Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:11, 09 января 2013

Нағыз дос досына нота жолдамайды!

Әміржан Қосанов, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы:
Халықаралық қатынас деген салада көп нәрсені осындай «нотасыз» да шешуге болады. Оның үстіне бүгінгі биліктің Кремльге ерекше көңілін өзіңіз білесіз.
Сондықтан осы дипломатиялық жанрды мен көрші елге, яғни, бізге ашықтан-ашық дөңайбат көрсету деп санаймын. Басқасын айтпағанда, екі ел президенттері құзырындағы мәселені екі деңгейдегі шенеуніктің өзара айтысына дейін «түсіріп отыр». Бәлкім мұндай жария демарш - Ақорданың ішіндегі кейбір әсіре ресейшіл ықпалдылардың арнайы жасап отырған қадамы болуы әбден мүмкін.
Яғни, қазір Ақордада осы мәселеге байланысты бірауыз пікір жоқ!
Химияда лакмус қағазы деген термин бар. Байқоңыр - Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың лакмус қағазы. Онда барлық нәрсе өз сипатын көрсетіп отыр: біздің биліктің Ресей алдындағы шын беделі мен көрші мемлекеттің бір аумағына деген өз мүддесін таныту арқылы көрініс беріп отырған кешегі империяның «самодержавиелігі». Шынайы дос өз досына осындай нота жібермейді!
Байқоңыр мәселесі - өте қиын әрі мамандардың жан-жақты зерттеуін қажет ететін мәселе. Өкінішке орай, ол мамандық не кәсіби емес, көбінесе саяси мәселеге ұласып барады.
Мақсат бір: өткен ғасырдың аяғында қол қойылған келісім-шарттты қайта қарайтын уақыт келді. Ол кездегі жағдай мен доллардың құны және қазіргі кездегі жағдай мен доллардың құны екі бөлек!
Адамзаттың ғарышты игеру үдерісінде Қазақстан өзінің орнын табуы тиіс. Және де бұл талпыныста біржақтылық немесе күні өткен келісімдерге тәуелділік жақсылыққа апармайды!

http://abai.kz/content/resei-talgat-mysabaevka-ses-korsete-bastady

0
342
0