Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
22:02, 11 декабря 2012

«Қазақ елі осындай» (текст)

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай әріптестеріммен патриоттық әндер тізімін жасамақшы болып едік. Байқағанымыз, әндердің көбі мұңлы, бірақ қазіргі әнгіме ол туралы болмайды... Көңілді ән деп Маржан Арапбаеваның орындауындағы "Қазақ елі осындай" бірауыздан танылды. Әнді тауып алдық, ал әннің мәтіні еш жерде жоқ болып шықты. Сондықтан... жұмыстан кейін үйге барған бетте сөздерін қағазға түсірдім:

Қазақ елі осындай

  1. Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме,

Кең өлке - Сарыарқасы,

Береке, дән алқасы.

Мереке, ән алқасы.

 

Арайлы, алтын таңдары,

Жайдары жарқын жандары.

Азғарлы арманы бар,

Аспанды таулары бар,

Бақшалы баулары бар.

 

Қайырмасы:

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ елі осындай!

 

2.  Алатау, Алтай арасы,

Еділ мен Ертіс саласы,

Үстірт пен терістігі,

Көрінбес кемістігі.

Қиырсыз кеңістігі.

 

Даламдай дархан пейілді,

Анамдай артқан мейірі,

Біртұтас халқымыз бар,

Мызғымас қалпымыз бар.

Әлемге даңқымыз бар!

 

Қайырмасы.

 

3.  Көгінде күлген ай, күні

Шалқыған шалқар тау-қыры

Сарқылмас кеніміз бар,

Айтулы көліміз бар,

Айбынды еліміз бар!

 

Қайырмасы.

Blog post image

 

Өкінішке орай, әннің авторларын да білмейміз. Білетіндер комментарий қалдырып, бөліседі деген ойдамын :)

 

Айнура Сугурбаева

@ainurasat

 

Photo by @hell_desinger

1