• 81066
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Барлау қызметінсіз - ел соқыр

 
 

01.11.12.

Алдымыздағы дүйсенбіде генерал-лейтенант Аманжол Жанқұлиев басқарып отырған «СырБар» сыртқы барлау қызметінің құрылғанына 15 жыл толады. «СырБар» - сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган міндеттері жүктелген Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Осыдан он бес жыл бұрын сыртқы барлау қызметі ҰҚК құрамынан бөлініп шығып, жеке отау тікті. 1992 жылдың 13 шілдесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Ал 1993 жылдың 15 қазанында «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және Қорғаныс министрлігінде барлау бөлімдерін құру туралы» №1372 Жарлығы шықты.

 Кейіннен 1997 жылдың 5 қарашасында Президент «ҚР Барлау» қызметін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Сыртқы барлау қызметі мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұтастығына негізделген. Бүгінгі «СырБар» әлемдік сыртқы барлау мекемелерінің ішінде өз орнын алған, еліміздегі арнаулы қызметтердің ішінде шоқтығы биік тұрған, элит құрылым болып саналады. «Қанжар мен сулық рыцарьлары» немесе «көрінбейтін майданның батырлары» деген әдеби атақ алып, барлаушылардың ерліктерімен елді еліктірген кейіпкерлер Джеймс Бонд, Штирлиц-Исаевтардың талай прототиптері дәл қазір халыққа қалтқысыз қызмет етіп «сыртта» жүр. Барлаушылардың жұмысы қай заманда да жеңіл болған емес, бұларға көбінесе Рихард Зорге, Рудольф Абель, Конон Молодой сияқты кеңестік барлаушылардың баяғыда салып кеткен қиын соқпақтарымен жүруге тура келеді. Сондықтан сыртқы барлау қызметіне кез келген адамды алмайды, бұл жұмыс әркімнің қолынан келе де бермейді. Ең бастысы - барлаушы «сегіз қырлы, бір сырлы» болуға міндетті. Үнемі «екі оттың ортасында», әрбір басқан қадамы қауіп-қатерге толы барлаушылар өзінің кәсіби мейрамын, тіпті туған күндерін маңайындағы адамдармен бөлісіп, бірге тойлай алмайтындай жағдайда жүргенін халық біле бермейді.

