• 78949
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Үкіметті көлік кептелісі толғандырады

 
09.11.12.

Алатау бөктеріндегі алып мегаполисімізді көлік кептелісінен құтқару мәселесі Министрлер Кабинетін толғандыруын қояр емес! Талай жыл бойы бірнеше Үкімет Алматы метросының құрылысын бітіруге жан салып, тіпті жаһандық дағдарыс кезінде қаражат жетіспегенде де қысқартпай, қайта ел қазынасынан миллиардтап қаржы құйды. Ақыры ол «ғасыр құрылысы» К.Мәсімов басқарған Үкімет тұсында аяқталып, қазір тұңғыш метро әсем шаһардың тұрғындары мен қонақтарының қолданысына берілген. Ал енді кеше жаңа Үкіметтің басшысы С.Ахметов алматылық көліктік тағы бір жобаның «Үкіметтік деңгейге көтерілгендігін» жариялады.

Премьер өз Үкіметінің мүшелерін ер­тіп, кеше Сенатқа арнайы келген болатын. Өйткені Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның осы күнгі жалпы отырысында сенаторлар алдына өте маңызды төрт қаржылық құжат тартылды. Бірден айта кетелік, Сенат депутаттары талқылаулар қорытын­ды­сында, Бюджет кодексіне «шартты қар­жыландырылатын шығыстар» атты жаңалықты енгізетін заңның жобасын, Үкіметтің жаңа жылда Ұлттық қордан әу баста ұлықсат етілгенге қоса, тағы 180 миллиард теңге артық қаржы алуына жол ашатын заңның жобасын және нақ­ты­ланған «Бюджет -2012» жобасын қа­был­дап, Елбасының қол қоюына жіберді. Ал Мәжіліс мақұлдаған нұсқасына сенаторлар өз түзетулерін енгізгендіктен, алдағы 3 жыл бюджетінің жобасы Төменгі палатаға кері қайтарылды. Мұның мәнісі - ел Үкі­меті Жоғарғы палата депутаттары ара­сында тағы 40 миллиардтан астам қар­жыны бөліске салған деседі. Бұл қосымша қаржымен сенаторлардың ең үздік ұсы­ныстары, олар қорғайтын өңірлердің ең дайын жобалары қаржыландырылмақ.
Жиынға Үкімет басшысының өзі қа­тыс­қандықтан, белсенді сенаторлар бұл мүм­кіндікті қалт жібермей, өз ұсыныс-сауалдарымен оған тікелей жүгініп жатты. Мәселен, Сенат депутаты Жұмабек Төре­гелдинов Алматы қаласының үлкен айнал­ма жолы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгендігін, алайда қаржыландыруға қатысты тапсырыстың басым бөлігі қанағаттандырылмай отырғандығынан құлақтандырды. Бұған жауап ретінде Үкімет басшысы күні кеше ғана өздерінің Алматының түйткілдерін, соның ішінде қала маңындағы аумақтарға қатысты мәселелерді қарағандарын хабарлады.
- Алматы қаласының көліктік айрықтары проблемасы және тұтастай ал­ғанда, көліктік торабының шешімі бұл мегаполистің аясынан тысқары шығып, Үкіметтік деңгейге дейін көтеріліп отыр, - деп мәлімдеді Серік Нығметұлы. - Сон­дықтан тіпті нақтылау кезінде де, аз ғана қаражаттарды бөлген кезде де біз бюд­жетте, биылғы жылға қарастырылған айрықтарды бітіруге ақша ескердік. Келесі жылы тек жергілікті ғана емес, сондай-ақ республикалық бюджетте де Алматының бұл мәселесін шешуге қара­жат көзделуде.
Әйткенмен, әлем нарықтарында қазір Қазақстан үшін қолайсыз жағдайлардың туындап жатуы кесірінен, ел Үкіметінің қаржылық мүмкіндігі алда шектелуі мүмкін. Бірақ сонда да Үкімет Алматының Үлкен айналма жолы («БАКАД») жобасын тастамайды. Әсем шаһардың осынау ірі көліктік құрылысына мемлекет жеке бизнесті, инвесторларды тартуға ниетті. «Алматыда жолдар проблемасын мемлекет пен жекенің әріптестігі қағидатымен шешудің мүмкіндіктері бар, - деді С.Ахметов. - Менің ойымша, Алматы қаласы мен Алматы облысы аясындағы «Алматының Үлкен айналма жолына» концессия енгізуді қарастыруға болады. Бұл мәселе біз үшін өте маңызды. Себебі бұл іс нақты жүзеге асса, онда БАКАД мемлекет пен жеке әріптестігінің жақсы үлгісі бола алар еді».
Сенаторлар талай жылдардан бері өңірлер бюджеттерінен «алып қоюлардың» артуына қарсы шығып жүр, олардың ай­туынша, аймақтардың тапқан табыс­тарының үлкен бөлігін орталықтың алып қоюы облыс басшыларын табыс түсіретін көздерді көбейтуге ынталан­дыр­майды. Тіпті осының кесірінен ел қазы­насына көп табыс құятын облыс, айналып кел­генде, дотациялық өңірге қарағанда, кем қаржыландырылатын парадоксты жағдай қалыптасып отыр. Бірақ ел Үкіметі «бюджеттік алып қою» тәжірибесінен бас тартпайды, өйткені «Қазақстан - біртұтас, унитарлы мемлекет», демек, оның құрамындағы бай, бақуатты аймақтар жағдайы нашарларымен, ауқатымен бөлісулері керек. Бұл тұтастай мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте сенаторлар жергілікті биліктердің бюджеттің алым-салықтық базасын дамытуға ден қоймайтындығын ашық айтты. Оның үстіне, «бұл үшін жауап­кер­шілік жүктелмейді» екен. Нәтижесінде, кейбір өңірлер тек республикалық транс­ферттердің бөлінуін күтіп отырады. Соның кесірінен дотациялық өңірлер қатары артуда деседі. Мұндай масылдық­тың кең жайылуына жол бермеу үшін депутаттар Үкіметке жергілікті әкімдерге кейбір салықтарды өзінің жергілікті қазы­насына жинап, жергілікті жерді өркен­детуге жұмсауына мүмкіндік беру туралы ұсыныспен шықты. Мәселен, кіші бизнес­тен түсетін салықты жинауды әкімдерге берсе, төл бюджетін молайту үшін ол өз елді мекеніндегі шағын кәсіпкерлер санының өсуіне ынталы болар еді. Бірақ орталық оған да бара алмайтын болып шықты: «Бүгінгі күні бюджет деңгейлері арасындағы салықты қайта бөлу ертерек деп ойлаймын» деп қысқа қайырды
С.Ахметов.

