• 78816
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жүйкеге түсетін жүк

01.11.12.

Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы жұмыс орындарының жаппай қысқарып, кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауы, бизнестердің проблемалары мен азық-түлік пен тауарлар бағасының күн сайын қымбаттауы адамдар санасында өз таңбасын ұзақ уақытқа дейін қалдырды десек, артық айтқандық болмас.

Қазіргі кезде жер бетінде 450 миллионға жуық тұрғын жүй­кенің бұзылуы деген ауруға ұшыраған. Әрбір төртінші от­басының бір мүшесі бүкіл өмі­рінде осындай аурумен ауырмай қоймайтынын айтады мамандар. Сонымен қатар психикалық аурулардың жаппай тарауы да жылдан-жылға өсе түсуде екен. 2020 жылға қарай депрессиялық аурулар екінші орынға шығады деген болжам бар. Еуропада депрессия әрбір бесінші адамда кездеседі.
«Психикалық денсаулық жә­не қоғамдағы қауіпсіздік» атты бірінші ұлттық конгресте (2005 ж.) жыл сайын әлемде 1 млн адам өзіне-өзі қол жұмсаудан қайтыс болатыны, 20 млн адам өзіне-өзі қол салуға тырысатыны жөніндегі мәліметтер тұңғыш рет жария етілді. Бұл әлем бойынша. Ал Қазақстанда соңғы кездері жиі бой көтере бастаған оқиғалар біздің еліміздің де басқалардан қалыспай, өкшелерін басып ке­ле жатқанын көрсетеді. Былтыр, оның алдындағы жылдары болған жап-жас балалардың суицидтен болған өлімдері ел азамат­та­рының психикалық ден­сау­лы­ғының шайқалып тұрғанынан хабардар етті.
Мамандар әлемдік психиат­рияда аурулар үлкен екі топқа бө­лінетінін айтады. «Үлкен пси­хиатрия» тобына қояншық (ши­зофрения), маникалды депрес­сиялық психоз, органикалық сипаттағы психоздар жатады. Біз іс-қылығы шектен шыққан адамды көргенде «біртүрлі екен» деп жатамыз. Сонымен қатар «кіші психиатрия» деген болады, ол адамдардың белгілі бір оқи­ғалар мен жағдайларға байла­нысты көрсететін мінез-құлқы. Ал енді осылардың ішінде қоян­шық ауруының статистикадағы өзгерісі соншалықты байқала қой­майды екен. Себебі мұндай ауру тұқым қуалайды, оларды қоғамда болып жатқан өзгерістер тудырмайды.
Қоғамда болып жатқан өз­ге­рістердің тудыратын ауруы - нев­­роз, яғни жүйкенің бұ­зылуы­нан болатын ауру. Макро және мик­роэкономикалық ауытқу­шы­­лықтар көп болған 2000 жыл­дары елімізде невроз қатты кү­шейгенін статистика көрсеткен. Бүгіндері республикамыздағы ахуал біраз тұрақтанды. Невроз да, мамандар пікірі бойынша өзінің сипатын өзгертіпті. Дү­ние­жүзілік Денсау­лық сақтау ұйымының мә­ліметіне сүйен­сек, 2020 жылға қа­рай депрессия әлемде жүрек қан тамырларынан кейінгі екінші орынды иемденеді екен. Бұл м­ә­лі­меттің Қазақстанға да қатысы бар.

