• 83042
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Серікбай ТҰРЫМОВ, Жаңаөзен қаласының әкімі: Туған жерге тағзым ететін кез келді

 

03.11.12.

Соңғы жылдары қалаға ерекше көңіл бөлініп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көптеген келелі істер жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың назарындағы мұнайшылар қаласына Елбасы тапсырмаларына сәйкес Үкімет тарапынан қаланы дамытуға бағытталған кешенді жоспарлар жасақталған болатын. Бүгінде жергілікті биліктің атсалысуымен аталған жоспарлардың бірқатары іске асса, бірқатары орындалу үстінде.

Осы орайда атқарылып жатқан жұмыстардың жағдайын білмек болып Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымовты әңгімеге тартқан едік.

- Серікбай Өтелгенұлы, биылдан бастап 2020 жылға дейін «Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары» бекітілгенін білеміз. Жоспар негізінен қай саланы қамтиды?
- «Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары» 2012-2020 жылдарға арналған. Жоспар негізінен қаладағы кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру және бизнес климатты жақсартуға, тұрғындар санын оңтайландыруды ескере отырып Жаңаөзен қаласының Бас жоспарын жасақтау, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, эко­но­микалық белсенділікті ынталандыру, экономикалық өсім бар жерлерде жаңа өндірістердің және жұмыс орын­дарының құрылуына ықпалдастық ету, жаңа елді мекендермен жоғары даму әлеуеті бар елді мекендерді дамыту, қалаға әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жағынан қолдау көрсету, жастардың көңіл көтеруі мен демалуын ұйымдастыру, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздік және апаттық жағдайларды ескерту шараларын қамтиды.
- Жаңаөзен - елімізде қа­былданған Республикалық моно­қала­шық­тарды дамыту бағдар­ла­масына енген қалалардың бірі. Бұл бағытта қандай шаруалар атқарылды, алда не тындырылмақ?
- Моноқалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында 477 млн теңге бөлінді. Бүгінге «Самал» және «Өркен» шағын аудандарын абаттандыру жұмыстары бойынша аулаішілік жаңадан асфальт төселді, жиектастар орнатылды, жаяу жүргінші жолдары салынды және көшелерді жарық­тандыру үшін қайта жаңарту жұ­мыстары жүргізілді, сондай-ақ кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі уақытта «Самал» шағын- ауданында балаларға арналған 2 ойын алаңы салынды және «Рахат» шағын- ауданындағы тамаша құрылыс ны­санының бірі «Адайдың алпыс батыры» аллеясының 2-кезеңі бойынша жұмыс аяқталды. Маңғыстау, Қашаған, Достық көшелерін және 3 «А» шағынауданын абаттандыру бойынша жұмыс жасалды. Сонымен қатар 20 аялдаманың негізгі қаңқасын тұрғызу аяқталып, бүгінде құрылысты бітіру бойынша жұмыстар жүргізілуде және қаланың орталық көшелерінде орналасқан 72 үйге сырлау, қаптау жұмыстары жасалды.
Жоспар бойынша «Көктем» шағын- ауданында абаттандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында аулаішілік асфальт төсеу және жиектастар орнату жұ­мыстары басталды, сонымен қатар №5 және №18 мектептерге спорттық алаңшалар орнату үшін жұмыстар жалғасуда.
- Қазір жұмыссыздық кім-кімді де қысып тұр. Әсіресе, кезінде халқының саны шағын ортаға есептеліп са­лынғанмен соңғы жылдары ата- қонысқа көптеп көшіп келген қандастардың есебінен күрт өскен Жаңаөзенге оңай болған жоқ. Қала халқының мұншалықты өсуінен жұмыссыздық белең алғаны белгілі. Қазір осы жұмыссыздық мәселесі қалай шешіліп жатыр? «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы өз жемісін беріп жатыр ма?
-Әрине, қаламызда түйінді мәселелер бар. Солардың ең біріншісі - жұмыссыздық. Жыл басында жұмыссыз ретінде 3382 адам тіркелген. Олардың ішінде осы уақытқа дейін 2214 адам жұмысқа орналасты. Жастар тәжірибесіне - 169 адам, қоғамдық жұмысқа - 1249 адам жіберілді. Қаладағы құрылыс жұмыстарына 9 мекемеге 111 адам жұмысқа алынды. Жыл басынан бері жүріп жатқан «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне 777 адам қатысты, оның 137-сі жұ­мысқа қабылданды.
