Yvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
3
01:38, 11 декабря 2012

1 облыс = 13 мемлекет!!! Фотосапар

Кішкентай кезімнен саяхаттауды жақсы көремін. Бір жерге барғанда міндетті түрде терезенің алдына жайғасып алып сырттағы көріністен көз алмаймын. Сол әдет әлі де бар. Жаңа аумаққа барып, табиғатын, тұрмыс тіршілігін, барлық қызықтарын тамашалап, ерекше әсерде қаламын. Сол әсерді көпшілікке жеткізуге, көрген кереметтермен бөлісуге мүмкіншілік беретін фото ауруы да қозып кетті соңғы кезде.

Сапарға барғанда фотоаппаратымды арқалап жүретін болдым.

Blog post image

 

Осы күнге дейін кең-байтақ Еліміздің барлық облыстарында болып қайттым. Алайда ең көп аралағаным Ақмола облысы. Сондықтан бұл постты табиғаты алуан түрлі облысқа арнаймын. Көпшілік біле бермейтін бір қызықты статистиканы қоса кетейін. АҚМОЛА облысы жер көлемі 146 219 км² құрайды. Бұл еліміздегі үлкендігі жағынан 9 көрсеткіш болса да, әлемдегі кейбір мемлекеттерге тиесілі жермен салыстырсақ аз емес. Ақмола облысына 1 Тәжікстан немесе Греция, 2 Чехия немесе Әзірбайжан, 7 Израиль немесе 13 Катар мемелекеттері сияды. Облыстың ерекше жерлерін аралау барысында қызықты суреттер жиналып қалды, сол суреттердің бірсыпырасын өздеріңізге ұсынамын.

Blog post image

Мына жерлерді аралап жүріп бір ойға келдім. Еліміздің кеңдігін түсіну үшін жер жерге сапар жасап, 14 облысты аралаудың қажеті жоқ (әрине барлық облысты аралап шығудың сәті шығып тұрса, ол мүмкіндікті жіберіп алмаңыз). Менің айтпақ ойым: еліміздегі бір облыстың өзінде бүтін бір мемлекетте табылмайтын табиғат түрлері мен көріністерге тамсануға болады.

Blog post image

Таңатпай Бұрабай тас жолына тұман түседі.

Blog post image

Жолға таңертең шықтық. Бұл сурет түсіру үшін ең қолайлы уақыт, өткені осындай әдемі көріністерді тамашалауға болады, оған қоса жарық өте қолайлы болады. Астана - Бұрабай тас жолында түсірілді.

Blog post image

Қазақстан жылыжайлар  қауымдастығының деректері бойынша  бүгінде елде  56 гектар ғана жабық  топырақ алқабы бар,  бұл көлемге  өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да  кіреді. Салыстырыңыз: Польшада  жылыжай шаруашылықтары алқабы 6 000 га астамды,  Голландияда – 10 000, Түркияда – 41 000, ал  КҚытайда  – шамамен 1,5 млн.га құрайды. Еліміздегі ірі жылыжайлардың бірі Степногорск қаласында орналасқан. Көлемі Ватикан мемлекетіндей бұл жылыжайда гүл, жеміс-жидек өсіріліп Астана мен Көкшетауға жіберіледі.

Blog post image

Қияр өсімдігі жылуды, жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы отырғызған күндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған кездерде. Мына жылыжайда күніне 4 - 5 тонна жеміс жиналады. Жылына болса 3 - 4 мың тонна жеміс жидек өсіріледі.

Blog post image

Тұтыну туралы мынандай қызықты статистика ғаламорда табылды. Қиярды тұтыну көлемі жылына шамамен 6 600 тоннны құрайды. Сараптамалық сауалнама деректері мен ауыл шаруашылығы министрлігінің көрсеткіштері бойынша жалпы тұтынудың шамамен 30%-ы жазғы маусымда өз учаскелерінде өсірілген көкөніс. Қалған 70%, ал бұл шамамен 4 620 тонна – сатып алынған қияр. Қиярды өсіру технологиясы бір қызық. Жеміс жидек тамшылатып суару тәсілімен өсіріледі. Көшет арнайы құтыларға отырғызылады. Ол құтының іші суды ұзық ұстап тұратын материал бар.

Blog post imageАл қиярдың көшеті бөлек жерде өсіріледі.

