• 88918
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Карлаг фотокөрмесі

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы «Долинка кентіндегі саяси қуғын – сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы» көрме залдары


Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай бұрынғы Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесі халықты күштеп ұжымдастыру, «кулактар» мен байлардың көзін жою, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық, халық дүрлігулерін аяусыз жаншып-басу, халықтарды еркінен тыс жер аудару, «еңбекпен түзеу» лагерлерін ұйымдастыру, зиялы қауымның көрнекті өкілдерін құртып жіберу сияқты адамзатқа қарсы жасаған қатыгез қылмыстары бойынша мол тәжірибе жинақтады. 
Қазақстанға төнген саяси қуғын-сүргін құйыны әрбір дерлік отбасын жайпап өтіп, біздің елде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың небір тамаша өкілдерін баудай түсірді. Қарағанды облысы мекендеген жерлерінен қуылған еңбекқор шаруалардың қалың бұқарасының тұрақтаған қонысына айналды. 1948 жылдың басындағы деректер бойынша обылысқа әр ұлттан арнайы жер аударылғандардың саны 40 мыңдай отбасына жетіп, 117 мыңнан астам адамды құрады. 
Қарлаг жоғары биліктен бастап, саясаттан мақұрым жұмысшылар мен шаруаларға дейінгі қоғамның бар саласын қамтыған аумағы ғаламат зор қуғын-сүргін орталығына айналды. Жалған айыптаулар мен кейде адам сенгісіз, сандыраққа ұқсас жала жабулардың жаппай өріс алуы еріксіз таң қалдырады. Қазақ халқының көптеген аса дарынды және парасатты ұлдары «контрреволюциялық қастандық жасаушы», «террористік әрекеттерді ұйымдастырушы», «Жапонияның тыңшысы», т.б. ойдан шығарылған өтірік айыптаулардың құрбаны болды. Оларға ресми түрде рұқсат етілген азаптау тәсілдерін қолданып, «қылмыстарын» мойындатпақ болды. Бүкіл елдің алдында оларды «халық жауы» деп қаралап, балаларын ата-анасынан, әйелдерін – жұбайларынан айыруға әрекеттер жасалды. Сталиндік қатал тәртіптің ұйымдастырып, жүзеге асырған, жазықсыз жандарды қырып-жойған саяси зорлық-зомбылығының шырқау шыңы деп 1937-1938 жылдарды атауға болады.
1997 жылғы 5 сәуірде «31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау күні деп жариялау» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Республика жұртшылығы саяси қуғын-сүргін жылдарының зардабын тартқан отандастарын еске алып, биыл онтөртінші рет осы қайғылы оқиғаны атап өтуде. Осы орайда, биылғы 31 мамырда ел егемендігінің 20-жылдық мерейтойына және Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің (Қарлаг) құрылғанына 80 жыл толуы қарсаңында ашылған Долинка кентіндегі саяси қуғын – сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы Республика көлеміндегі елеулі оқиға болды. Мұражай ұжымы өткен тарихымызды мұрағат деректеріне сүйене отыра зерттеп, бұрынғы кезеңнің зардаптары мен саяси террордың қатыгездігін мұражайға келушілердің зердесіне құя білуді, әсіресе, өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеуді, олардан рухани дүниесі бай, өнегелі тұлға қалыптастыруды өз парызы деп біледі. 
Уақыт жылжыған сайын аға ұрпақтың үлесіне тиген өмірдің қатал сынақтары мен қиыншылықтары көмескілене түскенімен, өткенді ұмытуға ешбір құқымыз жоқ. Қазіргі тірі жандардың адал борышы мен айқын міндеті – аға буын әкелеріміз тоталитарлық тәртіптің езгісінде болған сол бір жылдардың қыспағын дұрыс түсініп, зердесіне сіңіре білуі керек. Тарих сабақтары өткен кезеңнің қылмыстары мен қателіктерін болдырмауға бағытталуы қажет. Біздің ұрпақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының алдында әркез борыштар екендігін сезініп, оларды ешқашанда естерінен шығармауға тиіс.