Жұмыссыздық - күрделі мәселе, бір күнде шешіп тастаудың мүмкіндігі жоқ. Бірақ қол қусырып қарап отырған жоқпыз. Жалпы, бұл мәселені шешуде жеке кәсіпкерлікті де дамыту қажет. Қазір негізгі жұмыс осы бағытқа шоғырландырылып, біз өз ісін бастауға ұмтылған әр азаматқа қолдау көрсетіп, тығыз қатынаста жұмыс жасап отырмыз. «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің қаулысымен «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспар» бекітілген болатын. Осы жоспар аясында «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген яғни 3 пайыздық несие беруге мүмкіндік туып отыр. Бүгінде кәсіпкерлікпен шұғылдануға мүмкіншілік мол. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қаражат алып, өз ісін бастап жатқан азаматтардың ісі баршаға үлгі болады деп ойлаймын.
Сонымен бірге «Өзен - Тү­рік­менстанның мемлекеттiк шекарасы» темiржол желiсiнiң бойында салынған «Болашақ» стансасы қаламыздағы жұмыссыздық мәселесін шешуге өзіндік үлесін қосады деп есептеймін. Ағымдағы жылдың аяғына дейін стансада 85 орындық мектептің, 50 орындық балабақшаның, 80 орындық тұрғын үйдің, 3 дүкеннің, наубайхана мен стадионның, 2 қабатты 85 пәтерлік тұрғын үйдің құрылыстары аяқталады. Ендеше бұл мекен бойынша біршама жоспар бар.
Жергілікті деңгейде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының негізінде өз бетінше жұмыспен ай­налысушыларға, жұмыссыздар және табысы төмен тұрғындарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақса­тын­да игі шаралар жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың басынан бері жұмыспен қамту орталығына бағ­дар­ламаға қатысу үшін 165 адам өтініш беріп, 162 адам бағдарлама бойынша қатысушылардың құрамына қо­сылды.
Бағдарлама аясында жұмыс бе­рушілердің сұранысына сәйкес 10 адам «аспаздық ісі» және 10 адам «тігін» мамандығы бойынша оқу курстарына жіберіліп, аталған 20 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар жұмыссыздар және табысы төмен азаматтарды «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 24 адам 2 жыл 10 айға «Каспий педагогика және са­ла­лық технологиялар колледжіне» жол­дамамен жіберіліп, оның ішінде 20 адам емтихан тапсырып оқуларын бастап кетті. Бағдарламаның екінші бағыты «ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» болса, аталған бағыт бойынша бүгінде 4 жеке кәсіпкерге шағын несие берілді. Яғни 1 адамға мал шаруашылығына, 2 адамға ұлттық киім цехына, 1 адамға шаштараз салонын ашу мақсатында барлығы 10,3 млн теңге қаражат игерілді.
- «Каспий» ӘКК-ның мәліметіне сүйенсек, Жаңаөзенде 50-ден астам тұрғын үй көнерген баспаналар қатарына енгізіліпті. Бұларды жаңалау барысы қалай жүрмек?
- Қазіргі таңда «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-экс­пери­мен­талдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қо­рытындысы негізінде, Жаңаөзен қаласында 52 тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің саны анықталып, баспаналар 2020 жылға дейін бөлінді және олардың тізімі жасақталып Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен бекітілді.
Бекітілген тізім келесі мәліметтер­мен жасақталды: нысандар атауы, іске қосылған жылы, қабаттылығы, пәтер саны, жалпы ауданы, тұрғындарының саны, бұзуға қажетті қаражат, кө­шірілетін аумақ, орындалу мерзімі.
Алғашқы 2013-2014 жылдары бұзылуға жататын 17 тұрғын үйге жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаражат қарастырылып, арнайы мамандандырылған «Самғау-Құрылыс-Инвест» ЖШС-ның қорытындысы алынды.
Бүгінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне алғашқы 17 тұрғын үйдің қорытындысы танысу үшін жолданып, агенттік өз тарапынан қорытындыны Қаржы министрлігіне қарауға ұсын­ған.
Осыған орай 2013-2014 жылдары бұзылатын үйлердің тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылуда, кездесу барысында тұрғындарға толықтай және жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 2013 жылға жос­парланған үйлерді бұзу мақсатында жобалық сметалық құжаттаманы жасақтау жоспарланып отыр.