Әлеуметтік психология
Әлемдік дағдарыстың екпіні күшейген сайын азаматтардың да денсаулықтарына, әсіресе, жүй­келеріне ауыр салмақ түседі. Кәсіпорындар бірінен кейін бірі жабылып немесе жұмыс көлемі қысқарып жатқан еуропалық елдерде дәл қазір депрессиялық қысым артып тұрғанын көгілдір экраннан беріліп жатқан ақпа­раттардан көріп отырмыз. Бұл енді шетелде делік, мәселе бізде де мәз болып тұрған жоқ. Жала­қысын бес-алты айлап ала алмай, жүйкелері тозған отбасылар же­тіп артылады. Бір үзім нан алуға қарызға ақша таппай қалатын кездер біздің тұрғындарымызда да оқтын-оқтын кездесіп тұ­ра­тыны жасырын емес. Қолында күш барлар болса, өздерінің қар­ны тоқ, балалары мәз болған соң өзгенің күнін ойлап қайтсін. Тіпті қызметкерлерінің немесе жұмысшыларының азын-аулақ еңбекақысын уақытында бере алмай отырып, қоғамға ақыл айтып, өзгелерді сынап-мінейтін өздерін тұлғамыз деп есептей­тіндер саны да күннен-күнге арта түсуде. мінберде басқаша сайрап, одан түскеннен кейін өзінің жымысқы әдетін жалғастыра бе­ретіндердің жүйкелері де дұрыс емес, бір ақауға ұшыраған секілді көрінеді. Психолог Гүлзат Сәр­сембина ондайлар туралы «Адам­н­ың барлық мінезі айналып кел­генде жүйкеге қатысты бо­лады. Бірақ оның көптеген ба­ғыттары бар. Дәрігерлер тек кли­никалық психологиямен ай­налысады. Жұрт алдында бас­қа­ша, сайрап, өзі былықтарын жал­ғастыра беретін мінезді адам­дар коррупцияның торына түс­кендер деп есептеймін. Олар әлеу­меттік психология саласымен байланысқандар. Біздің қоға­мымызда қалыптасқан белгілі бір адамдар категориясының мен­талитеті кейде бүкіл қоғамға ықпал етуі мүмкін».
Ал енді осы әлеуметтік пси­хология мен медициналық пси­хологияның арасындағы жікті ажыратуға бола ма деген сауалға келетін болсақ, ол өте қиын шаруа көрінеді. Психологтар екеуінің тым жақын екенін де жоққа шығармайды. Әлеуметтік психология қоғамда болып жат­қан құбылыстармен тікелей бай­ланысты дегенімізбен, мысалы, алкоголизмнің қоғамдық себеп­тері көп, бірақ медициналық тұр­ғыдан оған ұшыраған адамды емдеуге болады. Сол секілді сы­байлас жемқорлардың пси­хо­ло­гиясы да қоғам тудырған нә­тиже. Бірақ олар емдеуге кел­­­мейді. Әр адамның адами кейпі, алған тәрбиесі, көрген өнегесі мен дүниеге жақындығы, жанының сатқындығы мен тұрақтылығы деген болады. Ол туыла бітетін қасиеттер, жайлы жағдай туған кезде оның бәрі іске қосылып, адамның шын кейпін ашады. Сыбайлас жемқорлық пен екіжүзділік психологиясына осындай сипаттама беруге бо­лады. Ол тәртіп пен бақылау жоқ қоғамның бет-бейнесі.

Ауруын жасырған тұңғиықтан шықпайды
Кеңес одағы кезінде тек ауыр психикалық ауруларға көңіл бөлініп, адамның көңіл күйінде болып жататын өзгерістерді жай еріккендік, деп қабылданғаны рас. Ал бұл кездері шетелдерде бір шеңбердің ішінен шыға алмай, тұйыққа тірелген адам­дардың психологиясына аса мән берілді. Адамдар да жүйкелеріне түсіп, жанши бастаған салмақты сезінсе, ешбір қорықпастан пси­хиаторға барып емделетін. Бізде ондай тәжірибенің жоқтығы әлі күнге дейін өз жемісін беріп ке­леді. Қазақстандықтар бойында болып жатқан өзгерістерді жария етуге, психиатрдың алдына ба­рып, науқасын айтуды ар көреді. Жалған намыстың ақыры жарға жығатынын білсек те, оның уақытын кейінге соза түсеміз. Бұл да біздің кеңестік ментали­тетіміз болса керек.
Тек ауыр науқастарды емдеп үйренген біздің кеңестік меди­ци­наның тәжірибесі бүгінде шетел­дік­терге, ал олардың психоз шыр­­мауына іліккендерді емдеу тәжірибесі бізге қажет болып тұрған заман қазір. Психоанализ, психотерапия жақсы дамыған шетелдердің тәжірибесін үй­-рену­ге жол ашылды. Психиа­тр­лар мен невропатологтардың ай­туынша біздің елде терапевтер-ге жүгінетіндердің 23 пайызы пси­хиатрлар мен психоте­ра­пев­тердің көмегіне зәру екен.
Бұл жерде әңгіме психика-лық ауытқулар туралы болып отырған жоқ, әңгіме белгілі бір жағдайлардың ортасында жал-ғыз қалған адамдар жайында. Ондайлар әлеуметтік жағдайлар, еңбекақының төмен болуы не­месе жетіспеушіліктер қыспа­ғынан тыс да бола береді екен. Кейбір адамдар баршылықтың ортасында отырып-ақ са­ры­уайым­­ға салынып, өзінен-өзі тұйықтала түседі. Әсіресе, жас­та­ры келген адамдар арасында мұн­дай тұйықталу көп кездеседі екен. Себебі белсенді жұмыс іс­­теп, қоғамның қайнаған орта­сын­да жүріп әдеттенген адам зей­нетке шыққанда өзін ешкімге керек еместей сезініп, жалғыз­дықтың тұңғиығына батады. Өсіп-өнген, бақуатты балалары мен немерелері де оларды қызық­тырмайды. Яғни адам өзімен-өзі ғана қалады. Мұндай депрессия бүгінде екінің бірін шалуы мүм­кін дейді мамандар. Себебі қа­зіргі кезде зейнетке шығып жат­қандардың басым бөлігі кезінде өздерінің қабілетін ел, қоғам пай­дасына жаратып, жауапты қызметте істегендер. Олар қо­ғамның толық мүшесі ретінде өздерінің еңбегі сол қоғамның нығаюына ұлес қосқанын іштей мақтан тұтатындар. Жұмыстан кеткеннен кейін оның бәрі бітіп қалғандай көрінеді. Яғни ондай адамдар қарапайым отбасылық өмірге үйренбегендер. Міне со­ларға психотерапевтің көмегі ке­­рек-ақ екен. бірақ көбіміз оның алдына баруды ар санай­мыз.

