Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:34, 19 октября 2012

Темірде жасырылған ұлы құпия

Темір элементі, Құрандағы бірегей және маңызды ғылыми мағлұматтың бірі. Араб тілінен аударғанда «темір» деген мағына беретін «Әль – Хадид» сүресінде Құдай былай дейді:

Сондай-ақ темірді түсірдік. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар. Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тым үстем. (25)

Темір – Жер бетінде көп тараған үшінші элемент, жер қабатының 5% құрайды. Алайда оның шығуы мен құрылуы Жерден емес. Қазіргі астрофизикалық ғылымның ашылуы, темір рудасының Жер бетіне сыртқы космостан өте үлкен жұлдыздардан түскенін куәландырады.

Бұл ғылыми дерек қызықты түрде Құранда айтылған.

«Темір» сүресіндегі 25-ші аятта араб мәтінінде «темір» сөзінің орнына «анзальна» сөзі қолданылады, араб тілінен аударғанда «құлату, түсіру». Идиоматикалық мағынада оны «адамзатқа қолдануға берілді» деп аударуға болады. Бірақ, бұл сөз біздерге тамаша ғылыми феномен беріп, аяттын мағынасын ашатын араб тіліндегі тағы да басқа мағынаны береді. Екінші мағынасын былай аударуға болады «аспаннан физикалық тұрғыдан құлату», яғни, жаңбыр немесе күн сәулесі. Егерде осы қарастырылып жатырған «физикалық түрде, темірді аспаннан жерге түсіру» сөйлеміндегі мағынаны көңілімізге алатын болсақ, , онда осы аяттағы қорытылған ғылыми дерек айқын болады, және де бұл дерек біздің заманымызда ашылған.

Әрі, бұл тек Жерде емес, барлық Күн жүйесіндегі темір сыртқы космостан пайда болған, себебі Күннің темпиратурасы осындай темірдің химиялық элемент болып қалыптасуына жеткіліксіз.

Темірдің отаны –жаңа және асыра жаңа жұлдыздар. Темір массасы сол аса ірі жұлдыз денесінің ішінде болған сәтте үлкен массаға дейін жетеді, жұлдыз бұл кезде өз ішінде мұндай салмақты ұстап тұру жағдайында болмайды. Жұлдыздың ішіне толған темір массасы оны ішінен жарады. Темір түрлерімен жинақталып, осындай жарылыстардан пайда болған метеориттер тартылыс алаңына немесе аспан денелеріне құлап түскенше космосқа шашылып ұшып және айналып кеңістікке кетеді.

Осыған орай, темір рудасының Жерден еместігі туралы шешім шығаруға болады. Темір, Жер планетасына сыртқы космостан жаңа жұлдыздардың жарылып метеорит болып түсуінен пайда болды, сондай–ақ бұл туралы Құранда айтылған.

«Әл-Хадид» - «Темір» - Құрандағы 57-ші сүре. Араб мәтініндегі әл-Хадид сөзінің сандық мағынасы 57.

Артикльсіз «хадид» сөзінің сандық мағынасы 26.

Менделеев таблицасындағы темірдің атом номері 26.

«Темір» сүресінде Құдай біздерге аятты бере отыра назарымызды темірдің пайда болуына, математикалық кодталудың маңызды ғылыми феномен екендігіне бөледі.

Мәтіндегі аятта «сондай-ақ темірді түсірдік» деп келеді, бұл космостан Жер бетіне темірден басқа элементтердің түсуін де көрсетеді. Егерде осы аяттағы кездесетін темірді 20 ғасырдағы маңызды түрде қарастырсақ, аяттың мағынасы бізді қызықты шешімше алып келеді.

0
1729
0