Студенттер туралы кино тізімі

Бүгін Халықаралық Студенттер күні. 1946 жылы 17 қарашада Прага қаласында Халықаралық студенттер конгресі өткен болатын, чех студент-патриоттардың құрметіне (1939 жылы Чехословакиядағы оқиғаға байланысты) бұл датаны әлем студенттеріне арнаған еді. «Екпін» журналы өзінің студент оқырмандарын мерекелерімен құттықтап, студенттер мен студенттік өмірді суреттейтін кино тізімін ұсынып отыр.


«Der Student von Prag»/«Прагалық студент»

Режиссері: Стеллан Рийе, Пауль Вегенер
Жанры: драма, фантастика, үрейлі
Шыққан жылы: 1926

Сыншылардың пікірінше германиялық киносимволизимнің алғашқы туындысы болып табылатын «Прагалық студент» тұңғыш үрейлі киноның барлық шарттарына сәйкес түсірілген фильм.

Фильмнің басты кейіпкері жоқшылықтан қиналып жүрген Балдуин есімді студент. Ол ақша тапшылығынан қиналып, бір күні Скапинелли есімді итальяндық жұмбақ адаммен кездеседі. Скапинелли студентке егер ол оның ұсынған келісім шартын қабыл алса үлкен байлық пен графтың қызы Маргитке үйленуіне жолын ашатындығын айтады. Ойында ештеңе жоқ, аңқау студент келісім шартқа қол қойып, ертеңіне келісімшарт жүзеге асты деп Маргиттің көңілін аулай бастады. Ал Скапинелли болса сол уақытта студенттің бөлмесіне келіп оның айнадағы кескінін алып кетеді...

Сол арада студенттің Маргитке көзсалып жүргендігін байқаған Лидушка есімді оған ғашық қыз Маргитті атастырып қойған барон Валдиске бәрін жеткізіп барады. Сонда барон оған шыдай алмай, Балдуиннің намысына тиетін сөздер айтады. Ал студент болса оған жауап ретінде оны семсерлесуден жекпе-жекке шақырады. Алайда студенттің кәсіби семсерші екендігін білген Маригиттің әкесі ол Валдисті өлтіріп қояды ма деп алаңдап, оған баронды өлтірмеуін өтініп барады. Ақ көңіл студент оны өлтірмеуге сөз беріп, жекпе-жекке аттанады. Белгіленген жерге келгенде қолында қанға малынған семсері бар өзінің егізін көреді. Ал барон өліп жатыр...


«Сердца трёх»/«Үшеудің жүрегі»

Режиссері: Даир Каракеев
Жанры: мелодрамма, комедия
Шыққан жылы: 2010

Бұл кинокартинаның кейіпкерлері бәрімізге таныс. Өйткені олар – біз. Кәдімгі махаббат, жанұя, сабақ деп жүрген студенттер. Ойына келген нәрсені істеп, алдынан шыққан қиындықтарға мойымай, бір-біріне ғашық болып жүрген қыздар мен жігіттер.
«Үшеудің жүрегі» - бұл сабырлы да салмақты Медет пен қорғансыз сүйкімді Айжанның, батыл әрі елгезек Даяна мен аздап өзімшіл, бірақ талантты Айдардың, өз бетімен ғана жүретін, тіпті қауіпті Алина мен мықты рухты Макстың хикаясы.

Бұл алтауы бір-бірінің қолынан ұстап, ұрысып-керісіп, өмірлік түрлі жағдайларға төтеп беріп, бір-бірін қолдап, өздерінің аяқасты қылықтарымен көрерменді таңқалдырып қамшының сабындай ғана қысқа өмірдің ұзын жолымен келе жатқан бойжеткендер мен бозбалалар хикаясы. «Үшеудің жүрегі» бұл - әлем. Өз армандарына сенетін адамдарға арналған әлем.

«Моя любовь на третьем курсе»/«Менің үшінші курстағы махаббатым»

Режиссері: Юрий Борецкий
Жанры: жастарға арналған киноповесть
Шыққан жылы: 1976

Фильм белгілі драматург Михаил Шартовтың «Пржевальскидің тұлпары» атты пьесасының желісімен түсірілген.

