место в рейтинге
  • 113632
  • 95
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ СОЦИАЛИСТЕР

Қазақстанның Социалистік Қозғалысы өкілдерімен өткен талқылаудың қорытындысы бойынша Дана Жол соцализм сұрақтарына өзінің көзқарасын білдіреді және «неліктен бүгінгі күні елімізде соцалистік революцияның болмайтындығын?» түсіндіреді. Бұл Дана Жолдың соцализм сұрақтарына, сондай-ақ, Қазақстанның соцалистік қозғалысының стартегиясы мен тактикасына қатысты жалпылама қорытынды көзқарасы. Алдымен еліміздегі экономикалық жағдайды қарастырудан бастайық. Ғылыми марксизмде тұрған диалектикалық материализм әдісі таптар күшінің есебі мен ағымдағы тарихи сәттерді талап етеді. Сондықтан да, негізгі салаларға бөле отырып, Қазақстан экономикасының қандай таптар арқылы бақыланатынын қарастырайық.

Қазақстандағы мұнай мен газды өндіру саласы және оларды тасымалдау мен қайта өңдеу экономикамыздың жартысынан астам бөлігін алады және мемлекетіміздің барлық валюталық түсімінің 75 пайызына жуық шаманы береді. Бұл саланың 80 пайызы шетелдік капитал арқылы, ал 20 пайызы монархиялық капиталмен қадағаланады. Монархиялық капитал, бұл Қазақстанның қазіргі билік етуші табы. Олар біздің шикізаттан түсетін кірісті қадағалайтын 6-8 жанұядан тұрады.

Енді Қазақстанның екінші бір маңызды саласының кімдерге тиесілі екендігін қарастырайық. Мемлекетіміздегі экономиканың 20 пайызын құрайтын және барлық валюталық түсімнің 17 пайызын беретін металлургия саласы «АрселорМиттал» (Карметкомбинат), Еуразиялық топ, «Қазцинк», «Қазақмыс» сияқты компаниялардан тұрады. Бұл саланың 80 пайызын монархиялық капитал және 20 пайызын шетелдік капитал («Гленкор» және «АрселорМиттал») қадағалайды. «Қазақстан Темір Жолы», «КСелл», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Эйр Астана» сияқты көлік және байланыс компаниялары мемлекеттік аппарат арқылы көп жағдайларда феодал-шенеуніктермен бақыланады. Электрэнергиясы, газ және суды өндіру және тарату салалары да түрлі әкімдер мен министрлер келбетіндегі феодал-шенеуніктер арқылы қадағаланады.

Мемлекетіміздің қаржы саласы негізінен «Казкоммерцбанк», БТА, «Темірбанк», «Альянс банк», АТФ, «Халық банк», «Центркредит» сияқты 6 ірі банктерден тұрады. Осы аталғандарға Қазақстанның несие және депозит салаларының 90 пайызы тиесілі болып келеді. «Центркредит» және АТФ шетелдік капитал арқылы бақыланады. «Казкоммерцбанк» «Альнаир холдинг» және «Самұрық-Қазына» арқылы монархиялық капиталмен қадағаланады. БТА, «Темірбанк», «Альянс банк» «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингісі арқылы монархиялық капитал және феодал-шенеуніктермен бақыланады. Экономикамыздың мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім беру сияқты салалары монархиялық капитал мен феодал-шенеуніктердің бірлесе отырып қадағалауында көрініс табады.

Қазақстандағы ұлттық буржуазия немесе капиталистер (кәсіпкерлер) металлургия мен мұнай өңдеуден тыс, тек өңдеуші өнеркәсіпте ғана кездеседі. Бұл сала ұлттық буржуазиямен 100 пайызға қадағаланады.

Ұлттық капиталистер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да кездеседі. Мұндағы ұлттық буржуазияның бақылауы 70 пайызға жетеді, ал қалған үлес феодал-шенеуніктердің еншісінде. Құрылыс саласының 30 пайызын капиталистер қадағаласа, қалған 70 пайызы феодал-шенеуніктердің бақылауында болып табылады. Тұтынушыларға қызмет, сауда, мейрамханалар мен қонақүйлер саласының 70 пайызы ұлттық буржуазиямен қадағаланады, ал қалған бөлігі феодал-шенеуніктердің үлесінде.

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан экономикасының көп бөлігі шетелдік капиталмен және феодал-шенеуніктерге сүйенетін билік етуші тап монархиялық капиталмен қадағаланады. Ұлттық капиталистер Қазақстан экономикасының 25 пайызына жуық шаманы бақылайды. Бұл саланың көп бөлігі жұмысшылар табы орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындары емес, сауда мен халыққа қызмет көрсету салалары болып табылады.

