Тікелей эфир

«WiFi-25»: Біз жасандылықтан қашамыз

Соңғы айларда қазақ интернетін шулатқан бір видеожоба пайда болды. Бірі оларға тамсанып, көкке көтерсе, екіншілері сынап, жерге түсірді. Көңілді төрт жігіттен құралған тек қазақстандық интернет роликтерге шолу жасайтын «WiFi-25» интернет шоуы туралы құрушылардың өздерінен білуге тырыстық. Екпіннің бүгінгі қонақтары: Нұрмахан Мұханұлы, Нұржан Еркінұлы, Әбіл Есентай және Махамбет Бейбітшілікпен болған әңгімені алдарыңызға ұсынамыз.

— Сәлем, жігіттер! Алдымен қояр сұрағым: неліктен «WiFi-25»?

Нұржан: — Біріншіден, интернет жоба болғандықтан, уай-фай сөзін алдық.
Нұрмахан: — 25 жастамыз
Нұржан: — Иә, бәріміздің жасымыз сол 25-тің о жақ, бұ жағында.
Әбіл: — Олардыкі о жағында, біздікі бұ жағында.
Нұржан: — Ай-хай 25 бар ғой Тоқтар Серіковтердің, солай болайық деп, бірақ домбыра тарта алмағаннан кейін интернетте қалдық.
Махамбет: — Негізі одан басқа да 25-терге келтіретін мысалдар көп.

— «WiFi-25»-ті құру идеясы қалай пайда болды?

Махамбет: — Жай ғана отырып, «не істейміз?» дегеннен пайда болған.
Нұрмахан: Нақты оған бір оқиға түрткі болған жоқ. Біз мына үш жігіт (Нұрмахан, Әбіл, Махамбет) 5-6 жылдан бері Шымкент қаласының «Сөз тимесін» деген Квн командасында ойнағанбыз. Кейін Алматыға келген соң, Нұржанмен таныстық. Кез келген квн командасы болсын, шығармашылық адамдардың ойында телевизиялық жоба жасасақ деген ниет жүреді, сол ой бізді де мазалап жүрді. Бәрімізде телевизия саласында жұмыс істесек те, бірігіп бір дүние әкелгіміз келді.

Нұржан: Болашақтың бәрі интернетте болғандықтан, оның үстіне Қазнет дамып жатқаннан соң, біз де бір үлес қосқымыз келді. Сосын қазақ тілді видеолардың аз екенін байқадық, ал оларға шолу жасау деген жоқ десе болады. Неге жасамасқа деген ой келді.

Нұрмахан: Негізгі идеясы осыдан 1 жыл бұрын келген. Телевизиялық жоба ретінде ұсынып көргенбіз. Алайда телевизия басшылары оған дайын болған жоқ.
Нұржан: әлі де дайын емес.
Нұрмахан: Оларға «медийное лицо» керек. Біз әлі ондай емеспіз, бірақ интернет жобаның арқасында сондай боламыз деген үміттеміз.

— Ал бұған дейін белсенді интернет қолданушылары болдыңыздар ма? Блог жүргізбедіңіздер ме?

Әбіл: Иә, агентте көп отыратынбыз (күліп).
Махамбет: Арамызда негізі жаңа әлемге енген бірінші Нұрмахан болатын. Қолынан айпад түспей, ар жақ бер жағын бақылап жүретін.

Нұрмахан: Блог емес, ютубтағы каналымызға квн-нің, өзіміз жүргізген хабарлардың видеоларын қосып жүрдік. Негізінен, интернет жоба жасау туралы Нұржан ұсыныс тастады. Ал бізде біраз сенімсіздік болды. Оны кім көреді дегендей.

Нұржан: Интернетте өйткені бостандық көбірек. Мысалы, бізде телевизияда әлі де консерваторлар, ескі көзқараспен қарайтындар. Алып тастау, кесіп тастау, болмайды деген сияқты жағдайлар көптеп кездеседі. Мысал келтірсек, «Қазақстан» арнасында шашыңды көтеріп шығуың үшін де 2-3 кабинетке кіріп, рұқсат алуың керексің. Ал біз өзіміз би, өзіміз қожамыз.