- Жаңаөзендіктер үшін негізгі күн- көрістің бірден-бір көзі мұнай игеру саласы бойынша екені баршаға аян. Ендеше қазір мұнайдың өндіріс кө­лемі қандай? Сонымен қатар көп мамандар, шенеуніктер «Жаңаөзеннің мұнай қоры сарқылып келеді» дегенді көп айтады. Болашақта қала хал­қының негізгі күнкөріс көзі не болмақ?
- Қолданыстағы кен орындарының табиғи түгесілуіне байланысты 2007 жылдан бері мұнай өндіру көлемінің төмендеуі байқалады. Егер 2007 жылы мұнай өндіру көлемі 6,7 млн тоннаны құраса, ал 2011 жылы 5,1 млн тоннаға дейін азайған. Алайда ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 47,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артқан.
«Ал мұнай қоры сарқылып келеді» дегенге келсек, біз өзімізге қажетті нысанды өз қолымызбен тұрғыза алатындығымызды түсініп, құрылысшы деген құрметті мамандықтың иелері болуға ұмтылатын жастар қатарының алдағы уақытта көбейетініне сенеміз және жастарға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жандандырылып келеді. Осы мәселеге орай айта кеткім келетіні, қалада жаңа жұмыс көздерін ашу мә­селесі бойынша өзіміздің жерлесіміз, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Л.Қиынов Өзен кен орнының жан-жағынан 50-60 шақырым жерлерге бұрын пайдаланылып, кейін жабылып қалған кен орындарын дамыған елдер тә­жірибелеріндегі ірі кен орындарының жұмыстары көрсеткендей, барлау жұмыстарын жүргізу туралы ойларын айтып еді. Егер бұл мәселе қарас­тырылса, одан да оң нәтиже шығуы мүмкін деп ойлаймын.
- Қалада шағын және орта кәсіпті дамыту барысы қалай өрбіп жатыр? Жалпы, кәсіпкерлерге қандай қамқорлықтар көрсетілуде?
- Жаңаөзен қаласында кәсіпкер­лікті дамытудың арнайы жоспары арқасында бүгінгі күнге дейін комис­сия отырысында 23 жоба қарасты­рылып 843 млн теңге игерілді. Аталған жобалардың өз кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпкерлеріміз де жетіп артылады. Оларға жеке-дара тоқ­талатын болсақ:
- «Өзенкоопсауда» ЖШС-не 5 млн теңгеге қосымша ғимарат салды және жаңадан 5 жұмыс орны құрылды; - «Жаңаөзен политехникалық кол­леджінің» оқу корпусының құрылы­сына 45 млн теңге бөлінді және қо­сымша оқытушыларға арналған 10 жұ­­мыс орны құрылады деп күтілу­де:
- «Бөкен» таксопаркін құру үшін автокөліктер сатып алуға 15 млн теңге көлемінде субсидияланған несие алып, нәтижесінде жаңадан 20 жұмыс орны құрылды;
- «Байбол» техникалық қадағалау стансасын ашу үшін 40 млн теңге бөлініп, жаңадан 5 жұмыс орны құ­рылды. Одан басқа :
- Қаладағы 3 «А» шағынауданда жаңа заманауи аквапарк құрылысы жоспарлануда. Жобаны іске асыру үшін сәйкес жер телімі бөлінді.
- Тағы бір кәсіпкеріміз құс фермасын ашуды жоспарлауда.
Жаңа өндірістерді дамыту және тұрақты жұмыс орындарын ашу үшін 2013 жылы №1 технопаркті ашуды жоспарлап отырмыз. Аталған тех­нопарктен жер телімдерін беру арқылы 20 кәсіпкерді орналастыруға мүмкіндік туады және жаңадан 200-ден аса жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта қала сыртынан 50 га жер телімі бөлініп, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгінге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер тарапынан темір жа­бындыларын шығару цехы, жылыжай кешені, тері өңдеу цехы, пластикалық құбыр шығару зауыты, мұнайшыларға арналған аяққиім өндіру цехы, бұ­рандалы болт, гайка, шеге шығару цехы сияқты жобаларды іске асыру бойынша өтініштер түсуде. Сондай-ақ «Төңірекші» агрокешенінде ашық және жабық жылыжайларда там­шылатып суару технологиясының қыр-сырын білетін кәсіпкерлерді орна­ластыру жоспарлануда. Бұл жоба іске асыру нәтижесінде 150-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Аталған жоба бойынша жо­ба­лық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жалғасуда.