Демек, қазіргі Қазақстан шетелдік  капиталдың басқаруындағы колониальды-тәуелді мемлекет. Мұндай мемлекеттерде билік феодал-шенеуніктерге тиесілі  болып келеді. Олар қосымша өнімді бөлудің капиталистік әдісін қолдана отырып, ірі халықаралық капиталдың қолдануына сүйенеді.

Бұл ірі халықаралық капитал жергілікті феодал-шенеуніктерді негізгі 2 себепке байланысты қолдайды. Біріншіден, феодал-шенеуніктер отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының өсе келе, ішкі нарық пен пайда үшін халықаралық капиталдың бәсекелесіне айналуына мүмкіндік бермейді. Екіншіден, феодал-шенеуніктер Қазақстанның шикізат ресурстарын шетелдік капитал бақылауына өткізіп отыр. Сәйкесінше, бүгінгі күні Қазақстан ірі шетелдік капиталдың (империализмнің) боданына айналды және мұндағы билік жергілікті феодал-шенеуніктерге тиесілі. Мұндай мемлекеттерде ұлттық буржуазия мен жұмысшы табы арасындағы қарама-қайшылық болмағандықтан социалистік революцияның болуы мүмкін емес.

«Қазақстандағы жұмысшылар қозғалысының шынайы одақтасы кім», ал «шынайы қарсыласы ше?», деген сұрақтар бүгінде талқылауды қажет етіп отыр. Ол үшін алдымен жұмысшылар табының басым көпшілігінің қай жерде жұмыс істейтіндігін және сәйкесінше кіммен негізгі қайшылықтардың болатындығын қарастырайық. Қазақстанның жұмысшы табының басым көпшілігі мұнай саласы мен тау-кен саласында, металлургия, электроэнергия, жылу, суды өндіру мен тарату және «Қазақстан Темір Жолы» транспорттық компаниясында жұмыс істейді.

Бұл салалардың барлығы монархиялық капитал басшылығымен бірлесе отырып, феодал-шенеуніктер арқылы, не шетелдік капитал арқылы қадағаланады. Сондықтан да, бүгінгі күні Қазақстандағы жұмысшы табының басты қанаушысы монархиялық капитал басшылығындағы феодал-шенеунік және шетелдік капитал. Ұлттық буржуазия да, дәл жұмысшылар табы секілді бағынушылық жағдайда тұр және олар да шетелдік капитал мен жергілікті феодал-шенеуніктердің одақтастығы тарапынан болатын қысымды сезінеді. Сәйкесінше, осындай кезеңде қазақ пролетариаты ұлттық тауар өндіруші буржуазиямен одақтастық құра алады. Қазақстанның жұмысшы табы, мемлекетіміздің экономикасындағы шетелдік бақылауға қарсы күресте ұлттық буржуазияны қолдауы қажет. Жұмысшылар Қазақстанда капиталистік қатынасты құруға кедергі келтіріп отырған феодал-шенеуніктерді толықтай құрту кезіндегі күресте де капиталистерді қолдауы тиіс. Қазақ пролетариаты мемлекеттегі экономикалық және саяси биліктің феодалдардан отандық өндірушілердің қолына өтуін қолдауы қажет. Себебі, Қазақстандағы жұмысшылар табының басты қарсыласы, бұл – шетелдік капитал мен Қазақстанның қазіргі билік етуші табы арасындағы одақ болып табылады.

Енді «ұлттық буржуазия мен жұмысшы табының арасындағы одақтың болуы мүмкін бе? Мұндай одақтар тарихта болған ба еді? Өз өмірлерінде жұмысшы тапқа деген адалдықты дәлел еткен адамдардың осы сауалға қатысты позициясы қандай екен?», деген сұрақтарды қарастыруға көшейік.

Социализмнің ең көрнекті өкілі Карл Маркс өзінің жеке мысалдарымен осындай одақтың болуы мүмкін және қажет екендігін көрсетті. 1848 жылы прустық патша басшылығындағы феодалдардың билігіне қарсы неміс революциясы кезінде, Маркс Германияның буржуазды-демократиялық одағының құрамына кірді және онда революциялық буржуазия өкілдерімен ынтымақтастықта болды. К. Маркс редакторы болған «Жаңа Рейн» газеті осы буржуазды-демократиялық одақтың баспа орталығы болды.

Соцалистік қозғалыстың басқа бір өкілі Ленинде де ұлттық буржуазиямен одақтың болуы мүмкін екендігі туралы көзқарас қалдырды.