— Бір жыл бұрын идея пайда болды, сонда бір жыл бойы дайындық болды ма?

Нұрмахан: Сол бір жылдың жарты жылы осы «WiFi-25» жобасын арналарға ұсынумен өтті. Продюсерлермен сөйлесіп, көрсеттік. Бәрі «иә, жақсы екен» дейді де, соңғы қорытындыға келгенде «сәл мынаны қоя тұрайық» деп кейінге ысыру көбейіп кетті. Ал идеямыз бойымызда тасып тұрғаннан кейін бірден болса екен деп, көп ойланып қайтеміз, камерамыз бар, интернетке қояйық деп шештік. Ең бірінші шыққан видеоны 3 ай бойы жасадық. Сценарий, материал бәрі бар, бірақ төртеуіміз төрт жақта жұмыс істейтіндіктен, бір жинала алмай, жүре бердік. Нұржан — «Еуропа+ Қазақстан»-да диджей, «Жарайсың» бағдарламасында диктор, «КТК» арнасында футбол комментаторы, Махамбет «Апорт» деген медиа компанияда (оутсорсинг) жүргізуші, редактор. Ал мен «Адам медиа групп» деген «Екі жұлдыз», «Қазақтың 100 әні», «Саған сенемін» деген жобаларды түсіретін компанияда редактор, сценарист, анда-санда режиссермін.

Әбіл: Ал мен вахталық жұмыстамын (күліп).
Нұрмахан: Әбіл бізде кәсіби фотограф.

— Сонымен алғашқы видеоларыңыз қашан пайда болды?

Нұрмахан: Жазда, шілденің 16-сы ютубта шықты

— Ал неліктен видеоларыңыз аз түсіріледі?

Нұрмахан: Оның бәрі уақытқа келіп тіреледі. Бас қосуымыз қиындау.

Нұржан: Сосын техникалық мүмкіндіктерге келіп тіріледі. Біз тек жақында ғана толықтай жабдықтарымызды алдық. Оның бәрі үлкен ақша екен. Қымбат болады деп ойламаппыз.

Нұрмахан: Өз қалтаңнан шыққаннан кейін де қиналып шығады екен (күліп). Жай ғана шығара салмай, сапалы шықса екен дегеніміз ғой.

— Түсірілім қай жерде болады?

Нұржан: «Купикупон» деген сервиспен де серіктеспіз, солардың офисында түсіреміз.

— Басқа да қанша серіктестеріңіз бар?

Нұрмахан: Негізі ағалық көмектерін көрсетіп жатқан кісілер көп. Квн ойнаған кезде көмектескен ағалар, мысалы. Ол кісілер көбінесе жарнама жағынан, әлеуметтік желілерде көмектеседі. Ағалық-інілік қолдау.

— Жақсы, мұның бәрі техникалық жағы, енді «WiFi-25»-тің ішкі мазмұнына тоқталсақ. Видеоларды қалай таңдайсыздар?

Нұржан: Төртеуіміз де үнемі видеолар қарап, әрдайым іздеп жүреміз. Олардың ішінен қызықты дегендерін көшіріп алып, бас қосып осылай шай ішіп отырған кезде таңдау жасаймыз. Ыңғайы келсе, бір тақырыптың аясында жасауға, топтастыруға тырысамыз.

Нұрмахан: дәл осы сіздердегідей диктафонымызды талқылау кезінде қосып қоямыз. Бірақ оны тыңдамаймыз (күліп).

— Цензура жайында сөйлессек. Сіздерді мүмкін тек студенттер не үлкен адамдар емес, мектеп оқушылары не ол жасқа толмаған да азаматтар көретін шығар. Көрермен алдында жауапкершілік сезінесіздер ме?

