Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
07:28, 11 ноября 2012

Стамбул. Патриотизм.

Маған жақында қонаққа поляктар келді. Қарапайым студенттер. Солармен бірге жасаған шағын интервьюді бөліскім келеді.

p.s. Аударуға көмектескен досым Батырханға алғысымды білдіремін.

p.p.s. түпнұсқасын мәтіннің астында ютубтан тамашалай аласыз.

Қонақ поляктар

Олжас: Ал, қазір мен сендердің кім екендіктеріңді айтамын, содан соң сендерден біраз сұрақ сұраймын, ал жауап бергендеріңізде - сол адамға камераны бұр. Келістік пе?

Кәміл: Келістік.

Агата: Меніңше, біраз жарығы молдау жерге отырған дұрыс болар?

Томаш: Мен болсам көзге түспей отыруды қалар едім.

Олжас: Бастайық па?

Кәміл: Біз баяғыдан бері бастап қойдық қой.

Олжас: Ал онда... Сәлем! Менің атым Олжас. Өзім Қазақстаннан боламын. Және дәл қазір Польшадан келген поляктармен әңгімелесемін. Біз қазір Стамбулдың ең жоғарғы жеріндеміз.

Ал бұл Агата. Мынау Михау. Тағы да Агата. Және де Томаш. Осы-ақ сияқты...

Және біздің режиссер - Кәміл.

Томаш: Жүзіңді көрсетсеңші.

Олжас: Сендердің барлықтарың Краковта оқитын сияқтысыңдар, рас па?

Кәміл: Жоқ. Мен Варшавада оқимын.

Олжас: Бірақ сенің де Тау ‒ Металлургиялық Университетінің студенттік билеті бар емес пе еді?

Кәміл: Жоқ.

Олжас: Аа, солай ма. Ал енді мен сұрақтарыма бастайын. Сендерге, поляктарға, "патриотизм" сөзі қандай мағынаға келеді?

Михау: Қиын сұрақ екен.

Олжас: Поляктардың патриотизмі - ол не?

Агата: Ол өліп қалған сияқты.

Томаш: Білесің бе, қазіргі заманда поляк патриотизмінің екі жүзі бар: біреуі өте жағымды, ал екіншісі көріксіз. Жақсы жағы, мысалы, біз өзіміздің ұлттық құрамамызды, спортшыларымызды қолдаған кезімізде. Мәдени жерлерімізді өте жоғары құрметтейміз. Сол орталықтар бізге өте маңызды. Ескі замандардан келе жатқан мұраларымызға көп көңіл бөлеміз. Бірақ, басқа жақтан қарағанда, патриотизміміздің жаман жағы: ол оның күрескер болуы.  Қаласаң, аса ұлтшылдық деп айта аласың. Меніңше, бұл соңғы кездері азайған сияқты, бірақ әлі де бар әрине.

Михау: Және де меніңше, поляк патриотизмі  тек қана спорттық патриотизм ғана болып қоя бермейді. Шағыну. Біз шағынуды жақсы көретін халықпыз. Біз әрқашан шағынамыз да жүреміз.

Олжас: Бірақ меніңше әркім шағынуды жақсы көреді. Осында, Түркияда да дәл солай.

Михау: Бәрібір, менің ойымша поляктар шағынуда барлығын асып түсетін сияқты.  Және біздің ойымызша егер де біреудің спортқа деген құштарлығы шек асып, бірақ тек қана бет ауызын ұлттық рәміздерге бояуға, Польшаның даңқын қорғау үшін ескі әнұранымызды айтуға дайын тұрғандығы дұрыс емес сияқты.

Агата: Менің ойымша,қазіргі таңда поляк патриотизмінің тек қана қысқа үлгілері бар. Мысалы, бізде ЕВРО-2012 болған кезде барлығы "Польша! Польша! Біз бәріміз біргеміз" деді. Ал содан соң әркім өз-өзімен жайылып кетті. Айтатын болсақ, бізде улкен апат болғанда бәріміз бір заматқа бас қостық. Сосын... Көріскенше, аман бол! Осы тамызда алғаш рет Варшаваға барған едім. Олар өздерінің патриотизмдерін "Варшаваның көтерілісі" туралы айтқанда  естеріне алады.

Олжас: Иә, мен сол мұражайда болған едім.

Mихау: Соны көріп пе едің?

