Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
02:16, 09 января 2013

«ЖАМАН ҚЫЗ» ЖАЙЛЫ СЫР

"Кептірді" ақын, есін мың,

Тептірді, әкім есігін...

Жігіттің бәрін "сындырдың",

"Жаман қыз" - жалпақ есімің.


Сымбатты, сұлу затыңыз,

Шоқ-жебе жазған хатыңыз.

СМС-мина сіздікі,

"Жаман қыз - бомба" атыңыз.


Вулкандай қайнап пістіңіз,

Сіз жүрген, тайғақ, қысқы мұз.

Махаббат -мықты құралың,

"Жаман қыз" - нағыз ныспыңыз.


"Бес жұлдыз" ғана, жатағың,

Шамаңнан биік, шатағың...

Жақсыңды жұртың байқамас,

"Жаман қыз" - тапқан атағың.


Жатса да ағып, ақшаң кеп,

Бақ іздеп жүрсіз, тапсам деп.

Жамандап алып, "көкең" жүр,

"Жаман қыз" сізге жақсам деп...


Иманы биік, мол кісі,

Жас жігіт, таза болмысы.

Бір түнге бола бұлар да,

Келеді, "жаман болғысы..."


"Тентек" қып ұлын, ұлығын,

Шығардың, шылық-былығын.

"Ит еткен" "игі жақсыны",

Сайтан ғой, сиқыр қылығың,


"Шығармай көзді, жарып бас",

Күн кешіп жүрсіз, тарықбас.

Жаман іс - үлгі заман бұл,

Жақсы боп ешкім жарытпас!

 

8- қаңтар. 2013 жыл. Алматы

Абас-шах Серік

 
1
386
0