Нұржан: ең басында дисплейде 5 секундтық ескерту бар ол жайында.
Нұрмахан: Маған жеке өзіме хабарласқан адамдар болды, мысалы. Дәл сол ескертуді оқып, ары қарай көрмедім деген. Дұрыс дедім. Және де жақсылап байқаған адам, бізде тек бірінші видеомызда боқтық сөз бар екендігін байқайды.

Махамбет: Көбінесе жанамалап, басқа сөзбен ауыстырып жеткіземіз.
Әбіл: Шопақ.
Нұржан: Біз жасандылықтан қашамыз.
Нұрмахан: Кей адамдар өзінің болмысынан тыс әдемі сөйлегісі келіп, жақсы болып көрінгісі келеді. Біз сондай жасандылықтан қашу мақсатында, сол жасандылықты келеке ету мақсатында тікесінен жеткіземіз.

— Ал сыни пікірлерге қалай қарайсыздар?

Нұрмахан: Сынның да сыны бар. Қайрат Нұртасты тыңдамайтындар бар сияқты, бізді де ұнатпайтындар бар. Ол сынның бәрін тыңдап, көңіліңе ала беретін болсаң, одан еш нәрсе өзгермейді.

Нұржан: Нұрмаханның айтқысы келіп отырғаны: сын конструктивті болу керек. Шашың әдемі емес дегеннен гөрі, неліктен әдемі емес және де оның түзету жолдарын да айта кету керек.

— Ал видеоға түсіп қалған адамдар кейін реніштерін білдірген жоқ па?

Нұрмахан: Керісінше, хабарласып алғыстарын білдіріп жатыр. Динара Сатжан, Әнуар Нұрпейісов, Сон Паскаль, соңғы шыққан ДиАнар.

Нұржан: Тағы бірі, атын айтпай-ақ қояйық, біз көрсеткен бір бейнебаянның режиссері хабарласып, менің тағы да бір клипімді көрсетіңдерші деп ұсынған сәт болды.

Нұрмахан: Әзіл арқылы өз көзқарасымызды жеткіземіз ғой. Көбісі бізге: сендер Динара Сатжанды кәдімгідей сынап тастапсыңдар ғой дейді. Динара Сатжанның өзі кездескен сайын бізге алғыс айтады. Сондай-ақ твиттерде Сон Паскальмен ұзақ әңгіме болды.

Әбіл: жартысын түсінбедік, бірақ (күліп).

Нұржан: Сон Паскаль «мен әніммен қазақтар қазақша сөйлей алмайды деген жоқпын, барынша өз тарапымнан насихаттағым келді» деп ақталған кезі болды.
Нұрмахан: Ол кісіге «сені мына жерде мазақтап жатыр» деп дұрыс жеткізбеген болу керек. Ол мәселені анық-қанығына жеткеннен соң, өзі «рахмет жігіттер, мен өзім музыкант болғаннан соң, революция жасайын деп емес, жай өзімнің көзқарасымды білдіру мақсатында шығардым» деді, бізде де жай ғана сондай көзқарас білдіру.

— Жобаның мақсаты қандай сіздердің ойларыңызша?

Нұрмахан: Біздің төрт эпизодымызды жібермей көріп келе жатқан көрермен оны байқады деп ойлаймын. Біз агрессиялы сыннан гөрі, әзілмен шымшып қана өтуді жөн көреміз.

Нұржан: Мысалы, Құдайберген Бекіш бейнебаян түсірді: баяғы заманда біреулер қылыштасып жатыр, соның біреуі джинсымен жүгіріп жүр, мысалы, сондай келеңсіздіктерді ешкім айтып жатпаған соң, айтатын біреу болсыншы дедік.

Махамбет: Әзілдің де өз мақсаты бар. Адам бойындағы келеңсіздіктерді не болмаса біреудің төмен кәсіби деңгейін сынауды ирония, сарказммен емес, таза юмормен жеңіл ғана жеткізу.