Осыған қатысты Лениннің не дегенін дәлел ретінде келтіре кетейік:

Ленин:

«Гендерсон, Клайнс, Макдональд, Сноудендер сияқтыларды үмітсіз керітартпа адамдардың қатарына жатқызуға болады. Сондай-ақ, олардың буржуазиямен одақтасып, билікті өздерінің қолдарына алғысы және ескі буржуазиялық ережелермен «басқарғысы» келетіндігі де шындық. Олар билік басына келгенде  өздерін Шейдеман және Носке сияқты ұстайды. Айтылғандардың барлығы да рас. Алайда осындай адамдардың қолдауы революцияға сатқындық жасау емес. Керісінше революцияны қолдау мақсатында жұмысшылардың осы адамдарға көмек көрсетуі қажет».

Лениннің тағы да бір пікірі мынадай:

«Отарлы және артта қалған елдерде коммунистер (жұмысшылар) жергілікті буржуазиямен (кәсіпкерлермен) белгілі бір мерзімнің ішінде одақтас болуы қажет. Ескере кететін жайт, бұл одақтастық буржуазия мен жұмысшылардың бір саяси партияның шеңберінде бірігуін білдірмейді. Пролетариат (жұмысшылар) өздерінің саяси еркіндігін өз қолында сақтап қалуы керек».

Енді жұмысшылардың ең ірі келесі бір өкілі, яғни Сталиннің пікірін көрсетейік.

Сталин:

«Отарлы және шетелдік капиталға тәуелді елдердегі революцияның жолы өздігімен ерекшеленеді. Революцияның негізгі түрткі себебі, ол шетелдік капиталдың елді қанауы (империализм). Шетелдік капитал тарапынан болатын қанау есебінен ұлттық буржуазия да зардап шегуде. Сол себептен ұлттық буржуазия белгілі бір межеге дейін империализмге (шетелдік капиталға) қарсы революцияны қолдайды. Осындай революциялар ұлт-азаттық күрес, яғни ақсүйектер (бай адамдар) мен қарапайым халықтың жау шапқыншылығына (шетелдік капиталға) қарсы күресі болып табылады».

Сталиннің келесі бір пікіріне көшейік:

«1905 жылы революция болған Қытайды, 1917 жылы революция болған Ресеймен салыстыруға болмайды. Себебі сол кезде Қытай отарлы және шетелдік капиталдың қанауындағы ел болған. Қытайдағы революция тек буржуазиялық революция ғана емес, ұлт-азаттық (шетелдік капиталға қарсы) революция болып табылды. Қытайда шетелдік капиталдың (империализмнің) қолында өнеркәсіп, сауда және транспорт компаниялары болды. Мұндағы империализм (шетелдік капитал) қанауының тарапынан Қытайдың қарапайым халқы ғана емес, қытайдың ақсүйектері де зардап шекті. Қытай буржуазиясы (кәсіпкерлер) осылардың барлығын ескере отырып, белгілі жағдайларда және белгілі межеге дейін қытай революциясын қолдайды. Тарих бұны бізге көрсетті, Қытай буржуазиясы Қытайдағы революцияны қолдады».

Сонымен, көріп отырғанымыздай, К. Маркс, Ленин және Сталин белгілі бір тарихи жағдайларда,  ұлттық буржуазия мен жұмысшылар одағының болғандығын және мұндай одақтың қажет екендігін айтқан. Олар бұл одақтың феодалдық қанау мен мемлекет экономикасының шетелдік капитал қадағалауына қарсы күрестегі маңыздылығын мойындаған.

Ұлттық буржуазия мен жұмысшылар одағының тарихи көрінісі ретінде Түркия мен Қытайдың мысалдарын келтіруге болады.

Түркиядағы Кемалдық революция түрік сұлтаны басқаруындағы жергілікті феодалдарға және Англия, Франция, Италия тарапынан болған шетелдік қадағалауға қарсы ұлттық буржуазия мен жұмысшылардың ұлт-азаттық күресі болған еді.

Қытай революциясы да қытай императоры басқаруындағы жергілікті феодалдарға және Англия, Франция, Жапония тарапынан болған шетелдік қадағалауға қарсы ұлттық буржуазия мен қытайлық жүмысшылардың ұлт-азаттық одағы болған.

Бүгінгі күні Қазақстанның жұмысшы табына өз қызығушылықтарына қол жеткізу үшін ұлттық буржуазияның көмегі қажет. Яғни, уақыттың осы бір тарихи бөлігінде, Қазақстанның ұлттық буржуазиясы еліміздегі жұмысшы қозғалысының жалғыз одақтасы. Жұмысшыларға да, ұлттық буржуазияға да осы одақты құру мен барынша нығайту үшін қолдан келгенді аямай жасау қажет. Бұл одақ мемлекетіміздің экономикасындағы шетелдік қадағалау мен феодалдық қанауға қарсы бағытталатын болады.

