Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:36, 13 января 2013

Елбасыны тебіренткен өнерпаз

АСТАНА. 24 қараша. BAQ.KZ - 1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ресми сапармен Моңғолияға барды. Ресми кездесулерден кейін Нұрекең осы елдегі қазақтармен кездесті. Қазақтар ақбоз үйін тігіп, ақсарбасын сойып, көздері мөлдіреп күтіп тұрады. Елбасы келеді. Осы сәтте жас әнші Меруеш Башай домбырамен толғау айтып қарсы алады.

Blog post image

Уа, дариға-ай, дариға-ай,
Жүректі от қариды-ай
Сұлтанбысыз Нұрмысыз, 
Аман-есен жүрмісіз... – сыңсытқанда, толғауды тыңдап тұрған Нұрсұлтан Әбішұлының көңілі босап, көзіне жас алды. Бұл оқиға жайлы журналист Қайнар Олжай «Президент пырағы» атты еңбегінде арнайы жазды. 
Меруеш Моңғолиядағы өнер университетін драма театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. Оның алдында педагогикалық колледжде дәріс алған. 1990-2007 жылдары Бай-өлке аймағындағы қазақ музыка драма театрында әнші болып еңбек атқарған. 
Содан Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2007 жылы Моңғолияға барған үшінші сапарында ол кісінің алдында ән айту бақыты тағы бұйырыпты. Артынша Елбасының ақ батасын алып, 2008 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Қазір Қарағанды қаласындағы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікте әнші. 
Жолдасы Ерлан Бақтыгерей де өнер адамы. Жас кезінен «Отырар сазы» оркестрінде жұмыс жасаған. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан дәріс алып, білімін Құрманғазы атындағы консерваторияда жалғастырған. Артынша «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алып, Татарстанда Фуат Мансұровтың шәкірті атанған. Қазір Ерлан Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижері. 
Меруеш Башай қазір атажұртына келіп, тың шабытпен шығармашылығын дамыту үстінде. 
Бекен Қайратұлы

 
0
591
0