Нұрмахан: Жеке басқа өтпейміз. Қоғамда өзінің жұмысын көрсетіп жүрген адамдар болғандықтан, олар оны қабылдай білу керек. Түсіну керек. Олар, мысалы, көрсін деп жасайды. Біз көреміз, күлеміз, сосын оны көрсетеміз.

Нұржан: «ДиАнар»-дың қыздары жақында жазып жатыр: «кәсіби адамдармен жұмыс істеп жатырмыз, жақында жаңа жұмыстар ұсынамыз» деп.

Нұрмахан: Ең бірінші эпизодқа шыққан Шәмші Дүкенбаев деген Асан Пердешовтың клипінде судың ортасында жүрген жігітті көрсеттік қой. Сол Шәмші содан соң сапалы бейнебаян түсіріпті. Режиссердің өзі хабарласып, «көріңдер, біз тағы түсірдік» деп жатыр. Біз олардың өзгергеніне қуандық.

Қазірде әншілер мен өздерін көрсеткісі келетін адамдар үшін телевизия мен интернеттің қатты айырмашылығы болмай тұр, өйткені олар тек көрінсем, шықсам деп тұрады. Бірінші мақсат — қазақ тілді видеолар аясын кеңейту. Өйткені бізден кейін «біз де осындай шоу жасасақ қарсы болмайсыңдар ма» деген хаттар келді. Басқалардың да қызығушылығы туғанына біз қуандық.

— Егер болашақта сіздерге сол тележоба жасауға шақырса, интернеттен кетесіздер ме?

Нұрмахан: Дәл «WiFi-25» интернет жоба болып қала береді. Егер телекомпаниялардан ұсыныс түссе, олардың форматына лайықты басқа жоба дайындаймыз.

Махамбет: Алғашқы туындымыз болғандықтан, оны толығымен тоқтатпаймыз деп ойлаймыз.

— Алдағы видеолар туралы айта аласыздар ма?

Нұржан: Бүгін таңғы алтыға дейін бір эпизодты түсіріп болдық. Уақыт тығыздығынан түнде жиналып түсірдік.

Әбіл: Тақырыбын айтсақ бола ма (күліп)?

Нұрмахан: Бұл сұхбат қашан шығатынына байланысты.

— Сұхбат мүмкін 1-2 аптадан кейін...

Әбіл: Та-дам, онда тыңдаңыздар: соңғы эпизод «Агент» деп аталса, келесі эпизод — «Баян апай». «Қазақ қыздарыыы» (күліп).

— Уайфайды енді біраз ысырып, жалпы Қазнет жайлы сөйлессек, сіздердің ойларыңызша, ол қандай деңгейде?

Нұржан: Прогресс өте жақсы. Блогерлер құрылтай өткізіп, бас қосып жатқаны қуантады. Оған өз үлесімізді де қосуға әрқашан дайынбыз. Бір жақсы жері, Моймирдан басқа сайттарға көшіп жатыр. Твиттер, фэйсбукты пайдаланып жатыр қазақтар. Тағы бір айта кететін нәрсе, біздің негізгі аудиториямыз твиттер, фэйсбуктың белсенді қолданушылары. Біздің көрсетілімдер сондықтан аз болып жатыр.

Махамбет: Өйткені онымен орнықты отырып, біраз айналысатын адам болса, кәдімгідей көрсетілім жинауға болады. Онымен айналысатын адам жоқ.

Нұрмахан: Таза энтузиастпыз ғой. Идеялар тасып жатыр, бұл соның бір көрінісі.
Әбіл: Бұл біздің үлкен идеямыздың кішігірім ғана бөлігі ғой (күліп).
Нұржан: Иә, айтпақшы, алдағы уақытта тағы бір жоба шығады. Ол да интернет жоба, бірақ «WiFi-25»-тен басқаша. Онда да әзіл болады. Осы төртеуміз және тағы бір адам қосылады. Жоспарлар осындай. Қызықты қазақ видеолары көп болса екен дейміз. Өйткені қазақша видеоларды қарасаң, көбінесе теледидардан көрсетіп кеткен бағдарламаларды жүктеп қояды және бейнебаяндар. Таза интернетке арналған жобалар жоқтың қасы.

