Тікелей эфир

Азамат Сатыбалды: «Ұзаққа баратын өнер — театр өнері»

Бірде достарыммен қазақтың Брэд Питі кім болар деп талқылағанда, менің Азамат Сатыбалды дегенім бар. Оған Азаматтың азаматтық ажары, келісті сымбаты бір келсе, екінші жағынан Гамлет, Кебек, Қозы, Тибальт сияқты театр сахнасынан жүрекке дәл тиетін рөлдерінің баурайтыны тағы бар. Оның өз-өзіне деген сенімділігі, жарқын жүзі, әрқашан күлімдеп тұратын көздері актер болуға жаралған адам ретінде көрсетеді. Солай көптен бергі арманым Азамат Сатыбалдыдан сұхбат алуға ұйғарып, біраз «келіссөз» жүргізіп, М.Әуезов театрына келдім. «Қыз Мұңы» қойылымына бір сағат қалғанда актердің гримеркасында әңгіме-дүкен құрдық. Образға кіргеннен бе, әлде көңіл-күйі болмағаннан ба Азамат маған жаралы қасқыр образын елестетті. Ойлы көздері, байсалды үні оны лирикалық эпостан шыға келген батырға ұқсатып-ақ тұрды. Алайда ол тек қыр-сыры шексіз актер болмысының бір жағы ғана екен. Сұхбатты жазу барысында актердің өмірге құштарлығын, позитивті, жайдары образын байқадым. Бір сөзбен айтқанда, мен үшін әсерлі өткен сұхбат алдарыңызда.

— Сәлеметсіз бе, Азамат! Сізбен театр жайында сөйлессек деймін. Өзіңіз осы театрда жұмыс істейтіндіктен, қазіргі театрдың жағдайын, деңгейін саралап айтып берсеңіз?

— Театрдың деңгейін дөп басып айту қиын шығар. Оның алтын дәуірі — ұлы Әзірбайжан Мәмбетовтың басқарған кезі. Ол театрды 30 жыл бойы басқарған кезде Фарида Шәріпова, Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Нұрмұхан Жантөриннің шыққан уақытын «алтын дәуір» дейді. Ал қазір сол межемен есептейтін болсақ, біз ол деңгейге әлі жеткен жоқпыз. Ол кезде көрерменнің театрға деген көңілі басқа болды. Көрермен басқа ақпаратпен өмір сүрген, жаһандану заманының қаруымен жабдықталмаған, интернеттің болмаған кезі. Ол таза театрға келетін. Ал қазіргі инновация заманында театрға көрерменді, әсіресе жастарды қызықтыру өте қиын. Дей тұрғанмен, театр бұдан да өтеді. «Москва слезам не верит» фильмінде «енді телевидение ашылды, театр өледі» деген жері бар еді ғой. Бірақ театр өлмеді, ол 25 ғасыр өмір сүріп келе жатыр.

Қазіргі кезде театр жылайтындай деңгейде емес. Ол қазіргі көрерменнің сұранысын қамтамасыз етіп жатыр деп ойлаймын. Әрине, жаңа тұлғалар, есімдер керек. Тұлға, герой жасау — қоғамға, басшылыққа байланысты. Жалғыз ағаш орман болмайтынындай, жалғыз актер қанша жерден дарынды болса да, оған дем беру керек. Кезінде, мысалы, мүмкіндігінше қолдан геройлар жасаған. Сонда жастар соларға қызыққан.

Қазірде көрермендер қойылымға келеді. Ал басқа шет ел, Ресейде біраз уақыттан бері көрермен қойылымға емес, актерге келетін болды. Біздің айырмашылығымыз сонда. Қойылым деген жалпы ұғым. Онда кім ойнап жатыр, кім ойнамай жатыр көрерменге қызық болу керек. Театр көрерменмен сақталады десек, онда ол қойылымға емес, актерге келу керек. Мен Мәскеуге көрермен ретінде барсам, міндетті түрде кім ойнайтынын сұраймын. Ал бізде қандай қойылым болады деп сұрайды.

