Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:00, 08 ноября 2012

Алаяқтығымен аты шықты

 

08.11.12.
Виктор Храпунов. Бүгінде бұл есім өзіне атақ-абырой берген, төрін берген және биік лауазымды сеніп тапсырған елі үшін абыройсыздықтың синониміне айналды. Ол осы жолды таңдап алды. Қазір В. Храпуновқа және оның әйеліне қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Қазақстандық тергеу орындарының деректері бойынша 2003-2006 жылдар арасында Швейцариядағы есепшотына және оффшорлық аймақтарына 48 млн АҚШ доллары мен 7,7 млн еуро аударған. Заңсыз жолмен тапқан қаржы олигархтың кім болғанын айдай әлемге әшкерелеп берді.

Алматы қаласындағы және Шығыс Қазақстан облысындағы заңсыз бизнесі мен зәулім са­райларының сыры ашылатынын сезген бойда алдын ала да­йындалған әуе кемесіне дүние-мүлкін тиеп, бала-шағасы, отбасымен бірге бас сауғалап қашып кетті. Алматы қаласының экс-әкімі қазақстандық Фе­мидадан қалай бас сауғалап қашқанын былай деп еске алады: «Біз дүние-мүлкімізді аз уақытта ұшаққа тиеп, аяқ-астынан асығыс ұшып кеттік»
Мұның өзі қашқын олигархтың тергеу қорытындыларының бас пайдасына шешіле қоймайтынын алдын ала сезгенін дәлелдеп тұр. Қазақстандық сарапшылар Хра­пуновтың елден кетуге сон­шалықты асыққанын айтады: Ол Алматы қаласы әкімі болып жүрген кездегі заңсыз әрекеттері үшін заң алдында жауап беретінін білді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан тергеу қоры­тындысының соңғы нүктесі қо­йылмай жатып, Швейцарияға «бауыр басып» үлгерді. 2009 жылы мем­лекеттің ең дәулетті адам­да­рының тізіміне енді. Алматы қа­ласының экс -әкімі мен Ләйла Храпунованың «Швейцарияға» қашуының сыры көп уақыт өтпей-ақ әшкере болды.Журналистердің Храпуновтар отбасына қандай нысанның тиесілі екендігін дә­лел­деген сараптамалық материалдар жаза бастауы да кездейсоқ емес. Қорытындысы қо­ғамды таң­ғалдырды: Жекеменшік канал­дардың бірі Ләйлә ханымға тиесілі болып шықты. Оның ак­тивтеріне шетелден асыл тас бұйымдарын әкеліп, қаладағы зергерлік дү­кендерге салды. Зер­герлік бұйым­дарды сатумен айналысатын «VILED -INTERHATIOHAL» дүкендер желісі, фирманың ашылғаны да Хра­пуновтың Алматының әкімі болып жүрген кезде ашылған. Храпуновтар отбасына тиесілі ғимараттар, жер телімдерінің бәрі - Алматының ортасында ор­наласқан. Кәсіпкерлер ондай «тәтті үлеске екінің бірінің қолы жете бермейтін» деп еске түсіреді. Атап айтсақ, Жолдасбеков көшесі мен Фурманов көшесінің шығыс бөлігіндегі 705 шаршы метрлік ғимарат, «Самал» мөлтек ау­да­нындағы 116, 141, 175 және 53 шар­шы метрлік көрікті ғимараттар, сондай-ақ Алматы қаласы эко­номикалық универ­ситетінің құрылтайшысы Ләйлә ханым бо­лып шықты. Кейінірек ретін тауып «Гүлмира» атты жасанды ЖШС атынан Алматыдағы ең көрікті «Емен алаңқайы» демалыс үйіне ауыз салған. Алматы қаласы әуе-жайының жаңа ғимаратының құрылысын жүргізуді өздерінің иелігіндегі «Rhoheniх» ЖШС тапсырған. Оның құрылысы тым ұзаққа созылғанмен әрбір уақыт Храпуновтардың қалтасына жұмыс істеді: Нақ осы тендерден отапсырыс есепшоты 50 млн АҚШ дол­ларымен толықты: Кейінірек жағдайды сауықтырамыз деген желеумен жаңа келісім-шарттар жасалды. Тер­миналға жұмсалған қаражаттың қаржылық құнынан әлденеше есе көп екенін енді анық­талып отыр. Храпуновтар үшін 32 саны өте киелі болып шықты. Бұл экс -әкімнің әйелінің меншігіндегі нысандардың саны . Олардың 16-сы Алматыдағы жер телімдері, 12-сі - тікелей Ләйлә ханымның иелігінде болса, өзгелері жалған тұлғалардың атымен тір­келген.
