі 25000 мың теңге, ол ірге тасқа. Барлығы 25 000,00 теңге.

Құм, 2 мәшине, 8000 мыңнан. Барлығы 16 000,00 теңге.

Арматура 16 атты маркалы 300м, 120 теңгедей. Барлығы, 36000,00 теңге.

Арматура 16 ірге тасты құю ішін 150м 120 теңгедей. Барлығы, 18000,00 теңге.

Арматуралық домалақ (қырсыз) қамыт жасау үшін, 30м 80теңгедей метрі. Ірге тасының және терезе үсті аралыққа арналған. Барлығы, 3000,00 теңге.

Және арматуралық тор, төбені құюға арналған, саны 12 + 8 дана. көлемі 2м2, 1 данасының бағасы 850 теңге. Барлығы 17 000,00 мың

UCB атты ағаш бет, көлемі 1,8х1 немістердікі, білмейм шын ба, өтірікпе, технология солардікі шығар. А былай ойлансам, ол да шындық сияқты, оларда да жұмыссыздар, баспанасыздар көп қой. 15 дана. 1 данасының бағасы – 2900 теңге. Оны, төбені қоюға опалубка ретінде қолдандық, сосын оны жерге төсейміз, линолиумның астында қалады. Барлығы 43 500,00 теңге.

Пеноплекс, 30мм 0,72м2, 29 дана. Барлығы 25 000,00 теңге

579 500,00. Бұл тек материалдарға жұмсалған сома. Онымен қоса, мына шығын, 20 000,00 теңге ірге тас қоюға жұмсалған, оны көршіміз, әрі жерлесіміз құйды. Өзіміз деп аз алды. Және, 130 000,00 теңге, жұмысшыларға. Тағы оншақты қорада жатқан жылу батарияларын алып кетті. 40000,00 теңге сыртын сылауға алды.

Жабындық материал, қаңылтыр беттер немесе профиль. 6м ұзындығы. 10 дана, оның нақты бағасын кейін жаза жатармын, оған 100 000,00 теңгедей кетті, фротонымен қоса, және 20 000,00 теңге, оны да көршіміз, әрі жерлесіміз жасады. Өзіміз деп аз алған.

Ағаш, мауэрлатқа, және сүйеніштерге, төбеге арналған ағаштар. Барлығы 25000,00 теңге.

Blog post image
Blog post image
Blog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post imageBlog post image

-5
609
3