— Жастарды тарту қиын дедіңіз, мүмкін онда заман талабына сай жаңаша бағыт керек шығар?

— Көрерменнің жетегінде кетуге болмайды деп ойлаймын. Театр паровоз болу керек. Мысалы, сіз үйіңізге қонақ шақырып, оған жүрегіңізден шыққан тамақ бересіз. Қонағыңыз келіп алып, маған бешбармақ ұнамайды, борщ бер демейді ғой. Сол сияқты көрерменнің жетегінде кетуге болмайды, театр көрерменді тәрбиелеу керек. Мысалы, түк білмейтін адам театрға келіп, 10 қойылымнан кейін барып, театрдың деңгейін түсіне бастайды. Көрерменге не керек деп сұрасаң, қазірде оған, әрине, күлкі керек. Күлдіресің. Еуропада, мысалы, модерн көрсетеміз деп көрермендерін жоғалтып бара жатқандары соншалықты, сахнада секс көрсетеді. Бұл өнер ме? Оларға бастысы көрерменді ұстап тұру. Ал жалпы театрдың негізгі мақсаты көрерменді ұстап тұру емес, оны өзінің артынан жетектеу, бірге ілестіру. Сондықтан мен ондайға қарсымын, оның үстіне біздің театр дәстүрлі театр болғаннан кейін біздің көрермен оған дайын емес. Бар болғаны көп насихат керек. Актерлерді көп насихаттау керек. Бізде қазір «жұлдыз» дейді де, оны тек әншілерге таңады. Ал нағыз жоғарғы деңгейдегі опера әншілерін, балет, театр актерлерін жұлдыз демейді. Тек жеңіл эстрада әншілерін «жұлдыз» дейді. Ал негізінде ұзаққа баратын өнер — театр өнері.

— Онда өз онлайн-журналымызда сізді тұлға ретінде ашуға тырысайық. Жалпы Азамат Сатыбалды тұлғасының қалыптасу кезеңі қалай өтті? Оған қандай орта әсер етті? Суворов училищесінде оқыпсыз, оған түсуге, кетуге не себеп болды?

— Оған түсуге кереметтей бір себеп болған жоқ. Үйдегілер қинап түсірді. Өйткені ағаларымыздың бәрі офицер болғаннан кейін, «ағаңның жолын берсін» деп апарып түсірді. Бірақ ол жер маған ұнамады. Менің болмысым бұйрыққа бағынбайды. Маған істе деп бұйрық берсе, керісінше істемей қоямын. Ал жай ғана «осы сенің қолыңнан келеді, мынаны істей салшы» десе, істеймін. Солай таңғы алтыда тұру, біреудің бұйрығын орындау, тек түсте тамақ ішу сияқты істер ұнамаған соң кетіп қалдым. Оның үстіне өзім «жапалақпын», түнде ұйықтаймаймын — менің таңым он екі-бір.

Содан өнерге келіп, өзімді өнерде байқадым. Маған осы ұнады. Өзімнің бұрыннан бері тура келетін бешпентімді кигендей болдым. Бала кезімнен лидер болғаннан кейін, шапқылап ізденуді бастадым. Өйткені әкем: «Өнер деген қиын, болсаң болу керек, болмасаң жоқ болу керек. Тобырдың, топтың ішінде жүруге болмайды» деген еді. Содан бастап, өз бетімше оқыдым, Асанәлі, Әнуар ағаларға, Безруков, Мироновтарға еліктедім. Солар сияқты болғым келді. Олар не істеді, не оқыды, қалай жүрді, тіпті не кигеніне дейін бақыладым. Мен қазіргі күнге дейін, мысалы, Асанәлі Әшімовтың киіну үлгісіне қараймын. Қалай киінеді, өзін қалай ұстайды, қалай сөйлейді. Адам еліктеу арқылы өзінің сүрлеу жолын табады. Оған тек сәл ақыл мен еңбек керек.