Оның орнына ел Үкіметі әкімдердің қазынаны толтыруға деген мүдделілігін арттырудың басқа жолдарын іздеп жатқандығы мәлім болды. «Біз жер­гілікті әкімдердің экономикалық мүдделілігін арттыру жолдарын із­деудеміз, - деді сенаторларға Серік Ахметов. - Үкіметте, Қаржы, Экономикалық даму және сауда ми­нистрліктерінде осы бағытта нақты жұмыстар жүруде. Осы мәселе бо­йынша бірқатар ұсыныстар ендігі бар. Бұл ұсыныстарды арнайы заң жо­басын әзірлеген кезде ескеретін боламыз».
Сөз соңында Премьер-министр қандай жағдай болса да, алдағы үш жылда әлеуметтік шығыстар қысқар­тылмайтындығына сендірді: «Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы және «Нұр Отан» ХДП-ның тұғырнамасы осыны бекітеді» деді Серік Ахметов.
Сөзін қорытындылаған Үкімет басшысы республикалық бюджет бойынша белсенді жұмыс жасаған­дары үшін сенаторларға алғысын білдірді және олардың айтқан барлық ескер­тулері мен ұсыныстарын Үкіметтің мұқият қарап, ары қарайғы жұмы­сында ескеретіндігіне уәде етті.
Ал кеше Парламент қабылда­ған «Ұлттық қордан 2013-2015 жыл­дар­­ға арналған кепілдендірілген транс­­ферт туралы» заңы арқасында ал­дағы «Жылан жылы» ел Үкіметі бюджет­тің жетіспейтін қаржысының бір бөлі­гін толтыру үшін еліміздің «мұнай қо­рынан» 1 триллион 380 миллиард теңге алуға қол жеткізді. Одан әрі де, 2014-2015 жылдары ол Ұлттық қордан тағы жыл сайын 1 триллион 188 миллиард теңгеден алатын болды. Бұл ретте түсіндіре кетелік: қазақ мұнайын шетелге сатудан түсетін түсімдердің барлығы, бюджетке соқпай, Ұлттық қорға барып құйылады, бұл амал ел экономикасын «қара алтын» ши­кізатына тәуелділіктен құтқару үшін жасалған болатын. Алайда Ұлттық қордан жыл сайын алынатын трансферттер ауқымының азаймауы, керісінше, артуы мемлекеттің бұл тәуелділіктен құтыла алмағандығын аңғартады. Осыған қарамастан, Экономикалық даму және сауда ми­нистрі «Қашаған» жобасы іске қосы­лысымен, Ұлттық қордың қазына­сы ақыры 100 миллиард дол­ларға же­теді деген болжамын жа­риялады. Осы орайда Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев сенатор­ларға «Қа­шаған» кен орнынан алғашқы мұнай келесі жылдың сәуір-мамыр айла­рында алына бастайтындығын ха­барлады. Жалпы, әлемдегі ең бір ірі кен орны саналатын «Қашағанды» «құрықтағалы» жатқан консорциум әу баста «игерудің алғашқы фазасын» биылғы желтоқсан айына жоспарлаған болатын. Ол үдеден шыға алмапты. «Енді биыл қол қойылған шартта «Қа­шағанда» келесі жылдың 1 мау­сымына дейін алғашқы мұнай игерілуі тиістігі көрсетілген. Біз оның алғашқы мұнайы ертерек, сәуір айына қарай болады деп болжаудамыз. Оның көлемі жылына 13 миллион тоннаны құрайды. Ары қарайғы көлемі келесі фазаны жүзеге асыру барысында анықталады» деді Мұнай және газ министрі.

Айхан ШӘРІП


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
9 ноября 2012, 10:54
480

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 32250
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 11138
  • 0
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
9 дек. 2016 / 14:31
  • 11269
  • 48
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 11141
  • 71
Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Знаменитый алматинский горнолыжный курорт «Шымбулак», которым мы все привыкли гордиться, с 10 декабря поднимает цены на свои услуги. Например, дневной абонемент на катание на склонах Шымбулака...
pacifist
9 дек. 2016 / 12:13
  • 9402
  • 30
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 9930
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7633
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 дек. 2016 / 13:14
  • 7032
  • 7
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 6769
  • 79