Кәсіпкерлердің жұмыс жасауына арқау болатын Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлері қауымдастығы құрылып, сәйкес құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеуден өтуде, сонымен қатар бұрынғы балалар үйінің ғимаратында Бизнес-инкубатор ашу бойынша жұмыстар аяқталуда. Аталған нысанды күтіп-ұстауға қа­ла­мыздағы бірден-бір үлкен кәсіпорын - «ӨзенМұнайГаз» АҚ қамқорлық қаражатын бөліп, қолдау көрсеткелі отыр.
- Жаңаөзен қаласы тұрғын­да­ры­ның болашақта бірден-бір үміт күтіп отырған ірі жобалардың бірегейі бүкіл әлем назарындағы «Кендірлі» курорт­тық демалыс аймағын жандандыру ісінде қандай тың жаңалықтарыңыз бар? Болашағынан не күтеміз, осыған дейін Кендірлі аймағында қандай жұмыстар атқарылған еді, Кендірлінің бо­лашағына деген жоспары туралы айтып берсеңіз?
- Бүгінде «Кендірлі» ха­лықаралық демалыс аймағын салудың бас жос­па­­ры бекітілді. «Кендірлі» халықаралық демалыс аймағы 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туристік индустриясының қарқынды бағыттарды дамыту бойынша бағ­дарламасына және Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген.
Тарқатып айтар болсақ, қазіргі таңда келесідей жұмыстар жасалды:
- Сыртқы инфрақұрылым құры­лысы бойынша техникалық-эконо­ми­калық негіздеме дайындалды және ол бо­йынша мемлекеттік сараптаманың оңтайлы қорытындысы алынды;
- Республикалық бюджет есебінен жалпы 420,5 млн теңге бөлініп, «Кендірлі» демалыс аймағының және «Кендірлі» халықаралық әуежайының сыртқы инфрақұрылымының құ­рылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда, оның ішінде:
- «Кендірлі» демалыс айма­ғына арналған 26000 м кәріздік-тазалау ғимараты;
- «Кендірлі» курорттық демалыс аймағының автокөлік жолдары;
- «Кендірлі» халықаралық әуе­жайының кәріздік-тазалау ғимараты;
- «Кендірлі» халықаралық әуе­жайын газдандыру;
- «Кендірлі» халықаралық әуе­жайының ПС 110/10 кВ под­стан­сасы;
- «Кендірлі» халықаралық әуе­жайын сумен қамтамасыз ету;
- «Кендірлі» халықаралық әуе­жайының автокөлік жолдары және т.б.
Сыртқы инфрақұрылым құры­лысының жалпы құны техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес 9,3 млрд теңгені құрайды. Сыртқы инфрақұрылым құрылысы жобасын іске асыру Үкіметтің «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеу­меттік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы №1321 қаулысымен республикалық бюджет есебінен 2013 жылы басталады деп күтілуде.
«Кендірлі» халықаралық демалыс аймағының құрылысы қарқынды жоба болғандықтан, оның жүзеге асы­рылуынан күтеріміз көп. Жоба іске қосылса 22 мыңдай жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Аймақтың жобалық қуаты: 23 қонақүй және 22 мың орынға есептелген 4 мың вилла. Сондай-ақ жыл сайын демалыс аймағы 500 мың адамды, ал әуежай жылына 1 млн жолаушыны қабылдайды. Сондай-ақ аталмыш жоба тарихи ескерткіштері мен жәдігерлерінің көптігімен аспан асты мұражайға айналған Маңғыстау өңірінде туризмді дамытуға да септігін тигізеді.
- Осыған дейін Жаңаөзен халқы шеттен келген қандастардың есебінен еселеп өссе, енді табиғи жолмен өсіп жатыр. Яғни облыстағы бала туу көрсеткіші жағынан Жаңаөзен алда тұрған қала. Осыған орай ана мен бала денсаулығын қадағалайтын медициналық мекемелеріміздің жағдайы нешік? Перзентхана құ­рылысы және өзге де медициналық мекемелер жайлы айта өтсеңіз...
- Жаңаөзен қаласы бойынша жылдан-жылға туу санының өсу тенденциясы сақталуда. 2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туу саны 2869-ды құрап, туылған бала саны 2895-ке жетті.
Ана мен бала денсаулығын қада­ғалайтын негізгі медициналық ме­кемелеріміз - қалалық перзентхана, қалалық емхана және қалалық балалар емханасы болып табылады. Меди­циналық бақылау және емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құрал-жабдықтар жеткілікті, алайда мамандар жетіспеушілігі бар.