Ал қазір мен өзімді керемет бір шыңды бағындырдым, керемет тұлғамын деп айта алмаймын. Өзімнің бір ойым қалыптасса, ол менің мінезім шығар деп ойлаймын. Өйткені тұлға болу үшін, өмірде өз орныңды қалыптастыру үшін адамға бір мінез керек. Өнерге, өмірге деген жеке көзқарасы, жолы болу керек. Біреу «ақ» десе, соған «ақ» деп ілесіп кетпеу керек. Өзінің жеке азаматтық позициясыңды ұстау қажет. Сонда ғана адам тұлға болып қалыптасады. Әрине, бұл қиын іс. Өйткені өзіңнің жеке позицияңды айту, жеке адам ретінде өзіңді орнықтыру көп адамға ұнамайды. Біреулер жамандайды, біреулер даттайды, біреулер мақтайды. Бірақ егер өз орныңды, жолыңды қалыптастырғың келсе, күресуің керек. Менде осындай позиция қалыптасты. Маған кейбіреулер сен өмірде жолы болғыш адамсың дейді. Ал мен олай деп дөп басып айтпаймын. Өйткені мен еңбектенбесем, маған ештеңе келмейді. Ал еңбектенсем, маған келе береді. Мүмкін бір фактілер бар да шығар, өйткені өнерде көп нәрсені бақ шешеді. Алла Тағаланың мүмкін маған берген бір нәсібі шығар.

— Бұйрықтарды ұнатпаймын деп жатырсыз, ал театрда режиссер деген ол да бір өз алдына майор, офицер емес пе? Режиссерлермен жұмыс істегенде қиындықтар болған жоқ па?

— Әрине, көп қиындықтар болады. Бірақ актер ретінде сен өз позицияңды қорғай білуің керек. Актер менің түсінігімде ғылыми зерттеуші сияқты. Сіздер, мысалы, кандидаттық, докторлық дәреже қорғайсыздар ғой, сол сияқты актер де өз рөлін қорғап шығу керек. Неге олай, неге бұлай деп. Режиссер, мысалы, «жат» десе, мен неге жатуым керек, менің жан дүнием мына жерге жатуға келіспейді, кейіпкерім бұл жерде жатпайтын еді дейсің.

— Сахнада үлкен айтыс болатын шығар сонда?

— Әрине. Онсыз болмайды. Біздің режиссерлердің көбі қазір саналы, боламын дейтін көптеген актерлерге ерік береді. Өзіміздің нұсқамызды көрсетеміз. Мен былай-былай ойлаймын деп. Одан кейін барып олар ақырындап арқамыздан қағып, басыңнан сипап түзеп, бағыттайды.

— Ал қай режиссермен жұмыс істеу өте қиын болды?

— Әзірбайжан Мәмбетовпен жұмыс істедім. Ең алғаш ойнап жүрген кездерде, «Абай» қойылымында Айдарды ойнағанмын. Сонда қиын болды. Өйткені ол кісі талдап түсіндірмейді. Әлі бала кезім, өзімнің білгенімше ойнап жүрдім. Ал онымен менен бұрын көп жылдар істеген апаларымыз, оның бір-екі ауыз сөзін бірден түсіне қояды. Мен таң қаламын, қалай ғана түсіне қойдыңыздар деп. Олар: біз 30 жылдай бірге жұмыс істейміз, оның көзінен, интонациясынан-ақ бәрін түсініп қоямыз дейді. Сосын «Гамлетті» қойған Астананың режиссері Юрий Иванович Ханинга-Бекназар жұмыс істеу қиын болды. «Білмеймін, өзің ойдан шығарып ойна» дейді. «Мына жерде мынадай сюжет, өзің шығар» дей салады. Үйге барып ойланып, ертесіне ойыныңды алып келесің. Бір нұсқа алып келсең, «тек бір-ақ нұсқа ма?» дейді. «Мен бірнеше нұсқа алып келер едім» дейді, сосын қайтадан барып, ойланасың. Сондай бір ерекше режиссер. «Генийсің, сенен асқан талант жоқ, сендей актер көрмедім» деп мақтап-мақтап қояды. Соған сеніп қаласың. Баласың ғой.