Олжас: Мен шынымен де сол кафеде болған оқиғадан әсерленген едім Мечисуав Фоггтың айтқанынша: «Қарулы адамдардың алдында ән салу өте өзгеше бір сезім. Кез келген кезде біреу кіріп келіп сол адамдардың барлығына зиян келтіре алатын еді.»

Білесіңдер ғой, бір спорттық шарада бүкіл ел болып өз командаңды қолдау жиі жағдай. Бірақ сендер патриотизмді күнделікті өмірде қалай көресіңдер?

Aгата: Меніңше, сен оны көре алмайсың. Патриотизмді көре алатындай ештеңе қалған жоқ қой. Қазіргі жағдайға қарасақ, егер де қазір Польшада соғыс басталса (Құдай сақтасын!), онда халықтың көбісі қашып кететінге ұқсайды. Әскерлердің қатарына бармайды, отанын қорғамайды. Олар қашады. Көбісі.

Олжас: Бірақ сендердің соншама көтерлістерге бай тарихыңыз бар.

Агата: Иә, онысы дұрыс, бірақ ол қазір жоғалған сияқты. Медиа, интернет, адамды надандататын теледидар заманында...

Сен оны енді көре алмайсың.

Олжас: Мысалы, АСТАға қарсы?

Агата: Ол патриоттық емес қой. Ол... адамның жеке құқығы туралы, патриотизм емес. Барлығымызды шынымен біріктіру одан әлдеқайда қиын.

Михау: Күнделікті өмірде патриотизм жоғалып кетті.

Oлжас: Мысалы, егер де біреу Польшада 2-3 жылдан астам қалып, жұмыс істеп, өмір сүріп әлі де полякша сөйлей алмай жүрсе, ол адамға поляктар қалай қарайды?

Aгата: Сол адамның өзі үшін Польшада жасау қиын болады.

Oлжас: Ал поляктар қандай көзқараста болады?

Томаш: Меніңше, поляктар басқа тілде сөйлейтін адамға соншама ерсі әрекет етеді деп ойламаймын.  Бірақ бұл тиімділікке де байланысты. Менің білгенімше, полякша емес мекемелер сонша көп емес.  Мысалы, шетелдіктер билет алғылары келгенде, немесе дукенде бірдеңе алғанда - сондағы жұмысшылардың көбісі шет тілдерді біле бермейді.

Aгата: Бірақ, бұл біздің ата-анамыздың замандастары. Жастардың көбісі қазір ағылшынша біледі, бұл қиын мәселе емес. Уақыт өткенше өзгеретін жағдай.

Томаш: Бұл өзгерістер қадам-қадам жүзге асады. Әрине де, полякшаны білу басымдырақ болып саналады. Басқа адамдар жағынан ешқандай кемсітушілік болмайды.

Олжас: Жарайды, мәселе бір адамға келіп тірелгенде оңай ғой. Ал егер де орам немесе шағынаудандарды қарастырсақ? Полякша сөйлемейтін, өздерімен өздері болып, поляктармен араласпайтын.

Томаш: Пікірімше, Польшада осыған ұқсайтын ешқандай шетелдіктердің ауданы жоқ сияқты.

Олжас: Ал егер де болса ше?

Агата: Онда олардың өмір сүрулерінің өзі қиынға соғады ғой. Қоғаммен қабылдану сияқты. Қабылданса ‒ мәселе жоқ. Бізде бұған ұқсас жаңалықтар болып тұрмайды. Бірақ, егер де сол шетелдіктер өте төзімді және де берік болса, онда мүмкін қолдарынан келер. Біз көбінесе ондай нәрселерді жақтырмаймыз. Оған қоса Польшаға соншама көп шетелдіктер келіп жатқан та жоқ қой. Бүкіл мәселе сонда.

Oлжас: Жоқ а, мен Краковта болғанымда көптеген туристтерді көрген едім!

Агата: Бірақ олар ТУРИСТТЕР ғой! Келулері тек 1-2 апта ғана, ұзақ уақытқа қалуға емес.

Томаш: Поляктар қыдыруға және жұмыс үшін келген адамдарға екі түрлі қарайды. Былай қарағанда, жұмысқа келгендер поляктардың жұмыс орындарын тартып алуда. Егер де поляктардан жұмыстарын тартып ала алатын бір қауым шығатын болса, бұл поляктар үшін қиындықтар тудыруы мүмкін.

Oлжас: Германиядағы түріктер сияқты ма?

Tомаш: Иә, солар сияқты.

Агата: Жалпы бізде көп жұмыс орны жоқ, сондықтан шетелдіктер де аз келеді.