Енді қазақтың жұмысшы табы басшыларының қате көзқарасын талдауға көшейік. Жұмысшылардың көптеген өкілдері Қазақстанда капитализм бар деп есептейді. Алайда, бұл қате пікір, себебі бүгінгі күні Қазақстанда феодал-буржуазиялық жүйе қалыптасқан. Мұндай жүйеде капиталистер табы  феодал-шенеуніктер мен шетелдік капиталдың (империализмнің) бағынушысы болып өмір сүруде. Көптеген социалистік орталарда былықшылықтың туындауына алып келетін қоғам арасында тағы да бір кеңінен таралған қате түсінік бар. Олар капитализм жеңген (АҚШ, Еуропа) және капитализм әзірше жеңбеген, яғни отарлы, шетелдік капиталға тәуелді елдермен шатастырып жатыр. Капитализм жеңген елдерде капиталистер (кәсіпкерлер) билік етуші тап болып табылады. Себебі елдегі бүкіл билік олардың қолында болғандықтан, олар революцияға әкелетін іс әрекеттерді қолдамайды және революциялық күш болып табылмайды. Ал капитализм жеңбеген, яғни отарлы, шетелдік капиталға тәуелді елдерде жергілікті капиталистердің қолында билік жоқ. Мұндай елдердегі буржуазия белгілі межеге дейін революцияға әкелетін іс әрекеттерді қолдайды және революциялық күш болып табылады. Сондықтан да, мұндай елдерде революция алдымен сөз еркіндігі, жиналыстар мен митингілерді еркін өткізуге мүмкіндіктерді беретін буржуазды-демократиялық республиканы құру үшін революция болады. Осының барлығын пайдалана отырып, кейіннен социалистік революция жасауға көшуге болады.

Енді Қазақстандағы социалистік қозғалыстың тактикасын қарастыруға көшейік. Бүгінгі жағдайда, мұнайшылар, теміржолшылар мен металлургия саласы жұмысшыларының арасында социалистік қозғалыстар үнемі байланыс жасауы тиіс. Бұл өзіне жалақы деңгейі, зейнетақы, әлеуметтік қоржын, денсаулықты сақтандыру, зейнетақыға шығу жағдайлары және т.б. сияқты қажетті ақпараттардың жұмысшы ұжымының арасындағы алмасуын кіріктіреді. Сонымен қатар, Қазақстандағы жұмысшылардың жұмыс істеуіндегі негізгі жағдайларды міндетті түрде көршілес мемлекеттерді қоса алғанда, басқа мемлекеттермен салыстыру. Мысалы, осы қажет мәліметтердлі Ресей, Балтық жағалауы елдері және Белоруссия көрсеткіштерімен салыстыру қажет.  Осы елдердің жалақы, зейнетақы, зейнеткерлікке шығу жасы, әлеуметтік қоржын, өндірістік жарақаттар кезінде және асыраушысын айырылғанда төленетін жәрдемақы секілді негізгі базалық қажеттіліктерін де қарастыру қажет. Содан кейін, жұмыс беруші компания пайдасының деңгейімен жұмысшының жалақысын зерттеп, салыстыру керек. Кейіннен, осы көрсеткіштің Қазақстанда және басқа мемлекеттерде қандай екендігін салыстыру қажет. Осыдан кейін барып, нақты сандарға және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жалақы деңгейінің көтерілгенін талап ету керек.

Келесі көпшілікті толғандыратын мәселе, бұл бүгінгі жұмыс істеп жатқан кәсіподақтарға социалистік қозғалыстың өкілдерінің мүшелікке кіруі болып табылады. Социалистік қозғалыстың өкілдері жұмыс істеп жатқан кәсіподаққа мүше бола отырып, осы кәсіподақтардың кертартпа басшыларымен күрес жүргізуі қажет.  Үнемі жүргізілетін үгіт-насихаттың көмегімен кәсіподақ пен жұмысшылардың массасын жаулап алу керек. Сонымен қатар, жұмыс істеп жатқан кертартпа кәсіподақ жұмысшыларын біртіндеп тарту арқылы, оларға үгіт-насихат жүргізіп, социалистік қозғалыстарға қатыстыру керек. Бұл кертартпа кәсіподақтардың өз ішінен өзгеруіне алып келеді. Уақыт өте келе, жұмысшылар өз ұжымының ішінде кертартпа басшылықпен күресе бастайтын және басқа да жұмысшыларды өздерінің құқықтарын қорғай білуге шақыратын болады. Ал егерде социалистік қозғалыстың өкілдері жұмыс істеп жатқан кәісподақтарға мүше болудан бас тартса, онда бұл социалистердің қателігі болып табылады. Социалистер жұмысшылар шоғырланған жерге баруы қажет. Егерде кертартпа кәсіподақтар ірі жұмысшылардың ұжымына жол ашып беретін болса, онда сол кәсіподақтарға барып жұмыс істеу және өз кезегінде жұмысшыларға қажетті білім беріп отыру қажет. Ал дербес социалистік «нағыз»  жұмысшылардың құқықтарын қорғайтын  «жаңа» кәсіподақтарды ашу жұмысшылардың қозғалысына әсер ететін оразан зор қателік.

