место в рейтинге
  • 52891
  • 50
  • 17
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әлемнің әр түкпірінен Жаңа Жылдық құттықтаулар

Білім алу мақсатында шетелге аттанған әрбір азамат туған жерін, елін, өз үйін сағынатыны айдан анық. Білімге ұмтылған қазақ жастары сондағы әр түрлі студенттік топтамаларда белсенділік танытып жүр. Мысалы, Сеулдегі отандастарымыз осы жылдың 29 қыркүйегінде құрылтай өткізді. Сонымен қатар, бір-біріне көмектерін аямай, елімізді түрлі көрмелерде әлемге танытып, Қазақстанның мерекелелерін бірге қарсы алуда.

 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шетелде оқитын қазақ студенттерінің топтамалары интернет арқылы байланысып, арнайы бір ортақ видеоны дайындады. Видеодан Токио, Дублин, Ванкувер, Стамбул, Анкара, Мәскеу, Санкт-Петербург, Лондон, Альбукерке және Вашингтон студенттерінің еңбектерін тамашалай аламыз. Атап айтқанда, отандастарымызға жолдаған ізгі тілектері мен оқудағы қызықтарынан үзінділері.

 

Жанна:

« - Жапонияда не істеп жүрсің? 
Осы сұрақты маған жиі қояды...
Жапонияға оқуға келдім. Бүгінгі таңда Токио қаласындағы Васэда университетінде «Әлеуметтік ғылымдар» саласы бойынша докторантурада оқимын. Ал Жапониядағы алғашқы оқу жылым Нагасаки университетінде-ақ басталып кеткен. Онда экология саласында білім алу үшін келдім. 
«Қоршаған ортаны қорғау» атты жалпы ұғымның ішінен өзімнің зерттеу аямды табу мен үшін басында қиындық туғызды. Неше түрлі сабақтарға қатысып, әртүрлі мұғалімдердің дәрістерін тыңдап, ой елегіне салып, он ойланып қоршаған орта экономикасын таңдадым. Әйтпесе, экология менеджменті ішінде, айта берсең, саласы көп. Мысалыға, әртүрлі тәуекелдерді бағалау, бақылау, басқару, ресурстарды үнемдеу салалары немесе қалдықтарды қайта өңдеу және т. б. 
Қоршаған орта экономикасының ішінде Heritage Valuation немесе Cultural valuation бағытын таңдадым. Басқалай айтқанда, мәдени мұралардың экономикалық бағасын шығару болып табылады. Ал қазіргі зерттеу тақырыбым Юнеско қарамағындағы әлемдік мұрағаттар тізіміне кіретін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қатысты.
Жапонияда қоршаған орта экономикасы соңғы кездері қарқынды дамуда. Әсіресе, парктер, ұлттық қорықтар секілді нысандарды бағалау жағы көңілден шығады. Алайда мәдени мұраларды бағалау әлі де дамытуды қажет етеді. Бүкіл әлем бойынша осындай мысалдарға тап бола бермейміз, негізінде. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасарда құндылығы болса да, экономикалық бағасы жоқ (мүмкін емес) нысандарды бағалау өзіме қызық боп көрінді.
Айтпақшы, менің оқып жатқаным – Жапония білім министрлігі MEXT, не болмаса Monbukagakusho гранты. Жыл сайын жаз айларында жапон елшілігінде құжаттар қабылданып, өз салаңа қатысты жоспарлар тапсырылып, артынан жапон және ағылшын тілдерінен емтихандар алынады. Ақпараттарды жапон елшілігінің ресми сайтынан көруге болады».

 

Олжас Асқар:

« - Сәлем!

Есімім Олжас. Ақтөбелікпін. Қазір Түркияның Стамбул техникалық университетінде оқып жүрмін. Түркиялықтар түркі тілдес халықтарға ерекше мүмкіндіктер беріп, оқытуға әзір. Солардың біреуін мен де қолдандым. Стамбул – үлкен, тарихы бай қала. Осы жерден тәлім алармыз деген ойдамын.
Қалада үш жүзден астам қазақ студенттері оқиды. Апта сайын жиналып, көрісіп тұрамыз. Ал Тәуелсіздік күні, Наурыз сияқты үлкен мерекелер кезінде Түркияда оқитын барша қазақ студенттері болып жиналып, осында концерттер, аяқдоп жарыстарын ұйымдастырамыз. 
Бос уақытымда гитара тартып, Kazakh Polyglot -https://www.facebook.com/KazakhPolyglot - атты видеоблогымды жүргіземін

 

».

Рабиға Ғаппарова:

« - Басқа елде оқу мүмкіндігіне ие болып, алғаш рет шетелге шыққан жас буын өкілдерінде қуаныш пен қорқыныш сезімі қатар жүреді. Өйткені, елден жырақта болу, жаңа жерге дағдылану, тіл бөгетінен өту әрине қиын процесс. Ал сол елдің тілін жақсы меңгеріп, халқына, тағамына, ауа райына үйреніп, жаңа достар тапқаннан кейін бәрі оңай бола бастайды. Сол елге қалай бауыр басқаныңды білмей де қаласың. Ал қалаған мамандық бойынша шетелдік білім жүйесінде оқу – әрбір жастың арманы. Сондай арманға қол жеткізген жастың бірі мен боламын.

Менің TCS бағдарламасы бойынша ‘’Халықаралық қатынастар’’ мамандығына магистратураға түсуім кездейсоқ болды. Достарымның айтуы бойынша құжаттарымды тапсырдым. Сөздің шыны керек, Түркияда оқу грантын ұтып аламын деп ойламадым. Маған берілген мүмкіндікті пайдаланып, ескі Осман империясы жерінде, дәлірек айтсам, Анкара қаласында 3 жыл оқыдым.

