• 86047
  • 158
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!

Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға "көн шалбары көтіне қатқан" бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады.

Біз әлимсақтан бері көріп келе жатқан мультфильм атаулы осындай болатын. Жағымды кейіпкеріміз нар тұлғалы, бура санды, бұқа мойынды, көрікті де келісті болса, қарғыс атқыр қара ниетті неме бет-ауызы бүріскен, көрген адамның көзін де, көңілін де құсаға қалдыратын кейіпте еді.

Дженнди Тартаковски (тумысында мәскеулік Геннадий Тартаковский) бұл мәселеге басқа жағынан кіруге бел шешіпті. Бұрын біздің әңгіме-аңыздарымызда итатқырдың рөлін ойнайтын қанішер, қасқыр-адам, зомбилар «Трансильвания қонақүйінде» керісінше көрсетілген.

Фильм желісі былай: ғасырлар бойы ғұмыр кешкен граф Дракула алақанына салып аялап отырған, жүз он сегізге жаңа толған қызы Мэвисті адам атаулыдан аулақ ұстайды. Кішкентайынан «пендеге жолама, көрген жеріңде көкірегіңе сына қағып, басыңда шауып тастайды» дегенді құлағына құйып өскен Мэвис әкесінің құбыжық атаулыға тыныштық сыйлап, емін-еркін дем алуға жағдай жасайтын қонақүйіне қаңғалақтап жүріп келіп қалған Джонатанға ғашық болып қалады. Әрине, Джонатанның Франкенштейн секілді денесі құрастырмалы немесе Көрінбейтін адам сияқты қасиеті болса екі жас бақытты болып-ақ кетер ме еді, кім білсін, бірақ, жас саяхатшының қарапайым адам болғандығы күллі қонақүйдің апыр-топырын шығарады. Себебі, құбыжықтар... адамнан өлердей қорқатын.

«Трансильвания қонақүйі» жылдың үлкен-кішісі көріп, көңіл көтеріп қалуы тиіс туындыларының бірі деп есептеймін. «Мегами» мен «Жексұрын мен» секілді бер жағы адам төзгісіз, бірақ жан-дүниесі қайыр-мейірімге толы кейіпкерлері бар туындылар ұнаса, ойланбай кассаны тоқылдатып, тиын шығарып «Трансильвания қонақүйінен» «бөлме алыңыз».

Фильм бір жарым сағат бойы көрерменін қалт жібермей, қадағалап, уысынан шығармай ұстап отырады (Sony Pictures-тің анимациялық туындыны бұлай түсіре алғандарына өзімнің де аздап таңым бар).

Сюжеттің жылдамдығы бөлек әңгіме: диалогтар мен қалжыңдар тез ауысады және жалықтырмайды. Күтпеген «қорқынышты» сәттер өзге анимациялық туындыларда жоқ өзгеше бір әсер береді.

Кейіпкерлердің кескін-келбеттері мен киген киімдері де сауатты: дракулалық оқиғаға тән готикалық стиль мен қызылды-жасылды көңіл көтеретін түстердің өріле беруі фильмнің сапалық қасиетін күшейте түскен.

Сөз жоқ, «Трансильвания қонақүйі» сізге ұнайды. Себебі, қамқор әке Дракуланы, ақкөңіл Франкенштейнді, көзі мөлдіреген сүйкімді жарғанат қыз Мэвисті, көңілді Мумияны, топырлаған бөлтіріктерін жанындай жақсы көретін Қасқыр-адамды, тентек Көрінбейтін адамды сіз басқа фильмнен осы кейіптерінде көре алмайсыз. Әзірге деп үміттене отырайық…

Дінмұхамед Зиядин

Киностан

Суреттер: www.rottentomatoes.com

Dinmukhamed Ziyadin aliziyadin
5 ноября 2012, 17:55
2063

Loading...

Комментарии

Shpak
0
0
«Трансильвания қонақүйі»???????????

В наше время қонақ үйі писали раздельно, как деградирует язык....
На основании чего написано слитно? Можно получить ссылку на раздел грамматики?
Ия, қонақ үй деп жазылатыны бар-ды. Нақты бір грамматикалық ереже дәл қазір ұсына алмаймын, бірақ өзім қонақүй деп біріккен сөз ретінде алдым. Көп жерде осылай кездестіремін де. Пікіріңізге рахмет:)
Қазақ тілінде шықса керемет болар еді ғой! Серік Ахметовқа бәріміз бірігіп хат жазайық, филімдерді қазақ тіліне дубляждалсың деп!!!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 15652
  • 50
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 7010
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4773
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4494
  • 16
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4640
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3897
  • 33
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4188
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3003
  • 14
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 3022
  • 59