Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:47, 07 ноября 2012

Ресей Каринаны мойындады

08.11.12.
Blog post image
Ресей эстрадасының танымал әншісі Зара «Мюзикола» тобының әншісі Карина Абдуллинаның әндеріне үлкен қызығушылық танытып отыр.

Орыс қызы жақында Санкт-Петербург қаласында өткен жеке шығармашылық кешінде жерлесіміздің бірнеше туын­дысын орындаған. Олардың қатарында «Грусть моя играла на роя­ле», «Колыбельная», «Родная» сынды жаңа әндер бар. Бұл шығармалар Зараның «В тём­ных глазах твоих» атты жаңа альбомына да енген.
Тағы бір айта кетерлігі, Зара өз концертінде Каринаны арнайы ортаға шығарып, көпшілік алдында әндерінің авторы ретінде ресми түрде таныстырып, үлкен қошемет көрсетіпті. Бүгінгі таңда әнші өз репертуарына «ақ көйлекті арудың» он шақты әнін енгізіп үлгеріпті. Қазіргі уақытта қос ару «Три желания» әнін әрлету үстінде екен. Шығармашылық одақ келесі өнімдерінің сәтті шығатынына айрықша сенімді. Ал Карина мен Зараның бір-біріне қалай бауыр басып, ортақ тіл табысып кеткеніне тоқталсақ, танымал арулар екі жыл бұрын Фран­цияда танысыпты. Содан бері достықтары ажырамай, бірі әнші, бірі композитор ретінде еңбек ете бастаған. Нәтижесі жаман емес екенін дәлел­демесек те болатындай...


 
0
409
0