№1 көрнек - «Қызыл қырғын».
1918 жылы 2 қыркүйекте, үкімет басына келсімен-ақ, большевиктер билікке қарсы болуы мүмкін деп есептелгендерге «қызыл қырғын» жариялады. Барлық буржуазия өкілдері, оның ішінде интеллигенция, дін өкілдері, офицерлер, олармен қатар жаңа билікті қызу қолдамағандар жау деп танылды. Тек қана 1918 жылы БТК органдары 31489 адамды қуғын-сүргінге ұшыратып, олардың ішінен 6185 адамды ату жазасына кесіп, 21236 адамды лагерлер мен түрмелерге қамады. Шетелдік баспасөз құралдарының деректері бойынша, жалпы саны 1 млн. 777 мыңдай адам атып өлтірілген. Кеңес үкіметінің кейінгі жылдардағы қуғын-сүргін шаралары «Қызыл қырғын» идеологиясынан бастау алады.

№2 көрнек - Күштеп ұжымдастыру саясаты
1929 ж. қараша айында өткізілген БК(б)П ОК Пленумы «ауыл шаруашылығындағы басқару ісін жақсарту» туралы қарар қабылдады. Ф.Голощекин бақарған Қазақстан КП ОК ұжымдастырудың басты шарты – көшпенділерді күштеп отырықшыландыру деп тапты. 1930 ж. 5 қаңтардағы БК(б)П ОК шешімінен кейін бұл нұсқау саяси және заңдылықты негізге ие болды. Жедел түрде көшпелі халықты жаппай отырықшыландырып, ұжымдастыру шаралары жүргізіле бастады. 1931ж. өзінде Қазақстанда ұжымдастырумен 122 ауданның 78-і қамтылды. Тұрғындар «өз еркін» білдіріп, мал-мүлкін ортаға тапсырмаған жағдайда, оларға қуғын-сүргін шаралары қолданылды

№4 көрнек - Ашаршылық нәубеті.
Өткен ғасырдың 30 жылдарынан басталған Қазақстандағы ашаршылық Кеңес үкіметінің «бай-құлақтарды» тап ретінде жою саясатының, халықты күштеп ұжымдастыру, малын тартып алып, тәркілеу, билік басындағылардың азық-түлік жоспарын шамадан тыс көбейтуінен туындаған қолдан ұйымдастырылған бүкілодақтық зұлматтың ажырамас бөлігі болатын. Бұл нәубет әсіресе, малмен ғана күн көріп отырған қазақ халқына өте ауыр тиді. Әртүрлі деректер бойынша, бұл жылдары халқымыздың 50-ден 75 пайызына дейіні қырылған.

№5 - 6 көрнектер - Қарлагтың құрылуы
КСРО ІІХК БМСБ еңбекпен түзету лагері – Қарлаг «Гигант» ІІХК кеңшарының (Тельман ауданы) негізінде 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды. Лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 40 км жердегі Долинка селосында орналасты. Бұл жерде лагерьдің бас басқармасы және бүкіл әкімшілік жүйесі орын тепті.
Лагерьдің ұйымдастырылуы жаңадан құрылып жатқан өндірістік аудан үшін азық-түлік базасын қалыптастыру және оған іс жүзінде тегін жұмыс күшін тарту, сонымен қатар тегін жұмыс істейтін жоғары деңгейлі мамандарды бір жерде шоғырландыру сияқты бірнеше мәселелерді шешетін болды. Лагерьдің ауданы солтүстіктен – оңтүстікке қарай 260 км-ге, солтүстіктен – солтүстік-батысқа қарай 100 км-ден астам қашықтыққа созылып жатты. Жекелеген лагерь пункттері бұл шекарадан қашық жерлерде орналасты (Ақмола, Рузаевка, Шу өзенінің бойы, Балқаш, Жезқазғанның төңірегі).
Денсаулықтарының жарамсыздығына және жұмыс орындарының адам төзгісіз жағдайына қарамастан, лагерь тұтқындары көмір және металлургия өндірісі кәсіпорындарының ауыр жұмыстарында еңбек етті. Олар орталық Қазақстанның көмір және металлургия өнеркәсібіне мол үлестерін қосты. Өте қатал қанаушылық жағдайда қамаудағылар Қарағанды көмір бассейнін, Жезқазған және Қоңырат металлургия кен орындарын, Балқаш және Жезқазған металлургия комбинаттарын игеру барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Теміржол желілері мен қалалардың, жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысында жұмыс істеді.