Енді осы жағдайда байланысты Лениннің сөзіне назар аударайық.

Коммунизмдегі «өткір төңкерісші» бала ауруы кітабындағы (Детская болезнь "левизны" в коммунизме") Лениннің берген пікірін мынадай.

Ленин:

«Капитализмнің дамуының алғашқы кезінде кәсіподақтар жұмысшылардың бытыраңқылық пен әлсіздіктен таптық бірлестікке өтеуіне себепкер болды және жұмысшы табының алып өрлеуіне әсер етті. Жұмысшы табы өзара бірігуінің жоғары формасына жеткенде, яғни жұмысшылардың революциялық партиясын (өзінің атын дәлелдеу үшін партияның көшбасшылары қарапайым жұмысшылар арасында мықты қарым қатынас орнатуы тиіс болды) құрған кезде кәсіподақтар өз кертартпалығын көрсете бастады.  Яғни саясатқа деген немқұрайлықты, бір жақты саяздықты, біршама артта қалғандықты және т.б. әрекеттерді көрсетті.

Алайда, кәсіподақтарсыз және олардың жұмысшы табының партияларымен одақта болмауынсыз ешбір әлемде пролетариаттың дамуы жүрген емес және жүрмейді де. Кәсіподақтың «кертартпалығынан» қорқу, оны айналып өтуге тырысу, бұл аса үлкен ақамақтық болып табылады. Не болмаса пролетариаттың бұл артта қалған қоғамның бөлігі және жұмысшы табы мен шаруалардың тобына білім беру, ағарту, тәрбие беру, жаңа өмірге шақыру жұмыстарын жүргізуден қорқуы дегенді білдіреді».

Енді осы мәселе аймағындағы Сталиннің көзқарасын талдайық:

«Троцкий мен Зиновьев, секіріп өтудің теориясын ұстана отырып, артта қалған ағылшын кәсіподақтарынан, олардың кертартпалығынан айналып өтуді қалады. Сол арқылы олар біздің ағылшын кәсіподағының көмегінсіз Мәскеуден Баскеңесті құлатуды талап етті. Ал біз мұндай саясаттың ақымақтық, авантюризм екендігін айтамыз, себебі ағылшын кәсіподақ қозғалысының кертартпа басшылары біздің көмегімізбен өздерінің ағылшын кәсіподақтары арқылы құлауы тиіс деп санаймыз, яғни біз кертартпа кәсіподақтардан секіріп өтпей, қайта ағылшын кәсіподақ массасына оларды ығыстырып шығаруға көмектесуіміз қажет».

Сонымен, іс жүзінде социалистік революцияны жүргізген, жұмысшы қозғалысының практиктері Ленин және Сталиннің кертартпа кәсіподақтармен жұмыс істеудің қажет екендігін мойындағанын көріп отырмыз.

Егерде бүгінгі жұмысшылар қозғалысының көшбасшылары оларға жұмысшылардың ұжымына шығуға мүмкіндік беретін кертартпа кәсіподақтармен жұмыс істеуден және ұлттық буржуазиямен одақ құрудан да бас тартатын болса, онда олар жұмысшы табының нағыз көшбасшылары емес. Бұлар әдемі сөзді арқау ететін, мылжыңдар мен авантюристер. Ерте ме, кеш пе осындай адамдарды жұмысшы табының қызығушылықтарын шынайы қорғайтын көшбасшылар алмастырады.

Ал егер бүгінгі жұмысшылар қозғалысының көшбасшылары кертартпа кәсіподақтармен жұмыс істеуден және ұлттық буржуазиямен одақ құрудан  бас тартатын ұстамымдары балалық кездегі көзқарас сияқты болатын болса, онда бұны адамның өсе келе, саналы ойға көшетіндігі сияқты жөнге келтіруге болады.

Бұл жағдайда, жұмысшылар қозғалысының көшбасшылары, ерте ме, кеш пе революциялық ұранды прагматикалық көзқарасқа өзгертеді. Ал мұны жасамайтындар жұмысшылар қозғалысының басшылығынан біртіндеп ығыстырылып шығарылатын болады. Осы әрекетті жұмысшылардың өздері-ақ орындайды. Жұмысшылар революциялық ұранды қолданатындарды нақты әрекет ететіндердің арасынан ашыратып алады. Осыдан кейін, пролетариат, нақты әрекет ететін адамдардың басшылығымен біріге отырып, ұлттық буржуазиямен одақтас болуға баратын болады. Осы одақ біздің экономикамыздағы шетелдік қадағалау мен феодалдық қанауға қарсы бағытталады. Себебі, уақыттың осы бір тарихи бөлігінде жұмысшы табы өз жағдайын тек ұлттық буржуазиямен бірлесе отырып, жақсарта алады. Алайда, осы жердегі әлсіз буын мемлекет алдындағы жауапкершілікті өз мойына алудан қорқақтайтын отандық буржуазия болуы мүмкін.

