• 88769
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Фарида Мерхамитқызы, «Ерке-Нұр» компаниясының президенті: «Ерке-Нұрдың» киімдері хан мен қарашаға ортақ

Ел тәуелсіздігімен қатар өркен жайып келе жатқан кәсіпорындар баршылық. Солардың бірі – Қытай елінен Атамекеніне оралып, отандық кәсіпкерліктің жандануына айрықша үлес қосып жүрген Фарида Мерхамитқызы басқаратын «Ерке-Нұр» компаниясы. Аталмыш компания өнімдер тек Қазақстан көлемінде ғана емес әлем елдеріне етене таныс десек артық айтқандық болмас. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, шетел Президенттерінің біразының иығына «Ерке-Нұрдың» шапаны жабылған.

 

– Еліміз егемендігімен бірге өсіп-өркендеген кәсіпкерсіз. тәуелсіздік шежіресіне қандай қолтаңба қалдырдыңыз?
– Еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қытай елін артқа тастап, ат басын атамекенге бұрдық. Өрімдей жас кезімізде келіп едік, одан бері де, міне, 21 жылды еңсеріп, жасымыз қырықтың қырқасына шықты. Өз басым 1997 жылдан бастап шағын кәсіпкерлікпен айналысып келемін. 2000 жылы «Ерке-Нұр» кәсіпорнының шаңырағын көтердік. Сол кездің өзінде компаниямыз 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтыды. Негізгі мақсатымыз Қазақстанда ұлттық киімдер өндірісін дамыту, насихаттау арқылы ұлтымызға, мемлекетімізге қызмет ету болды. Әсіресе, сахналық киімдерді тігуге айрықша мән бердік. Соның арқасында Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова сынды қазақ ән өнерінің майталмандары «Ерке- Нұрдың» тұрақты тұтынушыларына ай¬налды. Мемлекеттік оркестрлерден, филармониялар мен өнер ұжымдарынан жиі тапсырыс алатын болдық. 
Тағы бір айта кетерлігі, еліміздің мәртебелі қонақтарына біздің компанияның сый-сияпаттары ұсынылмағаны кемде-кем. Айталық, 2000 жылы Каспийде ТМД елдері басшыларының галстуксіз кездесулері өтті. Сонда 8 елдің президентіне «Ерке- Нұрдың» арнайы шапандары жабылды. Ресейдің соңғы үш президентіне жабылған шапандар да біздің шеберлердің қолынан шыққан. Клинтон, Чарлиз сынды Америкадан, Еуропадан келген ел басшылары да біздің компаниядан шыққан өнімдерден сый қабылдап, елдеріне алып қайтты. Соның арқасында өнімдеріміз қазіргі кезде талай мемлекеттің президенттік мұражайларында тұр. Дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың иығына жабылған көк шапанның көркемдігі де талай баспасөздің бетінен орын алып, халыққа жеткілікті насихатталды. Жалпы, елімізге келген көптеген сыйлы қонақтар қазақ жоралғысы бойынша «Ерке-Нұрдың» өнімдерінен арнайы сый қабылдап, қазақ қолөнерінің ғажап үлгісіне таңданып қайтты. 
Кейінгі кездері өнімдерімізді тек сахнаға, сый-кәделерге ғана лайықтап қоймай, өмірге бейімдеп, күнделікті киіп жүруге арналған киімдер тігуге ден қойып отырмыз. Мектеп оқушыларына арнап тіккен киімдеріміз де үлкен сұранысқа ие болды. Былтыр тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға арнап, 1000 дана оқушылар киімін әзірлеп, тегін тараттым. Діни басқарма тарапынан ұйымдастырылған сән көрмесінде дінбасымыз Әбсаттар қажы Дербісәлі бізге бас жүлдені табыс етті. Ендігі жоспарым – осы жобаны ары қарай жалғастырып, халқымызды ұлттық үлгіде киінуге ынталандыру. 
– «Ерке-Нұр» сән театыры құрылғанынан да хабарымыз бар...
– 2004 жылы «Ерке-Нұр» компаниясының сән театыры құрылды. Осы театырдың арқасында біз әлемнің біраз елін аралауға мүмкіндік алдық. Германия, Түркия, Америка, Франция, Қытай, Голландия, Бельгия мемлекеттерінде болып, ұлттық киімдерімізді барынша насихаттадық. Мұнымен ғана шектелмей, «Ерке-Нұр» сән журналын жарыққа шығардық. Театрымыз да, журналымыз да табысты жұмыс атқарып келеді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың бәрінде өзіміздің сән үлгілерімізді көрсетіп, халыққа ұлттық құндылықтарымыздан шашу шашып келеміз. Жақын жылдардан бергі тағы бір жетістігіміз – «Ерке-Нұр» компаниясының жанынан «Қазақ- қытай тілі академиясының колледжін» аштық. Жұмысымыз жүйелі, нәтижелі болу үшін бірден академия ашпай, колледжден бастадық. Жолдасым Талғат Мамырұлы басқаратын колледж ашылғаннан бері өте жемісті жұмыс атқарып келеді. Оқу орнының ерекшелігі сол - әлемдік алпауытқа айналған Қытай жұртының тілін өз елімізде сапалы меңгеруге жағдай жасау. Сол арқылы қытай тілін үйренгісі келетін Қазақстан жастарына қолайлы орта туғызу. 