Егіншілік
Қарлагтағы егіншілік жұмыстары ұжымшарларға қарағанда тәуірірек нәтиже беріп тұрды. Себебі, Қарлагқа еңбекқор щаруалар – «құлақтар» жиналған болатын, демек, өте көп тегін жұмыс күші бар еді және тұтқындар еңбегі аяусыз қаналып отырды. Сонымен қатар, Қарлагта өсімдіктер шаруашылығы мәселелерімен айналысқан және ауылшаруашылығы жұмыстарын ғылыми деңгейге көтерген дарынды ғалым-агрономдар еңбек етті. Барлық агротехникалық жұмыстар дер уақытында және сапалы орындалып тұрды. Ауыспалы егіс тәсілдері дұрыс жүргізілді. Жартас және Самарқан суландыру жүйелері іске қосылды. Қарлаг жыл сайын өсімдіктер шаруашылығы бойынша жоспарлы көрсеткіштерін асыра орындап, ауылшаруашылығы дақылдары егілген танаптарының ауданын және суландыру көлемін ұлғайтып, олардың жалпы өнімін және түсімін молайтып отырды.

Мал шаруашылығы
Қарлагта мал шаруашылығын дамытуға қолайлы 104638 га жерді алып жатқан көлемді табиғи мал жайылымдары болды. 1931ж. бұл жерлерге ауқатты қазақтар мен «кулактарға» жатқызылған еуропалықтардан тәркіленген 25 мың бас мүйізді ірі қара мал және 19 мың бас қойлар жеткізілді. 1934ж. Қарлаг мүйізді ірі қара малдың санын 31194 басқа, қойдың санын 80873 басқа жеткізіп, 6639 бастан тұратын шошқа шаруашылығын құрды. Өз тәжірибелік базасы бар ғылыми-зерттеу стансасы ұйымдастырылды. Тұрақты түрде тұқым асылдандыру жұмыстары жүргізіліп тұрды. Мүйізді ірі қара малдың «қазақтың ақ бас сиыры» атты жаңа тұқымы шығарылды. 1941ж. бастап еті семіз, терісі тон тігуге жарайтын қой шаруашылығын дамыту қолға алынды. Қарлаг бойынша ет және жүн тапсыру жоспарлары үнемі артығымен орындалып отырды. Мүйізді ірі қара малдың саны 1932ж. 16603 бастан 1951ж. 31400 басқа, тиісінше қой-ешкі саны 26293 бастан 267728 басқа, жылқы саны 250 бастан 12818 басқа, түйелердің саны 145 басқа, шошқалардың саны 444 бастан 14337 басқа ұлғайды. Сонымен қатар, Қарлаг әскерді мініс аттарымен қамтамасыз етіп тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары Қарлаг Орталық Қазақстандағы мал шаруашылығының негізгі базасына айналды.
Карлагтағы ғылыми-зерттеу жұмыстары
Залда ғылыми зертхананың инсталляциясы көрсетілген. Қарлаг тұтқындары пайдаланған өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы құрал-саймандар және балауыз бен гипстен сомдалған жұмыс істеп отырған ғалымның мүсіні қызғылықты жәдігерлер болып есептеледі. 
Қарлагта ауылшаруашылығы саласының ірі мамандары жиналды. Олар топырақ жамылғысын зерттеп, топографиялық, гидротехникалық, ботаникалық, метеорологиялық және басқа да зерттеулер жүргізді.
Топырақтану саласының ғалымдары мен геоботаниктердің отрядын профессор С.А.Захаров басқарды. Геоботаникалық жұмыстармен Н.К.Магницкий, Л.А.Пельцих сияқты ірі маман-ғалымдар шұғылданды.
Кейіннен, 1931 жылы базасында жаңа ірі ІІХК Қарлаг концлагері құрылған «Гигант» кеңшарының тәжірибелік және зертханалық жерлері 1938 жылы ІІХК Қарағанды кешенді ауылшаруашылық стансасына бірікті. 
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 1941 жылы дәнді және жемазықтық дақылдардың 43 жаңа түрі шығарылды, олардың ішінде 33 түрі дәнді дақылдар, 10 түрі жемазықтық дақылдар еді.
