• 86000
  • 158
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстандық кинопрокатта осы апта жарық көретін премьераларға шолу

Оқырман айып етпес, керісінше көпшілікке бір пайдамыз тиер деген үмітпен осы аптадан бастап жеті сайын қазақстандық прокатқа шығатын отандық және әлемдік жаңа туындыларға шолу жасап отыруды жоспарладық. Тілек, талап, ұсыныстарыңыз қуана-қуана, басты шұлғыта-шұлғыта қабылданады.

Үлкен экрандарға алды бүгін шығып кеткен бір топ фильм ертеңнен, яғни қарашаның 22-сінен бастап жер-жерде жаппай көрсетіледі. Рет-ретімен соларға тоқталсақ.

Ғаламтордағы махаббат/Виртуальная любовь

Режиссер Әмір Қарақұлов түсірген қазақстандық комедия һәм мелодрама. Жиырма бірінші ғасырда жаппай жер-жаһанды басып қалған виртуалды сөз алмасу жайлы туынды бір қарағанда бәріне белгілі, бірақ өзекті өмір желісімен түсірілген. Қызметтес жігітті көзге ілмейтін, есіл-дерті Интернеттегі танысындағы тәкаппар сұлу қыздың шынайы, боямасыз күнделікті тіршіліктен ғаламторға қашуын суреттейді.

Отандық кино саласының ыстығы мен суығына күйіп-тоңып жүргендерден бастап Интернет-таныстықтың шет жағасын білетін көрермендерге дейін «Ғаламтордағы махаббатты» көруді ұсынамыз.

 

Кампания/Грязная кампания за честные выборы

Әу баста жұмыс атауы «Ит қырқылжың» және «Бәсекелестер» болған «Кампанияны» біз жылдың үздік комедияларының бірі атанады деп болжап отырмыз. Күлкі жанрының кәрі қасқыры Уилл Феррелл («Остин Пауэрс: мені еліктірген тыңшы», «Мегами») мен соңғы жылдардың нағыз көксоққан комигі атанған Зак Галифианакистың («Бас жазу 1,2», «Маппеттер», «Етікті мысық») ансамблі қума комедияны ұнататындар үшін май жаққанмен бірдей болмақ.

Кішкентай ғана Солтүстік Каролинаның атынан АҚШ-тың Өкілдер палатасына мүше болу үшін сайлауға қатысқан екі қайғы-саясаткердің басынан кешкендері уақыттарыңызды қызықты өткізуге өз үлесін қосатыны сөзсіз.

 

Үміт оттары/Мой парень – псих

Мэттью Куиктің трагикомедиялық романы желісімен түсірілген «Үміт оттары» 8 ай бойы психатриялық емханада болып, ата-анасына қайта оралған, әйелімен табысқысы келген, алайда бейтаныс қызды жолықтырып қалған бұрынғы мұғалімнің өмірін суреттейді.

Пэт Солитано (Брэдли Купер) мен Тиффанидың (Дженнифер Лоуренс) қандай қиындықтарға тап болғанын осы комедиялық драмадан көре аласыздар. Фильмге сонымен қатар Роберт Де Ниро, Крис Такер, Джеки Уивер секілді танымал актерлар түскен.

 

Жабайылар/Особо опасны

Әлемдік премьерасы маусымда болып кеткен, Қазақстанға кешігіп жеткен триллер. Тейлор Китч, Блейк Лайвли, Аарон Тейлор-Джонсон, Джон Траволта, Бенисио Дель Торо, Сальма Хайек секілді бір топ жас-кәрісі аралас, атақ-шатағы жетерлік актерлар тобын жинап алған туынды Бен және Чон атты жас миллионерлердің басына түскен қатер туралы болмақ. Бұлардың өсіріп, пайда түсіріп отырған шөбіне көзі түскен әлдебір мексикандық картель  қысым көрсете бастайды. Екі жігіттің де бір қызға ғашық болуы картельдың бастығы сұлу Еленаға құйтырқы әрекеттерге баруға жол ашады.

 

Пьета

Бір өзі режиссер, сценарист, монтаждаушы болған Ким Ки Дуктың «Пьетасы» киносүйер қауым үшін жақсы жаңалық болып отыр. Батыстық туындылардан жалыққан ел де азиялық ерекше сипаты бар фильмді жаңа дүние ретінде қабылдайтын сияқты.

Өте қатал қарыз берушінің қол астында жұмыс істейтін Кан Доның міндеті – елден қаққанда қанын, сыққанда сөлін алып отырып ақшаны қайтару. Алайда, күндердің-күнінде әлдебір әйелден қарызды талап етуге келген Кан До оның өз анасы екенін біледі. Не істерін білмей дағдарған бас кейіпкердің жан қиналыстары киносыншылардың айтуынша «Пьетада» шынайы берілген. Кәрістердің мұндайда шебер екені «Олдбойдың» кезінен-ақ белгілі.