Жалпы көп режиссерлермен жұмыс істедім. Мысалы, бүгінгі болатын «Қыз мұңы» қойылымының режиссері Төлеубек Аралбаевпен өте жақсы жұмыс істедік. Өте жақсы қойылым. Позициясы бар қойылым. Жолымның болғыштығы сол шығар — маған тек қана жақсы рөлдер тиді. Спектакль болсын, телевидение болсын. (Жалғасы бар).

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева
Фото: Ардақ Төлеубаев

Алия Arsik
14 қараша 2012, 10:05
8864

Loading...

Пікірлер

Осы театрлар менеджмент мәселесіне көп көңіл бөлмейді ау деймін. Ол тек ақша жасау ғана емес, атақты атану үшін де керек. Өз басым бұл жігіттің театрдағы еңбегін көрмедім, десе де көбі мақтап жатады. Ал киноға түспесе деген үлкен өтінішім бар. Әлі күнге кино дегеннің, кино актер дегеннің не екенін білмей келе жатқан жан секілді. Немесе театр мен киноны бір деген ойда.
Arsik
1
0
біздің театрлар ақша тауып жүр дейсіз ба))? атақ әкеледі, бірақ ол атақты басқа арнаға бұрып, амалсыздан басқа жақта ақша тауып жүр (жарнама, кино, той, тв, кеш жүргізу, т.б.)
оны қай киноға қарап айттыңыз?))
Театрда көргенмін, ұнаған, А так Көкбөріге қосылам, киноға барып қажеті жоқ. Той жүргізе берсін шаруам жоқ, кейбір бағдарламаларды да ничо жүргізеді. Но бір екі сериалдан көрдім ғой дейм,быт шыт ойын. Негізі театран шыққан актерлері киноға барып қажеті жоқ, рольды дұрыс келтірмейді бәрібір, ондай мысал бірен саран ғана, театрдағы бар дауыспен, екпінмен, сосын үлкен залды қамту үшін көрсететін эмоцияларын да экранға алып келеді. Дым қажеті жоқ.
Өте көп жарнамаланатын әртіс. Негізі, мен қазақтың әртістерін Голливудтың әртістерімен салыстыруға қарсымын))) Бұл менің "Олар деңгейлес емес" деген сөзім емес, меніңше, Голливудтың әртістері мен біздің әртістер - екі бөлек әлем, тіпті, салыстыруға келмейді.
Әлияның сөзіне қосыламын, үйге келген қонаққа өзің ұнататын тамақты ұсынғаннан гөрі, ол қонақтың қолайына не жағады, асқазанына не жағады, қандай тамақ берсем ұятқа қалмаймын деп ойланып барып бересің қазір.Театрда пластика көбірек қойылса, сөз азайса деймін. Көктемде Нұрқанат Жақыпбайдың театры Астанадан келіп, 6 күн қойылым қойды, тұнған пластика, сөз аз, қозғалыс көп. Сөзбен емес, ыммен көбірек күлдіреді. Елдің бәрі театрға 10 рет келіп барып, қойылымды зорға түсінетін көрермен емес, олардың арасында да талғамы жоғары, внимательный жандар өте көп. Жалпы, әртістердің оқырман туралы, көрермен туралы пікірі жоғары болуы керек деп есептеймін.
Айжан, жарайсың! (Өтініш: келесі жолы диктофоннан қағыс естіп қалған адам, қойылым атауларына мұқият болшы, гуглдатсаң, қазір бәрі шығады))) Жоғарыдағы Астана театрының режиссері - Юрий Иванович Ханинга-Бекназар. Молдахан емес, Нұрмұхан Жантөрин. Сосын, ауызекі тілдегі сөздерді не допускай, мысалы, жүрегіңізден шыққан тамақ. Ренжіме, келесі жолы ескерсін деп жатқаным ғой)))
Айжеке, сен кәдімгідей ашуланып кеткен сияқтысың ғой))) Менің айтпағым, қазақтың Брэд Питі деп салыстырмай-ақ қояйықшы, ондай етіп айтатындай дәрежеге жеткен жоқ Брэд. Кім ол сондай-ақ? Әлі бір "Оскар" да алып көрмеген Голливудтың бір өкілі. Салыстырам десең, Голливудтағы сымбатты актерлер саны сонымен бітіп қалмайды ғой. "Азамат - біздің бүгінгі күндегі ең сымбатты актеріміз" и все, ИМХО)
мен ашуланбаймын ғой, білесің:) әрине талғамға талас жоқ, бірақ дәл Брэд Питт көп жылдар бойы Голливудтағы ең сымбатты актерлердің бірі болып келген және біздің елде де ол көпшіліке таныс, сондай стереотип қалыптасқан. Және де сомдайтын рөлдері, образы жағынан да неге екені соған келді. Қазақтың Джуд Лоуы немесе Бандеросы деп айта алмаймын:)
Zevsko
1
0
Әуезов театрын нашар деуден аулақпын, десе де, театрға үлкен серпіліс керек сияқты. Қазақтың таныс емес аңыздары менхикаяларын өңдеп заманға сай нұсқамен жаңартып қойса, таланты байқалған жас актерлерді үлкен сынақтан өткізсе екен. Шет ел драматургиясымен де біздің халыққа таныстыра түссе жақсы болар ма еді?!....
"бұл жерде теңеу, салыстыру емес, Брэд Питт дегенде көбісінде белгілі стереотип қалыптасады, яғни сымбатты актер, сол стереотипті неге өз актерлерімізге де таңбасқа? Бар болғаны сол, барымызды көрсету, ал оны Бредтің деңгейіне жетті-жетпеді деп талқылау- бос әңгіме. Бір-бірімізді қолдай білейік" ФБ-да жазған пікірімді келтіріп отырмын...