Қазіргі қолданыстағы перзентхана 1972 жылы салынған және ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 100 орынға арналған жаңа заманауи перзентхана құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Бүгінге медициналық мекемелер саны артып Қызылсай және Теңге ауылдарында дәрігерлік амбула­ториялар іске қосылды, сонымен қатар «Рахат» шағынауданында жаңа емхана құрылысы басталды.
- Білім ошақтарында қандай жаңалықтар бар? Мәселен, мектептер салу, балабақшалар құрылысы, балаларды балабақшамен қамту мәселелері қалай шешіліп жатыр?
- Бүгінгі қазақстандық білім беру жүйесі өзінің жаңғыру бағытына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйым­дастырудың жас ұрпақты ақпараттық технологиялар, жедел дамушы ғылыми экономика, азаматтық қоғам, де­мократиялық мемлекет, индустрия­ландырудан кейінгі өркениет жағ­дайында өмір сүруге дайындауға ықпал ететін жаңа үлгілерін іздестіру үстінде. Бұл жұмыстар жыл сайын дамып келеді.
Үкіметтің 2008 жылғы 19 қыр­күйектегі №865 қаулысымен бекі­тілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес қаламыздың білім беру саласында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жаңаөзен қаласының өзекті проблемаларының бірі балабақ­ша­лардағы балаларға орын тапшылығы. 2008 жылы қаладағы мемлекеттік мек­тепке дейінгі балалар ұйымдарының саны 8-ді құраса (жобалық қуаты - 1540 орын), Кешенді жоспардың аясында балабақшалар салынуына және «Балапан» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде бұрынғы балабақша ғимараттары кері қайтарылуына байланысты, мем­лекеттік мектепке дейінгі ұйымдар саны 2012 жылдың 9 айдың қо­рытындысы бойынша 16 болды (жобалық қуаты - 3320 орын), ба­ла­бақшалардағы орын саны 46,4% өсті, 2012 жылдың аяғына дейін Кешенді жоспарға сәйкес 640 орындық 2 ба­лабақша («Жұлдыз» ш/а 320 орындық, «Бостандық» ш/а 320 орындық), «Қазақстан теміржолы» АҚ-ның де­меушілік есебінен 640 орындық 2 ба­лабақшаны пайдалануға беру жос­парлануда. Сондай-ақ 2008 жылы ба­лабақшалардағы қыз­меткерлер саны 448-ден, 2012 жылы 974-ке дейін көбейді, жаңа 526 жұмыс орындары ашылды. Аталған нысандар іске қосылған жағдайда қосымша 960 орынға көбейіп қала бойынша мек­тепке дейінгі тәрбиемен бүлдіршін­дерді қамту (мектепалды даярлық тобымен қоса алғанда) саны 7148 балаға, яғни 62 %-ға артады.
Оқыту сапасын қамтамасыз етудің басты факторларының бірі - білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады. Жаңаөзен қаласы бойынша соңғы 5 жыл ішінде 5 мектеп ашылып, жалпы жобалық қуаты 4284 орынға артты.
Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 2657 бала қабылданды (өткен 2011-2012 оқу жылында 2612 бала), олардың барлығы мектеп формасымен және ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіледі.
Қаладағы лицей және гимназиялар республика көлеміндегі үздік 100 мектеп қатарында келеді.
Балалардың жазғы демалысына келетін болсақ, «Жаз-2012» демалыс және еңбекпен қамтылу шараларына барлығы 15796 балалар мен жас­өспірімдер немесе 7-15 жас ара­лығындағы оқушылардың 85%-ы қамтылды.
Бүкіл елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарлама «Жол картасы - 2011» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен бар­лығы 491542,0 мың теңге қаржы бөлініп, қаладағы білім нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы №4 орта мектеп мем­лекеттік мекемесіне «Жол картасы-2012» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуді жүргізуге жергілікті бюд­жеттен 129,0 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарының І кезеңі аяқталды.
Биылғы жылы 35 жас маман жұ­мысқа қабылданды, оның ішінде облыс әкімінің гранты бойынша 4 жас маман ауыл мектептеріне орналастырылды.
- Еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан
Тельман БЕЙСЕНОВ


«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
5 ноября 2012, 15:03
921

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 13523
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6854
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4690
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4359
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4520
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3739
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4006
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 2814
  • 14
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2890
  • 59