Жаппай ішкіш ұжымдар
Қазақтар бүгінде күнкөріс көзін іздеп, қай жерде жұмыс бар сонда жөңкіліп көшіп жүретін бол­ды. Бұл да қоғамның, өмірдің заңына айналды. Жап-жас жі­гіттер мен қыздарымыз құры­лыс дейсіз бе, автобустарда кондук­торлық дейсіз бе, аула сыпыру, базарда барып кел, шауып кел қызметтер ме, әйтеуір екі қолға бір күрек табылса болды, жұмыс іс­теп жүр.Олардың бәрі кең бай­тақ еліміздің түкпір-түкпірінен жи­налғандар (Алматы мен Ас­та­наға). Олардың ауылдарында ата-анасы, бала-шағасы, есік ал­дында істейтін шаруасы болған болса, үлкен қалада тек жұмыстан басқа ештеңе жоқ. Суықта тоңып, жалдаған пәтеріне келіп, құлай кетеді немесе жиналып арақ іше­ді. Бос уақытты бірдеңемен тол­тыру керек қой. Өте ауыр еңбек, татымсыз еңбекақы, көбі жан-жақтан жиналған неше түрлі тәр­биедегі адамдар ортасы шы­нында да қиындау. Міне осы жастарға ойластырылған қам­қорлық қа­жет-ақ. Оларды өмір­дің басқа да құндылықтарына ынталандыру керек. Біздің адам­дардың мен­та­литеті басқаша. Шетелдіктер се­кілді жұмыстан кейін әрқай­сысы бөлмелеріне тығылып алып отыра бермейді. Араласып, әң­гімелесу, пікірлерін ортаға салу біздің басты қа­сиетіміз. Сон­дықтан да үйден тыс жерлерде ең­бек етіп жүрген жастар бос уақыттарын бірігіп арақ ішуге ұластырып жүргені жасырын емес, өйткені жұмыс берушілер олардың бос уақыт­тарын тиімді өткізу, демалыс күндерін пайдалы істермен ай­налысуға жұмсайтын шара­ларды ұйымдастыру жайын­да ойла­майды. Бүгінде арақ ішіп алып, соңы жанжал мен тө­бе­леске ұласып, бірінің қолынан бірі өліп жатқан жастар көп. Ал­ко­го­лизмнің тамыры да те­реңге жайылып барады. Оның басты себебі топ-топ болып ішуге вах­талық жұмыс әдісі, жастардың отбасынан алыста еңбек етуі де жол аша түсуде. Әрине, еңбек етіп ақша тап. Бірақ екінің бірінің діні мықты еместігін де қоғам ойлауы керек-ақ. Жұмыс беру­шілер болса, қарамағындағы жұ­мысшылардың бос уақыт­та­рын қалай өткізетінімен еш шаруасы жоқ, тек табыс тапса болды. Нә­тижесінде, жүйкесі бұ­зылған, маскүнемдерді дайын­дап жат­қанымыз жайында тым кеш ұға­тын боламыз.
Сарапшылар жұмыс беруші­лердің психология және пси­хо­терапия ғылымымен тығыз бай­ланыста болып, жұмысшыларды ал­коголизмнің шырмауына түсір­мейтіндей бағдарламалар жа­сайтын уақыты туғанын ай­тады. Қарамағындағы құрылыс­шы­лардың тағдыры мен ертеңі үшін олар да жауапкершілік алуы тиіс. өкінішке қарай, ондай қа­дам байқалмайды.
Қысқасы, жүйкеге түсетін жүк қадам аттасаңыз, менмұн­далап алдыңыздан шығады. Со­лардың бәрін айналып өту үшін адамға мықты рух, көлеңкені ға­на емес, сонымен қатар әлемнің жақсы жақтарында көре білетін, сонымен, рухтанатын көкірек көзі керек-ау.

Алма МЏХАМЕДЖАНОВА

 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
1 ноября 2012, 11:25
394

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 13262
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 9380
  • 67
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
вчера / 12:35
  • 5597
  • 15
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 4888
  • 77
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4450
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5095
  • 88
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3471
  • 17
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 дек. 2016 / 13:09
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
вчера / 0:17
  • 3008
  • 22