 

Соловей-Разбойник

Жалпы көрерменге қайталанбас харизмасымен және «Интерндар» сериалындағы Быков дәрігер секілді кейіпкерлерімен таныс Иван Охлобыстин басты рөлді сомдайды.

Қызық оқиғалы экшн, комедия бағытында түсірілген туынды Соловьев Севастьян Григорьевич атты қарақшының өмірін суреттейді. Құпия агент Н7 бастаған арнайы қызмет тобынан қашып-пысып жүріп әділеттілік орнатуға тырысқан бас кейпкерге де бір күні тықыр таянады.

 

Жебеушілердің көтерілісі / Хранители снов 3D

Жалпақ елге аса танымал емес режиссер Питер Рэмсидің фильмі. Крис ПайнАлек БолдуинХью Джекман, Айла ФишерДжуд ЛоуДакота ГойоХамани ГриффинДоминик Грунд секілді актерлар кейіпкерлерді дыбыстаған.

Сюжет бойынша балалық шақтың қаһармандары: қыс періштесі - Джек Фрост, ғажайыптар әлемінің атасы - Санта-Клаус, Пасха Қояны - Банниманд, Тіс перісі - Туоф және Топырақ адам - Сэнди қорқыныш пен үрей әкелетін Бугименге қарсы тұру үшін күш біріктіреді. Біз бейкүнә санап жүрген батырлар шын мәнінде бір қарағандағыдай әлсіз емес екен.

Құрметті киносүйерлер!

Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.

Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды.

Дінмұхамед Зиядин

Dinmukhamed Ziyadin aliziyadin
21 ноября 2012, 22:43
1971

Loading...

Комментарии

Жарайсың, бауырым! Жақсы шолу екен!!!
Қазақша дубляж филімдер шығып жатқан жоқ па?
Әзірге хабарланғаны жоқ. Пайда түсірмей отыр себебі.
Ол жә ғана себеп ғой...расында қазқша дубляж филімдерді, кинотеатрлар мүлдем көрсетпейді, көрсетсе де 1 рет сеансқа, таң ертеңге қояды, менімше бұл әдиі қазақтілді филім дамымасың деген себеппен.! Билік араласса, мысалы Қазақфилім студиясында тегің және оңай дубляж жасатылады, Қазақфилімде жасса онай болар еді...

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
27 февр. 2017 / 11:35
  • 17541
  • 7
Почему нас заставляют верить, что электроавтобусы спасут Алматы и кто за этим стоит

Почему нас заставляют верить, что электроавтобусы спасут Алматы и кто за этим стоит

Я не люблю «теории заговора», но так как активно продвигаю везде необходимость делать фактчекинг, то обращаю внимание на логику совпадений
theYakov
28 февр. 2017 / 15:03
  • 15546
  • 168
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
26 февр. 2017 / 9:15
  • 9092
  • 41
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
27 февр. 2017 / 10:45
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 8339
  • 6
Я не мотивирую вас уехать в Германию, а лишь желаю вам нового опыта в жизни

Я не мотивирую вас уехать в Германию, а лишь желаю вам нового опыта в жизни

Мечта учиться и пожить в развитой стране меня преследовала еще со школьных времен. Я всегда хотела увидеть мир своими глазами, набраться опыта жизни за границей, как социальной так и...
Assel_d
27 февр. 2017 / 17:59
  • 3436
  • 28
Скандал на «Оскаре-2017» породил волну мемов и фотожаб

Скандал на «Оскаре-2017» породил волну мемов и фотожаб

Разумеется, вчерашний казус на "Оскаре" не мог обойтись без стёба со стороны Интернет-аудитории. Обязательный поток всевозможных мемов, фотожаб и просто приколов буквально заполонил ленты...
Seattle
28 февр. 2017 / 11:52
  • 2855
  • 4
Мать, покушавшаяся на жизнь 4-летнего сына, теперь мечтает вернуть его

Мать, покушавшаяся на жизнь 4-летнего сына, теперь мечтает вернуть его

Новостные ленты публикуют шокирующую историю о том, как 30-летняя женщина из Уральска пыталась зарезать четырёхлетнего сына, ударила ножом в сердце, но ребёнок чудом не умер. А теперь мечтает забрать
openqazaqstan
24 февр. 2017 / 13:51
  • 2770
  • 14
Как найти парня? Опыт у меня небольшой, но подтвержден результатом

Как найти парня? Опыт у меня небольшой, но подтвержден результатом

До меня дошло, что я никогда не делилась советом как найти парня! А такиx советов я миллионами даю своим подругам. Я как все девушки люблю поболтать, по сто раз слушаю романтические истории и сама...
Roza_pvl
27 февр. 2017 / 11:10
  • 3093
  • 40