6 мамандық бойынша білім алып жатқан біздің оқушылар Қытай елінің халықаралық стандарттарға сәйкестендірген HSK деп аталатын емтиханын осында тұрып-ақ тапсырып, университеттерге тікелей түсу мүмкіндігі бар. Былтыр колледжімізді тәмамдаған түлектермен қоса сырттай ынталылық танытқандарды қосып, 100 оқушыны Қытай еліне оқуға жібердік. Оның ішінде 20 студентті толық грантпен, 80 студентті жартылай грантпен қамтамасыз еттік. Жалпы, оқу орнымыздың жағдайы жақсы, болашағы зор. 
– Дамыған елдерде мемлекеттік саясатқа көбінде кәсіпкерлер ықпал етіп жатады. Сіздің ойыңыз қалай? Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға атсалысып тұрасыз ба?
– Өзім 2003 жылдан бері Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесімін. Еңбегімнің бағаланғаны болар – Ассамблеяда өзіндік орыным бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіздіктің 20 жылында 1 миллионға жуық қандасымыз елге оралды. Сондықтан еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – оралмандар мәселесі десек, қателеспейміз. 2011 жылы арнайы жұмыс тобын құрып, қазақ көшінің тұсауы кесілген 20 жыл ішінде қордаланған мәселелер туралы тұжырымдама әзірледім. Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан халқы ассамблеясының жанынан оралмандар мәселесімен айналысатын мемлекеттік комиссия құру. Бұл ұсынысымды Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында құзырлы орындардың құлағына жеткізіп, арнайы хат жолдадым. Хат жауапсыз қалған жоқ. Президент әкімшілігі басшысының атынан Мемлекеттік комиссияның құрылатыны жайлы алғашқы хабар да жетті. Яғни сан жылдар бойы күрмеуі шешілмеген оралмандар мәселесі бойынша мемлекет жүйелі жұмыс жасайтын болды. Меніңойымша, мемлекетіміздің болашағы халқымыздың санымен тікелей байланысты. Сондықтан шетелдегі қандастарымызды елге көшіріп алу жұмысын қарқынды жүргізгеніміз абзал. Бұдан бұрын да көші-қон тарапында көптеген ілгерілеушіліктер болды. Бірақ әлі де атқаратын шаруалар шаш-етектен. Бұл бізге осы мәселемен айналысатын арнайы агенттіктің, тіпті министрліктің қажет екенін аңғартады. 
Кәсіпкерлікпен қоса осындай қоғамдық жұмыстар атқаруды да өзімнің азаматтық борышым деп білемін. Еңбегім ешқашан елеусіз қалып жатқан жоқ. Еліміздің бас тізгіншісі «НұрОтан» партиясының мүшесімін. Партия басшылығы да әрқашан қолдап, қуаттап, төрінен орын беріп келеді. Үш мәрте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым. 2009 жылы өткен бүкілмемлекеттік әйелдер құрылтайында Елбасымыздың алдында, халықтың алдында арнайы сөз сөйлеу құрметіне ие болдым.
Әңгімелескен Хазірет Әбділда

 
nazgulnaz
14 января 2013, 11:37
880

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться за рубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение в The University of Edinburgh и отправится в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11382
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5134
  • 17
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4136
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4414
  • 88
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
вчера / 10:52
  • 4051
  • 60
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3543
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3219
  • 12
Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
вчера / 15:19
  • 2958
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых.
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 3048
  • 21