Қуаныш Базарғалиевтің «13» атты көрмесі ашылды

Осы бейсенбіде «Екпін» журналы танымал суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Қуаныш Базарғалиевтің «13» атты көрмесінің ашылу салтанатына барып қайтты.

Достары, жора-жолдастарының арасында Куба аталып кеткен Қуаныш Базарғалиев 1969 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Жастайынан сурет салуға құмартқан болашақ суретші 1990 жылы Ресейдің Сафонов қаласындағы көркем-өнеркәсіп училищесін «декоратор-безендіруші» мамандығы бойынша аяқтап, одан кейін Ақтөбедегі Жұбанов атындағы педагогикалық институттың "Көркем сурет және графика" факультетіне түседі. Оқуын аяқтағаннан соң бар жан-тәнімен көркем өнердің сыйқырлы әлеміне еніп кетеді. 1999 жылы өзінің жұмыстарын арқалап әсем қала Алматыға келген суретші осы қалада қалғысы келетіндігін түсінеді.

Алматы Қуанышқа тек шығармашылық жаңа шабыт сыйлап қана қоймай, әрбір ер азаматтың арманы ақылы, көркіне сай, он саусағынан өнердің балы тамған Сәуле есімді арумен табыстырады.

Бұл көрме Қуаныштың алманың Отаны Алматыға келгендігіне 13 жыл толғанына орай ұйымдастырылып отыр десек те болады. Өйткені көрмедегі суреттер оның осы қалада тұрақтаған 13 жылдың ішінде жасаған еңбегі.

- Бұл көрмеде менің 13 жыл бойы жасаған әр түрлі стильдегі жұмыстарым қойылған. Тек 2009 бен 2010 жылдар аралығындағы жұмыстарым ғана жоқ деуге болады. Өйткені бұл жылдар менің шығармашылық күйзелісті өткеріп жүрген уақытым болатын. Ол кездің туындыларының барлығын сол жылдары-ақ жоқ қылғанмын. Алматыны маған асыл жар, жақсы достар сыйлағаны үшін жақсы көремін. Бұл көрме менің сүйікті қызым Медина мен жарым Сәулеге арналады.

Медина, Қуаныштың қызы:

- Әкешімнің суретші болғандығы ұнайды. Мен оның барлық туындыларын жақсы көремін. Бүгінгі көрмедегі туындылар әкемнің 13 жыл бойы жасаған еңбегі болғандықтан, оның аты да «13» деп аталады.

"Францияның байрағы", 2009 ж.

"Мен қаламаймын...", 2012 ж.

Қуаныштың Сәулесі:

- Қуаныш Базарғалиев ғажайып суретші. Оның әрбір туындысынан қазіргі жалған әлемде шынайы болып қалғысы келетіндігін байқайсыз. Мысалы, оның «Мен қаламаймын...» деген туындысынан өтірікті жек көретіндігін көресіз. Ана сәбиін 9 ай құрсағында алып жүргендей, Қуаныш та өзінің жұмыстарын ішінде ұзақ уақыт алып жүріп, әбден ойластырып, еш кемшілігі жоқ бүтін туындыны өмірге алып келеді. Сонысымен де оның әрбір жұмысы ерекше. Ол өте мықты суретші. Қуаныш менің күйеуім болғандықтан солай айтып тұрған жоқпын. Өйткені біз екеуміз екі түрлі адамбыз. Мен тез ойланып, жылдам жұмыс істеймін. Ал ол болса, өте ұзақ ойланып, өзінің толық дайын болған уақыты келгенше ойлағанын іштей пісіріп, жетілдіріп, асықпай қылқаламын қолына алады. Біз осылай 13 жыл бірге өмір сүріп келеміз.

Натюрморт, 2012 ж.

"Қашу", 2011 ж.

"Вавилон", 2003 ж.

"Терезе", 2004 ж.

Айсұлу Әзімбаева, актриса

- Мен осы көрме ұйымдастырылғалы жатқан уақыттан бері басы-қасында жүрген адамдардың бірімін. Сол уақытта Қуаныштың 13 жылдың ішінде жасаған еңбектерін көру, жұмыстарының тарихымен танысу маған үлкен қуаныш сыйлады. Оның «Үстелдер мен орындықтар» топтамасындағы «Отбасы» туындысы өте тамсандырды.

"Отбасы", 2012 ж.

Валерия Ибраева, өнертанушы:

- Қуаныш суретшілер арасында көп кездесе бермейтін талдампаз суретші. Ол бірінші әлеммен танысып, өз туындыларында оны рет-ретімен салыстырып қояды. Сол кезде бәріне түсінікті болмаса да, өз көзіне түсінікті бейнелер пайда болады. Мысалы, көрмедегі «Үстелдер мен орындықтар» топтамасындағы «Отбасы» деген туындысын алатын болсақ, сыңған орындықтар мен үстінде түк жоқ үстел арқылы отбасында болатын қиын уақыттардың бірін көрсетеді. Отбасының жағдайын суретке салу оңай іс емес. Бірақ Қуаныш отбасын бірінші орынға қоятын ерекше суретшілердің бірі.

"Сатылатын өнер" топтамасының суреті, 2011 ж.

"Сатылатын өнер" топтамасының суреті, 2011 ж.

Көрмедегі туындыларды желтоқсан айының соңына дейін, жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі 10:00-ден 18:00-ге дейін тамашалауға болады.

Мекен-жайы: Фурманов көшесі, 193 (Сәтпаев көшесінің қиылысында), «Пространство L.E.S» (бұрынғы Social Club Battler)
Көрмеге кіру — тегін.

Қуаныш Базарғалиевтің туындылары бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мәдениет министірлігінің көркем сурет және аукцион дирекциясында, Атырау облысының Ш.Сәриев атындағы өнер мұражайында, Түркияның Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының мемлекеттік суреттер қорында, Ричард Спунер (АҚШ, Қазақстан), Алексис де Тизенгаузен (Кристис, Ұлыбритания) сынды шетел мен Қазақстан коллекционерлерінің жеке топтамаларында сақталған.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Фото автордікі

Алия Arsik
1 желтоқсан 2012, 9:43
3086

Загрузка...

Пікірлер

Куба, баурым! Жаль что не попал на открытие... Рад за тебя!
Arhun
0
0
қараорыссизмнен... басқа жұмыстарынан еш нәрсе көріп тұрған жоқпын... қатты айтқаным болса, тәңірім кешірегөрсін

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 желт. 2016 / 15:19
  • 7988
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 желт. 2016 / 10:52
  • 8301
  • 66
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 желт. 2016 / 8:05
  • 5890
  • 20
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 желт. 2016 / 13:57
  • 4373
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 желт. 2016 / 9:02
  • 4962
  • 88
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
вчера / 17:21
  • 3829
  • 65
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 желт. 2016 / 15:24
  • 3416
  • 17
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 желт. 2016 / 13:09
Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

В Гоа я не первый раз. Очень многое знаю. Минус такой путевки только в том, что вы не сможете выбрать пляж и отель, но за такие смешные деньги – какая разница. Гоа – это не Индия.
fima
2 желт. 2016 / 11:32
  • 3316
  • 25