Қазақстанды өнеркәсібі дамыған капиталистік мемлекетке айналдырғаннан кейін, социалистердің алдында «ары қарай қайда бару қажет?» деген сұрақ туындайды.

Социалистер бүгінгі Швеция мен Германияның жолын таңдауы мүмкін. Онда саяси және экономикалық билік ұлттық капиталистердің қолдарында қала береді, алайда капиталистер арқылы алынатын қосымша өнім жұмысшылардың үнемі өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын болады.

Бірақ, сонымен қатар, Ленин мен Сталиннің жолын да таңдауға болады. Бұл социалистік, яғни жұмысшы табы мен кедейленген шаруалардың күші арқылы жасалынған революция. Қазақстандағы биліктің феодалдардан капиталистердің қолына өтіп, буржуазияның орнауынан кейін елімізде социалистік революцияның болуы екі жолмен жүруі мүмкін. Бұл 1917 жылғы Ресейде және 1921-1945 жылдар аралығында Қытайда болған сияқты социалистік революция бірден болады ма немесе оның пісіп жетілуіне уақыт қажет болады ма деген мәселелер тек нақты тарихи жағдайлар мен таптық күштің дұрыс есебіне байланысты болады.

Ресей мен Қытайдағы тарихи жағдайлар мен таптық күштің дұрыс есебі жеңіске жеткен буржуазия билікке келгеннен кейін бірден жұмысшылардың социалистік революциясына алып келді. Францияда 1871 жылы Париждік коммуна кезінде және 1918 жылы Германияда таптар күші есебі мен тарихи сәттерді дұрыс есептемегендіктен, жұмысшылардың социалистік революциясы жеңіліске ұшырады.

Сондықтан да, егерде тарихи сәттердің ерекшеліктері мен таптар күшінің ара қатынасы дұрыс есептелінетін болса, онда социалистік революция ұлттық-буржуазиялықтан (ұлт-азаттық күрестен) кейін, бірден болуы әбден мүмкін.

Ал социалистік революциядан кейін мемлекеттегі саяси билікті пролетариаттардың өз қолына алу әрекеті орын алады. Яғни, жұмысшылардың қоғам арасындағы басымдылығын орнату (пролетариаттың диктатурасын) және негізгі өнеркәсіп саласындағы жеке меншікті жою, яғни өндірісті қоғамның иелігіне өткізу бағыты орындалатын болады. Одан кейін кедейленгендердің және орта шаруалардың басым көпшілігі келіскен жағдайда, жерді мемлекеттендіру үдерісі жүзеге асады. Ал егерде шаруалардың көпшілігі қарсы болса, онда жерді мемлекеттендіру ауыл шаруашылығындағы социалистік кәсіпорындардың жеңісінен кейін барып, жүргізіледі. Бұл жағдайдағы жеңіс, ауыл шаруашылық социалистік кәсіпорындардың жеке меншіктегі кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары еңбек өнімділігі мен механикаландырудың есебінен ауыл шаруашылық өнімдеріне деген халықтың қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз ететін болады дегенді білдіреді. Социалистік революцияның жеңісінен кейін, біраз уақытқа дейін ауыл шаруашылығындағы, сауда және өнеркәсіптің кейбір негізгі салаларындағы жеке меншік кәсіпорындары сақталатын болады. Алайда олар социалистік кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің тауарларына деген халық қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыра алған кезеңге дейін өмір сүретін болады. Бұл былайша айтқанда Кеңестік дәуір кезіндегі жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кезеңі.

Осыдан кейін, дербес елде социализмді орнату аяқталды деп санауға болады.

Енді дербес елдегі социализм жүйесін құру мүмкіндігі туралы сөз қозғайық. К. Маркс және Ф. Энгельс социализмнің әлемдегі тұрақты жеңісі тек дамыған капиталистік мемлекеттердегі соцализмнің жеңіске жетуі арқылы жүзеге асады деп санаған.

Социализмді дербес елде құруға болады ма деген тікелей сұраққа жауап берген Ф. Энгельс оны теріске шығарады.

Ф. Энгельске «Коммунизм қағидаларындағы» қойылған «социалистік революцияның қандай да дербес елде болуы мүмкін бе?», деген 19 сұраққа, ол былай деп жауап берді.