Aгата: Дәл айттың!

Олжас: Иә, мен байқағанмын, мысалы "донер" Германия мен Австрияда түріктермен жасалса, Польшада пояктар дайындайды екен.

Томаш: Біз ол идеяны Түркиядан көріп алдық. Поляктандырылып,  біздің жағдайымызға әдейі бейімделген. Қазір ол түрік тағамына емес, фастфудқа көбірек ұқсайды.

Олжас: Мен оның барлығын сұрастырғанмын, себебі, КСРО-дан кейін Қазақстанның солтүстігі қазір орыстардың көбісі тұрып жатқан жақтар. Сол орыстар қазақ тілін білмей тұра, оны үйренгілері де келмейді. Осындай бір мәселеміз бар. Оған қоса, олар Ресеймен бірге болғылары келеді. Әйтеуір, соған ұксас бірдеңе қалайды. Сендер осы тақырыпта қандай кеңес бересіңдер?

Aгата: Не дейін? Менің бір досым анасымен бірге Голландияға көшіп кеткен еді. Қазір олар кішкентай бір жабық поляктардың қауымында өмір сүріп жатыр, және олар да голландша үйренгілері келмейді. Бұл досымның кеткеніне екі жылдай болып қалды. Бірақ бәрібір әлі де тек қана полякша сөйлеседі. Сондықтан да бұл тек қана сендердің мәселелерің емес. Бұл бүкіләлемдік. Айтқанымдай, досымның анасы одан бұрын кеткен еді, бірақ әлі де голландша түк те түсінбейді. Тек қана сол поляктардың орамында ғана өмір сүрген оңайырақ қой.

Олжас: Сонымен сол орамда қанша адам өмір сүріпті?

Aгата: Біршама.

Олжас: Бір мыңдай ма? Екі мың ба?

Aгата: Білмеймін, ол жерде болған емеспін.

Олжас: Бірақ, бізде бірнеше қала бар, оған қоса халық санымыздың 16 миллион болғандығын еске алсақ шынымен де үлкен мәселе шығады, өйткені, бізде көптеген адам қазақ тілін сөйлей алмауда.

Михау: Сонымен, сендерде сол сөйлей алмайтын орыстардың  арақатынасы қанша?

Олжас: Дәл білмеймін. Біз сол жерлерге қазақтарды көшіргіміз келген едік. Сол жерлерде өмір сүріп, жұмыс істесін деп. Бірақ бұл оларға оңай емес қой. Себебі, бізде әлі сондай.. сол адамдардың өмірі және жұмысы үшін нәрселер жоқ қой.

Aгата: Шарттар.

Aгата: Жалпы айтқанда,егер де біреу жаңа елге көшіп жатса сол жердің тілін үйренуі тиіс.

Oлжас: Иә.

Агата: Егер де мен басқа жерде тұрар болсам, шала ағылшынша қолданғаннан гөрі сол жердің тілін үйренер едім. Ең дұрысы - сол жердің тілін үйрену.

Олжас: Иә.

Томаш: Сол себептен қазір біз түрікше бір де сөз білмей Түркияда қыдырып жүрміз.

Михау: Қайдағы, мен бірнеше сөз білемін.

Олжас: Не білесің?

Михау: Çok güzel (өте жақсы)

Aгата және Tомаш: Çay (шай)

Mихау: Evet (иә), teşekkürler ederim (рақмет), şöyle böyle (солай-былай), güle güle (сау бол).

Олжас: Мысалы, мен достарыммен Парижде болғанымда, бір досым сонда қалу үшін франсузша тек қана үш сөзтіркесін білу жетерлікті деп еді.

Михау: Қандай?

Олжас: Bonjour (good day), merci (рақмет), je t'aime (мен сені сүйемін). Жіне де je m'appelle (менің атым) есіммен бірге. Соны да өз әрекеттерімен көрсетті. Дукенде, алдымен сәлем берді. Екеу керектігін көрсетті. Төледі. Сосын алғысын айтып шықты.

Ал, менің қиын сұрақтарыма жауап бергендерің үшін көп рахмет. Ал енді тағы да көріскенше. Түркияға немесе Қазақстанға келсеңдер асыға күтемін.

Көп рахмет! Көріскенше! Саған да көп рахмет, Кәміл!

Томаш: Мүмкін біздің оператор да бұл тақырыбымыз туралы бірдеңе айтқысы келер?

Олжас: Онда, барлығы осы!

1
723
0