Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
2
11:55, 12 ноября 2012

Журналистердің этика кодексі жай ғана дабыра ма?

Blog post image

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жаңадан қабылданған журналистердің кодексінің талқылауын ең бірінші болып дөңгелек үстелге шығарды. Оның алдында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матай, қазақстандағы ЮНЕСКО бюросынан Сергей Карпов, президенттің пресс қызметінен Валерий Жандаулетов пен тағы басқалар өз пікірлерімен бөлісіп, сонымен қатар журналистика мамандығының студенттерімен әңгімелесті.

Кездесуді университет ректоры Дамир Абдухалиұлы қызықты да мағыналы келіссөз жүргізуді тілеумен бастады. Нұр Отан халықтық-демократиялық партияның Бостандық ауданының филиалынан Станислав Владимирович журналистік этиканы сақтаудың маңызын меңзіді. Валерий Жандаулетов кодекстің адами моральдік құндылықтардың маңызды бөлігі екендігін атап өтті. "Қазақ энциклопедиясының" бас директоры, профессор Бауыржан Жақып кодекстің қабылдануына қарамастан, журналистердің әлеуметтік жақтан қорғалмағандығы туралы тақырып көтерді. Сергей Карпов өзін-өзі реттеу қажеттілігінің маңыздылығын атады.

Blog post image

Кейін Сейітқазы Матай этика кодексінің қабылдану үдерісі туралы ақпаратпен бөлісті. Жаңаөзен мен Арқанкергендегі оқиғалар болғанда үкімет ақпарат тарау жағынан интернет журналистикадан жеңілді. Сондықтан, осындай кодексті қабылдау қажеттілікке айналды және ол президенттің жарлығында болған соң, оны дабыра ретінде қабылдай салған ба деген сауал туындайды. Өйткені Сейітқазы мырзаның айтуы бойынша, этика кодексінің іс жүзінде қолданылуы шамалы. Оның тәжірибеге бейімдейтін механизмі әлі ойлап табылмаған. Сондықтана біршама қиындықтар әлі де туады.

Осы кодекс туралы түсінуді қажет ететін ең басты жайт, ол - кодекстің заң емес екендігі. Оны орындау немесе орындамау әр журналистің өз шешімінде. Ешқандай жазалайтын шаралар қолданылмайды. Blog post image

Тағы бір қонақ - Қуат Домбай. Қазақстанда әйгілі ПР-шы мәдениет пен ақпарат министрлігінің журналистердің дамуы үшін жағдай жасау керек екенін айтты. KIMEP университетінің профессоры Джон Купер АҚШ мемлекетіндегі журналистердің этика кодексімен байланысты жайыттарды презентация арқылы жеткізіп, осы кодексті тәжірибеге келтіру жолдарын кеңес ретінде берді.

Дөңгелек үстелдің соңына қарай IT, UIB, KIMEP студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға жауап алуға мүмкіндік алды. Сұрақтардың көбісі Сейітқазы мырзаға арналған болатын. Ол барлығына ашық жауап берді, заттарды өз атымен атап, жасанды пафостан арылған. Сондықтан жалпы бұл іс-шара жақсы әсер қалдырды. Интерактивті форматта өткен үстел, менің ойымша, жақын арада соңғы емес, өйткені талқылайтын тақырыптар әлі де көп.

Blog post image

2
1001
2