Тікелей эфир

Алматыда модель болу оңай ма?

Сән, сұлулық әлемі, күнделікті көрсетілімдер мен сүйсінген көзқарастар... Модельдік өмір жас қыздарды глянец журналдардан осындай «тәтті» келбетімен тартады. Ал шынайы өмірде модель болу оңай ма?

Мұхит асып, шет елге көз салсақ, әлемдегі ең табысты модель — бразилиялық Жизель Бундхен. «Форбс» журналының есептеуінше, оның соңғы жылдағы табысы 18 миллион долларды құрапты. 32 жасар модельдің ең басты табыс көзін танымал брендтермен жасалған келісімшарттар құрап, қазірдің өзінде ол Гиннес рекордтар кітабына ең табысты модель ретінде тіркелген.

Әрине, біздің модельдер миллиондаған сандарды армандамаса да, жұмыстарына лайықты ақы алғысы келеді. Салтанатты шараларда әдетте көзге «міндетті» болып көрінетін әдемі көйлек киген қыздар, сахнада гүл, диплом табыстап жататын ұзын бойлы арулар — Алматы модельдерінің басым бөлігіне қиялдағы подиум, фотосессияда емес, сондай шараларда жүрулеріне тура келеді.

Күн сайын фотосессия, сән көрсетілімдері, кастингтер жүретін Нью-Йорк, Милан, Париж сияқты сән өмірі қайнап жатқан қала болмаса да, Алматының өзіндік сән бизнесі дамыған.

Айжан Байзақова, «Ерке Нұр» агенттігінің моделі:

Модель болып 5 жылдан бері жұмыс істеп жүрмін. Әрине, Алматының сән өмірін шетелдекімен салыстыруға болмайды. Алайда, оның да өз артықшылықтары бар. Мысалы, ол негізгі жұмысыңа қосымша хобби ретінде алып жүргенге ыңғайлы. Менің негізгі мамандығым — журналист. Сабағым да бірінші орында тұрады. Егер шетелдегідей қызу қайнап жатқан модельдік өмір болатын болса, оны қосымша алып жүре алмас едік, не модель, не журналист болуды таңдауға тура келер еді. Ал біздің жағдайда оларды бірге алып жүруге болады.

Иә, шет елдегі модельдерге қойылатын қатаң тәртіптер бізде біршама жұмсарған. Мысалы, отандық модельдік агенстволарда қыздар — 175 см, жігіттер — 178 см жоғары болса жарайды. Салмақ мәселесі де қыздарымызды анорексиялық жағдайға апарған емес. Мысалы, модельдерге тікелей жұмыс беруші дизайнерлерге қандай арулар керек екен?

Ая Бапани, дизайнер:

Модель таңдар кезде, әрине, алдымен, оның бойына, түріне қараймын. Яғни оның мінезі бет-әлпетінен көрініп тұрады. Мінезді қозғаған себебім — қыздың образы менің коллекциямның образына сәйкес болуы керек. Ол коллекция образын жеткізе алатын, әртіс те болуы шарт. Меніңше, модельдің басты қызметі де сол — көрерменге киімнің бар мінез-құлқын, эмоциясын жеткізе білу. Сондай қасиеті бар модельдер — ең бағалы модельдер деп айта аламын. Кейде бойы аса ұзын емес, фигурасы да модельдік стандарттарға келіңкіремейтін қыздар болады, бірақ олардың әртістік табиғатының айқын болатыны соншалықты, менің бар ойымды, жеткізгім келген идеямды бұлжытпай әкеледі.

Менің жұмысым, мысалы, толыққанды образ жасау, киім тігу. Ал оны көрерменге түсіндіріп беру — модельдің жұмысы. Мысалы, менің бірінші коллекциям — батыл да ержүрек дала әйелінің образы. Сондай қыздарды іздедім. Екінші коллекциям да сондай орта азиялық мотивте құрылған, бірақ онда біршама жұмсақ, нәзік образдар болды. Ең соңында модельдер маскалармен шығып, бұрынғы сақ-ғұн кезіндегі әйел рухын алып келді. Модельдер оны да жеткізе алды.

Жеке өзіме ұзын бойлы, аса арық емес, күш білінетін модельдер ұнайды. Олардың қуатты образы подиум үстінде де әсерлі көрінеді.

Жалпы модельдердің көп ақша таппайтыны белгілі. Табыстарының жартысын, не одан да көп бөлігін, агентстволары алып отырады. Тіпті бір таныс модель қызға (атын қазір атамай-ақ қояйын) алғашқы кезде агентствосы көрсетілімге қатысқаның өзің үшін тәжірибе деп, ақысын бермеген кездері болыпты. Мен өзім де жасөспірім кезімде модель болғанмын. 16 жаста бойым өте ұзын болып, ата-анам модельдік мектепке берген, сонда оқып шыққанмын. Өз анам суретші болғандықан, біраз киім үлгілерін де жасаған болатын. Мен көбінесе сол анамның көрсетілімдеріне шығатынмын.

