• 93557
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ресейдің отарлау саясаты: Хандықты жойып, сұлтандықты енгізді

АСТАНА. 28 қараша. BAQ.KZ - Ресейлік патша үкіметі қазақ даласын жедел отарлау үшін өткен 18 ғасырдың өзінде-ақ бір қатар шаралар қабылдапты. Мысалы, 1747 жылы 21 шілде күнгі Үкімет сенатының №164-ші құпия қаулысында: «қырғыз( қазақ) халқына қару-жарақ, оқ-дәрі, кремний, қорғасын сатпау керектігі жөнінде» айтылса, 1747 жылы 31 желтоқсанда: «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Оренбург губернаторы қазақтың бір немесе екі ауылын шауып тірі жан қалдырмай қырып тастау керек (әйелдер, қарттар,балаларды да)» делінген.

1747 жылы 10 сәуірде қол қойған Шетел ісі жөніндегі коллегияның №220-ші «Қырғыздар (қазақтар) тарапынан туатын қарсылыққа орай жоспар жасау» туралы құпия жарлығында: «Қырғыздармен күресті өзіміздің әскерге емес, көрші тұратын қалмақ, башқұрт, казак және Сібір губерниясының тұрғындарына тапсырып, қазақтарды өлтіруіне көз жұмып қарау керек» депті.
Сондай-ақ, 1768 жылы 17 ақпанда қабылданған №80 жоғары жарғыда: «Қазақ халқының бостандығын жою үшін, хан сайлауын халық емес біз өзіміз шешетін болуымыз керек» деп бекіткен. 1779 жылы 4 қазан күні қатын патша ІІ Екатеринаға сарай қызметкерлері жазған жоғары дәрежелі баяндау хатта: «Абылай сұлтанды Петропавловск қорғанысына шақырып, ақ патшаның құзырына бағынуға бас идіру керек, соңғы кездері шақыруға, громаталарымызға және марапаттарға әр түрлі сылтау айтып келмей жүр және жіберген елшілермен дөрекі қатынасады, оларды қабылдамайды. Барлау мәліметтеріне қарағанда Абылай сұлтан қытаймен жақын қарым қатынаста болғандығы анықталды. Өз адамдарына орыс көпестерін тоңауға рұхсат беріп отыр. Патшалықтың құзырына кірмеу арқылы ол орыстарға қарсы әрекет жасап, қазақ халқының азаттығын қорғап қалмақшы. Сондықтанда Абылайға грамоталар, хандық марапаттар және де тағы басқа сияпаттарды бермеу керек. Бұдан былай Абылайдың ордадағы дәрежесін төмендетіп, оған тең боларлықтай қарсылас табу керек. Қазақ ордасындағы осы жағдайлар түзелгенше орыстарға ордаға баруға тиым салынсын!» делінген
1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері Уәлидің беделін әлсірету үшін патша үкіметі бір қатар сұлтандарға қолдау көрсете бастайды. 1815 жылы Уәлиге қарсы патша жансыздары бүлік ұйымдастырып, орнына Барақтың ұрпағы Бөкейді хандыққа сайлайды.
Кешікпей сарай шенеунігі М.Сперанский мырза «Устав о сибирских киргизах» дегенді ойлап табады. Бұл шешімге 1822 жылы 22 шілдеде патша қол қойған. Осыдан кейін қазақ даласында хандық билік жойылады. Патшаның ығына жығылатын аға сұлтандар пайда болады. Жоғарыдағы шешім бойынша орта жүзді Батыс Сібір аймағының бір бөлігі ретінде таниды. 1839 жылға дейін Батыс Сібір аймағының астанасы Тобыл қаласы болады. 1839 жылдан кейін Омбы қаласы болып өзгерді.
Жоғардағы «Сібір қырғыздары туралы» қаулының негізінде 1822 бастап жылдан 1839 жылға дейін қазақ даласын басқаруды 7 округке бөліп тастады. Соның ішінде Ақмола округі 1832 жылы құрылады. 50-70 қожалық (отбасы) бірігіп 1 ауыл (ауылнай) болды. 10-12 ауыл бір болыс. 15-20 болыс бір округке біріктірілді. Округ басшылығына сұлтан отырды. Сұлтанның қол астында 4 кеңесшісі болды. Олардың екеуі орыс, екеуі қазақтан делінді. Оларды 2 жыл мерзімге губернатор тағайындады. Сұлтан болса 3 жыл мерзімге сайланды. 
1824 жылы Абылай сұлтанның баласы Қасым бастаған бір топ ел басшылары патша үкметінің жоғардағы қаулысына қарсы шығады. Олар патша үкіметіне жіберген хатыңда: «Сұлтандарға Абылай кезіндегідей еркендік беріліп, емен-еркін тұруымызға мүмкіндік жасалсын» депті. Патша бұны құптамағандықтан Қасым сұлтан қол бастап Абылайдың ордасы орналасқан Бурабай, Шортанды (Щучье) қалаларын басып алады. Сол жерден Акмола округына шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлайды. 1836 жылы оңтүстік өңірге ығысып барған Саржан, Есенгелді, Қасым сұлтандарды патшаның тапсырмасымен Тәшкент төресі өлтірді.
Қазақтардың бас көтеруінен қорыққан патша үкіметі қазақ даласына бекініс санын көбейте бастады. Акмоладан оңтүстікке қарай Ақтау бекінісі салынады. Бекіністер арасына 20-30 шақырым қашықтықта шағын бекеттер орын тепті. Кешікпей Ақмола маңына орыстарды көшіріліп әкелу науқаны жедел жүргізілді. Ресей өзінің отарлау күшін Ақмола маңына топтастырды. 
Бірақ бұған қарсы қазақтарды бастап Кенесары Қасымұлы көтеріліске шығады. 1836-1838 жылдары Кенесары хан ұзақ кескелескен шайқас нәтижесінде бірнеше бекеттердің көзін құртып, Ақмола бекінісіне қарсы үш үлкен әскери жорықтар жасады. Кенесарының көзін құрту үшін патша үкіметіне бағынышты сұлтандардан үш отряд жасақталды. 1845 жылы Кенесары ханға генерал майор Вишневский бастаған отряд, Бұхар әмірлігі мен Қоқан хандығының әскері қарсы шықты. Қортындысында Кенесарының жасағы түгелдей қырылып қалады. Кенесарыны өлтірген қырғыз Қалыгұл Әлібековке патша үкіметінің күміс медалы берілді.
Бұдан кейін патша үкіметі қазақ жерін толықтай басып алу үшін жаңа реформалар жасай бастады. Олардың бірі 1868 жылы 21 қарашада қабылданған «Дала облыстарын уақытша басқару жөніндегі бағдарлама» еді. Бұл бағдарлама бойынша қазақ халқы ХХ ғасырда жері жоқ, халқы мен тілі дүбәра мемлекетке айналуы керек болатын. Арада большевиктер билікке келіп, Кеңес үкіметі орнағанымен жоғарыдағы бағдарлама өзгерген жоқ.

Бекен Қайратұлы

 
nazgulnaz
14 января 2013, 13:05
2875

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 17562
  • 54
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 7188
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4876
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4654
  • 16
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4776
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 4044
  • 33
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4348
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3191
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 3022
  • 30