«Талпын» тобы: «Біз үшін театрдың орны ерекше»

Қазіргі қазақ сахнасындағы эстрада бағытында бағын сынап, халық жүрегінен жылы орын алып жатқан жеке әншілер мен көптеген топтардың жыл сайын қарыштап дамып, көбейіп келе жатқаны қуантады. Десе де «әннің де есері бар, естісі бар» демекші, тыңдарман жүрегіне жол тауып жатқандары қуанта қоярлықтай көп емес. Жас та болса қазақ өнеріне өзіндік үн қатып, даңғыл жол салуды көздеген «Талпын» тобының жігіттері халыққа өз ойларын ортаға салып пікірлеспек.

- Сөзімнің бісмілләсі ретінде қояр сұрағым топтың атын «Талпын» деп қоюдағы басты себептерің неде?

Мәулен: - 2006 жылы Талдықорған музыкалық колледжінде 2 курста оқып жүргенімізде мен, Еркебұлан, Мерей үшеуміз акапеллалық әндер орындап жүрдік. Кейіннен дауыс үйлестігімізді байқаған адамдар «неге топ құрмайсыңдар?» - деп ұсыныстар айта бастады. Алғаш бірігіп халық әні «Ағажан Ләтипаны» қазіргі танымал әншілердің бірі Ерболат Құдайбергеновтың студиясында жазып орындадық. Топ болып нақты құрылғасын, ат қою мәселесінде ойлана келе қазақ өнеріне шамамыз келгенше үлес қосып, өсіп-өркендеуіне атсалысайық деген мақсатпен «Талпын» деп қойдық. Жақсылыққа, игі іске, соны бір жаңашылдыққа жетейік деген ниетті оймен солай атадық.

Еркебұлан: - Кейіннен топтың атын өзгертсек қалай болады деген де ойлар болды. Уыздың дәмі сүттен де дәмдірек демекші басқа да аттарды таңдағанымызбен алғаш қойып, сол ат ыстық болып кеткесін ба, өзгертпеуге бел шештік.

- Қазіргі қазақ эстрадасына қосар қандай жаңалықтарың бар?

Мерей: - Жалпы қазақ әншілік өнеріндегі әр кезеңнің өз хас шеберлері бар. Әр заманда дарындылар шоғырланатын бір кезеңдер болады ғой. Сондай сәтті кезеңде Шәмші, Нұрғиса аталарымыз тағы да басқа көптеген композиторлармен бірге мықты-мықты ақындар шығармашылық үндестікпен қаншама туындылар дүниеге әкелді. Міне, сондай дүниелер ғұмырлық шығармалар болып қалады. Ал қазіргі кезде эстрадада әннің музыкасына басымырақ көңіл бөліп, сөзіне аса мән бермейтін жұлдыз ауруына шалдыққан әншілер шоғыры көбейіп кетті. Біздің өнерге келудегі, осы саланы таңдап топ құрғандағы басты мақсатымыз - әннің ырғағы мен сөзінің үндестік тауып, ойлы, даңғаза шуға еліктемейтін, көрерменнің жас талғамай тыңдай алатын әндерді орындау. Әр өнер түрінің адам баласына берер тәрбиесі болады ғой. Суретші суретімен, жазушы қаламымен, режиссер камерасымен, әнші қоңыр даусымен деген сияқты. Біз де тыңдарманға шамамыз жеткенше жақсы әсерге бөлейтін туындылар шығаруға тырысамыз.

- Бүгінгі таңда Т.Жүргенов атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР академиясында музыкалық драма актері мамандығында Есмұхан Обаев ағаның шеберханасында оқып жатырсыңдар. Оқуды тәмамдағасын мамандықтарыңмен жұмыс істеу ойларыңда бар ма?

Еркебұлан: - Есмұхан аға, Ерлан Біләл аға, Баян Қажынәбиева, Алма Кәкішева апайлар сынды театрдың белді тұлғаларынан тәлім алып жатырмыз. Бұл кісілердің берген тағылымы көп. Әнші болу үшін де актерлік шеберлік, табиғи талант болуы керек. Мәселен сахнада қозғалыссыз, әсерсіз орындалған әнді кім елтіп тыңдайды? Жүрекпен ұғып, соны сезініп айтқан шынайы дүниені халық та қабылдай алады. Әнге жан беріп түрлендіру үшін де актерлік ойын көрсету керексің. Сахна талабы да сол емес пе. Адамның өзін-өзі ұстауы, таза сөйлеуі, биі, жан-жақтылықты үйрететін мамандық қой бұл. Нақты актер боп кетпесек те әншілік жолда көрген, түйгендерімізді кәдеге асырамыз.

Мерей: - «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген қазақта сөз бар ғой. Біз болашақта екі жолды қатар алып жүрсек те, мен бұл ойды қолдамас едім. Себебі өнер үлкен корабль. Ал актерлік өнер мен әншілік өнер бір-бірін толықтыратын теңіздің қос тамшысы секілді. Екеуі тоғысқанда көбейіп молаяды ғой, сол сияқты. Алланың қалауымен болады ғой бәрі. Қазіргі таңда қазақ театры күннен-күнге дамып, жаңарып келе жатқан сала ғой. Актерлік жолмен де кетуіміз мүмкін.

