Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:14, 24 декабря 2012

Америкалықтар Путиннің АҚШ-қа келуіне тыйым салуды ұсынуда

Америкалықтар «Магницкий» тізіміне, яғни АҚШ-қа келуге тыйым салынған ресейлік шенеуніктер қатарына Ресей Президенті Владимир Путинді де енгізуді,  талап етуде. Шамамен 4 мың адамға жуық адамның қолы қойылған осындай петиция АҚШ Ақ үйінің сайтында жарияланған. Америкалықтар егер Ресей басшысы АҚШ азаматтарының бала асырап алуына тиым салатын заңға қол қоятын болса осындай шара қолдануды ұсынуда.

Blog post image

Даудың басы 2009 жылы қараша айында тергеу алдындағы абақтыда Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитскийдің қайтыс болуынан басталған еді. Бұл оқиға Ресейдің өзінде де, Батыста да үлкен шу тудырған. Батыс саясаткерлері заңгер биліктің қиянатынан өлді деп санады. Осыған байланысты АҚШ-та сенатор-демократ Бенджамин Кардин заң жобасын ұсынып, артынша С.Магнитскийдің өліміне қатысы бар деген лауазымды тұлғалардың АҚШ-қа келуіне тыйым салынды. Оларға бірқатар санкциялар белгіленді. «Магнитский заңы» деп аталған осы құжат АҚШ-та осы айда қабылданған болатын.
Бұл заң Ресейде үлкен дүрбелең туғызып, жақында РФ қарымта заң ойлап тапты. Ресей мемлекеттік думасы үшінші қаралымында "Дима Яковлев заңын" қабылдады. Заң жобасы ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салып, "ресейліктердің құқықтарын бұзды" делінген кез-келген ел азаматтарына қатысты шаралар қабылдауды қарастырады.

Қ.АХМЕТОВ

 
0
169
0