Blog post imageКөшет өсіретін бөлім. Талаптарға сайкес 1 га жылыжайға 15-16 мың дана көшет талап етіледі (ұзын тұқымды сорттары үшін). Демек 3,5 га құрайтын мына жылыжайға шамамен 54 мың дана көшет қажет.

Blog post image

Көшетке де талап ерекше екен)))) Көшеттерді 30 күннен кейін тұрақты орындарына отырғызады, осыдан кейін өскін тез өседі және сапасы төмендейді. Өскінді отырғызар кезде  оның 5-6 жапырағы,  дамыған тамыр жүйесі, 25-30 см биіктігі,  жер үстіндегі салмағы 35-40 г болуы тиіс.

Blog post image

Көшетті жылы сумен (+25…28 °С), горшоктардың ылғалдылығын  75-80 %НВ дейін жеткізе отырып жаудыру жүйесі арқылы суарады. Очм салат жеп отырғанымда қияр осындай күтімді қажет ететіні туралы ойламаппын да ))))

Blog post image

Мынау Степногорск қаласындағы гүл өсіретін жылыжай. "Құнарлы" деп аталады.Бұл жылыжайдың ерекшелігі, бұл жылу жүйесі толық жергілікті ЖЭСке қосылған.

Blog post image

Басшылықтың айтуынша бұл Қазақстанда, тіпті ТМД елдерінде де теңдесі жоқ жылыжай. Өткені ЖЭС-дан келетін электр жарығы мен жылу құны басқа аумақтармен салыстырғанда әлде қайда төмен. Сондықтан болар бір раушан гүлдің бағасы 75 - 250 тенге аралығында. Жылыжайдың жалпы көлемі - 3,2 га, болашақта 6,4 га дейін үлкейеді.

Blog post image

Мынау секілді тақтайшалар көп. Сандуғаш, Наташа, Гүлмира секілді тек қана әйелдердің есімдері қатар басында жазылып тұр. (Бұл жердің әдемілігіне таң қаламыз деп сұрауға да ұмытып кетіппіз. Менің ойымша бұл қатарларға Сандуғаш есімді ару жауап беретін секілді. Бұл гүлдің сорты дейтіндей себеп жоқ, өткені мұнда шетелдік сорттар ғана өсіріледі.) Бұл жерде раушан гүлдің 20-дан астам сорты өсіріледі. Өсірлетін гүлдердің түсі де алуан түрлі, бірақ басым көпшілігі қызыл түсті. Қызыл түсті раушан гүлдерге Елімізде сұраныс ерекше жоғары екен.

Blog post image

Ал жалпы статистикаға сүйенетін болсақ елімізде жылына 22 млн раушан гүл сатылады екен. Олардың басым көпшілігі шетелдік импорт. Гүл салондары "Құнарлы" жылыжайының тұрақты клиенттері. Гүл саудасы қалада негізінен күз, қыс және көктем кезінде қызу жүргізіледі. Бұл мезгілде бір гүл салоны аптасына шамамен 4000 раушан гүл мен 500 букетов сатады. Ал мереке күндері 20000 астам раушан гүл мен 5000 букет сатылады. Жазда гүл салондарына бәсекелес көп. Сондықтан сауда қарқыны бәсеңдейді.

Blog post image

Сапарымыз ары қарай жалғасты. Степногорск қаласынан шығып біз Қорғалжын қорығына аттандық. Облысымыздың ғана емес, әлемдік кереметтер қатарындағы бұл қорыққа бұрыннан барғым келді. Сәті енді ғана түсті. Суретте Сұлтанкелді көлі.Кезінде бұл жерге Кенесары сұлтан түнеп кеткен екен. Содан "Сұлтанкелді" көлі деп аталып кеткен. "Бұл көлдің жағасында өз заманында Д.Қонаев та демалған",- дейді жергілікті жүрт.

Blog post image

Қорық туралы Уикипедияда кең мағлұмат алуға болады, есіме сақталып қалғаны: мұндағы жануарлар мен құстарды көріп кету үшін әлемнің түпкір-түпкірінен зологтар, биологтар мен түрлі ғалымдар келеді екен.

Blog post image

Тіпті осында екі жыл жүріп бір неміс кісі суырлар туралы керемет деректі фильм түсіріп кетті. Ол  фильммен жергілікті Қорық мұражайында таныссаңыз болады.

