Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:36, 06 декабря 2012

Ұлт тарихына бей-жай қарай алмайтын адам мол рухани азық алары анық.

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісінің Видео айдарында қазақ тарихының алмағайып кезеңінде туған жерден жыраққа кетіп, елден іргесі ажырап кеткен Шетелдегі қандастарымыздың өмірінен сыр шертетін деректі фильмдер орналасқан. Ресей (Санкт-Петербург), Түркия, Франция елдерінде мекен етіп жатқан қандастарымыздың тұрмысынан баян етіп қана қоймай, сол бір кезеңдегі қалыптасқан тарихи жайттардан да көп мағлұмат береді. Сондай-ақ олар мекен етіп жатқан ел, қала туралы да егжей-тегжейлі баяндап, қазақ тарихына қатысты ондағы жәдігерлер жөнінде кең арналы мәліметтер береді. Мысалы, Санкт-Петербург қаласы жайлы айта келіп, ондағы Эрмитаж бен Кунсткамера қорларындағы қазақ жерінен апарылған мұралардың тарихынан сыр шертеді. Видеолар қазақ тіліне аударылған. Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісіне қосылып, көріп тыңдаңыздар. Ұлт тарихына бей-жай қарай алмайтын адам мол рухани азық алары анық.

 
0
267
0