Ф. Энгельс:

Жоқ, социализмнің дербес елде болуы мүмкін емес. Себебі, ірі өнеркәсіп әлемдік нарықты құру арқылы жер шарындағы барлық халықтарды, әсіресе өркениетті халықтарды  бір-бірмен тығыз байланыстырғаны соншалықты, бүгінде олардың әрқайсысы бір-бірінде болып жатқан құбылыстарға тәуелді болып қалған».

К. Маркс «Франциядағы таптың күресі» атты еңбегінде «жұмысшы табының міндеттері ұлттық шекара аймағында ғана шешілуі мүмкін емес» деген дәл осындай тұжырым айтқан.

Ал Ленин, Марксқа қарағанда белгілі бір дербес елдегі социалистік революцияның жеңіске жетуі мүмкін деп санаған. Ол Маркстің жорамалын айналып өтіп, бұл қағиданың монополистік капитализмге дейінгі кезеңде жұмыс істегенін, ал капитализмнің монополистік кезеңге немесе империализм кезеңіне өткен уақытында белгілі бір мемлекет шеңберінде социализмді орнату мүмкін екендігін мәлімдеді. Осы тұста монополистік капитализмге дейінгі кезең, бұл ірі әлемдегі кәсіпкерлер бүкіл әлемдік нарықты әлі жаулап алғанмаған, ал монополистік капитализм, бұл ірі әлемдегі кәсіпкерлер бүкіл әлемдік нарықты жаулап алған кез екендігін атап өткен жөн. Ақыр соңында Ленин әскери коммунизмнің экономикалық саясатынан жаңа экономикалық саясатқа, яғни капитализмге өтіп, өзінің осы идеясынан бас тартты. Ленин үшін социализмді құру озық капиталистік мемлекеттерді басып озатын, еңбек өнімділігін құру болып саналды.

Дербес елде құрылған социализм ақырында өз күшінен айырылып, жеңіліске ұшырайтындығын Ленин түсінді ме?

Оған берген Лениннің жауабы мынадай:

«Егерде 10-20 жылдың ішінде жарықтандыру жүргізсек, онда кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығындағы да, сауда саласындағы да іс әрекеттерінен қорықпау қажет. Егерде жарықтандыру болмаса, онда ерте ме, кеш пе біз капитализмге қайта ораламыз».

Осыған қатысты Лениннің тағыда бір пікірі мынадай:

«Біз тек мемлекетте емес, ал мемлекет жүйесінде өмір сүреміз және Социалистік республиканың уақыт өте келе империалистік мемлекеттермен қатар өмір сүруі, ақылға қонымсыз нәрсе. Себебі, ақыр соңында не бірінің, не басқа біреуінің жеңіске жетері анық».

Сонымен, біз Лениннің дербес елдегі соцализмнің ұзақ уақыт бойына жеңіске жететіндігіне деген күмәнін байқап отырмыз.

Дәл Ленин сияқты, Сталин да дербес ел шеңберіндегі социалистік революцияның жеңіске жетуі және социализмді құру мүмкін деген пікір білдірген.

Дәлел ретінде Сталиннің сөзін келтірейік.

«Өткен ғасырдың қырықыншы жылдарында Маркс пен Энгельс социалистік революция дербес елде  жеңіске жете алмайды, ол тек барлық немесе бірнеше дамыған мемлекеттердің бірдей әрекетінің нәтижесінде ғана болады деген пікір ұстанған. Бұл пікір монополистік капитализм әлі болмаған кезде және капитализм жаңа, әрі бос жерлерге ақырындап таралып жатқан, сонымен қатар бір қалыптылықтан тыс даму заңдылығы өзінің бар күшінің аясында әлі қызмет ете алмай жатқан уақытта пайда болды. Алайда Ленин марксистік теорияға сүйене отырып, дамудың жаңа жағдайларында социалистік революцияның дербес елде жеңіске жетуі мүмкін деген. Барлық дамыған елдердің даму деңгейінің әртүрлі болуына байланысты, олардағы социалистік революцияның біркелкі болуы мүмкін емес және Маркс пен Энгельстің ескі формулалары жаңа тарихи жағдайларға сәйкес келмейді деген пікір айтқан».

Енді Кеңес билігін орнату мен жұмысшылар табының билікке келуі және нағыз социализмді құру арасындағы айырмашылықтарды Сталин түсінді ме? деген сұраққа көшейік. Осы сауалға қатысты Сталиннің айтқан тұжырымы мынадай.

«Шын мәнінде социализм капитализмді тек жоғары еңбек өнімділігі арқылы жеңеді. Яғни, бұл өнімдердің молдығы мен тұтыну заттарының алуан түрлілігінің негізінде, қоғамның барлық мүшелері үшін ауқатты және сауатты өмір сүру негізінде көрініс табады. Бірақ социализм өзінің алға қойған мақсатына жету және біздің кеңестік қоғамымызды әлдеқайда ауқатты ету үшін, мемлекет ішінде тіптен алда дамыған капиталистік мемлекеттердің еңбек өнімділігінен де асып түсетін, жоғары еңбек өнімділігі болуы қажет».