Blog post image

Бір тамшы суы қалмаған Теңіз өзені. Бұл шөлдің салдарын қорық мамандары су айдалып келетін арнаны меншіктеп алған қалталы ағайындармен байланыстырады. "Дұрысы сол арнаның басына дамбы соққандар кінәлі",-дейді. Бұл өз кезегінде осында әлемнің түпкірінен ұшып келетін құстардың санына тікелей әсер етеді. Бірақ оны түсініп, мұндай қауіпті жағдайға алаңдап жатқандар әзірше тек қорық қызметкерлері ғана.

Blog post image

Жергілікті жұртта шешімін таппай жүрген тағы бір үлкен мәселесі бар. Мал бағу қиындап барады. Жақын арада ауылдың майы мен қымызын қалада көрмеуіміз мүмкін. Малды жаюға қолайлы жерлер бір қалталы кісіге 25 жылға жалға беріліпті. Ол кісі Астанада жол салатын компания басшысы екен, жалға алған жеріне "бес ешкісін" бағады. Ал қалған жайылымын ауылдың 2000-нан астам малынан қорғау үшін экскаватормен жалға алған жерін ұзынынан үлкен ор қазып, қоршап тастапты. Енді ауылдың малы аш, шөп орам десе, жергілікті шаруалар жалға алынған жерге жолай алмай жүр. МӘСЕЛЕ!!!

Blog post image

Мен үшін Қорғалжын Дүниежүзілік ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар жүйесіне еңген еліміздің кереметі ғана емес, қайын жұртым осы жерден))). Ал италиялықтар немесе француздар үшін бұл жердің өзіндік ерекшелігі бар екен. Қорықта өсетін мына бір өсімдік Италия мен Франция елдерінің аспазшылары түрлі салаттарға кеңінен қолданады екен. Тұзсүйгіш (солерос Бигелова) деп аталады. Аспазшының арманы))).

Blog post image

Қорғалжыннан қайтар жолда бұрыңғы Малиновка, ал қазір Ақмол ауылына соғып кеттік. Мұндағы АЛЖИР мемориалдық кешеніне жыл бойы тағзым етіп келетіндер көп.Кезінде Ақмола құғын-сүргіннің нағыз орталығы болған. Талайдың өмірін тозаққа айналдырған 953 лагердің үшеуі елімізде орналасты. Соның бірі АЛЖИР.

Blog post image

Осындағы АЛЖИР лагері КСРО-дағы әйелдер қамалған жалғыз азаптау орыны болды. Дерек көздері бойынша, елімізде 1937-38 жылдары, яғни бір ғана жылдың ішінде 125 мың адам тоталитарлық режимнің құрбаны болған екен.

Blog post image

Солардың 22 мыңы өлім жазасына кесіліпті. Жалпы 1921 жылдан 1954 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-да 3 миллион 777 мың адам жазықсыз сотталып, оның 642 мыңы атылды.

Blog post image

Дәл осы тұста Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магауи Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмуханбетов пен ЖаҺанша Досмұханбетов қатарлы қазақ зиялылары, мәдениет қайраткерлері жазықсыз атылды.

Blog post image

Алғашқы жылдары ашық аяз бен аптап ыс­тықта паналайтын жері болмаған, әйелдер қамыс орып, саз илеп, одан саман кір­піш құйып, өз түрмелерін өздері салған.Осында тұтқын болған әйел - Гертруд Платайс. Ол 1990 жылы Германиядан Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қарағанын айтып берген екен.

Blog post image

Гертруда Платайстың естелігінен. "Бірде тұтқын әйелдер Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап  келе жатады. Жолда қарттар мен балалар кездесіпті. Балалар үлкендердің айтуымен әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Қарауылдар "Сендерді Мәскеуде ғана емес, ауылда да жек көретінін байқадыңдар ма!" деп қарқылдап тұрып күледі.Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп налиды.

Blog post image

Бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлаған кезде дәл алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп көрсе, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп тастардың барлығын теріп алып, баракқа алып келеді.Барактағы тұтқын қазақ әйелдер оның тас емес, кептірілген құрт екенін түсіндірді."

Blog post image

Гертруд Платайстың бұл әңгімесі «Құрт – қымбат тас» («Курт – драгоценный камень»)  деген өлеңге арқау болды. Ал тұтқын әйелдер құрт лақтырған балаларға разышылығын білдіру үшін қамырдан мна ойыншықтарды жасап, қамыстың арасына қалдырып кететін болған екен.