- Бір бүйрегіміз театрға да тартып тұрады дейсіңдер ғой? Театрға қаншалықты жиі барып тұрасыңдар? Әрине, теориялық білімдеріңе практика жүзінде іске асып жатқан жанды процесс те кері әсер етпейтін болар?

Мерей: - Сөзіңе толықтай келісемін. Үлкен аға-әпкелеріміздің рольдерін, сомдаған кейіпкерлерін көріп аудиториядағы сабаққа қосымша көп мағлұмат жинаймыз. Біз үшін театрдың орны ерекше.

Мәулен: - Кезінде талай майталман нарқасқалардың табаны тиген киелі қара шаңырағымызды ерекше құрметтейміз. Қаншама талантты шоқтығы биік өнер адамдарының маңдай тері сіңген М.Әуезов театрында сахнаға шығып актер болу біз үшін үлкен армандардың бірі. Театрға жиі барып тұруға тырысамыз. Есағаның, Оразхан аға Кенебаевтың, Әубәкір аға Рахимовтың, Мұрат аға Атабаевтың, Жанат аға Хаджиевтің сахналауындағы спектакльдерін үзбей тамашалаймыз. «Абай», «Қарагөз», «Мөлдір махаббат», «Махаббат дастаны», «Жаужүрек», «Сыған серенадасы» т.б. көптеген қойылымдарды тамашалағандағы алған әсеріміз ерекше. Құдайға шүкір, бүгінде қазақ театры күннен-күнге жаңаша қырынан ашылып, көркейіп келе жатыр ғой.

Еркебұлан: - Өнер әлеміне енді енгеніне қарамастан көрермен назарын жаулап алған кино саласы қанша жылдамдықпен дамыса да, сонау б.з.д. VI ғасырда пайда болып, содан бері жан-жақты қырынан өзгеріп келе жатқан театр өнері мәңгілік деп ойлаймын. Ғасырдан аса тарихымыз бар біздің театрдың бүгінгі хал-ахуалы қуантарлықтай. Күнде болмаса да жиі-жиі барып, жан сарайымызды сусындатып қайтуға театрға барып тұрамыз. Біз үшін театрдың орны ерекше. Жастар театрының да, басқа да театрлардың қойылымдарын көріп тұрамыз. Қарапайым көрермен ретінде де, болашақ маман ретінде де театрдан алатын тәлім-тәрбие көп. Кей қойылымнан жылап шықсақ, кейбірінен қуанып, спектакльдегі кейіпкермен бірге шаттанып шығасың. Жалпы театрға барған көрермен күнделікті күйбең тіршіліктен босап, жан-дүниесін демалтуға барады ғой. Қазіргі таңда қай театр болмасын, көрермен талабына сай заманауи да, классикалық та қойылымдарды қойып жатыр.

— Жаңа бір сөздеріңде айтып қалдыңдар, қазір бейсаубат әншілер, сапасыз әндер көбейіп кетті деп. Сондай келеңсіздікті қалай тиюға болады деп ойлайсыңдар?

Мәулен: - Кезінде Көркемдік кеңес деген болған. Егер сол кеңесті қайта құрып жұмыс жасаса бұл мәселе өзінен-өзі шешілер еді.

Еркебұлан: - Ауруды басыңа түскен кезде сезесің. Мысалы, жазушылардың өз одақтары бар. Әншілерге жазушылар, не болмаса журналистер келіп жаны ашып кеңес құрып бермейді. Ол ақиқат нәрсе. Өзіңе өзің жаның ашымаса, кімнің жаны ашиды? Әншілер өздері жоғары жаққа ұсыныс білдіріп қолға алса ғана бұл қиындық кетер еді. Қазір әркім өз қамын күйттеп кеткен заман болды ғой. Егер осы өнердің терісін илеп жүрген азаматтар мен азаматшалар шын таланттар ғана қалсын деп үндеу тастап жатса, біз де қолдар едік.

— Репертуарларыңда «Жан әкемнен» басқа қандай әндерің бар?

Мәулен: - Халықтың «Ағажан Ләтипа», «Хәләуләйлім» деген әндер бар және де «Жан әкем», «Ақбұлақ», «Отаным менің Қазақстаным», «Аяулым», «Сені іздедім» сынды әндеріміз бар.

Еркебұлан: - Мәулен «Сені іздедім», «Аяулым» секілді әндердің әнін жазған.

Мерей: - Жақында «Жан әкем» әніне бейнебаян түсірдік. Бұрын бұл әнге 2008 жылы басқа бейнебаян түсіргенбіз. Кейіннен сюжеті жақсы болғанымен, форматқа сәйкес келмегесін жаңаша түрде түсіруге тырыстық. Режиссері академияның студенті Самат деген жігіт. Бейнебаянның жартысы трекке, жартысы сюжетке құрылған.