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін дербес мемлекеттік басқару жүйесіне көшкен тәуелсіз Қазақстан алғашқы жылдарда экономикалық, саяси тұрғыдан біршама қиын­шылықтарға кездескені белгілі. Жас мемлекетімізге тез арада алыс-жақын шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату, саяси диалогтарды жоғарғы деңгейде жүргізу, экономикалық ынтымақтастықты жолға қою сияқты кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қажет болды. Осындай жағдайда біздің елімізге өзіндік барлау құ­ры­лымын жасау тиімді еді. Бұған дейін Қазақстан Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бірінші басқармасы (сыртқы барлау қызметі) Мәскеуге бағынып келген. Қысқасы, КСРО ыды­рағаннан кейін әрбір одақтас республикаға өзінің барлау жүйесін құру керек болды.
Сол кездерде ҰҚК-індегі негізгі құрылымдардың бірі болған «Сыртқы Барлау» қызметінің («СырБар») тарихы осы күннен басталғанмен, Қазақстан сыртқы барлау қызметінің тамыры тым тереңде жатыр. Он бес жыл дегеніңіз, бір адамның ғұмырында аз уақыт емес, ал мемлекеттік құрылым үшін бір ғана мезет. ҰҚК Сыртқы барлау қызметінің тарихы енді қалыптасып келе жатыр дегенмен, бұл арнаулы қызметтің жеке құрылымға жеткенге дейінгі өзіндік тарихы жетерлік.
Қандай жойқын соғыстар болмасын барлаусыз бастал­маған. Сондықтан оның тарихын тіпті тым әріден бастауға да болады. Ұлы Шыңғыс хан, Македонский, Наполеондардың әрбір шабуылы барлау­шы­лардың әкелген мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылғаны тарихтан белгілі. Қазақ хан­дарының барлау жасайтын құпия қызметшілері «ертуыл» деп аталған. Ол моңғол тілінде шолғыншы, күзетші, қарауыл, киіз үй, күрке деген бірнеше мағынаны білдіретін «ергеуіл» сөзінен шыққан. Ертуыл қазіргі тілмен айтқанда агент, шпион, астыртын, құпия барлаушы дегенді білдіреді. Әрине, біздің ата-бабаларымызда қазіргідей, өркениеті, ғылыми-техникалық жағынан дамып, құпия қызметтің айла-тәсілдері жетілдіріліп жатқан заман­дағыдай «экономикалық», «өндірістік», «ғарыштық» шпионаж деген түсініктер болмаған. Алайда қазақ хандары ертуылдары арқылы көр­ші­лерінің тұрмыстары, әл-ау­қаттары, әскерлерінің шамасы туралы мәліметтер алып отырған. Бұл тек қазақ хан­дарына ғана емес, барлық елдердің билеушілеріне тән нәрсе.
Қай заман болмасын құпия барлаушылардың жұмысы аса маңызды және өте қатерлі болып саналды. Жәнібек сұлтанның ұлы Қасым хан Әбілхайырдың жіберген ертуылдарын бірнеше мәрте ұстап, жойып жібергені туралы деректер бар. Ертуылдардың жеткізетін мәліметтері арқылы үлкен қантөгістердің алдын алған немесе аз күшпен жаудың бетін қайтарған оқиғалар көп болған. Сондықтан кейде бір барлаушының мүлтіксіз ат­қарған қызметі мыңдаған жауынгердің өміріне пара-пар болады.
Қазақ даласындағы қауіп­сіздік қызметінің тарихы Әбілхайыр мен Жәнібек сұлтанның кезінде басталып, Абылай ханның тұсында (1740-1781) күшейе түсті. Абылай ханның құпия қызмет ер­туылдарын Дерлібай мен Тұрсынбай батырлар басқарды. Бұлар Қытайда Чжо Хой бастаған жасақтың Абылайды шабуға дайындалып жатқаны туралы мәліметтерді дер кезінде жеткізеді. Соның арқасында қытайларға қарсы соққы беруге қазақ әскері дайын тұрды. Ертуылдарға қатысты тағы бір тарихи дерек: жоңғарлардың ішіне жасырын кіріп, астыртын жұмыс істеген ертуылдардан жеткен құпия мәліметтерді пайдаланған Абылай хан Қалдан Цереннің қосынына тұтқиылдан шабуыл жасап, жоңғарларды жеңеді. Осындай фактілерге қарағанда Абылай ертуыл­дардың қызметін өте тиімді пайдалана білген. Абылай хан көрші Ресеймен де, Қытаймен де тығыз байланыс жасап, барлаушылар арқылы ішкі-сыртқы саясаттарын біліп отырған. Сол мәліметтерді жақсы пайдаланып, көрші елдермен тепе-теңдік саясатты ұстанудың арқасында Қазақ мемлекеті тәуелсіздігін сақтап қалды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстардың салмағы ең алдымен барлаушылар мен елшілерге түсті. Мемлекет мүддесіне жұмыс істейтін барлау қызметі қазақ даласында осылайша қалыптасты.