Анкарада жатақханаға келген алғашқы күніміз есімде. Түнгі сағат екі, ешқайсымыз түрік тілін білмейміз. Әйтеуір, бір қазақ қызының көмегімен бәрімізге бөлме берілді. Ертесіне студенттердің өкілі келіп, құжаттарымызды реттеуге көмектесті. Кешкісін бөлмедегі түрік қыздарға «Тостаған қайдан аламыз?» деп сұрадық, ал олар түсінбеді. Біз тостаған десек, олар «bardak, bardak» дей береді. Ақырында біздің тостаған олардың «bardagı» екенін түсіндік. Бір күні сабақта мұғалім «аялдама» деген сөзді «durak» дегенде әбден күлген болатынбыз. Ал лифтқа мініп, есік жабылып жатқанда сырттан келе жатқан қыздар «asansör» деп айқайлайтын. Оны біз «Асан» деп еститінбіз. Содан соң өзімізге «Неге Асан дей береді?» дейтінбіз. Сөйтсек, «asansör» сөзі «лифт» дегенді білдіреді екен. Осылайша 2-3 ай қиналып, түрікшені де меңгеріп алдық.

Түрік ағайындардың «Қай жерденсің?» деген сұрағына «Қазақстаннан» дегенімізде, “Біз бауырмыз, біздің аталарымыз Орта Азиядан келген’’ деп бізді жақын тартатын. Қол ұшын беруге әрдайым дайын тұратын, әрі кішіпейіл болатын. Сондай-ақ, бір жұмыс істеп жатқанда міндетті түрде «Ісің оңай  болсын!» деп айтатындары маған қатты ұнады.

Оқудан тыс «Йассауи» атты өнер тобының оркестрінде домбыра тарттым. Түркияда оқитын жан-жақтан келген өнерлі жастардан құрылған топпен жан-жағын төрт теңіз қоршаған, өте керемет табиғатқа ие елдің көптеген қалаларына концерттік бағдарламалармен баратынбыз. Бөтен елде жүріп қазақтың қара домбырасын, өнерін таныту керемет сезімге бөлейтін.

Осылай үш жыл зымырап өте шықты. Бұл елде өз саламда білімімді арттырумен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі ұлт өкілдерімен дос болып, олардың мәдениетімен жақын таныс болу мүмкіндігіне ие болдым. Ол жерде өткен жылдар – мен үшін ұмытылмас естеліктер».

Элина Семиречева:

«-Сәлем!

Мен Санкт-Петербургте, транспорт университетінің  үшінші курсында оқимын. Менің мамандығым – темiр жол саласындағы экономист-менеджер. Темір жолға деген құштарлығым ертеден оянған. Болашақта темір жол саласында жұмыс істегенді қалаймын.

Санкт-Петербург қаласы мұражайлар мен керемет адамдарға толы.  Мен осы қаланың барлық қызықты жерлерін аралауға тырысамын. Театрларға, мұражайларға, әдеби кештерге барып тұрудан бастадым. Оқу үлгерімім жақсы, университет өмiрiне белсене қатысамын. Арқа сүйер достарым да көп. Қазақстан туралы оларға көп айтамын. Мен оларға мәнтіні және бешбармак дайындауды үйреттім. Мен Отанымды жиi еске аламын. Санкт-Петербургте ауа райы жаңбырлы, суық жел соғып тұрады. Осындай сәттерде мен өз туған өлкемді, ыстық Шымкентті  сағынамын. Оқуды бітірген соң қайда барарымды әлі білмеймін. Бір білерім, Қазақстанды мәңгі сүйіп өтемін!!!»

Руслан Әділгереев:

« - «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» – дейді қазақтар. Иә, осы сөздермен жүз пайызға келісем. Кезінде, Қазақстанда жүргенде туған жер болып маған тек Ақтөбе өңірі көрінетін. Дегенмен, қазіргі уақытта шет елде жүргесін бе, барлық Қазақстан туған жерімдей. Пах, шіркін! Ұшақтан түсе сала көкірегіңді керіп, дем алдыратын Алматының ауасы-ай! Жылы өңірде жүргесін бе, тап сол сәтте Алматының ауасы бейне бір сақырлаған Сталинградтікіндей көрінеді. Тап сол кезде қуанышымда шек жоқ. Тіптен өмірі қабақтарына кар жауып жүретін аэропортта жүрген қазақтарды бауырым деп, құшақтап алғың келеді...

Менің есімім Әділгереев Руслан Рахманұлы. АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы Альбукерке қаласында білім алудамын. Білім жүйесі мен оқу жағы, Қазақстанмен салыстырғанда, жер мен көктей. Сондықтан шығар, кей кездерде өте қиын. Дегенмен, әке-шешемнің абыройын түсірмеудің жолын іздеп, барымды салудамын. Туған елім, Қазақстанымды қатты сүйемін де, әр кез сағынамын. Қазы-қарта, жал-жая, шұбат-қымызсыз алты айдан көп шыдай алмаймын деп ойлаймын. Сондықтан еліме жылына екі рет қатынауға тырысамын.

Тәуелсіз елім, егеменді Қазақстанды алдымызда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтағым келеді! Еліміз әрқашан осы қарқынмен дами берсін! Әрқашан еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Желбіреген көк туымыз әрқашан тек биіктерден көріне беруіне тілектеспін. Ал сол туды биікте желбірету біз секілді қазақ жастарының еншісінде екеніне сенімдімін».

 

Автор: Амина Өтеген

Редактор: Ғабит Байғұтов

*** *** aminautegenova
18 декабря 2012, 17:22
14012

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
24 марта 2017 / 17:54
  • 81804
  • 75
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6358
  • 52
Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 5446
  • 42
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4468
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 3986
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4168
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3141
  • 31
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2674
  • 59