Спорт және денсаулық сақтау бағыттарындағы тапсырмалардың өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын Лондон – 2012 олимпиадасындағы Қазақстандық спорт шеберлерінің жеті бірдей алтын алқаны мемлекет қоржынына енгізуінен көре аламыз.
Бірақ, салауатты өмір салтын ұстануға, қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысу мүмкіндігін жоғарылатуға барлық халық, әсіресе жастар, жауапкершілікпен қарауға міндетті.
Осы орайда, Алматы студенттерінің Альянсы мини-футболдан қалалық турнир ұйымдастырды. Турнир 2012 жыл қараша айының 5-6 күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт алаңында өткізілді.
Мақсаты – дене тәрбиесі мен бұқаралық, командалық спортты дамыту, халықты, әсіресе жастарды, жұмыстан немесе оқу барысынан тыс дене тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Жеңімпаздар:
3 орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет командысы
2 орын - Әль ө Фараби атындағы КазҰУ командасы
1 орын, Алматы студенттер Альнсы кубогінің иегері - Спорт және туризм Академиясының командысы