Дипломатиялық айлалар жаудың әлсіз немесе мықты жақтарын білу, ал кейбір кездерде өзіне одақтастар табу мақсатында пайдаланылды. Құпия қызметтің жұмысы осыған негізделеді. Елшіліктің қызметкері, тілмаш, тағы басқа қызметтерді атқарушы болып ертуыл-барлаушылар жүрді. Сондықтан елшілердің қызметі, батырлардың ерліктері және жаһангерлердің ашқан жа­ңа­лықтары қай елдің тарихында болмасын барлаушылардың қызметімен байланыстыры­лады. Олар өздері аралап келген бұған дейін беймәлім елдердің ішкі тынысы, әлеуметтік жағ­дайы, әскери күштері туралы құнды мәліметтер жинаған. Мысалы, Ресей географиялық қоғамының мүшесі, этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға барған сапары да ең алдымен мәліметтер жинау үшін астыртын барлау жұ­мысына негізделген. Оған сол елдің ішкі саяси-әлеуметтік жағдайын, сауда жолдарының сапасын білу тапсырылған Қашқар экспедициясын 1860 жылы сәтті аяқтап келгенде штабс-ротмистр Шоқан (Му­хаммед-Ханафия) Уә­ли­ханов Бас штабтың генералы Гас­форттың бұйрығымен ІІІ-дәрежелі әулие Анна орденін және 500 күміс рубль (оның бір жылдық табысы 312 рубль болған) алған.
Барлау қызметі тікелей мемлекеттік қауіпсіздікке бағытталған, сондықтан мем­лекеттің ішкі саясаты, басқару жүйесі өзгергенмен сыртқы барлаудың атқаратын мін­деттері өзгермейді. Кеңес өкіметі тұсындағы барлаушылар да патшалық Ресейден қалған «соқпақпен» жүрді. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жыл­дарында іргетасы енді қаланып, басқару жүйесі жаңадан қа­лыптасып жатқан Кеңес өкі­метінің саяси басшылығы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде, шетелдерден құпия мәліметтер жинайтын, сыртқы саясатқа ықпал ететін жоғарғы деңгейдегі барлау қызметін құру туралы шешім қабылдады. «Тек салмақты, дұрыс жолға қойылған барлау қызметі ғана бізді су қараңғыда ағат басудан құтқарады», деген В.И.Лениннің ұсынысымен 1920 жылдың 20 желтоқсанында Ф.Дзержинский Бүкілресейлік Төтенше ко­миссияның (ВЧК) шетелдік бөлімін құру туралы №169 бұйрыққа қол қояды. Бұл қызметке шет мемлекеттердің арнайы қызметтерінің ел арасына іріткі салу, лаңкестік әрекеттеріне тойтарыс беру сияқты қарсы барлау (кон­трразведка) міндеттерінен басқа шетелдерде арнайы опе­ра­цияларды атқаратын барлау жұмыстары да жүктелді. Қа­зақстандық сыртқы барлау қызметін де осы «шинельден» шыққан деп айтуға болады.
Сыртқы барлаудың ат­қаратын қызметі, негізінен, құпия болғандықтан бұл мекеме өз қызметкерлерінің істеген ерліктерін көп жария ете бер­мейді. Мысалы, Кеңес өкіметі тұсындағы мемлекеттік дең­гейдегі аса маңызды құпия операциялар туралы арада жиырма-отыз жыл өткеннен кейін ғана естіп-біліп жатырмыз. Кеңес әскері Ауғанстанға кірмей тұрып, бірнеше мәрте Кабулға астыртын барып, Кремльдің саясатына қажетті құпия ақпараттар жинаған да, Ауғанстан астанасындағы Тәж Бек сарайына шабуыл жасаған осы барлаушылар болды. Сол жылдары Әбдіғаппар Мейір­манов, Талғат Әмірғалиев, Сабыр Имандосов, Қабдолда Бекжанов, Төлеухан Боқажанов, Наград Сәйкенов сияқты көптеген қазақ офицерлері Ауғанстан жерінде барлау операцияларын жүргізді. Олардың еңбектерін Ресей ФҚҚ қазірге дейін қатты бағалайды. Тәуелсіз еліміздің Сыртқы барлау қызметінің іргетасын қалаған білікті басшылар, отставкадағы ге­нералдар - Жүкен Марденов, Болат Мешінбаев, Жеңіс Рысбаев бастаған жоғарыда аталған бір топ полковниктерді Ресей жағы былтыр «Генерал-лейтенант СВР РФ П.А. Су­до­платов - основатель спецназа КГБ СССР» медалімен ма­рапаттады. Барлаушы Қабдолда Бекжановтың кеудесіне «Па­триарх советского спецназа» орденін тақты. Мұны қазақ­стандық барлаушылардың ТМД елдерінде беделі жоғары деп түсіну керек.
Бүгінгі күні арнаулы қыз­меттің он бес жылдық мерей­тойы қарсаңында Үкімет және «СырБар» басшылығы та­ра­пынан марапатталып жат­қандардың аты-жөндері белгілі себептермен жұрт­шылыққа жарияланбайды. Марапатталған екен, демек, барлау батырлары өз міндеттерін мінсіз орындап жатыр деген сөз.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
1 ноября 2012, 11:17
1080

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14670
  • 16
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 7465
  • 96
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5675
  • 36
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4883
  • 5
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4507
  • 20
Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
вчера / 21:50
  • 4424
  • 16
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4401
  • 49
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3316
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3174
  • 45