«Комунна принципы бойынша өмір сүру және жұмыс істеу»  деген ұстанымды ұстанған студенттік отряд өздерінің еңбек семестрін өткізу үшін тың игеру совхозына келеді. Бірақ кішкентай ғана кеңістік пен аз ғана уақыттың ішінде бұл ұстаныммен өмір сүру оңай емес екендігін студенттер бірінші күннен кейін-ақ түсінеді...
Қазір бұл фильм тек сонау кеңестік үгіт-насихаттың бір көрінісі ретінде қабылданады. Алайда кезінде Борецкидің: «Менің үшінші курстағы махабатым» туындысы студенттік құрылыс отрядының басынан өтіп жатқан қиындықтарды көрсеткені үшін билік тарапынан қатаң цензураға алынып, студенттің басында ондай проблемалар болмауы керек деп үлкен экранға шығуына тиым салынған болатын, деп айтқаны бар.

Ал шындығына келсек, сол кездегі студенттік отрядтардың ішінде бәрі дәл сол кинода көрсетілгендей болып жатқан еді. Бригадалық/отрядтық мердігерлік те, командирдің наполеондық қылықтары мен ақша табуға деген ықыласы да, ән мен би де, көңілді-көңілсіз күндер де, одан да басқа толып жатқан проблемалар...

«Студент»

Режиссері: Дәрежан Өмірбаев

Жанры: драма

Шыққан жылы: 2012Фильм Ф. Достоевскидің «Қылмыс пен жаза» романының желісімен түсірілген. Фильмнің басты кейіпкері жалғыз әрі қалтасында ақшасы жоқ  алматылық философия факультетінің студенті. Ол қала сыртында орналасқан үйлердің бірінде бөлме жалдап тұрып жатады. Оқу мен үйдің арасында жүрген студентті әрқашан да жоқшылық пен адамдардың бай және кедей, мықты және әлсіз деп бөлінетін тоталды бәсекелестік атмосферасы қоршап тұрады. Осының барлығы оны жан-жағынан қысқан кезде оған түрлі ойлар келе бастайды. Соның бірі - анда-санда нан сатып алуға барып тұратын кішкентай дүкенді тонау...

«The Perfect Student»/«Мінсіз студент»

 

Режиссері: Майкл Фейфер
Жанры: детектив, криминал, триллер
Шыққан жылы: 2011

«Мінсіз студент» деп аталатын бұл криминалды триллер Питтер Салливан мен Джеффри Шенктің жазған сценариі бойынша түсірілген. Сценарий авторлары студенттік өмірге детективті араластырғаннан кейін фильмнің сюжеті көрерменді тартатын шытырман оқиғалы, әрі қызықты болып шыққан.

Фильмнің желісі бойынша университет кампустарының бірінде студент бойжеткенді біреу айуандықпен өлтіріп кетеді. Ал полиция көп ойланбастан оның өліміне Джордан деген студент қызды айыптап, оны қамауға алады. Бірақ Николь есімді криминалист профессор полицияның істі жылы жауып қоя салу үшін бейкүнә қызды айыптап, барлық жаланы соған жауып отырғандығын түсінеді. Сөйтіп Джорданның кінәлі еместігін дәлелдейтін ешқандай фактісі жоқ Николь оның кінәлі еместігін басқаларға жеткізу үшін бұл істі өзі тергей бастайды. Алайда бәрі ол ойлағандай оңай болып шықпайды...

«Когда играет клавесин»/«Клавесин ойнағанда»

Режиссері: Эдуард Абалов
Жанры: комедия, мелодрама
Шыққан жылы: 1966

Мәскеу университетінің заң факультетінде білім алып жүрген студент-жасақшы Костяға алыпсатумен айналысады деген күдікпен ұсталынған қызды полиция бөлімшесіне алып бару тапсырылады. Жолда келе жатып Костя ол қызға оның істеп жүргені дұрыс еместігін түсіндіріп әлек. Бірақ сөздеріне мән беріп отырған қыз жоқ. Ұзақ жолда бір-бірімен жақсы танысып кеткенде Костя қыздың кінәлі еместігін түсінеді. Ол қала берсе оған ғашық болып қалады. Сөйтіп Костя қызға жалған жала жабылғандығын айтып, оны жібермек болады. Жігіттің жібергеніне кетіп қалса, тағы да қиындықтар туындауы мүмкін деп қорқақтаған қыз ешқайда кетпейтіндігін айтып, жолды жалғастыруын сұрайды. Сонда Костя қызды тастап өзі қашып кетеді, ал қыз болса оның артынан қарап қала береді...