Сонымен, біз Сталиннің социалистік революцияның дербес елде жеңіске жетуі мен іс жүзінде нақты социализмді құру арасындағы айырмашылықты жақсы түсінгенін көріп отырмыз.

Социализмнің тағы да бір көрнекті өкілі Троцкийде Сталин сияқты дербес елде социалистік революцияның жеңіске жетуі мүмкін деген пікір білдірген. Алайда Сталинмен салыстырғанда Троцкий дербес елде социализмді құру мүмкін емес дегенге сенбеді де және олай деп санамады да.

Осы пікірге байланысты Троцкийдің «Біздің революция» атты кітабында білдірген көзқарасына назар аударайық.

«Еңбектің халықаралық бөлінісі, кеңес индустриясының шетел техникасына деген тәуелділігі, Еуропаның дамыған мемлекеттерінің азияның шикізатына деген тәуелділігі және ссы сияқты нәрселер әлемдегі дербес елде социалистік қоғамның құрылуына мүмкіндік бермейді. Еуропалық пролетариат өз елдерінде билікке келмесе және олардың тарапынан Ресейдің жұмысшы табына қолдау көрсетілмесе, онда ресейлік жұмысшылар билікті өз қолдарында ұзаққа дейін сақтап тұра алмайды. Бұған күмәнданудың қажеттілігі жоқ».

Осыған қатысты Троцкийдің «Әлем бағдарламасы» атты кітабындағы келесі бір пікірін келтірейік.

«Әлем бағдарламасындағы» бірнеше рет қайталанған пролетариат революциясының ұлттың шеңберде жеңіспен аяқталуы мүмкін емес деген тұжырым және біздің Кеңес Республикасының бес жылдық өмір сүруінің тәжірибесі осы тұжырымды жоққа шығарады, деп орқырмандар айтуы мүмкін.  Бірақ, мұндай қорытынды дұрыс емес. Барлық әлемге қарсы тұрған,  сонымен қатар, артта қалған елдердің ішінде, бірақ өзін сақтап қалған дербес жұмысшылардың республикасы, бұл пролетариаттың оразан зор қуаттылығының дәлелі. Ал мұндай қуаттылық басқа дамыған, әрі өркениетті мемлекеттерде таңғажайып тудыратыны анық еді. Еуропа елдерінде  буржуазия билік басында тұрған кезде, біз капиталистік елдермен қарым қатынас орнату арқылы экономикалық ошақпен күресуіміз қажет. Бұл қарым қатынас біздің экономикалық жарақаттарымызды емдей алды, алайда Ресейде шынайы социализді орнату, тек Еуропаның маңызды елдеріндегі пролетариаттың жеңісінен кейін ғана болуы мүмкін».

Жоғарыда келтірілген цитата бойынша, біз Троцкийдің пайымдауынша дербес елдегі социализмнің тұрақты жеңісі тек дамыған капиталистік мемлекеттердегі социализмнің жеңісі арқылы жүзеге асатындығын көріп отырмыз.

Сонымен, біз марксизмнің не теоретиктері де, не практиктері де дербес елдегі социализмнің ұзақ уақыт бойына жеңіске жететіндігіне не күмәнданатындығын, не мүлдем мойындамайтындығын көрдік. Ақырында, КСРО мен Қытайдағы социализм еңбек өнімділігінің төмен болуының нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Социализм жүйесі, дамыған капиталистік мемлекеттермен салыстырғанда үнемі артып отыратын халықтың тауарлар мен қызметтерге деген  қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті анағұрлым еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін өдірістік технологиялардың ұдайы жаңарып отыруын талап етпейді. Социализм тек жоғары еңбек өнімділігінің негізінде ғана жеңіске жете алады. Яғни, салыстыру үшін қазіргі АҚШ, Швейцария және Жапонияның өндіріс деңгейін алып қарастыруға болады. Егерде социалистік мемлекеттің еңбек өнімділігі осы мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болатын болса, онда мұндай жағдайда ұзақ уақыт бойындағы социализмнің жеңіске жетуін мойындауға болады. Ал егерде олай болмаса, онда «социализм қашан жеңіліске ұшырайды?» деген сұрақ тек уақыттың еншісінде қалады.

Дана Жол danajol
«Дана Жол» қолданбалы экономика орталығы «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. danazhol.kz vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
27 ноября 2012, 15:36
1041

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12351
  • 25
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 7285
  • 98
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 6084
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 5272
  • 33
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
вчера / 16:01
  • 4218
  • 5
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4286
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4059
  • 18
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3633
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3445
  • 15