Өте қысқа мерзімде осындай мардымды жұмыстардың атқарылуы таңданарлық іс емес-тін, өйткені Қарлагқа ең тәуір мамандар мен ғалымдар тұтқындалып жеткізілген болатын.
Қарлаг басқармасының жанынан көптеген тәжірибелік (сұрыптау) базалары бар мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу тәжірибелік стансасы құрылған болатын.
Қарлагтың ғана емес, бүкіл елдің мал шаруашылығының дамуына мал шаруашылығы ҒТС (ғылыми-тәжірибелік стансасының) бастығы Борис Константинович Фортунатов, ұрықтандыру ісінің бас инспекторы профессор Алексей Михайлович Диомидов, ветбакзертхананың директоры Райнольд Арнольдович Цион, селекционер-ғалым Анна Владимировна Ланина және басқа да көптеген даңқты тұлғалар зор үлес қосты. 
Аталған адамдар лагерьдің жағдайында ондаған жас мамандарды тәрбиелеп, оқытып шығарды, тап осындай адамдардың алдында Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымы борышты.
Бұл адамдардың еңбегінің арқасында Орталық Қазақстанның даласының жаңғыруы басталды, тікенді сымның аржағында өмір кешкен олар ауылшаруашылығы ғылымын нысаналы бағытта дамытып, болашаққа жұмыс істеді.
Тұтқында болған зерттеуші ғалымдардың еңбектері аталған жұмыстармен ғана шектелмейтін-ді. Олар ұзақ уақыт автокөліктердің, тракторлардың және мұнаймен жұмыс істейтін ауылшаруашылығы қондырғыларының жылжымалы газогенераторлары үшін қоңыр көмірді газдандыру зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сұйық отынның тапшылығына байланысты, біршама мемлекеттер оны суррогаттармен айырбастау жолдарын іздеген болатын. 
Қарлагтың тұтқын ғалымдары ауыл шаруашылығында газогенераторлық қозғалтқыштарды қолданысқа енгізіп, бензиннің орнына қоңыр көмірді пайдалану мүмкіндігін зерттеумен шұғылданды. Ол үшін ІІХК Қарлагі өз шаруашылығында газогенераторлық тәжірибелік моторлық стансасын (ГТМС) ұйымдастырып, оны білікті мамандармен қамтамассыз етті және ұзақ уақыт бойы қоңыр көмірді (Қарағанды көмір бассейінінен) автокөліктерге, тракторларға, мұнаймен жұмыс істейтін қозғалтқыштарға пайдалану жөнінде мемлекеттік зор маңызы бар жұмыстар жүргізді. Бұл жұмыстармен 1934 жылы профессор Карташев, Лилия Пальмен және Михаил Цителев шұғылданды.
Қарлагта тағы да лагерь басқармасының күрделі жөндеу бөліміне бағынышты жобалау-конструкторлық бюросы жұмыс істеп тұрды. Оның жетекшісі профессор Ф.И.Леон-Леонов болды. 
Қарлагта отырған әлемге танымал Нобель сыйлығына номинант биофизик және гелиобиолог академик Александр Леонидович Чижевский лагерь тұтқынынан құтылғаннан кейін де көп жылдар бойы Қарағандыда өмір сүрді. Лагерьде ол аэроионификация мәселелерімен шұғылданды. Тұтқыннан босатылғаннан кейін Чижевский өзінің аэроионификация тәсілін кеншілер ұжымдарына ойдағыдай қолданып жүрді.
Тұтқыннан босағаннан кейін де, ғылымның әралуан салаларындағы жетістіктерімен мемлекеттің абыройын көтерген, дүние жүзіне белгілі атақты ғалымдар айдауда жүргендер болып есептеліп, комендатураға ай сайын келіп, белгі соқтырып тұрды. КОКП ХХ сиезінен кейін олардың басым бөлігі Қарағандыдан көшіп кеткенімен, артында көптеген ізбасарлары мен дарынды шәкірттерін қалдырды.