- Жалпы әншінің халыққа кеңінен танылып, сұранысқа ие болуына продюсердің де септігі тиіп жатады. Басым көпшілік жұмыс сонікі десе де болады. Топтарыңмен жұмыс жасап жатқан продюсер бар ма?

Мерей: - Бізде нақты жұмыс жасап жатқан продюсер жоқ. Бірақ қолдау көрсетіп, көмектесіп жатқан азаматтар бар. Мәселен, Қанатбек Байтеков сынды жомарт ағаларымыздың қолдауын көріп жатырмыз. Ол кісілерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

- «Жігітке жеті өнер де аз» деген тіркес бар, әншіліктен өзге қандай өнерлерің бар?

Мәулен: - Үшеуміз де фортепианода ойнай аламыз, домбыра, гитара аспаптарын тартатын қабілетіміз бар. Бос уақытымызда спортпен айналысып тұрамыз. Басқа да алдағы күндері көрсететін құпия өнерлеріміз бар. Уақыты келгенде көрермендерге көрсете жатармыз.

- ХХI ғасырдың жастары кітап оқымайды деп жоғарғы буын өкілдері наразылық білдіріп жатады, бұған не дейсіңдер?

Еркебұлан: - Бұлай деп көпке топырақ шашпаған дұрыс сияқты. Себебі «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей күннен-күнге техниканың қарыштап, көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан заманында жастардың басым бөлігі компьтерге, интернет секілді заманауи дүниелерге қызығып, кітапқа көп қызықпай кеткендері рас. Дегенмен рухани дүниені байытып, сусындататын кітап екенін түсінетін, білетін жастар өзіне қажет кітабын оқиды. Маған қазақ әдебиетінде Ұлы Абайдан бастап, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбіш Кекілбай, Мұхтар Шаханов т.б. көптеген ақын, жазушылардың шығармашылығы ұнайды.

Мерей: - Шыңғыс Айтматов, Хемингуэй, Рабинранат Тагор, Чехов, Тургенев сынды шетел жазушыларының туындылары қызықтырады. Мәселен Айтматовтың «Ақ кемесі» ерекше ұнайды. Адам жанының нәзік қылдарын шертетін шығармада ата мен немере арасындағы аяулы сезімнің тұнықтығы, кішкене сәби жүрегінің пәктігі мен өмірдің ащы шындығы жаныңды тебірентпей қоймайды.

Мәулен: - Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Танакөз Толқынқызы, Назира Бердалы сынды ақын қыздардың поэзиялары, Мерей мен Еркебұлан айтпақшы, қазақ және шетел әдебиетінен көптеген жазушыларды оқимын. «Абай жолын» оқымаған қазақты қазақ деп есептемеймін. «Ұлпан» романындағы Есенейдей ерге жастық ғұмырын қиып, дүйім елді басқарып, бір рудың ұйытқысы болған Ұлпандай аруды өмірде де аңсаймын. Кейіпкеріне жан бітіріп, оқырман жүрегінен жылы орын алатын осындай туындыларды қазіргі жастар оқымайды деу қисынсыз секілді.

- Болашаққа қандай жоспарларың бар?

Мәулен: - Қазір «Сені іздедім» әніне бейнебаян түсіру жоспарымызда бар. Басқа да бес, алты ән жазып жатырмыз.

- Сұхбаттасқандарыңа көп-көп рахмет. Сендерге шығармашылық табыс тілеймін. Өнерлерің өрге жүзсін. Тыңдарман құлағының құрышын қандыратын әндерің көбейе берсін!

Сұхбаттасқан: АЙЖАН РАХМЕТОВА

Т.Жүргенов атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР

академиясының «Кинотеледраматургия»

мамандығының IV курс студенті

Алия Arsik
13 қараша 2012, 23:38
3501

Загрузка...

Пікірлер

Сөз саптаулары жаман емес жігіттердің!))
Айжан сұхбатыңа рахмет! Талпын тобы жайында біраз жақсы мәліметтер алдық. Ал жігіттерге үлкен шығармашылық табыстар тілеймін :)
Жандарым сол онердин шынынан корининдер !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
талпын тобына сенемин
Мерей сендерге өнерде жетістік тілеймін.Қанаттарың талмасын !

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10078
  • 8
Кто хочет стать тоқал? Замужние осуждают их, но не смотрят в корень

Кто хочет стать тоқал? Замужние осуждают их, но не смотрят в корень

Ведь одинокие женщины тоже нуждаются в сексе и не все из них имеют устойчивые моральные принципы. Я за институт многоженства не в том понимании, чтобы брать в жены молодых 18-25 летних девушек...
Zhannamakey
26 нояб. 2016 / 12:52
  • 4519
  • 59
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 3509
  • 13
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3230
  • 15
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2649
  • 10
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 2761
  • 12
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
вчера / 13:57
  • 2408
  • 0
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2638
  • 19