Рахмет, Роза, түзетіп қоямыз, жалпы саған емес, көпшілікке өз пікірімді айта кетейін:
Өз актерімізге бір сөзді қимаған адамдарға таңым бар. Бұл жерде нақты Азаматтың Брэд Питтке ұқсап қалғаны емес, әдетте Питт атына таңылатын сымбатты актер тіркесіне меңзейтіні. Тіпті бұрынғы заманда-ақ Ә.Нұршайықовтың Мұқан Иманжановты "Менің - Горькийім" дейтіні, немесе Қазақтың Пушкині (бірден кімді айтып тұрғаны белгілі) сияқты теңеулер айтылған емес пе. Тек қазірде ол қазіргі заман ағысына сай айтылады.
жактырмаймын бул адамды. бул адамнын кесиринен Казакстан каналдарындагы багдарламаларды коруди токтаттым.
этот человек сильно раздражает, изза него перестал смотреть казахстанские каналы.
Arsik
4
0
Азамат, әрине, үлкен актер, жастарға үлгі боларлықтай тұлға. Алайда, оның "борщ" туралы ойымен келіспеймін. Біздің көрермен театрдың қандай болуы керек деп ұсыныс айтпайды, тіпті оның қандай болуы керек екенін де білмейді. Бірақ Әуезов театры дәстүрлі театр дегенді алға тартып, оған өзгерістің қажеті жоқ деп айту дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі классикаға жету деген қиынның қиыны. Көп еңбектену керек (қойылымдардың құрылымын, ішкі құрылысын айтып тұрмын). Пьесаны жеткізудің де сан жолдары бар. Неліктен Станиславский қойылым қояр алдында көп қиналды, өзін сынап, өзіне көңіл толмаған қаншама сәттері еді. Бір спектакль үшін сол драматургтың отанына шетелге барып, шабыт іздеді. Айта берсем көп қой, кейде әдеби шығарманы сахналау дегенді тура ұғып жатқандаймыз, оның идеясын жеткізу, әрине, қиын екенін білемін...
Азаматтай театр актерларынын аз болганы арине окиништи!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 17517
  • 54
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 7185
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4873
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4651
  • 16
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4769
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 4040
  • 33
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4345
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 3187
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 нау. 2017 / 17:18
  • 3011
  • 30