Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:47, 20 декабря 2012

МӨҢКЕ БИДІҢ ТҮСІ

Blog post image

Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады.
-Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шық-ты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, — дейді Мөңке би. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады. Бірақ, ол би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді… Сонда да айтайын, — дейді. — Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: «40 ат дегеніміз — мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен; 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны — 30 күн ораза ұстамайтын заман туады екен; 5 аттың төртеуі келмей, біреуі келгені — бес уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді екен; қасқырдың шықканы — кісінікін тартып алып, ұрлап жейтін зорлықшыл заманның туатыны шығар; Түлкі шықканы — алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян шыққаны — ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман болар». Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы: — Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді депті.
0
11336
0