Ая Бапанидың атап өткеніндей, бізде модельдерді үлкен табыстарға жетіп жатыр деп айта алмаймыз. Көп жағдайда келісімшартқа отырған агентство қыздардың жұмыстан тапқан табысының 50%-ын алуға құқылы. Сондықтан модельдер үшін промо-акциялар мен шараларда хостесс болып жұмыс істеу қосымша табыс көзі болып саналады. Ондай шараларды негізгі табыс көзіне айналдырып алған модельдер де жоқ емес. Мүмкін «модель» дегенде, сұлулықпен қатар, басқа да жаман ассоциациялардың пайда болуы сондықтан болар.

Алматының өзінде ресторан, кафелерде жай ғана «компания» болып, дастархан көркін келтіріп отыру үшін қалталы клиенттер модельдер жалдайды. Олар агентстволарға жүгініп, бір мезетте-ақ туған күн не басқа да тойларды әдемі қыздармен безендіруі мүмкін. Кейде агентстволар кастингтің не үшін болып жатқанын ашып-жарып айта бермейді.

Көрсетілімдерге орта есеппен 5000 — 7000 теңге көлемінде, түрлі промо-акцияларға күніне 100$-дан артық төлемейді. Бұл туралы модельдер былай дейді:

Еркебұлан Құрманғалиев, бұрынғы Photoart агенттігінің моделі:

— 2009 жылдан бастап модель болғанмын. Негізі баруымның басты себебі — көпшілік назарында болған ұнайды. Алайда, Алматыда модель болу қиын. Аз төлейді. Ал жігіттерге одан да қиынырақ. Өйткені қыздарға қарағанда, тапсырыс аз түседі. Сондықтан мен оны тастап, бизнеспен айналысып кеттім.

Әйгерім Бекенова, 2011 ж. «Мисс Алматы», Eat Models агенттігінің моделі:

— Модель болып мен 2005 жылдан бастап жұмыс істеймін. Төлемақысы жақсы. Иә, бас кезінде агентстволар 50%-ын алып тұрады, бірақ тәжірибең көп бола бастаған сайын табысың да көбейе түседі, кейін 20-10%-ын ғана алып тұрады.

Бас кезінде модель болуға қызығушылығым болмаған. Тәтем қатты қызыққан соң, анамыз екеуімізді бірге алғаш рет Models Production-ға жіберді. Содан бастап дефиле, актерлік шеберлік, визаж, суретке қалай дұрыс түсудің сабақтарын алдым. Басында модель болу оңай шығар деп ойлайтынмын. Бірақ, қателесіппін. Модельдің келбеті әрдайым жақсы болу керек. Өзіне өте ұқыптылықпен қарау керек. Кей кездері таңнан кешке дейін кастингтерде жүресің. Оның өзінде сені таңдай ма, таңдамай ма белгісіз. Көрсетілім кезінде биік өкшемен күні бойы жүруге тура келеді. Алайда, мен үшін оның өзіндік жағымды тұстары болды: мен өз-өзіме сенімді, ашық адам бола бастадым. Дұрыс киінуді, әдемі жүруді үйрендім. Бұл әр бойжеткенге керек дүниелер, менің ойымша. Сұранысқа ие, кәсіби модель болуды армандаймын. Шет елдерде сәтті модельдік карьера жасап алған көптеген отандас қыздар сияқты, шет елде жұмыс істеп көргім келеді. Не өзгертуші едім дейсіз бе? Модельдерге деген көзқарасты өзгертуші едім.

Қазақ қоғамында модельдерге деген көзқарас расымен қандай? Әрине, барлық жердегідей, консерваторлар оларды сынайды, ал жас буын, қазіргі заман адамдары оларды құптайды. Сондықтан жалт-жұлт еткен модельдік әлем қазақ қыздарын соңғы кездері одан әрі қызықтырып жүр. Алайда, олар көбінесе ұлттық сарындағы киім үлгілерін көрсетуге жақын екен:

Айжан Байзақова, модель, «Ерке Нұр» агенттігінің моделі:

— Мен біздің модельдік бизнесімізді үш топқа бөліп қарастырушы едім. Біріншісі, ашық киінуге, мүлде киінбеуге де, бір сөзбен айтқанда сән өнері үшін бәріне де дайын модельдер. Сәйкесінше, бізде ондай агентстволар көп. Екіншісі, қазіргі заман сәнін де, ұлттық киімдерді де көрсететін модельдер. Үшіншісі, тек ұлттық киімдерге бағытталған агентство мен модельдер. Өз басым, екіншісі мен үшіншісінің арасында жүремін.