Blog post image

Байқағаным, барлық ойыншықтарда әйелдер мен балалар бейнесі бар. Өзінің әлдилерін бар жаманшылықтан сақтағысы келген әйелдер қанша әрекеттенсе де, АЛЖИР лагерінде дүниеге келген балалардың басым көпшілігі көп шетінеп кететін.

Blog post image

Ал мына ойыншықтар АЛЖИР лагерінде әлі де тұр.

Blog post image

Астанада түсірген сурет көп. Осында тұрған соң күнде бір жаңалық, күнде бір жаңа сурет.

Blog post image

HDR стилін енді үйреніп жүрген сәтім. Ерекше суреттер, графика деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ бұл бірнеше экспозицияда түсірілген суреттер қосындысы, миксі. )))))

Blog post image

Мынау да сол стиль. Ары қарай "No coment..." стилінде жалғастырып сурет салайын.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

"Мәнгілік ел" аркасы.

Blog post image

Астанадағы "Алау" мұз айдыны.

Blog post image

Есіл жағасы.

Blog post image

Бейбітшілік және келісім сарайы. Астанада біздің екі күндік саяхатымыз аяқталды. ертесіне біз облыс орталығына қарай жолға шықтық.

Blog post image

Жолда Максимовка ауылы. Максим Максимовка ауылында теқ қана макро суреттерге уақыт жұмсады. Өткені мынау секілді өсімдіктерді қалада табу қиын.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Айта кетейін мына гүлдегідей араларды кадрға ұстау қиынның-қиыны дейді кәсіби фотографтар. Бірақ осы ауылда ондай қиындық тумады. Өсімдік жетеді, оның үстінде шыбын-шіркей де көп.

Blog post image

Максимовкада жақсы демалыс орны бар. Пейнтбол, таза ауа, табиғат және Есіл жағасы.

Blog post image

Бұл пляжға қарап Астана маңайы деп айтасың ба?! ))) Осында жылқылар да бар. Осында демалуға келген АҚШтың мына азаматы мына жылқының жанынан кетпеді.

Blog post image

Біз болсақ ары қарай сапарымызды жалғастырдық. Алда Зеренді.

Blog post image

Зерендіге алғаш рет бардым. Қорғалжынның шөлінен кейін мына жер ерекше әдемі көрінді маған. Оның үстіне бір обылста табиғаттың осындай алуан түрлілігі қатты таң қалдырады. Орман!!! Таза ауа!!! Күз!!!

Blog post image

Зеренді нағыз демалатын орын екен.

Blog post image

Осы көлдің маңайында Бәйтерек атты селолық округына қарасты "Қызыл кордон" атты ауыл бар. Табиғатты қорғау, орманды өрттен сақтау қызметі күндіз түні қызмет етеді осында.

Blog post image

Қарауыл мұңарасынан түсірілген көрініс.  Орманның бірінші жауым - өрт. Осы жерде күндіз түні орманшылар кезектесіп орманды бақылайды.

Blog post image

Орманды жоғырадан да, ішінде жүріп тамашалау да ерекше бір ғанибет.

Blog post image

Аралап жүріп мүқ басқан мына тасқа жолығып қалдым. Шынымды айтсам мүкті өмірімде бірінші рет көрдім. Қолмен ұсасаң парсы кілемі секілді ))))).

Blog post image

Айтпақшы бұл бұғы мүгі Қызыл кітапқа енгізілген.

Blog post image

Зеренді тағы бір ерекшелігімен есте қалды, мұндағы орманға Шығыс Қазақстан облысынан алып келінген бұғыны кездестірдік.

Blog post image

Мынау бұғының аналығы.

Blog post image

Мына бұғыны біз бір сағаттан астам уақыт іздеп жүрдік. Бар болғаны суретке түсіру үшін ғана ))))).

Blog post image

Зерендінің кереметінен кейін біз Көкшетаудың жанындағы "Алтынтау" немесе Васильковский ГОК өңдірісіне бардық. Бұл жерде алтын өңдіріледі.

Blog post image

Үстінен қарағанда алып 50 тонналық БЕЛАЗ бен эксковаторлар шидің қорабындай көрінеді. Ал төмен түссең басқаша.