Карцердің, жалпы камералардың, тергеу кабинетінің,
лагерь ауруханасы бөлмесінің инсталляциялары.
Мұражайдың шығыңқы ірге қабаты тұтқындарды қамауда ұстау режімін, оқшаулау бөлмесі мен аурухана бөлмесінің жағдайын, тергеуге дейінгі және тергеу процестерін бейнелейтін экспозициялық мазмұны ерекше жер.
Карцер, әйелдерге, еркектерге арналған жалпы камералар, тергеушінің кабинеті мен аурухана палатасы, атуға апара жатқан тұтқынның мүсіні мұражайды аралаушыны көрермен етіп қана қоймай, өздерін инсталляцияның бір бөлігіндей, тұтқындардың жаны мен тәнінің ауырғанын, қайғы мен қасіретке толы қабырғаларының назасын сезінетіндей күйге ұшыратады.

№5 саяси қуғын-сүргін залы
1937 ж. партияның ОК Пленумында Сталин социализмге қарай жылжыған сайын тап күресі шиеленісе береді, деген тезис ұсынып, билік саясатына қарсы болғандармен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Бұл тезис жаппай қуғын-сүргін шараларын ұйымдастыруға негіз болды. «Революцияға қарсы барлық істердің айыптаушысыз және қорғаушысыз қаралатыны» туралы құжат жарық көрді. Айыбы жоқтық презумпциясы принципі еленбейтін болды. КСРО бас прокуроры А.Я.Вышинский айыпталған адам қылмысын мойындаса, ешқандай кінәсіздігі туралы дәлелдің керегі жоқ, деп мәлімдеді. Нәтижесінде, миллиондаған адамдар жазықсыз жазаланып, өлім жазасына кесілді. Қазақстанда 1937-38жж. 160 мың адам репрессияға ұшырады. Қарағанды облысында 6288 адам жазаланып, олардың ішінде 1495 адам атылды. 
№5 залда өткен ғасырдың 30 – 40-шы жж. репрессияға ұшыраған қазақ халқының небір аяулы азаматтарының, алаш партиясының мүшелерінің, мемлекет қайраткерлерінің, ақындар мен жазушылардың суреттері мен құжаттары бейнеленген.

 
nazgulnaz
8 января 2013, 14:20
1367

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 7802
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 8170
  • 66
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5866
  • 20
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4361
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4949
  • 88
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
вчера / 17:21
  • 3666
  • 63
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3403
  • 15
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09
Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

В Гоа я не первый раз. Очень многое знаю. Минус такой путевки только в том, что вы не сможете выбрать пляж и отель, но за такие смешные деньги – какая разница. Гоа – это не Индия.
fima
2 дек. 2016 / 11:32
  • 3300
  • 25