— Интернет жобаның пайдасы бар ма?

Нұрмахан: Негізі жақсы табыс алып келеді. Қаржы бөлетін адамдардың қазақ тілді жобаларға қызығушылығы мен көзқарасы жақсы болса.
Нұржан: Қысқаша айтқанда, интернетте ақша көп. Бірақ дәл қазір біздің мақсатымыз ақша емес. Егер ақша дей берсек, біз шығармашылықтан, айтатын ойымыздан айырылып қалуымыз мүмкін.

— Сонда қазір де уайфайдан ақша тауып жатқан жоқсыздар ма?

Нұрмахан: Жоқ, тек қана резонанс тудырдық. Мақтаған сайын, түсіріп жатырмыз (күліп).

— Түсіруші, монтаждаушы өздеріңіз бе?

Нұржан: Иә, үшеуміз кадрда тұрсақ, төртіншісі камераның алдында тұрады. Не болмаса, rec-ты басып қоямыз. Сосын шетке шығып кетпедік пе деп тексереміз.
Бізді көбісі идеяны ресейлік +100500-тан алды деп жатады, ал негізі жобаны жасар алдында біз осы жанрдың негізін қалаушы Ray William Johnson-ның (Нью-Йорктың комедиялық видеоблогері) «Equals three»-ін көргеннен кейін, соған хат жазып рұқсат сұрағанбыз.

Нұрмахан: Қазір ешкім де велосипед ойлап тауып жатқан жоқ. Ойлап таппайды да. Өйткені бәрі де Батыста шығып қойған форматтар. Еуропаның барлық елінде таралған осындай жобалар. Ресейдің өзінде 100-ге жуық. Қырғызстанның өзінде де бар екен. Жалпы бастар алдында, біз мүмкін Қазақстанда бар шығар деп іздеп көрдік. Бір жігітті тауып алдық, бірақ ол жігіттікін көргеннен кейін, істесек болмайды дедік (күліп).

Нұржан: Біз таңдап алатын видеолар тек қазақстандық. Басқа шолушылар көбінесе әлемдік видеоларды алады, ол әрине оңай. Ютубтағы ең көп көрілген видеоларды ала салады көбінесе.

— Айтпақшы, видеоның қаралым саны қандай?

Нұрмахан: 6000 үстінде. Бірақ қазірде жаңа канал ашайын деп жатырмыз, өйткені видеолар жан-жаққа шашырап кетті. Басында жай ғана аша салғаннан кейін, мен өзімнің каналыма салған болатынмын. Ал енді оның бәрін өшіріп, «WiFi-25» деген жеке канал ашамыз. Өйткені сол көрсеткіштерді көру өзімізге де қызық. Бірақ басында үлкен көрсеткіштерді күтпедік те, қазақтар интернеттен видео көргенде ешқашан жалғыз болмайды, «ей, келсеңдерші» деп 5-6 адамды шақырып, топтасып отырып көреді деп өз-өзімізді жұбатып қоямыз. Әскерден хабарласқан жігіттер болды: ноутбукты ашып қойып 20-30 адамдай көріпті. Демек 1 көрушіні 20-30-ға көбейтсек, 30 мыңның үстінде жүрміз қазір (күліп).

Әбіл: Қара, қара, мына жерде боқтапты деген шығар (күліп).

— Ол да көрермен тартудың бір тәсілі шығар...

Нұрмахан: Иә... біздің мақсатта сол болды ғой. Алдымен тартып алып, ақырындап өзімізбен жетектеп әкету.