Blog post image

Алтын бұл жерде химиялық әдіспен өңдіріледі, Алтынтау ерекшелігі осы.

Blog post image

HITACHI эксковаторы бір БЕЛАЗды 7 минутта толтырып тастайды екен. Бригадир сөзіне қарағанда ))).

Blog post image

Алтынды мына тастан ерітеді екен. 1 тонна тастан 2 грамм алтын өңдіріледі.

Blog post image

Өңдірістегі мына креативке көзім түсті. Шынында да есіктен кіретін әр бір адам үшін пайдалы ескерту. Ал біз облыс орталығы Көкшетаудағы қолөнер шеберлерінің креативіне де куә болдық.

Blog post image

Ұлттық нақышта жасалған ыдыс үлгілері, бесіктер, музыкалық аспаптар осында жасалады.

Blog post image

Біз шеберханаға да бас сұқтық. "Брик" мекемесінде бірнеше сатылы өңдіріс жақсы жолға қойылған. Алғашқы кезде ағаш астаудың бастапқы өңдеуі жүргізіледі. Ал әрлеу жұмыстарын келесі шеберлер тобы іске асырады.

Blog post image

Неше түрлі керемет дүниелерді көрдік бұл жерде. Мынау төбедегі ағаш кескіннен мынандай керемет астау пайда болады.

Blog post image

Керек десеңіз ағаштан кесе ойып береді сіздерге.

Blog post image

Арнайы тапсырыспен де ыдыстар жасалады мында.Мысалы қымыздың өзіне  тән  ыдыстар бар: Қара  саба ,  Қымыз  саба, торсық,  мес, көнек, күбі-емен  ағашынан  жасап, жуып  кептіріп, қаймақ  жағып,тобылғы, қайын, ағаштарымен,  түтінімен  ысталады.

Blog post image

Піспегі – Аршаның  қызылынан  ойылады. Бие  сауатын  шелек,  қымыз  тегене,  ағаш  ожау  – шөміш.  Қымыз  ешқашан  темір  ыдысқа  құйылмайды, мынау секілді ағаш ыдыста сақталады. Көкшетау шеберлерінің еңбегімен танысып Бұрабайға тартып кеттік.

Blog post image

Бұрабайға барар жол. Бұл жолмен Бұрабайға алғаш рет кіріп бардым.

Blog post image

Бұл жолды жергіліктілер "тещин язык" деп атайды екен. ))) Енелерін қатты сыйлайтын болса керек. Не болса да ұқсастық байұалады)))).

Blog post image

Жұмбақтасты мына ракурстан түсіре бастағанымда жаңбыр құйып кетті. Содан болса керек суреттерімде біраз ақаулық бар. Кешілірі сұраймын оған.

Blog post image

Бір қызығы осы Бұрабайдың орнында 19 ғасырдың басында Көкшетау қаласы пайда болу керек болатын. Бірақ жергілікті тұрғындар мына әсем табиғатты сақтап қалу мақсатында көтеріліске шықты.

Blog post image

1824 жылғы көктемде Абылайдың ата қонысы Көкшетаудың бірінші аға сұлтаны болып Уәли ханың үлкен ұлы Ғұбайдолла Уалиханов сайланады(Шоқан Уалихановтың ағасы), бірақ Ғұбайдолла мен Ресейдің арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетеді.

Blog post image

Оған себеп көп, бірақ кейбір деректерге сүйенсек Ғұбайдолла орталықтың Бұрабайда болатынына қарсы шығып, халықты көтерілуге шақырады. Жасырын. Соңынан ол екі рет тұтқындалып, «бүлікшілер көсемі Кенесарымен байланысы бар» деген айыппен баласы майор Болатпен бірге 1838 жылы Сібірге жер аударылды. Бірақ дегеніне жетеді. Бүгінде облыс орталығы Борабайда емес, Қопа өзенінің жағасында орналасқан. Халықтың арқасында Бұрабайдың табиғаты сақталып қалады.

Blog post image

Осылайша Ақмола облысының ерекшеліктерімен бір аптаның ішінде таныстық. Мыңдаған сурет, гигабайт ақпарат алып келдік. Сіздерге ұсынылған ең қызықтысы ғана. Табиғатының алуандылығымен Астанада отырып ақ таныссын деген ниет менікі. Пайдалы болады деген ойдамын.

3
8369
5