Кейін Костяны басшылары шақырып, істеген ісі үшін ұрысып жатса, оның ойын сол бір белгісіз қыз жаулап алған. Ал жүрегі оны енді кездестірмейтін шығармын деп мұңаюда. Қанша уақыт өтсе де Костя сол қызды ойлап тыным таппайды. Бір күні университетте лекцияда отырып терезеге қараса, аулада сол қыз отыр...

«Наваждение» («Операция «Ы» и другие приключения Шурика)/«Еліктірме»

Режиссері: Леонид Гайдай
Жанры: комедия
Шыққан жылы: 1965

Балалық шағымыздың куәгері болған бұл фильм арқылы көбіміз алғаш рет «студент», «сессия», «экзамен» деген сөздерді естіген шығармыз. Советтік Қожанасыр болған Шуриктің емтиханға дайындалуы, конспект іздеп жүріп, ғашық болып қалуы әлі күнге дейін бізге мейірімді, таза сезімдер сыйлайды. 31 минуттық қысқаметражды фильмнің әр диалогын жатқа білсек те, тынып отырып, бірде күліп, бірде таңданып көреміз. Кезінде бұл фильм Краковтағы 65-ші Халықаралық қысқаметражды фильмдер бәйгесінде бас жүлдеге ие болған.

«21»

Режиссері: Роберт Лукетич
Жанры: драма, криминал
Шыққан жылы: 2008

Массачусетс технологиялық институтының профессоры (Кевин Спейси) казинода үлкен табысқа жету үшін дарынды студенттерді жинап, арнайы команда құрайды. Оның бірі оқуына ақша таппай жүрген Бен Кэмбелл. Алғашында тек оқуымның ақшасын шығарып алсам болды деп ойлаған ол соңында Лас-Вегас казиносын миллион долларға отырғызып кетеді. Фильм өмірде болған оқиға желісімен жазылған Бен Мезричтің «Удар по казино. Реальная история о шести студентах МТИ, которые обыграли Лас-Вегас на миллионы долларов» кітабының экранизациясы. Блэкджекта ұту үшін олар ықтималдық теориясы негізінде құрылған әдістерді қолданады. Басында Бенді тексеру үшін оған Монти Холлдың парадоксын шешуді береді. Ал кейіпкерлердің бірінің туған күнінде торт Фибоначчи сандарымен безендірілген.

«Социальная сеть»/«Әлеуметтік желі»

Режиссер: Дэвид Финчер
Жанры: драма, биография
Шыққан жылы: 2010

Қазірде ең танымал әлеуметтік желінің құрылуы жайлы. 2004 жылы Гарвард университетінің студенттері Фэйсбукты ойлап тауып, бір мезетте АҚШ-тың ең жас мультимиллионерлеріне айналады. Әлеуметтік желінің тағдырын баяндайтын фильм Facbook-тың өзі секілді сәтті шықты. 2011 жылғы Оскардың «Үздік сценарий», «Үздік монтаж», «Үздік саундтрек», Алтын глобустың «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік саундтрек» номинацияларының жеңімпазы болып атанды. Жалпы Марк Цукербергтің рөлін сомдаған Джесси Айзенбергтің де тартымды, жақсы ойынын атап өту керек.

«Сказ о розовом зайце»

Режиссері: Фархат Шарипов
Жанры: драма
Шыққан жылы: 2010

Ауылдан келген жас студент Ерлан қаланың алтынмен қапталған жастарының әлеміне кездейсоқ түседі. Содан бастап оның өмірі күрт өзгеріп, оған өз құндылықтарын қайта қарастыруға тура келеді. Жалпы картина жастар арасында жақсы лебізге бөленді. Мұнда тек қана студенттердің түсінетін әлемі емес, жалпы өмірлік ар-ұят, дүниеқорлық мәселелері, қазіргі алматылық жастардың тынысы бүкпесіз көрсетілген. Кино сценарийін режиссер Фархат Шариповтың өзі жазған екен. Басында басты рөлге Ануар Нұрпейісовпен бірге Арыстан Мырзагереев те қаралыпты.

© Екпін

Алия Arsik
17 қараша 2012, 13:47
6395

Загрузка...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 26749
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10910
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10565
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 8994
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7252
  • 19
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5597
  • 36
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5977
  • 78
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
вчера / 13:14
  • 5596
  • 5
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09