Нұржан: Тәрбие жағын айтатын болсақ, біз біреуді тәрбиелейміз деп ешқашан міндеттеме алған емеспіз. Мүмкін кейбіреулер бізді тәрбие беретін үлкен шоу деп қабылдаған шығар. Алайда қазірде әрбір эпизодта кішкене болса да бір ой тастауға тырысамыз.

Нұрмахан: Мысалы, Сон Паскальда қазақ тілін айтсақ, тағы біреуінде қазақ қыздары қандай болуы керек жайлы. Тағы біреуінде танымалдылыққа құмарлық жайлы қозғап кеттік.

— Сынап жатқандар көбінесе үлкен буын шығар?

Нұржан: Жоқ. Қазіргі кезде интернетте публикаға ойнау деген кең тарап кетті. Комментаторлар бұрыннан тәрбиелі, ондай сөздерді бұрын-соңды естімеген, мешітте өскен адам сияқты жазады. Жақсы көрініп қалу деген жасандылық індеті бар.
Нұрмахан: Үлкен кісілер тарапынан керісінше нақты ұсыныстар түседі.
Нұржан: Коммент жазушылар негізі екі типке бөлінеді: біреу үшін жазатындар және өзі үшін жазатындар. Қазірде бірақ бізді қорғайтын кәдімгідей армия пайда болып жатыр. Біз туралы жаман айтса, жұлып жеуге дайын адамдар бар. Бұған біз қуанамыз.

Нұрмахан: Біз видеода қандаймыз, өмірде де сондаймыз. Өтірік образ жасап алған жоқпыз.

Нұржан: Бәрі көбінесе импровизациямен кетеді. Махамбет алдын ала тезистерін жазып қояды. Бірақ сонда да сценариймен емес, камераны қосқан кезде жақсы әзілдер шыға береді.

Сұхбаттасқан Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
10 желтоқсан 2012, 14:42
4440

Loading...

Пікірлер

Жақсы сұқбат сияқты кеште асықпай оқып көремін :)
"Бірақ дәл қазір біздің мақсатымыз ақша емес. Егер ақша дей берсек, біз шығармашылықтан, айтатын ойымыздан айырылып қалуымыз мүмкін."

Міне, болар баланың, өсетін баланың жауабы :)))

Ақша үшін шығармашылықпен айналыссаң, жақсы болмайды, шығармашылық үшін ақшамен айналыссаң, жақсы боладыыыы :)
О! Жарайсыңдар! Әлі талайлар мойындайтын болады))
Жұлып жейтіндер деп екеумізден бастап айтқан шығар, иә? ))))))))
Жарайсыңдар жігіттер сы беттеріңнен таймаңдар.Алар белестерің әлі алда!!
Сұхатты да осылай күлкілі етіп тастапты ғой)))
Прям жан-тәнімен беріліп талқылағансыңдар ма? ))) Суретте сермеген қолдар ұшып жатыр)
ПС. Әбіл сондай салмақты болып кетіпті суреттерде)
иә, сұхбаттың алыну процесі де өте күлкілі, қызықты болды:) әр жігіттің мінезін де біршама байқап қалдық: Нұрмахан - ең белсенді, сөзуар; Нұржан - тік мінезді, сөзі айқын; Махамбет - салмақты, айтса дөп айтады; Әбіл - бір сөзбен айтқанда приколист))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5834
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 5676
  • 46
Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
сегодня / 17:54
  • 4818
  • 64
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
сегодня / 14:20
  • 4127
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4405
  • 30
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3779
  • 75
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
вчера / 9:25
  • 3338
  • 13
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Ценители качественной одежды или знаменитой этикетки? К открытию H&M в Алматы

Ценители качественной одежды или знаменитой этикетки? К открытию H&M в Алматы

Это надо же, создать такую кампанию, что за их вещи люди готовы не спать всю ночь, школьники отбирают премию родителей, студенты тратят последнею стипендию!
mukhamedian
19 марта 2017 / 1:04
  • 2260
  • 8