Ақбаян Өтепова, модель, «Ерке Нұр»:

— Модельдік өмірге қатты қызықпаймын. Ондай кәсіби модель болуды армандамаймын да. Алайда, хобби ретінде табатын табысым мені қанағаттандырады. Біздегі басты ерекшелігіміз — ұлттық нақыштағы киімдерді көрсетеміз. Негізгі мамандығым журналист болғандықтан, «Ерке Нұр» журналымен де байланыстамын. KFW сияқты шараларға қатысуға ұсыныс түспейді, бірақ өзіміз неше түрлі концерттерге қатысамыз, Қытай, АҚШ елдеріне ұлттық киімдерді көрсетуге шығып тұрамыз. Бірақ соңғы екі жылда қаржы жағынан жағдайымыз төмендеп кетті.

Модельдермен әңгімелесе келе, және де модельдік өмірді тек сыртынан ғана естімеген автордың атынан, сән әлеміне қызығып жүрген жас қыздарға қорытынды ретінде бірнеше кеңес келтірейін:

1. Егер бойыңыз 173-тен ұзын болса, сән әлемі қызықтырса, онда сізге есік ашық.
2. Агентстволарды аса ұқыптылықпен таңдаңыз, жұмыс беруші солар болғандықтан, бұл өте маңызды тұс. Олардың беделіне, танымалдылығына назар аударыңыз.
3. Алдын ала биік өкшеде жүруді, өз-өзіңді ұстауды үйде жаттығып, үйренген жөн. Айна алдындағы жұмыс.
4. Модель жұмысы ең табысты жұмыс емес екендігін білетін боларсыз (алайда, үлкен ықыластан үлкен табыстар туады. Мақала басындағы мысалды оқыңыз).
5. Агент ырқымен жүріп кетпеу үшін алдын ала өз қағидаларыңызды ретке келтіріп алыңыз. Подиумда ашық киінуге, фотосессияда түрлі образдар жасауға дайынсыз ба?
6. Кастинг кезінде кастингтің не үшін жасалып жатқанын тәптіштеп сұрастырып алыңыз.
7. Сән туралы арнайы басылымдарды жиі оқыңыз, шабыт сыйлайтын эстетикалық сезімсіз сән әлемі құр бизнеске айналып кетеді.
8. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз, қандай модель трендте болмаса да, өз индивидуалдылығыңызбен сіз жаңа тренд жасауыңыз мүмкін.
9. Модель жұмысында да көбінесе бақ шабатынын ұмытпаңыз. Сәттілік!

Айжан Кәрібаева

Актриса болу оңай ма?

Балерина болу оңай ма?

Алия Arsik
12 қараша 2012, 22:37
8772

Loading...

Пікірлер

Eat Models самое перспективное агентсво. виджей ХитТиви Салта оттуда ведь. на её примере можно понять насколько агенство хорошо. ведь Салтанат не только виджей,но и ведущая фестивалей и тд.
Онай, акшан бар болса...
еси ауыскан кыздар гана модель болгысы келед
tolebi
1
0
Мен жас буын өкілі болсам да моледь болу, елдің алдында өзін көрсетіп көрінгеннің қызығына айналу өте қате деп ойлаймын. Рас туған қызың мақтаныш әкелсе қуаныш қой. бірақ жақсы келін атанып мақтау әкелсе, міне сол нағыз қазақилық.
Aikona
1
0
Жақсы кеңестер екен. Қазір модель болуды тым көп қыз армандайтын сияқты.
Тақырыбың өте қызық және актуальді!) Жарайсың, Айжока!!!!
салеметсиздерме мен фотомодель болгым келеди калай хабарласам болады
сәлем! материалда жазылған модельдік агенттіктерге хабарласып көр, сәттілік!)
Сәлем достар. Жұмыстың ауыр оңайы жоқ. Қазіргі нарық заманында ақшасыз ештеңе өнбейді. Сол сияқты модельер де ақша табудың бір түрі деп ойлаймын. Мен де негізі модель болғым келген. 12-15 см аяқ киімде жүре алам, бойым 175 см, салмағым 52 кг,жасым 16 да , арықпын. Алайда басқа да беттегі пікірлерді оқып нестерімді білмей отырмын. Қандай ақылдарың бар
сәлем) өзгенің пікіріне қарасаң, жүре бересің. оданша барып көрген дұрыс, істемей өкінгенше)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 13373
  • 46
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 6832
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4668
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4333
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4495
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 3717
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 3975
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу.

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 2776
  • 14
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 нау. 2017 / 0:18
  • 2866
  • 59