Олардың қазақ жерінде қалай өмір сүргенін ұлы Ілиястың айт­қанынан-ақ аңғаруға болады. Ол кейінірек Женевадағы курортты қалашықтың құрылысына салған қаржысының алғашқы капиталын анасының сыйлағанын, оның әрбір іс-әрекеті сол кездегі әкім Виктор Храпуновтан қолдау тауып отыр­ғанын жасырмаған.
Храпуновтардың Қа­зақстандағы заңсыз әрекеттері шектен шығып кетті. Бұрынғы әкімнің «ерте­гілеріне» қазір ешкім сенбейді, ал оған қойылатын сұрақтар керісінше күн санап көбейіп барады. Айталық, Tagen-Aizenger басылымына берген сұхбатында тілші Храпуновтан оның адам айтса нанғысыз бай­лықтарға қалай ие болғаны жайында сұрап, нақты санды атауды өтінеді. Ол тура жауаптан жалтарып: «Біз жақсы қамтамасыз етілгенімізбен, аса бай емеспіз» дей салады. Оның сөзінше, 400 миллион долларды құрайтын отбасылық бюджет, қонақ үй, 24 зәулім резиденциядан тұратын кешен, автокөліктердің түгел паркі мен Женева көлінің жағасындағы вилла - тіпіті де байлық емес. «Сонда олар не?» деген заңды сұ­рақ өз-өзінен туындайды.
Әрине, 10 миллиард долларды жымқырған қылмыскер, құдасы М.Әбіләзовқа қарағанда -Храпунов тақыр кедей. Бірақ шынтуайтқа келгенде бұл бұрынғы әкім оны жағдайдың құрбаны етіп көрсеткісі келеді. Әйтсе де дәл осы «тақыр кедей» В.Храпунов, оны қызы Эльвира мен ұлы Ілияс Швей­царияның ең бай адамдарының тізімінде. Соның өзі оның сөздерінің шындығына күмән туғызады.
Бұл жерде Храпуновтың да қарапайым алаяқтардың жауыр болған жоспарлары бойынша әрекет ететіндігін айта кеткен жөн. Ал­дымен қоғамның сеніміне қол жеткізеді де, кейін оны тонап, басқа елге тайып тұрады. Олардың бәріне ортақ бір нәрсе - баюға деген құштарлық, тіпті миллионер болып алып та олар сол алаяқтықтарын қайталаудан танбайды.
Көпшілік Храпунов 1997 жылдың орта тұсынан бастап жеті жыл бойы Алматы қаласының әкімі болғанын ұмыта қойған жоқ. Еліміздегі жалпы тұрақтылық, одан кейін қазақстандық экономиканың күрт өсуі жағдайында Алматының экономикасы өте баяу дамыды. Қала тұрғындарының пайым­да­уынша, Храпунов - жеті жыл бойы бір кездері Орталық Азиядағы ең әсем әрі ірі қаланың инфрақұ­рылымын қиратқан адам. Көптеген жандар оны алаяқтық пен жем­қорлықта ашық айыптаса, тағы біреулер оның отбасының жем­қорлық жолмен қалай байығаны жөнінде нақты деректер келтіргісі келеді. Храпунов алматылықтардың жадында тозып біткен жолдар, көліктік және әлеу­меттік құлдырау, қала атмосферасының әбден уланумен қалып отыр. Оның кезінде қалада жемқорлық әбден шегіне жетіп, муниципиалды мүлік пен қаржы бұрын-соңды болмаған деңгейде талан-тараж болды. Әкім бақылауы тиіс тәртіпсіздік әбден шарықтау шегіне жетті.
Өмір үшін қауіпті, күмәнді ғимараттарды салуға рұқсат бере отырып, В.Храпунов өзінің уақытша отырғанын, бірнеше жылдан соң өзі мойындағанындай «екінші үйі - Швейцарияға» қашып кететінін біліп жүрді. Дәл осы Храпуновтың кезінде Алматы қаласының судан қорғау белдеулері мен газ құбырлары сияқты қауіпті жүйелер жүргізілген аймақтарында кең көлемде жер телімдерін бөлу жүрді. Соған бай­ланысты Хра­пуновтар отбасының миллиондаған байлықтарының бір бөлігі Іле Алатауы қорығы ай­ма­ғындағы сол жерлерді иемдену үшін берілген заңсыз құжаттардың өтеуі деген де пікір бар.
Храпунов Швейцария аза­маттығын алар-алмасын уақыт көрсетеді. Бірақ көпшілік қандай болғанда да Алматының бұрынғы әкімі өзінің лайықты жазасын алатындығына сенімді.

Махамбет ТАЛАПБАЙ


0
533
0